«ШОҚан оқулары 19» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет38/135
Дата20.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15118
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   135

98
 
 
 
Факультативтік 
сабақтар 
әдеттегі 
сыныпта 
ӛтілген 
сабақты 
қайталамауы тиіс; 
 
Улгермеуші оқушыларға қосымша сабақ тҥріне айналмауы тиіс; 
 
ЖОО тҥсуге даярлық репетиторлық сабаққа айналмауы тиіс; 
 
Ҥйірме сабақ формаларын қайталамауы тиіс.  
Факультативтік сабақтарды оқыту формалары: 
Дәрістерде  негізгі,  тҥйінді  материал  оқылып,  ол  кейін  семинар  сабақта 
талқыланады. 
Дәрістер 
безендірулермен, 
эксперимент 
кӛрсетумен 
сҥйемелденеді. Семинар сабақтары теориялық  сҧрақтарды талқылауға, оларды 
терең  пысықтауға  арналады.  Оқушыларға  алдын-ала  семинар  сабағының 
жоспары  беріледі,  оған  оқушылар  міндетті  тҥрде  дайындалуы  тиіс  сҧрақтар 
енеді.  Семинарда  талқыланатын  сҧрақтары  бойынша  әдебиеттері  кӛрсетіледі. 
Семинар  сабақтарында  тақырып  бойынша  оқушылар  шағын  хабарлама  жасап, 
соның  маңайында  пікірталас  болады.  Семинарға  әзірлік  барысында  оқушылар 
әдебиеттер 
мен 
анықтамалықтармен 
жҧмыс 
жасап, 
жасайтын 
хабарламаларының  жоспарын  қҧрып,  жҥйелі  тҥрде  баяндауға  әзірленеді. 
Семинарларға  қатынасу  барысында  оқушылар  ӛз  ойларын  дҧрыс  физикалық 
тілмен  жеткізуге,  пікір  таласқа  қатысуға,  ӛзінің  және  жолдастарының 
жҧмыстарына  сыни  тҧрғыдан  қарап  бағалау  дағдыларын  меңгереді.  Баяндау 
барысында  әр  тҥрлі  кӛрнекіліктерді  қолданып,  тәжірибелер  кӛрсету 
оқушылардың қызығушылығын туғызады. Факультативтік сабақтардың ерекше 
тҥрлерінің бірі - физикалық есептерді шығару практикумы. Есеп шығару ҥшін 
әрбір  тақырыпқа  бӛлінген  уақыттың  жартысын  пайдаланған  жӛн.  Шығарар 
есептің  қиындық  дәрежесіне  қарай,  қарапайым  есептерден  бастап  кҥрделі 
Республикалық  олимпиада  есептеріне  дейін  беруге  болады.    Берілген  есептің 
мазмҧны  мен  шығарылу  жолын  бҥкіл топ  болып  талдау  оқушылардың  физика 
есептерін  ӛз  бетімен  шығару  дағдыларын  қалыптастырады.  Есептерді 
шығарудың  басты  шарты  –  оқушылардың  бойында  физикалық  заңдылықтар 
жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дҧрыс тҥсінуі, сондай-
ақ  оларды  ӛлшеу  тәсілі  мен  ӛлшем  бірлігін  білуі  болып  табылады.  Есептерді 
шығарудың  міндетті  шартына  оқушылардың  математикалық  дайындығы  да 
жатады.  Есептерді  шығару  физикалық  қҧбылыстарды  бақылауды  және 
физикалық  эксперименттерді  жҥргізуді  қажет  ететін  белсенді  танымдық  ҥрдіс 
болғандықтан,  эксперимент  пен  бақылау  есептердің  шартын  анықтауға, 
жетіспейтін  мәліметтерді  алуға,  шамалар  арасындағы  байланыстылықты 
тағайындауға мҥмкіндік береді.  
Физика  -  эксперименттік  ғылым.  Кез  келген  физикалық  теорияны 
бағалайтын  критерий  -  кҥрделі  тәжірибе.  Оқушылардың  практикалық 
сабақтарда  жасайтын  бақылаулары,  ӛлшеулері  мен  алынған  нәтежелерді 
талдауы шын мәнінде физика ғылымының негізгі әдістерін қайта жасау болып 
шығады.  Физик-эксперименторларды  даярлау  мәселесін  талқылай  келіп, 
академик  П.Л.Капица  былай  деп  атап  кеткен:  ''Теория  мен  практиканы 
жаратылыстанудың барлық саласында ҥйлестіріп дамыту аса қажетті іс болып 
табылады, адамның теорияны тәжірибе жолымен тексеруіне ғылым жетістігіне 


99
 
 
практикага,  ӛмірге  енгізіп  еліміздің  мәдени  ӛсуіне  белсенді  тҥрде  ықпал 
жасауға мҥмкіндік береді''. 
Факультативтік  сабақтарда  физикалық  эксперимент  рӛлін  арттырудың 
тағы  бір  дәйекті  дәлелі  -  оқушылардың  ынта-ықыласын  анықтау  ҥшін  осынау 
факультатив  кӛлемінде  олардан  алынған  анкеталар  нәтижесі.  Факультативтік 
сабақтарды  ӛткізудің  қандай  формасы  қызығылықты  болады  деген  сҧраққа 
жауап  қайтарғанда,  әр  тҥрлі  топтардағы  оқушылардың  60%-тан  90%-ға 
дейінгісі лабораториялық жҧмысты бірінші орынға қойған. 
Лабораториялық  жҧмыстарды  орындау  арқылы  оқушылар  физикалық 
заңдар  мен  қҧбылыстарды  неғҧрлым  тереңірек  меңгереді.  Ӛлшеу  қҧрал-
жабдықтарымен жҧмыс істегенде білімдерін ӛмірде саналы қолдауға ҥйренеді. 
Оқушылардың  ой-белсенділігі  артып,  қойылған  сҧрақтарға  эксперименттік 
жолмен  ӛз  бетінше  жауап  іздеуге  ҥйренеді,  шеберлік  пен  дағдылары 
қалыптасады. 
Факультативтік  сабақтарда  ӛндірістік  орындарға  және  табиғатқа 
экскурсияларға баруды да қарастырады. Экскурсиялар физиканы оқып-ҥйренуді 
ӛмірге жақындатады, табиғат қҧбылыстары мен техниканы таныстырады, кәсіп 
таңдауда  ықпалы  зор.  Экскурсияның  дидактикалық  мақсатына  орай  кҥні 
бҧрынғы  және  қорытындылаушы,  мазмҧнына  қарай  тақырыптық  және 
комплекстік болып бӛлінеді.  
Қазіргі  заманғы  техникамен  тығыз  байланысты  физика  тарауларын 
қарастыру,  факультативтік  курстың  политехникалық  жағын  кӛрсетеді. 
Факультативтік сабақтарда ӛнеркәсіп орындары мен ғылыми лабораторияларға 
экскурсияларға баруды да қарастырады. Кӛбіне музейлерге, ЖОО-ның ҒЗИ-ның 
оқу  лабораторияларына,  техника  жетістігі  кӛрмелеріне  экскурсия  жасау 
пайдалы. 
Факультативтік  сабақтарда  оқушыларды  бағалау  тҥріне  келетін  болсақ, 
факультативтік  сабақтарда  кәдімгі  сабақта  қойылатын  балл  арқылы  бағалаған 
дҧрыс  емес,  ӛйткені  бҧл  ӛз  қызығуы  бойынша  таңдалған  сабақ.  Бҧл  жағдайда 
мҧғалім  барлық  курс  бойынша,  оқушының  орындаған  барлық  жҧмыстарын 
белгілі  бір  критерийлері  бойынша  белгілей  отырып,  факультативтік  сабақ 
аяқталғанда ғана бағалаған дҧрыс. 
Сонымен, факультативтік сабақтан кҥтілетін нәтиже: 
- оқушының ақылы, ой-ӛрісі дамиды; 
- есте сақтау қабілеті артады; 
- қызығушылығы артады; 
- сӛйлеу мәдениеті қалыптасады; 
- оқушы ӛз бетімен жҧмыс жҥргізуге дағдыланады; 
- шығармашылықпен айналысады; 
-  табиғат  қҧбылыстары  мен  заңдылықтары  туралы  дҥниетанымдық 
кӛзқарасы  қалыптасып, даму мониторингі айқын кӛрінеді. 
Қорыта келе, айтарым, «Адамды бір нәрсені қайталауға ҥйреткеннен гӛрі, 
оған  жаңалық  ашуға  кӛмектескен  жӛн»  деп    атақты  физик  Галилео  Галилей 
айтқандай,  оқушының  жан-жақты  дамуына,  шығармашылығына  барынша  жол 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау