Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Біріктірілген диспетчерлік қызметті, авариялық- жөндеу қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеуі



жүктеу 6,57 Mb.
бет6/58
Дата17.02.2018
өлшемі6,57 Mb.
#9993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

4.7 Біріктірілген диспетчерлік қызметті, авариялық- жөндеу қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеуі


4.7.1 Біріктірілген диспетчерлік қызметтерді (далее - БДҚ) шағын ауданның тұрғын үйлерінің инженерлік құрал- жабдығының жұмысын бақылау және үй құрал- жабдығының ұсақ ақаулықтары мен зақымдануларын жою бойынша халықтың өтініштерін орындау үшін тұрғын шағын аудандарда құрайды. Оның үстіне, БДҚ міндетіне ғимараттардың авариялық күйі орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үйлердің аумақтарын уақытында жинау, жабындарды қар мен мұздан тазарту бойынша жедел шаралар қабылдау кіреді.

4.7.2 БДҚ келесі инженерлік құрал- жабдықтың жұмысын бақылауды жүзеге асырады:

- лифтілердің;

- жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің (жылулық пункттердің, бойлерліктің, қазандықтардың, элеваторлық тораптардың);

- суық сумен жабдықтау жүйелерінің (сорап қондырғыларының, су шайқау), кәріздендірудің;

- газбен жабдықтау жүйелерінің;

- күрделі инженерлік жүйелер мен механизмдердің;

- тұрғын үйлердің электр қалқандықтарының, баспалдақ торларын кезекші жарықтандырудың, кіреберіс мен аула маңындағы аумақтардың;

- тұрғын үйлердегі кодты бекітетін құрылғылардың.

Оның үстіне, диспетчерлеу жүйесі қамтамасыз етеді:



  • техникалық жертөле мен коллекторлардың газдалғандығын бақылау;

- абоненттермен (лифтілердің жолаушыларымен, тұрғындармен, аула тазалаушылармен), қызметтік жайлармен, тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдармен, басқа инженерлік құрал- жабдықтың объектілерімен (өртке қарсы су құбыры, түтінге қарсы қорғау, өрт сигнализациясы және т.б.)

- аса жоғары қабаттағы ғимараттардың автоматтандырылған өртке қарсы қорғауды орнату және автоматтандырылған құралдары;

- жертөлелердің, шатырлардың, лифтілердің машиналық жайларының, қалқандықтардың есіктері ашылған кезде сигнализацияны;

-нормативтік мәндерінен асатын қаңқаның деформациялары кезінде сигнализацияны.

4.7.3 БДҚ жұмысы тәулік бойы жүзеге асырылады. БДҚ қызметі инженерлік құрал- жабдықтың жұмысына үздіксіз бақылауды жүргізелі, тиісті журналдарда оның жұмысын тіркейді және ұсақ ақаулықтар мен аварияларды дереу жояды; сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және кәріздендіру жүйелеріндегі барлық авариялар немесе үзілістер туралы тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымның авариялық қызметіне, сондай-ақ лифтілерге, газ құралына, су құбыры- кәрізге және басқ. қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдарға жедел хабарлайды.

4.7.4 Ұтымды жұмысты қамтамасыз ету үшін БДҚ- де барлық объектілерге, желі мен құрылыстарға, құрал- жабдық жүйелерінің барлық ағытатын сұлбалары мен бекітпе тораптарына, жерасты коммуникациялар жоспарларына, тұрғын үйлердің барлық жұмысшы, жертөле және шатыр жайларынан кілт жинақтары болуға тиіс.

4.7.5 БДҚ негізгі функцияларының бірі халықтың өтініштерін қабылдау және олар бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Өтініштерді қабылдау тұрғындармен телефонмен тікелей араласу кезінде, сондай-ақ ғимараттардың кіреберістері мен лифтілердің кабинеттерінде орнатылатын сөйлесу құрылғылары бойынша тура байланыс арқылы жүзеге асырылады.

Халықтың өтініштерін тіркеу мен жұмыстардың орындалуын бақылау халықтың өтініштерін қабылдау журналының көмегімен немесе автоматтандырылған есеп жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

4.7.6 БДҚ (аға диспетчер) басшысы қамтамасыз етеді:

уақыт релесінің түзулігіне, пультта сигнал беру шамдарына, газдалғандық сигнализаторларына, электрлік сурет сөндіргіштерге, биік ғимараттар мен құрылыстардың қаңқаларының деформацияларына мониторинг құралдарына ерекше назар назар аударып, диспетчерлік жүйеге тәулік сайын байқау өткізуді;

аппаратураның ішкі бөлігін ашусыз, аппаратураға, құралдарға және байланыс сызықтарына апта сайынғы профилактика жүргізуді;

диспетчерлік пультта жанып кеткен шамдарды ауыстыруды;

диаграммаларды сызу үшін аспаптарға ленталар салу, аспаптарды сия құюды, майлауды жүргізу және т.б.;

аспаптар, аппаратура немесе байланыс сызықтары ақаулы болған кезде жөндеуге өтінішті сәйкес мамандандырылған ұйымға беруді;

түсетін өтініштердің сипаты мен олардың орындалмау себептерін талдайды;

ай сайын өтініштін жөндеу орындалған бөлігінде қызмет көрсететін ұйымның жұмысын бағалайды.

4.7.7 Авириялық – жөндеу қызметтері (АЖҚ) тұрғын ғимараттардың құралымдарының және күрделі инженерлік құрал- жабдық пен механизмдердің ірі зақымдануларын, істемеуін, аварияларын жедел жою, тұрғын үй қорының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін құрылады.

Авариялық қызметке қызмет көрсету объектілері меншік нысанына байланыссыз, аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар болып табылады. Авариялық қызметтің құрамы қызмет көрсетілетін тұрғын үй қорының көлемі мен техникалық күйіне қарай жинақталады.

4.7.8 Авариялық қызмет жүзеге асырады:

- құрылыстардың ішіндегі кәріздендіру мен қоқыс өткізгіштердің қоқыстануларын жедел жоюды;

- авариялық қызмет қызмет көрсететін тұрғын үйлердің меншігіндегі немесе қызмет көрсетуіндегі күрделі инженерлік жүйелер мен механизмдердің су құбыры, жылыту және кәріздендіру жүйелерінің авариялық зақымдануларын жою;

- авариялық қызмет қызмет көрсететін тұрғын үйлердің меншігіндегі электрмен жабдықтаудың ішкі желілеріндегі зақымдануларды жоюды;

- жұмыстан тыс уақытта авариялық күйдегі ілініп тұрған құралымдардың құлайтын жерлерін, қауіпті аймақтарын қоршау арқылы құрылыс құралымдарының авариялық күйі анықталған кезде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе азаматтарды өмір сүру қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жайлардан көшіру бойынша әкімдіктер арқылы өзін- өзі басқару шараларын қабылдау;

- авариялық қызметке бекітілген техниканы дұрыс күйінде ұстау және оны мақсаты бойынша пайдалану.

4.7.9 Су құбырының, кәріздендірудің, жылумен жабдықтаудың, телефон желісінің, жер асты электр күштік және желінің, трансформаторлық кіші станциялардың және техникалық күрделі жүйелер мен механизмдердің кіріспе шкафтарының, газ құбырларының және газ құрал- жабдығының авариясы немесе зақымданулары туралы сигналдар түскен кезде авариялық қызмет тиісті коммуналдық мамандандырылған кәсіпорындарға, олардың авариялық қызметтеріне хабарлауға және аварияларды толық жойғанға дейін көрсетілген қызметтердің қажетті жұмыстарды орындауын бақылауға міндетті.

Авариялық қызметтің персоналы мен материалдық бөлігі бригадалардың авария болған жерге тәуліктің кез келген уақытында дереу шығуын қамтамасыз ететін үнемі толық дайындықта болуға тиіс.

Авариялық қызметтің жайында болуға тиіс: аудан схемасы, ұйымдардың тізімі және мекен-жайлары, аварияларды есепке алу журналы, қалалық телефондар, шаруашылық бастықтарының үй мекен-жайлары, олардың үй және қызмет телефондары.

Жұмыс тыс уақытта және мерекелік күндері АЖҚ тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың диспетчерлік қызметтерімен бірлесіп тұрғын үйлер мен қызмет көрсетілетін объектілерде инженерлік жүйелердің аварияларын уақытында жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ стихиялық апаттар қаупі кезінде (дауылдар, күшті қар басулар, жолдардың мұздануы, температураның күрт төмендеулері және басқ.) ұйымдастыру – техникалық шешім қабылдайды; қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған диспетчерлік қызметтің басшылығына және әкімлік органының басшылығына баяндайды.



жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау