Алдағы уақыттарда әрдайым ақпараттық технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып өтуде оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін қалыптастырамын деген ойдамын.
Сыни тұрғыдан ойлауға
барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология. Сабақтың құрылымдық кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
І. Brainstorming (Ой қозғау)
Мен 6«а» сыныбында өткен «What do we know about the history of the USA» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым. Өтілген сабақтар бойынша бәрі сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырды.
ІІ. INSERT мағынаны тану барысында қолдандым.
“What do we know about the history of the USA?”
V – I know
- I don’tknow
+- It is new for me
- Itsurprised
America is a big, independent country. There are fifty states in the USA.
The history of Thanksgiving Day. Where came term. Native Americans.
The history of wild west and jeans.
Why do people wear jeans all over the world now? Today mane Americans still keep a gun in their houses.
III. Realization of the meaning ой толғаныс кезеңінде эссе жазу, «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасын» қолдандым. Мысалы 5 жолды өлеңді оқушылар былай жазды:
America
Independent, friendly, developed
To fight, to discover
America is a big country
The USA
Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал мұғалім білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, баланың қабілетін, көзін ашушы тұлға.
Мен баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
Тақырыпқа байланысты хабарламалар;
Оқушылардың тақырыпқа, жаңа сөздерге, мәтіндерге байланысты қысқа әңгімелері;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар (мәтіндерге, сөздерге байланысты қысқа әңгімелер, эсселер);
Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру;
Әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;
Сабақтың әртүрлі формада өтуін қамту.
Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақ – оқу үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін мұғалім барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |