Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 6,1 Mb.
бет2/33
Дата15.05.2018
өлшемі6,1 Mb.
#13631
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

3 Параграф. Жердегі даярлық
      39. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлықтары
      40. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
      41. ULАPL (MHG)-қа үміткердің автожирда кемі 25 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:
      1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат;
      2) 6 сағат өзі басқарып ұшуы, оның ішінде 3 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 1 (бір) өзі 100 км қашықтық маршрутымен жеке ұшуы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айырмашылығы бар басқа әуежайға барып толық қонып-тоқтауы;
      3) дроссельденген қозғалтқышпен кемі 10 рет қону.
      42. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК сырт көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
      4) ұшуды өте төмен әуе жылдамдығында басқару, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      7) максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
      8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;
      10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін, байланыс және фразеологияласын сақтау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
      43. ULAPL(MHG) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде мотодельтаплан пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
3 Бөлімше. Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл авиация
пилоттарының бастапқы даярлық бағдарламасы
(Light aircraft pilot licenсe –LAPL (В))
1 Параграф. Теориялық даярлық
      44. Міндетті теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК жеңіл авиациясы пилоттарын неғұрлым үлкен көлемді 3 400 текше метрлік еркін жылу аэростаттарында (одан әрі - ЕЖА) даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.
      45. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем болмауы керек.
      46. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 4-қосымшасында берілген.
      47. LAPL (В) курсының теориялық даярлығын аяқтаған үміткерлердің төмендегідей салалар бойынша білімдері болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot licenсe-LAPL);
      аэростаттар, гондол, шілтер конструкцияларын және нақты аэростатқа қатысты қолданылатынын жалпылама білу;
      аэростат ұшуының негіздері мен принциптері;
      жүктемені шектеу, салмақтың ұшу сипаттамасына әсері;
      ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулықтан немесе оған баламалы құжаттан пайдаланудағы шектеулер;
      ұшу сипаттамасы және ұшуды жоспарлау;
      гаэо баллондары және жағуға арналған газ;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
2 Параграф. ЕЖА гондолындағы жаттығу құрылғысы
      48. Осы бағдарлама әуе кемесі типінде кешенді жаттығу конструкциясы болмаған жағдайда ұшу оқытулары оқытылатын ЕЖА гондолының жаттығу конструкциясының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      49. ЕЖА гондолындағы жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
      50. ЕЖА гондолындағы жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. ЕЖА пайдалану
      Тапсырма № 2. ЕЖА ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      51. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
      52. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлығы
      53. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу құрылғылары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
      54. LAPL (В) -қа үміткердің еркін жылу аэростатында кемі 16 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:
      1) 12 сағат пилот-нұсқаушымен бірге ұшу;
      2) 10 толықтырулар мен 20 ұшу және қону;
      3) 1 рет ең кемі 30 минут жеке өзі ұшу.
      55. LAPL (В) ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде жүктеу есептеулері, ұшу ауданының әуе және метеорологиялық жағдайы туралы нұсқаулық, ұшуалды даярлық және қабықшасынада қызмет көрсетулер;
      2) экипаж бен жолаушыларға нұсқау беру;
      3) қабықты ыстық ауамен толтыру және адам топтарын басқару;
      4) аэростатты сыртқы көзге көрінетін бағдарларды пайдалана отырып басқару;
      5) желдің әртүрлі жағдайында ұшу;
      6) кіші және жоғары биіктерге ұшу;
      7) желдің әртүрлі жағдайларында жерге қондыру;
      8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және сандық навигациялық құралдарды қолдану;
      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;
      10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін, байланыс және фразеологияласын сақтау;
      11) табиғат қорғау аумақтарынан және жер телімдері иелерімен жанжалдық қатынастарға барудан бойларын аулақ ұстау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
      56. LAPL (В) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде ЕЖА пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
4 Бөлімше. Планермен ұшатын пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Light aircraft pilot licence–LAPL (S)
1 Параграф. Теориялық даярлық
      57. Міндетті теориялық даярлық жеңіл ӘК пилоттарын сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
      58. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем болмауы керек.
      59. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Планермен ұшатын пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 5-қосымшасында берілген.
      60. LAPL (S) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot license-LAPL);
      ұшу негіздері;
      осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
      күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
      осы әуе кемесі типіндегі мен олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар.
2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
конструкциясы
      61. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін планердің кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      62. Планер кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
      63. Планер кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Планерді пайдалану
      Тапсырма № 2. Планердің ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      64. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
      65. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері. Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлығы
      66. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
      67. LAPL (S) -қа үміткердің планерде кемі 15 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:
      1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін планерде пилот-нұсқаушымен 10 сағат;
      2) 2 сағат жеке ұшу;
      3) 45 ұшу және қону;
      4) 1 рет маршрутты 50 км-нан кем емес қашықтықта жеке өзі ұшуы немесе 1 рет маршрутты 100 км-нан кем емес қашықтықта пилот-нұсқаушымен ұшуы.
      68. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде планер салмағы мен орталықтандыру есептеулері, планермен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) планерден сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
      4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);
      5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      7) планерде қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      8) планерде максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
      9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;
      10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
      12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар;
      13) әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін сақтау;
      14) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуежайдан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, мақтандыру шаралары;
      15) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
      69. LAPL(S) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде планер пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
5 Бөлімше. Жеңіл ұшақтар пилоттарын бастапқы даярлаудың типтік бағдарламасы
(Light aircraft pilot licenсeLAPL (A)
1 Параграф. Теориялық даярлық
      70. Міндетті теориялық даярлық жеңіл ӘК пилоттарын сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
      71. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.
      72. Авиациялық оқу орталығы нақты ұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Жеңіл ұшақтар пилоттарын теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 6-қосымшасында берілген.
      73. LAPL (A) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңіл ӘК пилоттың куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (LAPL);
      ұшу негіздері;
      осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
      күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
      осы әуе кемесі типіндегі мен олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
2 Параграф. Құрылғылармен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы
      74. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін ұшақтың кабинасында жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      75. Ұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
      76. Ұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Ұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Ұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      77. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
      78. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
жүктеу 6,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау