Солтүстік Қазақстан облыстық «Коперник» поляк мәдени орталығы
Тарихи анықтамасы. «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы 1996 жылы 29 қарашада құрылды. «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығының алғашқы төрайымы болып Нина Вячеславовна Пекарская сайланды.
2007 жылдың қаңтар айынан бастап «Коперник» ОМО төрағасы Анатолий Антонович Крашевский болып табылады.
Мақсаты - еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан халықтарының мәдениетін өзара жан-жақты байыту, поляк дәстүрлерін, салттары мен мәдениетін сақтау және дамыту, жастарды отансүйгіштікке баулу.
«Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы қызметінің негізгі бағыттары жастарға және поляк ұлтының орта жастағы және аға буын адамдарына поляк тілін тегін үйрету курстарын ұйымдастыру болып табылады.
«Коперник» ОМО мүшелері азаматтық патриотизмді, ел бірлігін, Қазақстан халқының рухани және мәдени қауымдастығы, мәдениетаралық өзара іс-әрекет ету, этносаралық келісім мен толеранттылық идеяларын қалыптастыруға және таратуға белсене қатысады.
Ресурстық базасы. Поляк тілінің алғашқы мұғалімі Данута Валяшек 1997 жылы келген және содан бері «Коперник» ОМО поляк тілі, дәстүрі мен мәдениеті жүйелі түрде оқытыла бастады.
«Коперник» ОМО М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бірлесе отырып этномәдени бірлестіктердің оқу мекемелерімен жастарды рухани-адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу бойынша ынтымақтастық ету жөнінде үш тілде (поляк, қазақ және орыс) әдістемелік ұсыныстар әзірледі және шығарды.
Түйінді жобалар. Орталықтың жүзеге асырған барлық жобалары Қазақстанда және шетелде тұратын этностардың басын біріктіруді көздеген. Көркемсурет, графика және декоративтік-қолданбалы өнерінің он екі көрмесі, соның ішінде алты халықаралық көрме ұйымдастырылды. «Мадонны ХХl века» халықаралық фотокөрмесі отбасылық құндылықтарды, ана мен баланы қолдауға бағдарланған. Байқауға Қазақстаннан, Польшадан, Ресейден, Германиядан және Италиядан 400-ге жуық адам қатысып, олардың модельдері барлық құрлықтың бала күткен және балалары бар әйелдер болды.
«Коперник» ОМО қоржынында поляк мәдени фестивалі, өңірлік үш поляк фольклорлық билерінің фестивалі, қайырымдылық концерттер, сахналық қойылымдар және әдеби кештер бар. Қала мен облыстың хореографтарына арналған поляк фольклорлық биі бойынша Польшадан келген хореограф Ян Вельгощаның 3 айлық тегін шеберлік-сыныбы жұмыс жасады. Марина Анатольевна Тябустың жетекшілік етуімен Көкшетау қ. «Поющая Полония» поляк әндерінің республикалық фестивалінде көпұлтты әншілер ұжымы тамаша өнер көрсетті.
«Коперник» ОМО мүшелері халықаралық, республикалық, аймақтық және облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, әдеби байқауларға тұрақты түрде қатысады, қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланымдары бар.
Байланыс жасау:
Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.,
Қазақстан Конституциясы к-сі, 27 № 10
Телефоны: 87771396847, р.т.46-10-81 .
Достарыңызбен бөлісу: |