89
17 - кестенің жалғасы
1
2
мазмұнына қатысты:
-микроскоптың
иммерссиялық
жүйесімен
қарағанда, мерозоиттардың қызыл түске боялған
хроматинымен
ақшыл
ядролары
анық
көрінетіндігі туралы білім және мерозоиттардың
алдыңғы жағы алқызыл түске, ал артқы жағы -
көкшіл түске боялатындығын анықтайды.
Жоғарыда берілген виртуалды зертхана жұмыстарының толық нұсқасы
диссертациялық жұмыстың қосымшаларында беріледі.
«Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды оқу-
танымдық зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығын құрастыру
технологиясын жасауда алдымен оның мақсатын, әдістері мен құралдарын,
оқытушы мен білім алушылардың арақатынасы формалары мен түрлерін
анықтап алу міндеттері қойылды.
Бұл міндеттерді шешу барысында біз В.П.Беспалько мен С.А.Смирновтың
еңбектеріне сүйендік. Мұнда технология әдістеме немесе жай педагогикалық
жүйе ретінде ғана берілмейді, қойылған мақсатқа тиімді жолмен жетуді
көздейді [113]. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық технология әдіс-
тәсілдер жүйесін, тұлғаның білім алуы, тәрбиеленуі мен дамуын қамтитын
оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара байланыстағы іс-әрекетті
қамтиды. Оқыту әдістерінің басты ерекшеліктері оқытушы мен білім
алушының өзара байланыстағы іс-әрекетінің белгілі-бір реттілікпен жүргізілуі,
қойылған мақсатқа жетуі, әдістеменің пайдалануға қолайлылығы болып
табылады.
Осы көрсетілген ерекшеліктер виртуалды оқу-танымдық зертханасының
электрондық әдістемелік нұсқаулығын құрастыру білім алушылардың
зерттеушілік біліктерін қалыптастыру технологиясын да сипаттайды. Оның
мәнісі оқу-тәрбие үдерісін алдын-ала жобалау, білім алушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеттерінің құрылым мен мазмұнын анықтау, білім
алушылардың оқу материалдарын игеруіне объективті түрде бақылау жасау,
тұлғаны дамыту, педагогикалық технологиялардың біртұтастығында.
Виртуалды зертхана жұмысын жасауда білім алушылардың зерттеушілік
біліктерін
қалыптастыру
технологиясы
В.В.Гузеев,
В.В.Пикан,
Н.Е.Шурковалардың еңбектерінде анықталған әдіснамалық, философиялық
бағыттарға сәйкес құрылған. Білім алушылардың зерттеушілік біліктерін
қалыптастырудың педагогикалық технологиясы қойылған мақсатқа тиiмдi
жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдiстерi мен
құралдары жүйесі.
90
Виртуалды зертхана жұмысын жасауда білім алушылардың зерттеушілік
біліктерін
қалыптастырудың
педагогикалық
технологиясының
негізгі
тұжырымдық қағидаларына:
- білім алушы оқу материалдарын тек сезім мүшелері арқылы қабылдап
қана қоймай, білімге деген танымдық қызығушылықтары арқылы қабылдауы
(С.Л.Рубинштейн);
- оқытудың тұлғаның дамуына бағытталуы (И.С.Якиманская);
- виртуалдық зертхананың табиғаттың өзара әрекетін үйлестіруге жағдай
жасауы (Дж.Маркович);
Білім алушылардың зерттеушілк, танымдық біліктерін қалыптастыру
технологиясы болашақ мамандардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оқыту
құралдарын іске қосу, біліктердің қалыптасуына бақылау жасау сияқты
кезеңдерге бөлініп берілді. Оны біз В.А.Сластенин мен И.Ф.Исаевтың
педагогикалық технологияларды жасаудағы алғы шарттарына сүйеніп
құрастырдық.
Білім алушылардың танымдық, зерттеушілік біліктерін қалыптастыруда
виртуалды зертхана негізгі ұйымдастыру формасына жатады. Білім
алушылармен жеке және топпен жұмыс жүргізу арқылы сабақ үстінде
біліктердің қалыптасқандығын бақылап, оны өңдеуге толық мүмкіндік туады.
Виртуалды зертханалық сабақта білім алушылардың танымдық, зерттеушілік
біліктерін қалыптастыруда:
- бірінші сабақтан бастап соңғы сабақтарға дейінгі оқыту үдерісінің
айқындалған жоспарының болуы;
- ұсынылған негізгі элементтердің бір-бірімен тығыз байланыстылығы;
- білім алушылардың оқу материалдарын жүйелі түрде игеруін есепке алып
отыру сияқты талаптар негізге алынды.
Жаратылыстану пәндері бойынша отандық және әлемдік педагогикалық-
психологиялық әдістемелік жүйеге талдау жасай келе, білім алушылардың
жоғары оқу орындарының оқыту формаларының ішінен, виртуалды
зертханалық сабақты ұйымдастыру үдерісінде білім алушылардың оқу
біліктерін қалыптастыруда М.И.Махмутов, И.Н.Пономареваның еңбектеріне
сүйене келе, талдау сабақтары, диалог, талдау сабақтары, дәріс-зертхана
сабақтары және т.б., сондай-ақ қосымша семинар, практикалық жұмыс
сабақтары, конференция сабақ түрлерін оқу әрекеттерін ұйымдастыруда
қолдануды ұсындық [114, 115].
Беріліп отырған оқу материалдарын жоспарлау туралы мәлімдеме білім
алушыларға өз уақыттарын дұрыс пайдалануға, сабаққа алдын-ала
дайындалуына, оқыту үдерісіне белсенді түрде араласуына, әр сабақтың бір-
бірімен байланысы мен рөлін түсінуіне жағдай жасайды. Бұл жердегі
оқытушының рөлі әр сабақтың қызметін, олардың бір-бірімен логикалық
байланысын анықтап беру болып табылады, сондай-ақ дәріс-зертхана
жүйесіндегі әр сабақтың салыстырмалы мүмкіндіктерін айқындайды (кесте 18).
91
Кесте 18
–
Оқу материалдарын жоспарлау
Көрсеткіштері
Сабақ түрлері
дәріс
сабақ
виртуалды
зертханалық
сабақ
диалог
сабақ
семинар
сабақтары
тексеру
(зачет)
теориялық
білімді
қалыптастыру
×
+
+
+
жалпы оқу біліктерін
қалыптастыру
×
арнайы
виртуалды
зерханалық біліктерді
қалыптастыру
+
+
+
+
өз іс-әрекетін бағалау
–
+
–
+
×
біліктерін
қалыптастыру
Шартты белгілер – тиімсіз; + тиімді; × тиімділігі басымдау
Оқыту құралдарын іске қосу кезеңінде әңгіме, дәріс сабақтары,
проблемалық сабақтар, зертханалық сабақтар, бақылау, талдау және жинақтау
тәрізді оқыту әдістерін қолдануға болады.
Біліктердің қалыптасуына бақылау жасау кезеңінде мұғалім мен оқушы
арасындағы қайтарымды байланыстың орнауы оның негізгі мағынасын ашады.
И.П.Подласыйдың [116] тұжырымына сүйенсек, мұғалім мен оқушы
арасындағы қайтарымды байланыс оқушылардың оқу әрекеттерін дұрыс жолға
бағыттауға жағдай жасайды, ол сонымен қатар мұғалімнің де педагогикалық
әрекетін реттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде бақылаудың түрлі
әдістері қолданылып жүр. Оған алдымен ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру
мен жазбаша бақылау жұмыстары жатады. Оның негізгі кемшілігі бағалаудың
субъективтілігі мен нәтижені қайталап ала алмауында. Ал, қазіргі таңда жиі
қолданылатын тест арқылы оқу материалдарының игерілу деңгейі мен сапасын
айқындауға болады. Сондықтан тест арқылы бақылау әдісі виртуалды
зертхана сабақтарында білім алушылардың білімі мен біліктерін тексеруге
қолайлы
деп
ойлаймыз.
Сондықтанда,
біз
«Кеміргіштердің
саркоспоридиялары» тақырыбы бойынша жасалынған виртуалды зертханалық
жұмыстың нәтижелері бойынша білім мен біліктер компоненттері деңгейі мен
көрсеткіштерін анықтау мақсатында біз тест тапсырмаларын құрастырдық
(қосымша Ә).
Технологияларды жүзеге асыруда алынған нәтижелерді өңдеу үшін
когнитивтік, операциялық-әрекеттік көрсеткіштер және өлшемдердің мәнін
анықтау әдістері мен формулалары (біліктерді продуктивті және
Достарыңызбен бөлісу: |