Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет24/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48

59 
 
2.Кокцидия тәрізділер класы  – Coccidiomorpha 
3.Кокцидия зоитының құрылысы 
4.Жануарлар саркоцистозының диагностикасы 
1. 
Споралылар 
буылтық 
құрттардың, 
былқылдақденелердің, 
буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене 
қуысында,  қан  жасушаларында  паразиттік  тіршілік  ететін  бір  жасушалы 
қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш 
вакуольдері  жойылған,  қоректік  заттарды  бүкіл  денесі  арқылы  сіңіріп  алады, 
ешқандай  қозғалыс  органоидтары  болмайды,  тек  жынысты  жасушаларында  – 
микрогаметаларында  –  талшығы  болады.  Споралылар  жыныссыз,  жынысты 
және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі 
арқылы  жүзеге  асады,  бұны  шизогония  процесі  деп  атайды,  нәтижесінде 
мерозоиттар  деп  аталатын  жас  особьтар  шығады.  Жынысты  жолы  – 
гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде 
түзілген  зигота  қалың  қабықшамен  қапталынып  ооцистаға  айналады.  Осыдан 
спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, 
ең  алдымен  споробластар  –  бұлардан  майда  спорозоиттар  пайда  болады  және 
олар  споралардың  ішінде  орналасады.  Споралылар  типі  екі  класқа  бөлінеді: 
Грегариналар – Gregarinina және кокцидиятәрізділер – Coccidiomorpha
2. Бұл класқа өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана жасушаның ішінде 
паразиттік  тіршілік  ететін  қарапайымдылар  жатады.  Денелері  сопақша, 
домалақтау  не  доға  сияқты  болып  келеді.  Олар  адамның,  сүтқоректілердің, 
құстардың  ішек  жасушаларында,  бауыр,  бүйрек,  қан  клеткаларында  кездеседі. 
Қан споралылардың және кокцидиялардың даму кезеңдері бір-біріне өте ұқсас, 
сондықтан  бұл  екеуін  кокцидия  тәрізділер  класына  жатқызады.  Бұлардың 
көбеюінде  кезектесіп  жүретін  үш  кезеңді  байқауға  болады:  шизогония 
(жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония. 
Көптеген  кокцидиялардың  бір  ғана  иесі  болады,  сондықтан  спорогония 
кезеңі  жартылай  немесе  толық  сыртқы  ортада  жүреді  (Eimeria  magna). 
Басқаларының  иесі  екеу,  жыныссыз  көбеюі  бір  иесінде  өтеді,  ал  жынысты 
көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax). 
Кокцидиялардың  даму  сатысы  өте  күрделі.  Мысал  ретінде  қояндардың 
паразиті – эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия 
кезектесіп  тұратын  шизогония,  гаметогония  және  спорогония  жолдарымен 
дамиды  (сурет  12).  Ооцисталар  су  және  шөп  арқылы  қоянның  ішегіне  түсіп, 
ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит 
шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий жасушасына ену 
керек.  Коноид  және  роптриялар  арқылы  спорозоит  жасушаға  еніп,  денесі 
дөңгеленіп  шизонтқа  айналады.  Шизонттың  ядросы бірнеше  қайтара бөлінеді. 
Сол  ядролардың  бөлінуін  шизогония  дейді.  Бұл  жыныссыз  көбею  кезеңі. 
Шизогония  нәтижесінде  пайда  болған  әрбір  ядроның  төңірегінде  цитоплазма 
жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы 
әбден  зақымдап  болғаннан  кейін  ішек  қуысына  шығады  да,  қайтадан  жаңа 
жасушаларға  еніп,  денесі  дөңгеленіп  шизонтқа  айналады.  Шизонттың  ядросы 


60 
 
көпке  бөлініп  шизогония  арқылы  тағы  да  мерозоиттар  пайда  болады. 
Шизогония  бірнеше  рет  қайталанып,  паразиттердің  саны  көбейеді. 
Шизогониядан  кейін  гаметогония  кезеңі  басталады.  Бұл  кезеңде  мерозоиттар 
гамонттарға  айналады,  бұлардан  гаметалар  пайда  болады.  Макрогамонттар 
бөлінбей  өсіп  макрогаметаларға  айналады,  ал  микрогамонттардың  ядросы 
көпке  бөлініп,  цитоплазмамен  қапталынып,  екі  талшығы  бар  майда 
микрогаметаларға  айналады.  Микрогаметалар  жылжып  макрогаметалармен 
қосылады.  Копуляция  нәтижесінде  пайда  болған  зигота  сыртынан  тығыз 
қабықпен  қапталып  ооцистаға  айналады.  Ооцисталар  қоянның  нәжістерімен 
бірге  сыртқа  шығарылады.  Сыртқы  ортада  ооцистаның  ішінде  спорогония 
кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. 
Оларды  цитоплазма  қоршап,  төрт  споробласт  деп  аталатын  жасуша  түзіледі. 
Әрбір  споробласт  арнайы  қабықпен  қапталынып,  спораға  айналады.  Әрбір 
спораның  ядросы  екіге  бөлініп  –  екі  спорозоит  түзіледі.  Сөйтіп  ооцистаның 
ішінде  төрт спора пайда  болып, олардан  сегіз  спорозоиттар  түзіледі.  Осындай 
ооцисталар  сау  қоянның  ішегіне  түскенде,  оның  қалың  қабықшасы  ішек 
сөлдерінің әсерінен жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек 
жасушаларында даму циклын бастайды. Эймерия (Eimeria) туыстарының толып 
жатқан түрлері адамды, жануарларды кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. 
Солардың 
ішінде 
Е.magna
Е.inteсtinalis 
қояндардың 
кокцидиозын 
қоздырушылар,  Е.tenella  тауық,  үйректердің,  Е.zurni,  E.smithi  ірі  қара 
малдардың,  Е.faurei,  E.arloingi  қой  мен  ешкілердің,  E.carpelli  балықтардың 
кокцидиозын қоздырушылар. Адамда да кокцидиялар кездеседі. Олар  Isospora 
belli және I.hominis. Кокцидиоз – ішек ауруына душар етеді. 
 
 
I шизогонияның 1-ші ұрпағы; II шизогонияның 2-ші ұрпағы; III шизогонияның 3-ші ұрпағы; 
IV гаметогония; V спорогония; 1 – спорозоит, 2 – жас шизонт, 3 – көп ядролы өсіп келе 
жатқан шизонт, 4 – мерозоиттар, 5 – макрогаметалардың дамуы, 6 – микрогаметалардың 
дамуы, 7 – зигота, 8 – спорогонияға кірісіп жатқан ооциста, 9 – 4 споробласты ооциста, 10 – 
споралардың түзілуі, 11 – 8 спорозоиттар түзілген ооциста 
 
Сурет 15  Кокцидияның (Eimeria) даму циклінің сызбасы 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау