Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет38/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48

94 
 
Білім  алушыларға:  «Сенің  көзқарасың  бойынша  бүгінгі  таңда  Қазақстан 
Республикасы үшін қандай мәселелер  маңызды болып отыр?», Сiздерге оқыту 
үрдiсiнде  пайдаланылған    зертханалар    көмектеседi  ме?  Зертхананың    көмегi 
немен анықталады: 
- жаңа оқу материалын оңай есте сақтауға болады; 
- үйде оқу материалымен оңай жұмыс iстеуге болады; 
- сұраққа жауап берген кезде оқу материалын оңай еске түсiруге болады. 
Сiздерге  оқыту  үдерісінде    зертханалық  жұмыс  жасау  ұнайды  ма?-  деген 
сұрақтар  берілді.  Оқытудың  әңгіме-кеңес,  сұрақ-жауап,  диалог  сабақ  түрлері 
арқылы  білім  алушылардың  жалпы  оқыту  үдерісіндегі  зертханалық  жұмыс 
жайлы  және  ондағы  шешілуі  тиіс  міндеттер  туралы  хабардар  екендіктері 
айқындалды.    Арнайы  жүргізілген  сауалнамаға  талдау  жасау  барысында  білім 
алушылардың    биологиялық    сауаттылықтары    жоғары  оқу  орындарында 
жаратылыстану  пәндері,  сондай-ақ  жалпы  ақпарат  құралдары  арқылы  (ғылыми-
көпшілік  журналдар,  оқу  әдебиеттері,  ағымдағы  баспа  беттері)  ішінара 
қалыптасқандығы байқалды.  
Жоғарыда айтылғандарға сүйене келе, зерттеудің айқындау кезеңінде білім 
алушылардың 
 
зертханалық 
жұмыстарға 
қызығушылықтары 
мен 
қабілеттіліктерін  және  олардың  болашақ  мамандықтары  туралы  түсініктерін,  
жаратылыстану  пәндері  мазмұнында  зертханалық  жұмыстардың    қаншалықты 
қамтылғандығын  айқындаудан  алынған  нәтижелер  келесідей  қорытындылар 
жасауға мүмкіндік берді: 
1)  зертханалық  жұмыстарды  жүргізуге    қазақ  тілінде  оқу-әдістемелік 
кешендердің (әдістемелік оқу құралдары, нұсқаулар  және т.б.) жетіспеушілігі; 
2)  жаратылыстану  пәндерін  оқыту  үдерісінде    білім  алушылардың  
биология  сабағында  зертханалық    жұмыстардың  жеткілікті  түрде 
берілмейтіндігі, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасын ашып көрсету көбінесе 
кездейсоқтық сипат алатындығы. 
Эксперименттің  айқындау  кезеңі  білім  алушылардың  биологиялық 
білімдерін  тиімді  пайдалану  біліктерінің  қалыптасуын  диагностикалаудың 
алғашқы  сатысы  болып  табылады.  Ондағы  мақсат  айқындау  тобындағы  осы 
біліктердің  қандай  деңгейде  қалыптасқандығының  көрсеткіштері  мен 
критерийлерін  анықтау,  олардың  жаратылыстану  пәндері  бағдарламаларында 
жүзеге  асырылу  мүмкіндіктерін  айқындау.  Осыған  орай  эксперимент 
барысында  білім  алушылардың    базалық  «Омыртқасыздар    зоологиясы»  
элективті курсы бойынша  білімдеріне  талдау жасаудан басталды. 
Бастапқы 
деңгейдегі 
теориялық-анықтамалық 
және 
виртуалды  
зертханалық  жұмыстарды  құруға  дейінгі  білім      көлемін  анықтаумен  (білім 
алушылардың  білімді      талдауы,  негізгілерін  бөліп  көрсетуі,  нақтылауы, 
қорытындылауы және т.б.) сипатталады.  
Айқындау  тобындағы  мотивациялық  өлшем    виртуалдық  зертханалық 
жұмыстарды    тиімді  пайдалану    нәтижесінде    төмендегідей    көрсеткіштер 
алынды: игерген (И) – 0,28; жартылай игерген (ЖИ) – 0,09;  игермеген (ИМ) – 
0,63.  Операциялық-әрекеттік  өлшем    виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  


95 
 
тиімді  пайдаланудағы  білім  алушылардың  іс-әрекеттерімен  сипатталады. 
Диагностикалау нәтижесінде игерген (И) – 0,22; жартылай игерген (ЖИ) – 0,23;  
игермеген  (ИМ)  –  0,55,  ал  операциялық-әрекеттік  өлшем    көрсеткіштері 
бойынша игерген (И) – 0,35; игермеген (ИМ) – 0,65. 
Нәтижесінде айқындау тобындағылардың басым көпшілігі  мотивациялық, 
(63%),  когнитивтік  (55%),  операциялық-әрекеттік    (65%)  компоненттердің 
элементтерін игермегендігі анықталды.  
Продуктивті  деңгейдегі  когнитивтік  өлшем  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды  тиімді  пайдалануға  сын  тұрғысынан    қараумен  анықталды. 
Диагностикалау  нәтижесінде  коэффициент  мәндері  игергендікі  (И)  –  0,30; 
игермегендікі (ИМ) – 0,70 болды. 
Бұдан  шығатын қорытынды продуктивті  деңгейді диагностикалауда  білім 
алушылардың    виртуалдық  зертхананы    тиімді  пайдаланудың  пайыздық 
көрсеткіші  жоғары  (мотивациялық  (50%),  (когнитивтік  61%),  (операциялық-
әрекеттік (70%) компоненттер) болғандығы айқындалды. 
Шығармашылық  деңгейдегі  теориялық  компонентті  диагностикалау  білім 
алушылардың  виртуалдық  зертхананы  пайдалану  нәтижесіндегі  білімдерінің 
беріктігіне  негізделді.  Айқындау  тобындағы    когнитивтік  компонентті 
меңгеруді диагностикалау нәтижесінде төмендегідей  көрсеткіштер: игерген (И) 
– 0,15; жартылай игерген (ЖИ) – 0,28;  игермеген (ИМ) – 0,57 алынды. 
Операциялық    компоненттің  көрсеткіштері  игерген  (И)  –  0,20;  жартылай 
игерген (ЖИ) – 0,14;  иермеген (ИМ) – 0,66 коэффициент мәндері алынды.  
Шығармашылық  деңгейдегі    әрекеттік  компонент  виртуалды  зертхананы 
тиімді  пайдалануға  жауапкершілікпен  қарау  тұрғысынан  анықталды,  олардың 
коэффициент мәндері игергені (ИМ) – 0,25; игермегені (ИМ) – 0,75 алынды. 
Диагностика  өлшем    элементтерін  игеру  коэфициенті  мәндерінің 
сәйкесінше    игермегендер  (мотивациялық  (57%),  когнитивтік  (66%), 
операциялық-әрекеттік (75%) болғандығын айқындады. 
Қалыптастыру  экспериментінің  мазмұнын  «Омыртқасыздар  зоологиясы» 
элективті  курсы  бойынша  жасалынған  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды 
құру    алгоритмі    құрайды.  Оның  негізгі  міндеттеріне  сол  виртуалды 
зертханалық  жұмыстарды  оқыту  процесіне  ендіру,  оның  тиімділігін  анықтау 
жатады. 
Білім  алушылардың  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  элективті  курсы 
бойынша    виртуалды  зертханалық  жұмыстарды    жасау  алгоритмін    жүзеге 
асыру кезеңдеріне оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оқыту құралдарын іске қосу 
(«Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды оқу-танымдық 
зертханалық  жұмысы),    биология  сабағында  білім  алушылардың    оқу-
зерттеушілік   біліктерінің қалыптасуын тексеру, түзету енгізу және т.б. сәйкес 
құрылған [117].  
Эксперименттік топтарда сәйкесінше деңгейлерге бөлініп дайындалған оқу 
тапсырмалары  пайдаланылды.    Білім  алушылардың    биология  сабағында 
виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  тиімді  пайдаланудың  мотивациялық 
өлшемдері білім алушылардың: 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау