Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы Физика, 9-сынып №159 гимназия, Алматы қаласы 2014-2014 оқу жылы



жүктеу 4,87 Mb.
бет1/6
Дата09.03.2018
өлшемі4,87 Mb.
#12067
  1   2   3   4   5   6

Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы Физика, 9-сынып №159 гимназия, Алматы қаласы 2014-2015 оқу жылы


Күні:

13.05.2015 ж.

Пәні:

Физика

Сыныбы:

9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Ньютонның екінші заңын зерделеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Дамытушылық:


Тәрбиелік:

Классикалық механиканың негізгі заңдарын тұжырымдай білу; эксперимент арқылы дене үдеуінің оған әсер етуші күш пен оның массасына тәуелділігін зерттеу; оқушыларды кез келген жағдайда білімдерін қолдануға үйрету.

Оқушының алдына проблемалық сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыруды жалғастыру; есте сақтау және қабылдау қабілеттілігін жетілдіру және танымдық дағдысын дамыту.

Оқушыларды оқу үрдісінде қолданылатын интерактивті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу барысында зерек болуға, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу; сапалық есептерді шығару және кинофильмдер көрсету арқылы оқушыларды кәсіптік бағдар алуға және таңдаған мамандығының болашағына сеніммен қарауға жетелеу.



Сабақтың типі:

Білімді жүйелеу және жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі:

Лабораториялық практикум.

Сабақтың әдісі:

Әңгімелесу, сұрақ-жауап, медиабілім беру элементтері, топпен жұмыс, эксперимент, Блум таксономиясы: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары:

№1 флипчарт – «Ньютонның заңдары», №2 флипчарт – «Бақылау» детекторы, интерактивті тақта жабдықтары, «механика» демонстрациялық құрал-жабдықтар жиынтығы, «Алдар Көсе» және «Простоквашино» мультфильмдері, «Менің атым Қожа» фильмі, стикерлер, бағалау парағы, т.б.

Күтілетін нәтиже:

Классикалық механиканың негізгі заңдарын таниды, эксперимент арқылы дененің алған үдеуінің оған әсер етуші күш пен оның массасына тәуелділігін біледі, Блум таксономиясы негізінде талдау жүргізе алады.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Сергіту сәтін жүргізу



Оқушыларды бүгінгі сабақтың ерекше, әрі қызықты өтетіндігіне назар аударту және олардың зейінін сабаққа аудару. (1 мин)



Исаак Ньютонның мына бір айтқан сөзіне мән беру: «Басқаларға қалай екенін білмеймін, ал өзіме мен әдемі тас тауып алған, теңіз жағалауында ойнап жүрген бала болып көрінемін. Көз алдымда мен білмейтін нәрселердің мұхиты тұр». Осылайша, Ньютонның пікірінше, ол өзінің заңдарын қоршаған ортаға мейлінше көп зейінін аударып, ойнай отырып ойланып ашқан екен. Олай болса, біз де сіздермен бірге сабақтың алдында ойнап көрелік. Ойынның аты – «Үнсіз кино» деп аталады.

Біз өзімізді бір сәт автобуста тұрған жолаушылар ретінде елестеп көрелік. Осы автобустағы жолаушылардың қозғалу бағытын үнсіз жасайық. Тапсырмалар:

  • автобус орнынан бірден алға қарай қозғалды.

  • қозғалыстағы автобус бірден солға қарай бұрылды.

  • қозғалыстағы автобус бірден оңға қарай бұрылды.

  • қозғалыстағы автобус бірден лезде тоқтады.

Ойынның қорытындысын жасау.Қорытынды арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына оқушыларды жетелеу. (3 мин)


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау