Ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік



жүктеу 39,42 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі39,42 Kb.
#14831


Ш.ЕСЕНОВ атындағы 

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми кеңестің шешімімен 

(21.09.2017  № 1 хаттама) 

БЕКІТІЛГЕН 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТАУ 2017 

 



1. МАҚСАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1  Ш.Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік    технологиялар  және 

инжиниринг  университетінде  (бұдан  әрі  –  КМТИУ,  университет)  білім 

алушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуын реттейді. 

1.2  Білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстарының  ұйымдастыру  ережесі 

(бұдан әрі - Ереже) КМТИУ ішінде пайдалануға арналған.  

  

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – білім алушылардың өзін-өзі 



ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту. 

2.1  Білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  әрі  -  БӨЖ)  білім 

алушы  білімінің  тереңдігі,  дағдылары  мен  біліктілігіне,  білім  меңгеруіне 

ықпал  ететін  оқу  үдерісінің  ең  негізгі  элементтерінің  бірі.  БӨЖ  орындау 

арқылы  білім  алушы  оқу  үдерісінің  белсенді  мүшесі  бола  отырып,  өз  ойын 

еркін, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді. 

2.1.1  БӨЖ  аудиториядан  тыс  жеке  немесе  топ  болып  орындау  арқылы 

білім  алуға,  білімді  меңгеруге  және  машықтануға  бағытталған  оқу 

жұмыстары. БӨЖ мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі. 

2.2  Кредиттік  оқу  жүйесінде  БӨЖ  ұйымдастыру  кезінде  мына 

мәселелерге назар аудару қажет: 

- тақырыптарға сәйкес БӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына; 

-  дәріс  және  семинар  сабақтарының  БӨЖ  орындауына  ықпал  ететіндей 

болуына; 

- БӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау нысанына; 

- БӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың 

болуына; 

- БӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.  

2.3  БӨЖ  ұйымдастыру  және  қабылдау  технологиясы  мынадай 

кезеңдерден тұрады:  

- БӨЖ жоспарлау; 

- әдістемелік бағытын қамтамасыз ету; 

- БӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан әрі дамыту. 

2.4  Жоспарланған  БӨЖ  тақырыптары  мен  қабылдау  түрлері,  уақыты, 

көлемі  т.б.  мәліметтер  пәндердің  жұмыс  бағдарламасында,  силлабуста  және 

кафедраның  оқу-әдістемелік  құжаттарында  көрсетіледі.  Әр  пән  үшін  БӨЖ 

өткізу  нысаны  мен  түрін  таңдауға  оқылатын  пәннің  мақсаттары  мен 

міндеттерін,  пәннің  қалыптастыратын  құзыреттер  мен  оқыту  нәтижелерін, 

білім  алушылардың  даярлығын  және  БӨЖ-ге  бөлінген  сағат  санын  ескеру 

қажет. 


2.5  Білім  алушылардың  өзіндік  жұмысы  реферат,  баяндама, 

шығармашылық  жұмыс,  бақылау  жұмысы,  ғылыми  мақала  түрінде 

дайындалуы мүмкін. 



2.6  Білім  алушылардың  өзіндік  жұмысының  нәтижелері  коллоквиум, 

конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін. 

2.7  Білім  алушының  өзіндік  жұмысқа  қатысуы,  тапсырмаларды 

орындауы арнайы журналға тіркеледі және ПОҚ тарапынан белгіленеді. 

2.8  БӨЖ  тапсырмалары  реферат,    кроссворд,    бақылау,  есептеу  және 

сызба жұмыстары түрінде орындалады немесе тренинг,  дискуссия, іскерлік, 

дидактикалық  ойындар,  презентация  әзірлеу,  кейс  құрастыру,  топ  бойынша 

немесе жеке жобалар жасау түрінде ұйымдастырылуы қарастырылуы мүмкін. 

Білім  алушылар  үшін өзіндік  жұмыстардың  тақырыптары төмендегідей 

де болуы мүмкін: 

- оқу мәтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру); 

- ғылыми мақалаларға аннотация және пікір жазу; 

- интернет көздерімен жұмыс жасау; 

-  шығармашылық  тапсырмаларды  дайындау  (коллаж,  синквейн,  ойын 

бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы); 

- пән бойынша глоссарий құрастыру; 

-  эссе,  мақала және  белгілі  сала  мәселелері  бойынша  хабарламалар  мен 

ғылыми жұмыстар жазу; 

- жобаларды әзірлеу; 

-  өзіндік  білім  алу  бойынша  баспа  материалдарының  аннотацияланған 

тізбесін құрастыру, т.б. 

2.9 БӨЖ құрылымы: 



тақырыптар тізімі; 

тапсырманы орындау үшін кеңестер; 

тапсыру реті, мерзімі; 

бағалау тәртібі; 

- қажетті әдебиетттер тізімі мен интернет сайты. 

 

3. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

  Осы  құжатты  әзірлеуде  келесі  нормативтік  құжаттарға  сілтеме 



жасалған: 

-  Қазақстан  Республикасы  2007  жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы» 

заңы (Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы толықтырулар 

мен өзгерістер енген); 

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 

Қаулысымен  бекітілген  «Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  стандарты»  (2016  жылғы  13  мамырдағы  №292  өзгерістер 

мен толықтырулар); 

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 

18  наурызындағы  №125  бұйрығымен  бекітілген  «Білім  алушылардың 

үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау 

жүргізудің  үлгі  ережесі»  (2017  жылғы  30  қаңтардағы  №36  өзерістер  мен 

толықтырулар); 



- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 

20  сәуірдегі  №152  бұйрығымен  бекітілген  «Кредиттік  оқыту  технологиясы 

бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі» (2016 жылғы 28 қаңтардағы 

№90 өзгерістер мен толықтырулар). 

 

4. БӨЖ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН 

МІНДЕТТЕР 

 

4.1. БӨЖ ұйымдастырудағы оқу-әдістемелік бөлімнің міндеттері: 

-  БӨЖ  және  білім  алушылардың  зерттеу  жұмыстарын  әдістемелермен 

қамтамасыз ету жөнінде семинар мен кеңестер ұйымдастыру: 

-  әдістемелік  нұсқаулар,  БӨЖ  түрлері  мен  нысандары  бойынша 

ұсыныстарды,  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  енгізу 

деңгейін бағалау; 

-  білім  алушылардың    үлгерімі  негізінде  БӨЖ  ұйымдастыруды 

жетілдірудің ұсыныстарын талдау, әзірлеу; 

- оқу үдерісі кестесін құрастыру; 

- БӨЖ-дің  апта бойынша сағат көлемін анықтау; 

-аудитория қоры мен сабақ кестесін жоспарлау; 

 

4.2. Деканаттың жауапкершілігі мен міндеттері: 



         -  білім  алушылардың  тапсырманы  орындау  кестесіне  және  білім 

алушылардың үлгеріміне бақылау жүргізу. 

 

4.3. БӨЖ-ді жоспарлаудағы кафедраның рөлі: 



        -  Құзыреттерге  негізделген  білім беру  бағдарламасы  бойынша  дәрістер, 

тәжірибелік  (семинар),  зертханалық  жұмыстар  және  БӨЖ  аралықтарын 

мөлшерлеу, мазмұнын анықтау. 

        -  4.4  Оқытушылардың  БӨЖ-ді    жоспарлауы  төмендегідей    жүзеге 

асырылады:  

        - БӨЖ бойынша кеңес беру уақытын белгілеу; 

        - БӨЖ-дің жалпы талаптарын белгілеу; 

        -  мақсаттары  мен  міндеттерін,  нысаны  мен  әдістерін,  көлемі  мен 

тақырыптарын  

белгілеу; 

        - арнайы әдебиеттерді анықтау; 

        - қатысу дәрежесін және тапсырманы талдау критерийін анықтау; 

        - БӨЖ тапсырмаларын беру (әр семестрдің басында). 

4.5  Жоспарлау  нәтижелері  кафедраның  оқу-әдістемелік  құжаттарында, 

оқу жұмыс бағдарламасында, кафедраның және оқытушының дербес жұмыс 

жоспарларында белгіленеді. 

4.6 Білім алушының бір семестрдегі әр пән бойынша орындайтын БӨЖ 

тапсырмаларының  саны  4-5  болуы  тиіс.  Олар  негізінен  оқытудың 

нәтижелеріне сәйкес таңдалуы қажет. 

 

 



 


5. ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІК 

 

5.1  Ереже  университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінде  талқыланып, 

бекітіледі. 

5.2  Ереже  талаптарының  енгізілуіне  оқу-әдістемелік  бөлім,  факультет 

декандары,  факультеттің  оқу-әдістемелік  бюросының  төрағасы,  кафедра 

меңгерушілері мен пән оқытушылары жауапты болып табылады. 

5.3 Ереже талаптарының орындалуын оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі 

проректор қадағалайды. 



 

6. КЕЛІСУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 

 

6.1  БӨЖ  мазмұны  мен  ұйымдастырылуына  қойылатын  жалпы  талаптар 

өзгерістері құрылым басшыларының ұсынысымен өзгертіледі. 

6.2 Ереженің түпнұсқасын сақтау және факультет декандарына, кафедра 

меңгерушілеріне,  тиісті  құрылымдық  бөлімдерге  жіберу  жауапкершілігі 

университет кеңсесіне жүктеледі.  

 

 

 



 

 

 



 

 

  



жүктеу 39,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау