Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Шүкірлік селосы
Шүкірлік негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Алибекова Жанар Ерсаиновна
Ұялы тел: 87025113158, жұмыс: 87153352728
Электрондық почта: zhanar.09.08 @inbox.ru
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1.Орман еліміздің байлығы,оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасы; табиғатты қорау үшін жасалатын шараларды меңгерту, маңыздылығын ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Орманды қорғау, жіті бақылау, есте сақтау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.
2.Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, экологиялық тәрбие беру.
Базалық білім: Ормандардың таралуы, түрлері,орман ағаштары, бұталары олардың өсу жағдайлары, ормандағы тіршілік, орман-еліміздің табиғи, бағалы байлығы.
Тірек білім: Ағаштар, бұталар туралы бұрынғы алған білім мағлұматтары.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» бейне сюжет, оқулық,плакаттар,маркерлер.
Сабактың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
«Миға шабуыл » стратегиясы.
- «Орман» деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?
2. Жаңа тақырыпты меңгеру.
1.Көрнекілікпен жұмыс.
«Жердің асыл қазыналары адамзаттың қорғауында» деген плакат ілінеді.
-Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Пікірталас өткізу.
2.«Ой толғау» стратегиясы.
- Орманның адам өміріндегі пайдасы қандай?
Оқушылар 1 топ болып жұмыс жасайды.Өз ойларын ортаға салып, кластер құрастырады.Құрастырған кластерлары бойынша түсініктеме береді.
3.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқу.
4.Логикалық тапсырмалар.
1.
Ағаш – бұл адам қолданатын табиғи ресурс. Ағашты адамдар не үшін қолданады? Оқушылар өз ойларын ортаға салып екі түрлі мысал келтіреді.
2.Кестемен жұмыс
Сергіту сәті:
Бір, екі. Үш,
Бойға жинап күш
Азамат бол білімді
Қанат жайып ұш!
5. Пікір талас. Оқушыларды екі топқа бөлу.
1-топ
-Адамның іс-әрекеті орманға қандай зиян келтіреді?
2-топ
Егер жер бетіндегі орман құрып кетсе, онда жер бетінде қандай өзгеріс болар еді?
6. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастырып оқу.
-Қызыл кітап дегеніміз не?
-Қызыл кітап не үшін керек?
7.Өздіктерінен ізденушілік әдісі бойынша оқушылар қызыл кітапқа енгізілген ағаш түрлерімен таныстырады.
8.Сабақты қортындылау. Рефлексия.
-Табиғаттағы орман – тоғайлар ненің әсерінен жойылады?
-Табиғатты қорғау үшін мемлекет тарапынан нелер құрылды?
-Адамдар табиғатты қорғауға қандай үлес қосады?
-Сен орманды сақтау үшін не жасай аласың?
9.Үйге тапсырма беру.
96 – 97 беттер мәтінді түсініп оқып келу.
10.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |