Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы «Көкпекті орта мектебі» кмм



жүктеу 59,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі59,5 Kb.
#23638


Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Көкпекті ауылы

«Көкпекті орта мектебі» КММ
«Диалогтік оқыту мен Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының үндестігі» тақырыбы бойынша

Хасенова Гульнар Жуматовнаның коучинг жоспары




Модуль атауы

«Диалогтік оқыту мен Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының үндестігі»




Тренинг тақырыбы

Біз қалай бағалап жүрміз?




Жалпы мақсаты

-ортада жайлы әркеттестікті орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау:

-өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнату;

- диалогтік оқытуды Қ.Бітібаеваның технологиясымен салыстырады, зерделейді;

-мұғалімдердің белсене қатысуына көмектесу;







Күтілетін нәтиже

Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін қайталайды, Қ.Бітібаеваның технологиясымен танысады . Шеберліктеріне қарай өз іс-тәжірибелеріне енгізеді.




Оқыту нәтижелері

Тәжірибесінде диалогтік оқытумен қатар «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын енгізеді.




Оқу әдісі

Топтық, жұптық, жеке жұмыс




Негізгі идеялар

Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады.






Құрал жабдықтар

флипчарттар, маркерлер, стикерлер, тапсырма орындайтын парақшалар, бейнекөрсетілім.


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу



Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


( 5 мин)


Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып мотивация кезеңін орындатады. Басқа қатысушылар оны жалғастырады.

"Жүректен - жүрекке"

Шағын топқа бөлу.

Әннің (халық әндері: «Сәулем ай», «Гүлдерайым», «Көзіңнің мөлдірін-ай») сөздері жазылған қиықшаларды қатысушыларға таратып беру. Әннің сөздері жазылған қиықшалар арқылы 3 топқа бөлініп отырады.



Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды. Коуч жүрек суретін алып өзінің жағымды тілегін айтып бір қатысушыға береді. Ол өз тілегін айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.
Мұғалімдер әннің сөздері жазылған қиықшаларды алып, топқа бөлінеді. Топтарына отырып, әнді орындайды.

Ой шақыру

(20 минут)

Қанипа Омарғалиевна Бітібаеваның мұғалімдер алдында өз технологиясы мен Кембридж университеті мен педагогикалық шеберлік орталығының бірлескен бағдарламасы бойынша ой бөліскен сәтті бейнероликтен көрсету.

1.Қалай ойлайсыздар біз бүгін қандай тақырып төңірегінде сөз қозғамақпыз?

2.Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?Мұғалімдер бейнефильмді қарап, ой түйеді.



1-тапсырма

( 10мин)


Топқа тапсырмалар беру.


Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды.



Мерсер зерттеген әңгіменің үш түрі:әңгіме-дебат, кумулятивті, зерттеушілік әңгіме бойынша мәтінді аяқтап ,топта талқылап,постер жасап қорғау.

Бірлесе отырып әңгімені аяқтайды, әңгіменің жүру ретін көрсетеді.



(5 мин)


Топ мүшелеріне өз әңгімелерінің мазмұны бойынша ой тастау мақсатында «неге олай?» сұрағы қойылады.

Әр топ өз әңгімелерінің мазмұны бойынша ойланып, жауап береді, екі әдістің үндестігі туралы ойларын жинақтайды.

Сергіту сәті

Қара жорға

Интерактивті тақтадан көрсетілген сергіту сәтінің қимылдарын бірге қайталайды, сергиді.

Презентация көрсету (5 мин)

Қ.Бітібаеваның технлогиясы тураклы презентация көрсетеді.

Мұғалімдер қарайды, салыстырады, зерделейді.

«Диалогтік оқыту мен Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының үндестігі» тақырыбы бойынша постер жасап, қорғау.

(25 мин)


Коуч Қ.Бітібаеваның технологиясы мен диалогтік оқытуды салыстырып, үндестігін анықтауды ұсынады.

Топ мүшелері Қ.Бітібаеваның технологиясы мен диалогтік оқытуды салыстырып, үндестігін анықтап, постерге түсіреді, қорғайды.

Рефлексия

( 5 мин )


Кері байланыс орнату.

«басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

«Екі жұлдыз бір тілек»


Мұғалімдер коучинг бойынша ойлары мен тілегін білдіреді.



Коучинг бойынша рефлексивтік есеп
«Диалогтік оқыту мен Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының үндестігі» тақырыбына өткізілген коучингке ауданның І және ІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдері қатысты. Коучингтің тақырыбы Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Қазақстан Республикасының ардақты ұстазы Қанипа Омарғалиева Бітібаеваның технологиясы мен диалогтік оқыту технологиясының арасындағы ұқсастық пен үндестікке арналды, өйткені мен Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми зерттеу зертхана бөлімшесінің меңгерушісімін және даңқты ұстаздың технологиясын кеңінен насихаттау мақсатында таңдап алдым.

Коучингті серіктестік орта құру мақсатында «Жүректен-жүрекке» атты тренинг өткіздім. Мұғалімдер бір-біріне шынайы тілек тілеп, шынында да бір жадырап қалды. Келесі кезекте әріптестеріме Қанипа апайдың аудан мұғалімдері алдында оқыған дәрісінен бейне фильм көруді ұсынып, коучинг қай тақырып аясында өтетінін сұрап, әңгімеге тарттым. Қ.Бітібаеваның сол дәрісіне қатысқан ұстаздар да бар екен, тақырыпты іліп ала жөнелді.

Топқа бөлу кезеңінде де осы жағымды атмосфера жалғасты. Мұғалімдер әннің бір шумағы жазылған қағаздарды алып, сол әндер бойынша 3 топқа бөлінді: 1-топ «Сәулем-ай», 2-топ «Гүлдерайым», 3-топ «Алтайдың ар жағынан келген ару». Топтарға бөлініп отырған соң әр топ өз әнін хормен орындап,көңілдерін көтерді.

Тапсырма ретінде әр топқа әңгіменің жалғасын құрау берілді, және әр топ диалогтің 3 түрін көрсету тапсырылды. Байқағаным, мұғалімдер топта жұмыс істеу әдістемесін жақсы меңгерген: топтың әр мүшесі өзінің мідетін дұрыс атқарып отырды, ұжымда бірлесіп жұмыс істеді. Жұмыс орындалып болған соң, 1-топ Дебат әңгімен», 2-топ «кумулятивтік әңгімені», 3-топ «Зерттеушілік әңгімені» көрсетті. 3 топ та өз тапсырмасын жоғары деңгейде орындады. Келесі кезекте мұғалімдерге ой тастау мақсатында «Неліктен балалары осындай халге душар болды?» деген сұрақ қойдым. Мұғалімдер осы сұрақ аясында қызу әңгіме өрбітті. Сонан соң мен оларға Қ.Бітібаеваның технологиясы мен «Диалогтік оқытудың» арасында қандай ұқсастық, қандай үндестік бар екенін анықтап, постерге түсіруін өтіндім. Мұғалімдер тапсырманы жоғары деңгейде орындады.



Мұғалімдердің барлығы коучингтен жақсы әсер алғанын, ұжымда жұмыс істеп, сергігендерін, өздеріне көптеген мәлімет алғанын айтып, алғыстарын білдірді.
Хасенова Гульнар Жуматовна
жүктеу 59,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау