Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту


Жобалау технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту



жүктеу 405,72 Kb.
бет5/54
Дата22.01.2022
өлшемі405,72 Kb.
#34748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту. 2

Жобалау технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Еліміздің шет елдермен қарым қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру, әрбір шетел тілі мұғалімнің міндеті. Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың маңызы зор.

Оқу процесінде жаңа технологияларды енгізу мұғалімге балаларды шет тіліне оқытуға ғана емес, олардың тәрбие жұмыстарын жүргізуге де септігін тигізеді. Мен әрқашан да оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуға, оқыта отырып тәрбиелеуге тырысамын. Шетел тілін қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. 3 – сыныптан бастап –ақ жобалау әдістемесін қолдануға болады. Мысалы, «about me», «my breakfast», «my school». 4 – сыныпта мына тақырыптар бойынша жобалау жұмыстары жалғасын табады: «My family», «Colours», «Animals», «Seasons».

Жобалау әдісінің негізінде оқушының өз бетімен танымдық қабілеті дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау, шығармашылық зерттеуге дағдыланады.

Жобалау әдісі - ХХІ ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да біздің елімізде тек соңғы жылдары қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу,сөйлеу, оқуда дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әр түрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы – ұлттық билер, музыкалық –ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін дамытып жобамен тек өз бетімен ғана жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып шаршамайды. Ал жобаны әр баланың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылдың басында оқытушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Бастауыш мектепті бітірген оқушы бағдарламадағы белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым – қатынас жасай алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы әңгімелей білуі керек.

Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты – оқушылардың қарым –қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуге оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:



  • Оқушыға қолайлы оқу орта қалыптастыру.

  • Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;

  • Оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп, жеке тұлға ретінде қалыптастыру;

  • Оқытуды түрлендіру үшін әр түрлі әдістерді қолдану;

  • Ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;

  • Шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;

  • Оқушы – субьект, оқытушы – кеңесшісі болу;

  • Сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.

Оқыту әдісін – жеке тұлғаға, топқа бағытталған жоспарланған, шығармашылық сипаттағы жұмыс оқу процесін оқытудың әлеуметтік формасына айналдырады, қажетті жаңалықтарды жинап, бірлескен әрекетке үйретеді. Бастауыш мектепте жобалауды қолданудың негізгі принциптері мыналар:

-нақты мақсатты іс – жүзінде жүзеге асыруға бағытталған бірлескен жұмыс атқару, жаңаны білу;

- әр балаға нақты тапсырма беру;

- жеке тапсырманы орындау;

- оқушының жауапкершілігі;

Оқытуда іс – жүзінде шағын жобалар 3 сағатқа арналған немесе үлкен жоба 1-2 аптаға, тоқсандарға, жылға арналады; Жоба нәтижесі ең соңында коллаж, альбом, суреттер, әр түрлі мәтіндер, өлең ережесі, көрме, қойылым түрінде болу керек. Соңғы қорытынды міндетті түрде сынып алдында топ басқа сыныптар алдында қорғалуы керек. Ең алдымен сынып оқушыларын 3 кіші топқа бөліп аламыз. 1 – кезең – дайындық кезеңі тақырып таңдау, оны құрастыру міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды. 2- кезең материал жинау, өңдеу, толықтыру. 3-кезең сөйлеу кезінде алынған материалдарды қолдану, мәтінге қарап құрған ертегімен таныстырады. 4 – кезең қорытынды шығару. Осылайша жобалау жұмысымен әр оқушы шетел тілінде сөйлеседі.

Сонымен бастауыш мектепте жобамен жұмыс технологиясын қолдану жеке тұлғаны дамыту бағытында оқушының өз бетімен хабарды жинауға, сараптау тиімді де тиісті қортынды жасау, ойын дәлелдеуге, сөздік қорын толтыруға тілдік мәдениетке үйренуге, эстетикалық талғамын дамытуға үлкен үлес қосады. Жобаны жүргізу барысында оқушылардың арасында білінбей жүрген қабілеттері байқалып, ашылып, дамиды. Жеке тұлғаның қоғам алдында жауапкершілік міндеті артады, жұрт алдында шығып сөйлеуге үйренеді. Психологтардың шетел тілін ерте үйрету баланың ес қабілетін нығайтады деген пікірлеріне келісуге болады. Бала жинақы әрі ширақ болып өседі. Баланың бойында мұндай қасиеттерді ерте кезінен бастап қалыптастырса орта мектептің 5-6 сыныбына барғанда оқу бағдарламасындағы кеңейтілген пәндерді меңгеруде қиындықтарға кездеспейді, өйткені бала бойында бастауыш сыныптарды қалыптасқан білім алуға қажетті жағдайлар кездеспейді. 9-сыныпта «Танысу» тақырыбын өткен кезде кітаптағы диалогты оқып аударған соң оқушылардан отбасылық суреттерін алғызып, сол бойынша суреттегі адамдарды таныстыртуға болады. Әрі өздері диалог құрады. Сол сияқты «Үй» тақырыбын өткенде соңынан өздерінің бөлмесін салғызып әңгімелетуге болады. Әрбір сабақты түсіндіру мен оқыту бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру керек. Сабақтың критерииі – уақыт, олай болса әрбір минутты ұтымды пайдалана білу керек. Келесі маңызды бөлік: сабақтың мақсаты айқын болуы шарт. Сонда үш біріккен мақсат оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз сақталады. Жобаны әдістеме белсенді ауызша практиканы меңгеруге үлкен мүмкіндік туғызып, олардың әрі қарайғы оқуларына зор көмегін тигізеді.

4- сыныпта мына тақырып бойынша жобалау жұмыстары жалғасына табады. Оған «My family» деген (шағын) жоба кіреді. Балаларға тақырыптың жұмыс жоспары мен мақсатын түсіндіргеннен кейін жанұя туралы сөздіктерді қайталап, үйлерінен суреттерін алдырып, олардан альбомдар жасатуға болады. 3 – сабақта жанұя туралы тақпақтар, өлеңдер жаттатқызуға болады. Соңынан қорытынды сабақ өтіледі.


жүктеу 405,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау