Міржақып Дулатұлы
М.Дулатұлының өлеңдерінің тақырыбы, көтерген мәселесі. Өлеңдерінде Ресейдің отаршылдық саясатын әшкерелеуі, ақынның еліне, халқына деген сүйіспеншілік сезімін, өлеңдерінің реалистік сипатын айтып бер.
Ілияс Жансүгіров
Ақынның Жетісу табиғатын жырлауы, ондағы көркем суреттер. Адам мен табиғат арасындағы тығыз байланыс, адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі толғауларын айт.
Мұхтар Әуэзов
1. «Қараш-Қараш оқиғасы» - тарихи шындыққа негізделген көркем шығарма екенін дәлелде. Бақытғұл, Тектігүл тағдырлары арқылы берілген ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік мәселерін айтып бер.
2. Көркем шығармалардың тақырыбы мен идеясын ажырытып түсінік бер, мысал келтір.
Шығарма композицияның құру ерекшелігі. Жазушының адам характерлерін сомдау шеберлігін айқындап айтып бер («Қара ой» әңгімесі бойынша).
Ауыз әдебиеті туралы
ІХ сынып
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар? Ауыз әдебиетінің әулеметтік сипаты.
Ауыз әдебиетінің түрлеріне мысалдар келтір.
Ауыз әдебиетінің даму кезеңдері және оның маңызы туралы.
Соңғы кезеңдердегі тұрмыс-салт жырларының мазмұны мен түрлерінің баюы, олардағы мақсат биіктігінің жоғарылау жайын айтып бер.
Мақал-мәтелдердің басты-басты тақырыптыры және өзіне тән ерешеліктері.
Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығына мысалдар келтір. Олардың ауыспалы және тура мағынасы дегенді қалай түсінесің?
Ақындар айтысы, оның өзіне тән ерекшеліктері қандай? Мысал келтір.
Осы замандығы айтыстар мен бұрынғы айтыстардың суреттеу тәсілдерінде ұқсақтар бар ма, қандай?
Қазіргі айтыстарда ақындар көркем сөз өрнектерін қаншалық сәтті қолдана білген?
Аныз әңгімелердің ертегілердің айырмашылығы. Аңыз әңгімеден халықтың арман тілегін айтып бер.
Ақын, жазушы еңбектеріндегі әдеби сипат; әдеби тип; шығарманың идеялық мазмұны деген ұғымдарды қалай түсінесің?
Әдебиеттегі көркем шығармалардың сюжеті мен композициясының негізгі ерекшеліктерін қалай түсінесің?
Батырлар жыры. Батырлар жыры елін, халқын жаудан қорғауға байланысты туатындығына мысал келтір.
Лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктері. Батырлар жанрының одан айырмасы. Лиро-эпостық жырлардан (Қозы-Қөрпеш, Баян сұлу, Айман-Шолпан) мысалдар келтіріп айтып бер.
Махамбет Өтемісов
Махамбет - халықтың арман-тілегін жақтаушы, хан-сұлтандарға қарсы көтерілістің үндеуші – патриот ақын екендігін дәлеледе.
Ақын көтерілістің мақсатын өлеңдерінде қалай суреттеген?
Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. «Тарланым» т.б. өлеңіне талдау жаса.
Махамбет өлеңдеріндегі адамгершілік, патриоттық сезім қөріністерін айтып бер.
Ақынның «Мұнар да, мұнар, мұнар күн», «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұңайма» т.б. өлеңдеріне талдау жаса.
Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңдерін оқып шығыңдар. Ақын осы өлеңдерінде қандай сөз өрнектерін пайдаланған?
Махамбет өлеңдерінің халықтық, поэтикалық мәнін айтып бер.
Халық әдебиеті дегеніміз не? Махамбет шығырмасының халықтығын немен дәлелдейсің?
Х сынып
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет дамуының басты бағыттары қандай? Оларға қысқаша сипаттама бер.
Қазақ әдебиетінде реализм қалай туды және қандай бағытта дамыды? Оның ағартушылық, сыншылық белгілері қандай?
Шоқанға орыс достарының (С.Ф. Дуров, П.П. Семенов-Тянь- Шанский, Ф.М. Достоевский т.б.) әсері.
Шоқан – қазақ халқының тұңғыш ғылыми, әдебиет зерттеуші.
Шоқан Уәлиханов туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық көзқарасының қалыптасуы, өмірінің басты кезеңдері жайлы айтып бер.
Ыбырайдың демократтық, ағартушылық көзқарасының қалыптасуы, өмірінің басты кезеңдері жайлы айтып бер.
Ыбырайдың қазақ хрестоматиясын жазудағы мақсаты не?
Ыбырай өлеңдерінің мазмұны мен идеялық көркемдік ерекшеліктерін айтып бер. («Кел балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар т.б.»). Осы екі өлеңді жаттап алыңдар.
Ыбырайдың табиғатты суреттеуге арналған қандай өлеңдерін білесіңдер. Пейзаждық лирика деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Ыбырай өлеңдерінің қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы не?
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптық, көркемдік, идеялық мазмұнын «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» т.б. шығармалары арқылы сипаттап беріңдер.
Ыбырайды неге қазақ балалар әдебиетінің атасы дейміз?
Ыбырайдың қазақ мәдениеті мен әдебиетінде алатын орнын айтып бер.
Абай Құнанбаев
Абай- қазақ әдебиетінде реализмнің негізін салушы екндігін дәлелде.
Абайдың орыс халқының классикалық әдебиетімен, революцияшыл демократтарының еңбектерімен танысуы оның көзқарасына, дүние танымына, шығармашылығына қандай әсер тигізгендігін суреттеп бер.
Абай лирикасындағы әлеуметтік теңсіздік, сүйіспеншілік, достық, өнер-білімге, еңбекке талпыну мотивтері реалистік жағдайда қалайша айқындалып, айшықтала түскеніне сипаттама бер. Ақынның халықпен байланысы қандай және ол қалай көрінеді?
Пушкинннің Абайға әсері, Лермонтов пен Абайдың үндестігі, Крылов мысалдарын аударудағы Абайдың мақсаты не? Осы мәселелерді талдап айтып беріңдер.
Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаналықтары. Абай неге «қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп аталады? Оның шығармаларының тіл ерекшеліктері қандай?
Абайдың қарасөздері. Оның басты тақырыптары, өзіндік ерекшеліктері және өлеңдерімен үндестігі қандай?
Абайдың ақындық өнегесінің өзінен кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына қандай әсері болды?
Абайдын қазақ әдебиеті тарихында алатын орны қандай? Неге М.Әуезов оны: «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі», - деп атаған.
Абай тойы- әлемдік той (Абайдын туғанына 150 жыл).
ХІ сынып Сәкен Сейфуллин
С.Сейфуллин өмірінің негізгі кезеңдерін, тұңғыш өлеңдерінің басты тақырыптарын, шығармаларының ағартушылық-демократтық бағыттағы әдебиеттермен үндестігін айтып бер.
С.Сейфуллин шығармаларында революциялық күрес күндерінің шындығы қалай көріннетіндігін сипаттап бер.
С.Сейфуллин поэзиясында Ұлы Қазан жеңісін жырлау ерекшеліктері (жаңа ырғақ, жаңа өлшем, жаңа идея, жаңа образ).
Ақынның «Альбатрос» поэмасын неге реалистік үздік шығармалардың бірі дейміз?
С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы арқылы жаңа замандағы ұлы өзгерістер, бүгінгі Көкше көріністері, оның жарқын болашағын қалай бейнелегенін айтып бер.
Тақырыптық, идеялық, образдық тұрғыдан салыстырып қарағанда С. Сейфуллин мен В. Маяковский поэзиясындағы ұқсастықты қалай түсінесің?
С. Сейфуллин прозасың негізге ерекшеліктері қандай? Портрет пен пейзаж, сюжет пен композицияның ашудағы ролін талдап баяндап бер.
С. Сейфуллин «Тар жол, тағақ кешу» романындағы революционер образының басты ерекшелітері қандай? Романдығы лиризм, трагизм, психологизм көріністерін тауып айтып бер.
Ілияс Жансүгіров
І. Жансүгіров творчествосында ауыз әдебиеті дәстүрлері қандай орын алады? Революцияға дейінгі ақын өлеңдерінің тақырыптары мен идеясы, көркемдігі мен образдары қандай екендігін айтып бер.
Аын Ұлы Қазан революциясының жеңісін, жаңа заман тақырыптарын қалай шабыттана жырлады? «Гималай» өлеңін талдай отыра, халықаралық жұмысшы қозғалысын жырлаудағы жаңалығын айтып бер.
І. Жансүгіров поэмаларының басты тақырыптарын, образдарын, идеяларын, психологиялық саралау шеберлігін («Дала», «Күйші», поэмалары) сипаттап бер.
І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының сюжет, композициялық ерекшеліктері неде? Тұрмыс-салт, ас көрінісін суреттеу арқылы әлеуметтік жайттарды қалай көрсете білген?
Аынның Абай дәстүрлерінен үлгі алуын жеке шығармаларды салыстырып көрсету арқылы дәлелде.
І.Жансүгіров поэзиясының көркемдік ерекшелігі. Эпитет, теңеу, метафора жасаудағы басты тәсілдерін мысалдармен көрсет.
Достарыңызбен бөлісу: |