45
Продуктивті деңгейде білім алушылардың орындайтын іс-әрекеттері
шығармашылық әрекетке көшеді, яғни мәселені шешу жолдарын көрсетеді.
Продуктивті деңгейде сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді
талдату арқылы зерделеніп отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы
жасалады. Ал шығармашылық деңгей білім алушылардың зерттеу мәселелерін
өз бетімен орындауға үйретеді, яғни тәжірибеден алынған нәтижелерден өз
бетімен қорытынды шығарады, ұсыныстар айтады. Қай заманда да өркениеттің
дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалған,
бұл бүгінгі күнге дейін де өз жалғасын тауып отыр. Шығармашылық – адам
санасынының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді.
Шығармашылық деңгейде білім алушылар теориялық білімдерін еске түсіретін
мәселелік сипаттағы сұрақтар дайындап, өз бетімен іздену арқылы
шығармашылықтарын көрсетеді. Өйткені тұлғаның қабілеттілік дәрежесі, оның
кәсіби іскерлік шеберлігі, кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігі, жаңалық ашуы,
шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Осыған орай виртуалды зертханалық жұмыстарды қолданудағы іс-әрекетті
ұйымдастыруда:
- оқытудың нәтижесіне жетудегі тәжірибенің мақсат-міндеттерінің
айқындығы;
- білім алушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай
қолдану;
- тәжірибе жүргізу ортасының материалдық-техникалық негізін (біздің
жағдайымызда аудиторияның компьютермен және интернет желілерімен
қамтылуы) ескеру;
- оқытушы мен білім алушылардың шығармашылығы және шеберлігі және
т.с.с. алғы шарттар ескерілді [62]. Виртуалды зертханалық жұмыстар жұмыс
оқу бағдарламаларындағы білім алушылардың коммуникативтік, ақпараттық
және проблемаларды шешу құзыреттіліктерін шешуді қамтиды. Сондықтан
виртуалды зертханалық жұмыстарды өз мәнінде ұйымдастыру білім
алушылардың биологиядан, оның ішінде омыртқасыздар зоологиясы элективті
курсынан берілетін білімінің сапасын көтеруге көмектеседі және
шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен айналысатын білім алушылардың
даралануына ықпал етеді.
Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды
қолдану оқыту үдерісінің көрнекілік деңгейін арттыруға білім алушылардың іс-
әрекетін белсендіруге мүмкіндік береді. Зертханалық сабақ барысында
мультимедиялық технологияларды қолдану сызбанұсқаларды, суреттерді,
кестелер мен бейнетаспаларды демонстрациялау арқылы мультипликациялық
құралдардың көмегімен оқу материалдарын түрлі қозғалмалы көрнекіліктермен
қамтамасыз етеді. Оқытушы виртуалды зертханалық сабақты дайындауда
бағдарлама «беттерінің» парақталуы мен анимациямен үйлесуін қадағалай
алады. Бұл жағдайда бағдарламаға салынған модельдерге сәйкес оқып
үйренетін үрдістерді басқару қызметін бейнелеуге мүмкіндік беретін құрал
компьютер болып табылады [63]. Мысалы, «Омыртқасыздар зоологиясы»
46
элективті
курсы
оқу
бағдарламасы
мазмұнындағы
«Кеміргіштердің
саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды оқу-танымдық зертханалық
жұмысты орындауда күрделі биологиялық үдерістерге бақылау жасалынады.
Сонымен компьютерлік білім беру саласындағы шынайы әлем нысандарын
үлгілеуге көмектесетін және білім алушыларға өз бетімен жаңа білім, білік,
дағды және оқу іс-әрекеттерін игеруге жәрдемдесетін виртуалды зертханалар
оқу, оқу-әдістемелік, тәжірибелік, анықтамалық, оқу-бақылау және бақылау-
тестілеу материалдарын құрайтын кіріктірілген ақпараттық орта болып
табылады. Ал биологиядан виртуалды зертхана – ол математикалық
модельдерді құрудың кең мүмкіндіктері мен көптеген виртуалды құрылғылары
бар бір бағдарламалық-есептеу кешені болып табылатын әр түрлі биологиялық
құбылыстар мен үдерістерді зерттеу аппараты.
Осылайша, осы заманғы орта білім жағдайында виртуалды компьютерлік
технологиялар оқыту үдерісін жаңа деңгейге шығара отырып, дәстүрлі білім
берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған. Виртуалды
зертханалық жұмыстар арқылы тәжірибе жүргізу білім алушылардың қоршаған
орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті арттырады,
өмірлік жағдаяттарда туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу
мүмкіндігі қалыптастырады, алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға
даярлықтарын арттырады. Олай болса, оқу үдерісінде білім алушылардың
өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану электронды білім беру стратегиясының ажырамас бөлігі
болып табылады.
Бірінші бөлім бойынша тұжырым
«Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда
биологиялық білім берудегі инновациялық үдерістердің теориялық-әдістемелік
негіздері анықталды.
Анықталған теориялық-әдістемелік негіздерге сәйкес болашақ биолог
мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды зертханалық жұмыстардың маңызына
сипаттама берілді. Болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды
зертханалық жұмыстар білім алушылардың биологиялық дайындық деңгейін
арттырады және алған білімдерін болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қолдана алу
біліктерін қалыптастырады.
Сонымен қатар биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды
құрудың өлшемдері айқындалды. Виртуалды зертханалық жұмыстарды
құрудың өлшемдері биология мамандығы бойынша білім алушылардың білім
сапасы деңгейін анықтауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |