Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың неғұрлым осал топтарына айрықша көңіл бөле отырып, әл-ауқатын жақсарту



жүктеу 2,16 Mb.
Pdf просмотр
бет10/18
Дата12.11.2023
өлшемі2,16 Mb.
#44248
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Публикация на каз

инклюзивті қоғамды дамытуға 
жәрдемдесу
Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың (МББ) 
құқықтарын қамтамасыз ететін жалпыны түгел 
қамтитын заңдар жиынтығы бола тұрса да, 
балалардың осы санаты білім алу мен кейіннен 
қоғамдық өмірге кiрісу үдерісінде бұрынғыша 
белгілі бір қиындықтарды бастарынан кешіреді.
Осындай себептердің бірі мүгедек балаларды 
қоғамның мейлінше белсенді әрі құнды мүшелері 
ретінде емес, халықтың осал топтарына жататын 
адамдар тұрғысында қарастыратындығында
8

Инклюзивті қоғамды дамыту ең алдымен МББ-
ның «өз ішінде» емес, қоғамдағы балалардың 
игілігіне келтіретін кедергіні анықтау мен жоюға 
бағытталған. 
Қазақстанда ЮНИСЕФ БҰҰ МБҚК-ге қол 
қою (2008ж.) барысында үкіметтің қолдауына 
бағытталған ШҚО-дағы қызметі арқылы мүгедектігі 
бар балаларды еліміздің мектептегі білім беру 
жүйесіне қосу жөніндегі қозғалысты басқарады. 
Осы мақсатта мектепке дейінгі мекемелерде МББ 
бар отбасыларына қолдау көрсету және МББ 
инклюзиясына жәрдемдесу бойынша модель-
дер әзірленді. МББ мен олардың отбасылары 
үшін ресурс ретінде отбасына қолдау көрсету 
орталықтары мен лекотекалар (балаларды ерте 
жастан дамытуға арналған бөлмелер) құрылды. 
Олардың қызметі қазіргі кезде жергілікті биліктің 
қолдауымен жүзеге асырылуда. 
2013 жылы ЮНИСЕФ ШҚО-дағы балалар 
мүгедектігін зерттеу бойынша жобаны баста-
ды, оның мақсаты мүгедектігі бар балалардың 
қоғамға араласу деңгейін өлшеу болып табылады. 
ЮНИСЕФ «Спешиал Олимпикс»
9
ұйымымен ШҚО-
ның спорттық, медициналық және білім беру ба-
стамаларына араласудың жәрдемі арқылы МББ 
құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгері жылжыту 
бойынша жұмыс істейді. Бағдарлама инклюзивті 
қоғамды дамытуға, болашақтағы ынтымақтастық 
Өмірден алынған тарих: мүгедектігі бар 
бала
Менің қызым Анна – кішкентай бес жасар қыз. 
Оның көзі дұрыс көрмейді, соңғы жылдар 
ішінде бірнеше операция жасатты. Анна сонымен 
қатар тұтығып сөйлей алмайды. Балабақшаларға 
мүгедектігі бар балаларға арналған бөлмелер 
енгізу бойынша ЮНИСЕФ сынақтан өткізіп 
жатқан жоба біздің өмірімізді өзгертті… Анна өсті, 
үй жұмыстарына көмектеседі, ойыншықтармен 
ойнайды. Мүгедектігі бар барлық балалар басқа 
балалармен жақсы ойнайды... Қазір мүгедектігі 
бар балалардың жалпы білім беретін мектептерге 
араласуы – тек қана мүмкіндік емес. Бұл - біздің 
кейбіреулеріміз үшін ақиқат.
Ана, Семей қаласы
8
Маастрихт жоғары басқару мектебі. «Қазақстан 
Республикасында инклюзивті қоғамды дамытуға арналған ба-
лалар мүгедектігіне жасалған жағдаяттық талдау». ЮНИСЕФ, 
Қазақстан, 2013 ж., 14-бет.
9
Бұл жұмыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен және 
Семей қаласы әкімшілігімен бірлесіп жүргізіледі.


13
құрбаны болған балаларды, құқық бұзушы бала-
ларды және қылмыстың куәгерлерін қорғауды 
қамтамасыз ететініне кепілдік беру үшін Қазақстан 
Республикасындағы ювеналды әділет жүйесін да-
мытуды стратегиялық пайымдау бағытында жұмыс 
істейді. ЮНИСЕФ ШҚО-ға ювеналды соттарда 
әлеуметтік жұмысты модельдеу, жаңа қызметтерді 
сынақтан өткізу және заңмен қақтығыстағы ба-
лаларды әлеуметтік реинтеграциялау жөніндегі 
қоғамдық бағдарламаларды күшейту негізінде 
осы пайымдауды әзірлеуге және оны іске асы-
руды бастауға көмек көрсетті. Бұл қадамдар 
әділсот жүйесімен байланысқа түскен балалардың 
құқықтарын қорғау және балалардың ең жақсы 
мүдделері тұрғысынан кез келген іс-қимылды жа-
сау үшін маңызды. 
Қылмыстық жаза мен бас бостандығынан айыруға 
және балаларды отбасынан оқшаулаудың алдын 
алуға балама ұсыну үшін заңмен қақтығыстағы 
балаларды оңалтуға арналған пилоттық орталық 
құрылды. Осының нәтижесінде ұсақ немесе 
орташа ауыр құқықбұзушылық жасаған бала-
лар құрбан болған баламен, құқық бұзушы ба-
ламен және олардың ата-аналарымен жасалған 
шарт негізінде оңалту бағдарламаларына 
енгізілетін болады. Заңмен қақтығыстағы 
балаларға мамандандырылған қызмет көрсетуді 
қолдайтын Шығыс Қазақстан мемлекеттік 
университетінің жанындағы ювеналды зертхана 
әділсот саласындағы мамандарға өз әлеуеттерін 
арттыруға қолдау көрсетеді. ЮНИСЕФ ұлттық 
және халықаралық стандарттарды және олардың 
ұлттық заңнамаларға сәйкестігін сақтау үшін 
тиісті ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен 
ынтымақтастығын жалғастырып, қолдау көрсетеді.
үшін модель ретінде мүгедектікті түсіну және ол 
туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. 
Бұл іс-шаралар Семей және Өскемен қалаларында 
қазірдің өзінде басталып кетті, олар үй күтіміндегі 
МББ, олардың отбасылары мен қамқоршылары, 
сондай-ақ МББ-ға арналған мектептердің 
мұғалімдері мен мүгедектігі жоқ балалардың 
қатысуымен өтетін «Жас спортшылар», «Алып ат-
леттер», «Дені сау отбасы» форумы, «Біріктірілген 
спорт» секілді іс-шаралардан тұрады. ЮНИСЕФ 
бұл қызметті тұрақты үйлестіру үшін отбасы-
лармен және серіктестермен, қала және облыс 
әкімшілігімен жұмысты және ынтымақтастықты 
жалғастырады.

жүктеу 2,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау