Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру шаралары туралы



жүктеу 3,31 Mb.
бет8/18
Дата05.01.2018
өлшемі3,31 Mb.
#7063
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Жастармен жүргізілетін жұмыстағы қоғамдық белсенділік, көңіл-күй мен сана-сезімге заманауи ықпал жасау құралдарының бірі ақпараттық – насихаттау жұмысы болып табылады.

Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық - насихаттау жұмыс тобының құрамына жастар орталығының өкілдері кіреді. Кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, колледж, мектеп жұмысшыларының ұжымдары мен ауылдық округтар тұрғындары арасында ақпараттық – түсіндіру іс-шараларын өткізуге қатысады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шемонаиха колледжі мен Гуманитарлық–техникалық колледжінде ішкі саясат бөлімінің, жастар орталығының, «Жас Отан» ЖҚ өкілдерімен 2015 жылдың 30 қарашасындағы Ел Басының Қазақстан халқына жасаған Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Ақпарат беру, сондай-ақ 2016 жылдың 20 наурызында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауында жас сайлаушылардың электораттық белсенділігін және жауапкершілігін арттыру мақсатында Шемонаиха ауданы аумағында іс-шаралар қатары ұйымдастырылды.

Шемонаиха және Гуманитарлық – техникалық колледждерінде Жастар Орталығы және «Жас Отан» ЖҚ жұмысшыларымен алғашқы рет дауыс беретін жастардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді өткізу барысында алдағы сайлау, әрбір азаматтың сайлау құқығын, жалпыға ортақ сайлау құқығының қағидаларын жүзеге асыру, учаскелік сайлау комиссиясының жұмысы және дауыс беру барысы туралы мәселелердің беті ашылды, осылайша біздің мемлекеттің өмірінде осы саяси оқиғаның маңыздығы белгіленді, бұған стратегиялық маңызды міндеттердің орындалуы, халықтың дәулеттілігінің өсуі, елдегі бейбітшілік пен татулықтың сақталуы тәуелді. Бұл жұмысқа аудан әкімі аппаратының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жастармен жұмысты жетекшілік ететін мамандары қатыстырылды, олар ауылдық елді мекендерде ұқсас жұмыс жүргізді. Олар өз елді мекендерінде жастарды азаматтық көзқарастарының толысуын және белсенділіктерін көрсетуге шақырып, жас азаматтарға, соның ішінде алғашқы рет дауыс беретіндерге сайлау жүрісіндегі сайлау құқығы сұрақтарына ақпарат беру бойынша дәл сондай жұмыс жүргізді.



Сайлау қарсаңында ауданның бүкіл аумағында 18 жастағы алғашқы рет дауыс беретін жастар (ауданның колледж және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, жұмыс істейтін және жұмыссыз жастар) қатысқан «Бұл менің сайлау учаскем!» атты акция өтті. Жастар өз сайлау учаскелеріне барып, өз тектерін дауыс берушілердің тізімінде бар-жоқтарын тексерді, дауыс беру барысы туралы негізгі ақпарат алды.

Барлық жұмыс жүрісінде әрбір жас сайлаушы оған сайлау жүрісінің сұрақтарын ұғынуға, сайлауға қатысқаны үшін жауапкершілік сезінуге және сайлауда өз басты демократиялық құқығын пайдалануға көмек көрсететін ақпараттық жаднама алды



Жазғы кезеңде Жастар Орталығы негізінде әкімшілік – аумақтық бірліктер мамандарымен «Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру шаралары туралы» семинар өткізілді.Директор – К.Буднецкий «Шемонаиха ауданы:мейрімді жастар мекені» атты республикалық жоба асында жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа бағыттары туралы баяндады.

Ауылдық жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды күшейту және қажеттіліктерін зерттеу мақсатында, ағымдағы жылдың 14 – 30 қыркүйегі аралығында жастар ресурстық орталығының қызметкерлі және жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандар мен әкімшілік – аумақтық бірліктер әкімдерінің жанындағы Кеңес мүшелері қатысуымен 8 ауылдық округта Шемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі көшпелі кеңесінің отырыстары өткізілді.




жүктеу 3,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау