49
жүйесінде пайдалану мүмкіндіктерінің ғылыми негіздері туралы зерттеуші
ғалымдардың еңбектерін негізе ала отырып, жалпылама теориялық түсінік
беруді жөн көрдік [66].
Саркоспоридияларды алғаш рет 1843 жылы (Miescher F) анықтады да, 1972
жылға дейін олар табиғаты белгісіз және жүйелі жағдайы анықталмаған ағзалар
болып қала берді. 1972 жылға дейін жануарлардың бұлшықеттерінің тіндерінде
ағзаларды айтарлықтай қатты өзгеріске ұшыратпаған цисталық кезең
(саркоциста) ғана белгілі болғандықтан, саркоспоридиялар зиянсыз ағзалар
болып саналды, бұл олардың тіршілік циклдерінің мәнін ашып қарастыруды
белгілі бір деңгейде тежеп келді. Саркоспоридияларға өте ұқсас
токсоплазманың кокцидиялық табиғатының анықталуы саркоспоридиялардың
тіршілік циклдерін зерттеуге түрткі болды. J.K.Frenkel алғаш болып жасанды
жолмен көбеюді негізге ала отырып, саркоспоридиялардың кокцидиялық
табиғатын дәлелдеді. Содан кейін Sarcocystіs-тің кокцидиялық табиғатын неміс
зерттеушілері (Rommel M., Heydorn A.O., Heydorn A.O., Rommel M., 1972;
Rommel M. et. аll.) растады. Саркоспоридиялар – облигатты гетероксенді екі
қожайындық даму циклі бар кокцидиялар екені, ал ағзасында гаметогенез және
изоспороидты құрылымның ооцисталарының түзілуі орын алатын ит, мысық
және адам дефинитивті иелер екені, ағзасында саркоспоридиялардың
жыныссыз дамуы жүретін ірі қара мал, қойлар, шошқалар аралық иелер екені
анықталды.
Ал, кеміргіштердің саркоцисталарын, А.Ruiz, J.K.Frenkel аралық ие – ақ
тышқан мен түпкілікті ие – үй мысығының ағзасындағы Sarcocystіs muris-тің
дамуын зерттесе, H.G.Sheffield, J.K.Frenkel, А.Ruiz Sarcocystіs muris-тің
ультрақұрылымын зерттеді.
В.М.Федосеенко, Ф.В.Левитактар тышқандардың қаңқа бұлшықеттеріндегі
Sarcocystіs muris цисталарын электронды микроскоппен арқылы зерттей
отырып, Frenkel-дің ертеректе сипаттаған метроциттерін, мерозоиттары мен
аралық жасушаларын анықтаса [67], А.М.Радченко Sarcocystіs muris-ті
электронды микроскоптық зерттеу нәтижесінде аралық жасушалардағы
Гольджи-адъюнкт құрылымы ядро мен цитоплазманы бөлуге тікелей
қатысатын полярлы сақинаның ұрығы екенін анықтады [68].
Ғалым M.Rommel екі сасықкүзенге (Putorius putorius furo) Sarcocystіs
muris-пен залалдандырылған тышқанды берді, екі аң да 7 күн өткен соң 9 күн
бойы спороцисталар бөлген, олар морфологиялық жағынан Sarcocystіs muris-ті
жеген кезде мысықтардың бөлген спороцисталарымен бірдей болған екен [69],
сонымен Sarcocystіs muris-тің қосымша дефинитивті иесі анықталды.
Z.Cerna 45 жапалақтың нәжісін (Tyto alba) зерттеген кезде әдебиеттерде
Isospora butеonis деген атаумен белгілі споруланған ооцисталарды анықтады,
оларды ауыз арқылы 4 үй тышқанына және 3 қарапайым сұр тышқанға
(Microtus arvalis) жұқтырса, J.Senaud мен Z.Cerna ақ тышқандардың Sarcocystіs
dispersa-ның жыныссыз даму фазасының ультрақұрылымын зерттеді.
50
Қазақстанда, соның ішінде Алматы қаласының шығыс аймағындағы 31 үй
тышқанының 6-ауының қаңқа бұлшықеттерінен саркоцисталарды анықтаған
ғалымдар С.М.Пак, Н.В.Ештокина [70].
Алматы қаласының оңтүстік аймағынан табылған 4 дала тышқанының
2-інен ғалым А.В.Левит пен В.А.Ким қаңқа бұлшықеттерінен, көкетінен,
тілінен саркоцисталар тапты [71].
Жоғарыда аталған мәселелер, үнемі зерттеліп, жаңартылып биология
ғылымына енгізіліп отырады.
Біз, болашақ мұғалімдерді дайындауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану әдістемесін дайындауда, жоғарыда аталған биологиялық
зерттеулерді жалғастырып, тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді оқу
үрдісіне енгізуге тырыстық.
Аталған зерттеу жұмыстары Қазақстандық ғалымдарА.В.Левит,С.М.Пак,
Н.Д.Дымкова, В.В.Перминова, К.А.Ким, Л.М.Пинаева, В.А.Оразалинова және
Б. Есимовтардың еңбектеріне сүйеніп жасалды.
Атап айтатын болсақ, А.В.Левит Қазақстанда 1507 үй мысығының
нәжістерін саркоциста спороцисталарының жұққан-жұқпағандығын тексерді.
201 мысықтан (13,3%) спороцисталар анықталды. Мысық спороцисталарымен
залалдандырылған ақ тышқандардың бұлшықеттерінен 50-60 күннен кейін
саркоцисталар анықталды. Мысық спороцисталарын ақ егеуқұйрыққа, сары
түсті қалтауыздарға, теңіз шошқасына, саршұнаққа, қояндар мен басқа да
жануарларға жұқтыру сәтсіз болды [72-75].
Т.В.Арнастаускене, Я.С.Грикенене түпкілікті иені қатыстырмай, сары дала
тышқанынан
(Clethrionomys
glareolus)
зертханалық
егеуқұйрықтарға
саркоцисталар беру тәжірибесін жүргізді. Зерттеушілер саркоцисталар жұққан
сары дала тышқандарын зертханалық егеуқұйрықтарға берді. 22 егеуқұйрықтың
5-еуі тәжірибеден кейін 7 және 37 күнде әлсіреді немесе өлді. Циста алдыңғы
даму кезеңінде паренхиматозды мүшелерде анықталмады. Егеуқұйрық
нәжістерінен де саркоциста спороцисталары анықталмады. Тәжірибе
жасалғаннан кейін 98-219 күннен кейін өлген егеуқұйрықтардың қаңқа, құрсақ
бұлшықеттері мен көкетінен саркоцисталар анықталды [76].
Жоғарыда аталған еңбектерді зерделей келе біз:
- ғылыми жұмысты 2014-2016 жылдар аралығында ҚРБжҒМ Зоология
институтының жалпы паразитология зертханасында;
- ауыл шаруашылығы министрлігі орман және саятшаруашылығы
комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің кәсіпші аңшылардың
Алматы облысындағы Қарасай және Балхаш аудандарынан ұстаған 338
саршұнаққа;
- ҚРБжҒМ Зоология институты мен ботаникалық бақтың эксперименттік
база аумағынан, сондай-ақ Алматы қаласы төңірегінен ұсталған 62 үй
тышқанына жасадық.
Нәтижесінде Алматы жануарлар орталығынан алынған 36 ақ тышқан
саркоцисталармен залалғандығын тексеру мақсатында зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, нәтижелер алынды және жеке зерттеу нәтижесінде анықталған
Достарыңызбен бөлісу: |