Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет37/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48

92 
 
шығармашылық  деңгейде  игерген,  жартылай  игерген,  игере  алмаған) 
қолданылды.   
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  биологиялық  біліктерін 
қалыптастырудың басты ерекшеліктері мынадай сипатта болады: 
-  модульдік  оқыту  жаңа  оқу  материалдарын  өз  бетімен  игеру  мен  соған 
сәйкес  іс-әрекеттерді  меңгерудегі  білім  алушылардың    әрекеттерін  жүзеге 
асырады.  Сөйтіп,  биологиялық    білімнің  толықтығын,  жүйелігін,  бір-бірімен 
байланыстылығын  қамтамасыз  етеді,    виртуалдық  зертхана  арқылы    табиғи 
ортаны  пайдалануда    биологиялық    дәлелдерге  негізделген  логикалық-
теориялық ойды қалыптастырады; 
-  биология  сабағында  виртуалды  зертханаларды    ендіру  білім 
алушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырудың тиімді құралы 
болып  саналады,  мұнда  білім  алушылардың  шығармашылықпен  ойлау 
қабілеттері қалыптасады; 
-  танымдық  және  зерттеушілік  біліктерді  қалыптастырудың  когнитивтік 
және операциялық-әрекеттік компоненттері арасында өзара байланыс орнайды. 
Алған білімдерін практикамен байланыстыру тек теориялық қорытынды жасау 
үшін емес, жаңа білім алу мен біліктерді меңгерудің көзі ретінде қызмет етеді; 
-  оқытушы  білім  алушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасауына  жағдай 
жасайтын    оқытудың  неғұрлым  тиімді  әдіс-түрлерін  қолданады.  Бұл  жерде 
оқытушы  биологиялық  біліктерді меңгерудегі білім алушылардың  өз бетімен 
жұмысты орындауын ұйымдастырады; 
-  тұлғалық  іс-әрекеттік  тәсіл  проблемалық  оқыту  элементтеріне 
байланысты  әр  білім  алушылардың  қабылдауын  ескере  келе,  түрлі  деңгейдегі 
тапсырмалардың берілуімен анықталады; 
-  оқыту  үдерісінде  білім  алушылардың    биологиялық    біліктерін 
қалыптастыру динамикасы шығармашылық әрекеттермен сипатталады; 
-  білім  алушылардың    қоршаған  табиғи  ортаны  қорғауға  деген 
қызығушылықтары олардың ізденімпаздық іс-әрекеттерін белсендіруге жағдай 
жасайды. 
Бұдан  шығатын  тұжырым    виртуалды  зертхананың  артықшылығын  атап 
өте отырып, оны «негізгі назарды зерттелетін теорияның әдістері мен алынатын 
қорытындылардың  сараптамасына  бөлуге  мүмкіндік  беретін»  құрал  болып 
табылатынын айтуға болады: 
-  оқу  үдерісінде  оқытушыны  алмастырмайтын,  студенттің  білім  алу 
қарқынын және өздігінен оқу мен өзін-өзі қадағалау элементтерімен білім  алу 
жолын таңдау еркіндігін қамтамасыз ете отырып, оқудың тиімді құралы ретінде 
пайдаланылатынын; 
-  өзінің  құрамына  компьютердің  мүмкіндіктері  бар  жақсы  оқулықтың 
құндылығын  біріктіретінін,  бұл  ақпараттың  ауқымды  көлемін  сақтауды, 
көрнекілігін,  мәтіндік,  сызбалық,  аудио  және  бейне  ақпараттарды  сақтау 
мүмкіндігін қамтамасыз ететінін атап өтуге мүмкіндік береді. 
Ұсынылып  отырған  биология  пәні  бойынша    виртуалдық  зертханалық 
жұмыстарды  құру  болашақ  мамандарды  биологиялық  пәндер  бойынша 


93 
 
сабақтарды    жүргізудің    ғылыми  негізделген    құралдармен  қаруландырады, 
сондай-ақ болашақ мамандардың  кәсіби дағдыларын дамытады. 
 
2.3 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижесі 
Кеміргіштердің  саркоспоридияларын  виртуалды  зертханалық  жұмыстар 
арқылы 
оқыту 
мақсатында 
жүргiзiлген 
тәжiрибелiк 
эксперименттi 
ұйымдастыру үш кезеңдi қамтыды. 
Біз  ұсынып  отырған  әдістеменің  дұрыстығы  мен  тиімділігін  тексеру 
бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс 2013 – 2016 оқу жылдары Абай 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінде  және  Тараз 
мемлекеттік педагогикалық университетінде сынақ жүргізілді. 
Эксперименттік  топта  оқыту  «Кеміргіштердің  саркоспоридиялары» 
тақырыбында 
виртуалды 
оқу-танымдық 
зертханасының 
электрондық 
әдістемелік нұсқаулығы негізінде жүргізілді. Бақылау тобында оқыту дәстүрлі  
лекция, зертханалық сабақ түрінде ұйымдастырылды.   
Экспериментті  жүргізу  үшін  5В011300  –  «Биология»  мамандығының  1 
курс студенттері алынды. Экспериментке (пәннің жүргізілуіне байланысты)  82 
студент қатысты, оның  – 42 – ЭТ,  ал  40 студент  – БТ). 
Эксперимент жұмысы үш кезеңде жүргізілді:  
1. Анықтау эксперименті; 
2. Қалыптастыру эксперименті;  
3. Бақылау эксперименті - зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру.   
2013-2014  жылдары  айқындау  экспериментi  жүргiзiлдi.  Оның  негiзгi 
мақсаты ЖОО практикасында виртуалды зертхананы    қолдану жағдайын және 
оның  білім  алушылардың    оқу  жетiстiктерiне  ықпалын  айқындау. 
Экспериментті  жүргізу  жоспары  құрылды  (қосымша  Б).  Соған  байланысты 
мынандай мiндеттер шешiлдi: 
-  білім  алушылардың    оқу  жетiстiктерiнiң  деңгейiн  және  олардың  оқу 
процесінде  жалпы  виртуалды  зертхананы    пайдаланумен  өзара  байланысын 
белгiлеу; 
- ЖОО  практикасында қолданылатын зертханалық жұмыстардың  сипатын 
анықтау; 
 Осы  белгiленген  мiндеттердi  шешу  биология  пәнi  мысалында  жүзеге 
асырылды. 
Эксперименттің  алғашқы  кезеңіндегі  бақылау  және  эксперименттік 
топтардағы  білім  алушылардың  білімді  меңгеру  көрсеткіштері  3  деңгей 
бойынша сараланды.  
Айқындау  экспериментi  кезінде  білім  алушылардың  «Омыртқасыздар 
зоологиясы»    элективті  курсы  бойынша  білім,  біліктерінің  деңгейі  және 
олардың  бағдарлама  талаптарына  сәйкестiгi  тексеріліп,  талдау  жасалды. 
Эксперименттің бұл кезеңі сабақ барысына бақылау жасау, оқытушылардың iс-
әрекеттерiн  және  білім  алушылардың  оқыту  нәтижелерiн  талдау,  білім 
алушылармен,  оқытушылармен  әңгiмелесу  сияқты  зерттеу  әдiстерi  арқылы 
жүзеге асты  (қосымша Ә). 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау