Бастауыш сыныптарда мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту
Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі. Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ. Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған.
Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады.
Қорыта келгенде, халықтық педагогиканың тарам-тарам жолдарын орынды пайдалана білу әр мұғалімнің өз үлесінде. Тек оқушыларымыздың ұлттық санасын оятып, жүргеніне жол таба білсек болғаны. Халықтық педагогика қағидаларын игеруге айлар емес, жылдар керек. Оның үстіне жинақталып, кітап болып басылып ғылыми тұрғыдан жүйеленбеген, сараланбаған қазынаны тауып алу оңай емес. Сондықтан ел аузындағы есті сөздерге құлақ түре жүру, ата-бабалардың баспа сөз бетінде жарық көрген ұлағаттарын тере жүру тәрбие тұтқасындағыларға тартымды да татымды білім олжасы. Өзің пісірген астың дәмді болатыны сияқты, өзің терген сөздің қадір-қасиетін де тере бойлай танисың, тәжірибеңде тиімді, ұтымды, орынды пайдаланасың. Өз педагогикасын тудырған халың әр дәуірде ақылды сөзбен, парасатты мінезбен ұрпақтарын игілікке тәрбиелеген. Осы тұрғыдан К. Ушинскийдің "Қандай да тарихи тірлік жасаушы халық - жер бетіндегі ең тамаша жаратылыс, тәрбиеге тек қана осы бай да таза қайнар көзден керектіні ала білу керек!" - деген даналық ойына құлақ асу әр ата-ананың парызы. Өйткені халық педагогикасының ғылыми тәрбиеге кесе-көлденең келер сәті жоқ, қайта керісінше қоян-қолтық қабысып, тигізер себебі көп.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |