Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Белое ауылы «Октябрь мектеп-балабақша кешені»кмм



жүктеу 36,42 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі36,42 Kb.
#14888
түріҚұрамы

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Белое ауылы

«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ

Күнғожина Гүлүзім Хабдулвахитқызы – биология, химия пән мұғалімі
Пән: биология

Сынып: 8


Тақырып: Организмнің ішкі ортасы

Мақсаты: «Организмнің ішкі ортасы» тақырыбын бекіту

Міндеттер:

1.Қанның қызметі, маңызы және құрамы туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

2.Қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.Гигиеналық тәрбие беру.



Сабақтың өту барысы
1.Ұйымдастыру бөліміоқушыларды түгендеу, кіріспе бөлімі -5мин

А)тапсырмаларды анықтау

Б)зертханалар мен сарапшыларды таныстыру

2.Негізгі бөлім- 30 мин

Рөлдік ойын
А)тапсырмаларды орындау (топтық жұмыс) - 15 мин
1 зертхана тапсырмалары

«Қанның қызметі мен құрылысы»
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз канның құрамы мен қасиеттерін зерттеп,анықтауы керек:

1.Қанның құрамы неден тұрады?

2.Қан плазмасының құрамы қандай?

3.Қан ұюы дегеніміз не? Оның маңызы. Қанның ұю қабілетінің төмендеуі неге әкеліп соғуға мүмкін?

Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:

Организмнің ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығы,қан плазмасы, қанның формалық элементтері, қан сарысуы, гемофилия.

2 зертхана тапсырмалары



«Қанның формалық элементтері»
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз канның құрамы мен қасиеттерін зерттеп,анықтауы керек:

1.Қанның қандай жасушаларын формалық элементтер деп атайды? Түзілу орны мен қасиеттері.

2.Эритроциттердің құрылысы қандай? Олар қайда түзіледі? Олардың қызметі неге байланысты?

3.Неліктен биік таулы жерде туратын адамдардың қанында эритроциттердің саны артады?

Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:

Эритроциттер, гемоглобин,лейкоциттер, лимфоциттер,тромбоциттер, фагоцитоз.

3 зертхана тапсырмалары



«Организмнің қорғаныш қызметі және иммунитет»
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз иммунитет механизімін зерттеп,анықтауы керек:

1.Инфекциялардан организм қалай қорғанады? (иммунитет механизмі)

2.Антидене (қарсыдене) және антиген (қарсыген) дегеніміз не?

3.Иммунитеттің қандай түрлерін білесіңдер?

Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:

Иммунитет, антидене, антиген, жұкпалы аурулар.
4 зертхана тапсырмалары

«Қан құю.Донорлық»
Сіздердің зертхана қызметкерлеріңіз канның қасиеттерін зерттеп,анықтауы керек:

1.Қан топтарын ата. Оларды қалай анықтауға болады?

2.Қан құюдың қандай ережелері бар?

3.Резус-фактор дегеніміз не ? Қан құю кезінде резус-факторды неге назарға алу қажет?

Жауаптарды дәптерге тірек сызба түрінде жазыңдар. Жауаптарыңда келесі терминдерді қолданыңдар:

Қан құю, қан топтары, резус-фактор, донор, реципиент.
Тапсырмаларды алып, «зертхана басшысы» топта жұмыс ұйымдастырады.

Артынан- топтардың есебі


Б) зертхана есебі - 15 мин

Әр топтың есебі-4 мин

Топтың жұмысын сарапшылар келесі көрсеткіштермен бағалайды:

1.Жинақылық

2.Дәлелділік

3.Жүйелілік

4.қосымша әдебиет қолдану

5.эмоционалды жеткізу

6.терминдерді пайдалану

3.Қорытындылау бөлімі - 5мин

Сабақтың аяғында бас «сарапшы» қорытынды жасайды.(ТС бойынша)



Оқушылардың жұмысын бағалайды

Үй жұмысы: ТС қайталау
жүктеу 36,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау