Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,67 Mb.
бет11/58
Дата16.01.2020
өлшемі2,67 Mb.
#26963
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58

6.3 Жабындар


6.3.1 Тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

- жабындылардың төзімді, жылылыққа төзімділігі, теңселіп тұруы мен бүгілулерінің, сызаттардың болмауын;

- дыбыстан оқшаулануды және жабынды ақауларын, олардың одан әрі дамуын болдырмай жоюды;

- жылу техникалық (шатыр, жертөле үстін жабу), акустикалық, жабындының судан оқшаулану ерекшеліктерін (санитарлық тораптардағы жабынды) сонымен қатар сыртқы қабырғаға қарасты санитарлы-техникалық қондырғылар мен басқа да элементтердің жылумен оқшаулануын қамтамасыз етуі тиіс.


6.4. Едендер


6.4.1. Тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

- әр кезде жинастырып, едендерді тазалықта ұстауды;

- «жылы едендерді» пайдалануға беру кезінде техникалық талаптар мен параметрлерді сақтауды;

- анықталуына қарай олардың одан әрі дамуына жол бермей едендердің ақауларын жоюды;

- еден құрылымдарында ылғалдың ұзақ уақытқа әсер етуінің алдын алу;

- жабындының қорғау-өңдеу жұмыстарын қалпына келтіру;

- қолданысқа енгізілген ғимараттарда едендердің техникалық жағдайын жиі тексеріп тұруды;

- көп қызметті ғимараттар мен құрылымдардың пішінделген едендерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуші инженерлік жабдықтардың техникалық жағдайына жоспарлы түрде бақылау жасауды;

6.4.2 Аса тозғақ және майысқан едендерді ашып, құрылымға қатысты ағаштар мен төсемдердің жағдайын тексеріп, құрылымды қайта жөндеген дұрыс.

6.4.3 Паркетті едендер мастикамен әрленіп, едендерге арналған арнайы лакпен жабылуы тиіс. Едендерді әрлеу (арнайы ерітіндімен алдын ала тазартылғаннан кейін) әдетте әр 4-5 жылда бетін алдын ала циклдеуден өткізіп болған соң, екі айда бір реттен кем жүргізілмеуі тиіс. Паркетті едендерді жууға рұқсат етілмейді.

6.4.4 Синтетикалық материалдардан, поливенхлоридті линолеум және тақта тағы басқаларынан жасалған едендердің статистикалық электризациясын төмендетуде ғимараттардағы ауа ылғалдылығын елеулі түрде 50-55 %-ға дейін арттырғандұрыс, ал едендерді әрлеу арнайы мастикамен немесе балауызбен, статистикаға қарсы препараттармен жабындыны өңдеген дұрыс.

6.4.5 Тозғанды линолеуммен алмастыру кезінде еден негізі жөнделіп, тегістелгені дұрыс. Жіңішке линолеум үшін оның негізін жартылай қатты ағашты-иірмелі тақтадан, ұяшықты бетон және басқа да материалдардан, яғни жылуды меңгеру коэфицентіне ие болатын материалдардан жасалған дұрыс.

6.4.6 Бетонды негізден қаланған керамикалық тақталар пайдалану алдында ерітіндіден тазартылып, сумен сулануы тиіс. Тақталар бекітпесін цемент ерітіндісінен, сонымен қатар колоидті-цемент, эпоксидті немесе қолданыстағы бір жазықтық тақтамен алмастыруды орнату жағдайын қамтамасыз ету есебінен басқа желім көмегімен жүргізілуі тиіс. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тақталар түсі мен суреті бойынша таңдалуы тиіс.

6.4.7 Керамикалық мозайкалы және цемент тақталарынан жасалған едендерді аптасына бір реттен кем қылмай жылы сумен жуу қажет.


6.5 Қалқалар


6.5.1. Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

- қалқалардың дұрыс жағдайда болуын;

- қалқалардың бұзылуы анықталғаннан-ақ, олардың одан әрі дамуына жол бермей ақауларды жоюды;

- дыбыс оқшаулау, оттан қорғау және дымқылданудан қорғау қасиеттерін қалпына келтіруді (санитарлық тораптарда және ас бөлмелерде);

- көпқызметті мақсаттардағы ғимарттар мен құрылымдарға арналған өзгеріске енген қалқалардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін инженерлік жабдықтардың және механизмдердің техникалық жағдайына жоспарлы түрде бақылау жасауды;

6.5.2 Қалқалардағы тесіп өткен сызаттарды, сонымен қатар аралас құрылымдарымен қабысқан орындарда қалқаның периметрі бойынша тығыздалмаған орындарды арнайы герметикалық материалдармен түбегейлі нығыздап, тазалап немесе сөгісін гипс ерітіндісімен тығындап, содан кейін екі жағын да әк-гипсті ерітіндімен әрлеу қажет.

Қалқалардың қабырғалармен немесе бір-бірімен қабысу орындарында сызаттар қайтадан пайда болған кезде бұрыштарын металды шілтермен сылап тастау қажет.

6.5.3 Жылыту панеліндегі периметр бойынша кеткен сызаттарды және гильза мен орталық жылыту құбырларының араларындағы кеңістікті асбесті баумен тығындап, цементті-әкті ерітіндіге 10-15 % асбесті шаңды қосып жағып тастау керек.

6.5.4 Құрғақ гипсокартон табақтарынан жасалған ақаулы қаптамасы бар участкелерді өңдеуді қалпына келтіру арқылы ауыстырған дұрыс. Көлемі үлкен емес ойықтарды гипс құрамымен сылауға рұқсат етіледі.

6.6 Шатырлар


6.6.1 Техникалық қызмет көрсету бойынша талаптар

6.6.1.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

- шатырдағы үй-жайдың, шатырдың, су ағу жүйесінің құрылымын дұрыс жағдайда ұстауды;

- шатырдың ағып кетуі немесе инженерлік жабдықтан құрылымның ылғалдануын қорғауды;

- шатыр жабу және бүркеудің тығыздалуының пайда болуына және аса сууына кедергі болатын ауа алмасу және температуралық ылғалдылық тәртіпте ұстауды;

- желдеткіш қондырғылардың жобалық биіктігін қамтамасыз етуді;

- шатырдағы үй-жайлардың тазалығын және жарық түсу жағдайын қамтамасыз етуді;

- барлық құбырлар мен стояктардың жылуоқшаулатқышының нормативтік талаптарына сәйкес болуын және жеткілікті болуын қамтамасыз етуді;

- жылу оқшаулауды күшейтуді тиімді жылу оқшаулау материалдарымен жасаған жөн;

- су қабылдау шұңғыманың жамылтқымен қиылысқан жерде бүтіндігін, шұңғыманың ластануы мен мұздануын болдырмауын, су ағар қадаушаның және жылу оқшаулау қадаушаның конденсациялық ылғалданудың түйісінің ағып кетуін;

- белгіленген мерзімде техникалық тексерулер мен профилактикалық жұмыстардың орындалуын;

- шатыр аражабынында құрастырылған технологиялық жабдықтаудың авариясыз жұмыс істеу үшін жағдайлардың жасалуын;

- ғимарат жамылтқысында құрастырған кезде қалпына келтіру қуат көзінің (күн батареясы, жел қозғауыш көзі және т.б.) жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету керек.

6.6.1.2 Жамылтқы негізгі құрылғыларда деформацияны әрі қарай дамытпай жою керек: ағаш (элементтер арасындағы қосындылардың бұзылуы, мауэрлаттардың гидрооқшаулауының бұзылуы, тіреуіш аяқтарының, торларының және басқа да элементтерінің шіруі мен майсуы); темір бетон (бетонның қорғаныс қабатының бұзылуы, арматураның коррозиясы, тақталардағы майысулар мен саңылаулар, ойылулар және т.б.); болат табақталардан жамылтқыларда (ескіштер мен фальцтардың босауы, ойылулар мен жыланкөздер, коррозия, бояу немесе қорғаныс қабатының бұзылуы); асбестоцементті тақталардан, черепица табақтардан және басқа даналық материалдардан жамылтқыларда (жеке элементтерінің бұзылуы мен жылжып кетуі, жамылтқы элементтерін торға бекітудің босатылуы мен бір біріне жеткіліксіз түсуін); орама материалдардан жамылтқыларда (негізінен қыртыстануы, үзілулер мен ойылулар, жергілікті отыруы, тігістер мен кенеп арасында қыртыстануы, шермиюі, жамылғы мен қорғаныс қабатының жарықшақтануы); мастикалық (қыртыстануы, мастикалық қабатының бұзылуы).

6.6.1.3 Шатырдың метал бекітпелерін тот басқан дақтарды болдыртпай корррозияға қарсы қорғаныс бояулар мен құрамдармен сырлауы коррозия шыққан кезде жүргізіледі; цинктелген болттан жасалған жамылтқы тот дақтары шыққаннан кейін бес жылда бір реттен кем емес сырланады; жамылтқының кейбір жерлерінің жамылғысын жамылтқы ескіргеннен кейін немесе бұзылғаннан кейін жыл сайын сырланады; жұмсақ жамылтқыда тігістерді майлау, жұмсақ жамылтқыны ірі құммен сеуіп мастикамен жабу немесе қорғаныс қабатының орнатуы ескірген сайын немесе жамылтқының бұзылған сайын жүргізіледі.

6.6.1.4 Болат табақтардан тұратын жамылтқының бұзылған жататын немесе тұратын фальцтардың тығыздауын сурикпен немесе герметикпен майлап өндіру керек, ұсақ саңылаулар мен жыланкөздерді (5 мм дейін) сурикалық замазкамен немесе герметикпен бітеу.

Жамылтқының ағып кету себебі болып табылатын ақаулықтарды В қосымшада көрсетілген мерзімде жою керек.

6.6.1.5 Даналық материалдардан жамылтқыларда едәуір қар соққан кезде шатыр жайына жамылтқы жабындының элементтері арасындағы түйіспелерді мастикамен саңылаусыздандыру немесе икемді материалмен тығыздау қажет.

6.6.1.6 Жалдаушыларға, жалгерлерге, тұрғын жайлар иелеріне радио- және теледидар антеннасын орнатуға, шатырларда және есту терезелерінде арнайы желдету саңылауларын бітеуге, бекітілген жобасыз шатыр элементтерінде құрылғы өзгерістерін жүргізуге болмайды.

6.6.1.7 Жамылтқыны қоқыс пен ластанудан тазарту жылына екі рет жүргізіледі: көктемде және күзде.

Мұз бен сүңгілердіу түсіру – қажет болған жағдайда.

Жұмсақ жамылтқыны қардан тазартпайды, кейбір жайларды есептемегенде:

сыртқы су ағысымен жабағыланатын орама жамылтқылардағы науа мен салбырауларды;

жамылтқының барлық түрлерінде қар аспаларын, қылтима мен күнқағардағы қар аспалары мен мұздарды.

Сыртқы су бұрғышы бар шатырды жүйелі түрде қардан тазарту қажет (қардың қалындығы 30 см аспау керек, жылымық кезінде қар қалындығы бұдан да төмен болу керек).

Қарды ішкі су ағары бар жатық темір бетон шатырлардан жеке телімдерде ағып кету жағдайларында ғана тазарту қажет.

6.6.1.8. Ішкі су ағар мен су қабылдау шұңғымасын шұңғыма жағынан шыққанға дейін тазартуды диаметрі қадауыш құбырдың диаметріне тең сым щеткасымен жүргізу керек. Су ағар шұңғымаларды қырғыштар мен щеткалармен тазарту қажет, содан кейін сумен шаю керек.

6.6.1.9. Желдетпе құрылғының жеткілікті биіктігін қамтамасыз ету керек. Жалпақ жамылтқылар үшін желдетпе шахтаның биіктігі 0,7 м болу керек, шатырдан, парапеттен немесе ғимараттың басқа шығып тұрған элементтерінен биік болу керек, канализацияның сорып алу құбырының биіктігі желдетпе шахтаның шетінен 0,15 м-ге биіктірек болу керек.

.

6.6.2. Су бұрғыш құрылғылары

6.6.2.1 Су бұрғыш жүйесінің ақаулықтары: сыртқысын (науа мен су ағар құбырлардың ластануы мен бұзылуы, жеке элементтерінің өзара және жамылтқымен жаңасуының бұзылуы, су бұрғыш құрылғылар мен аспалардың мұздануы) және ішкісін (су қабылдау шұңғымасының жамылтқымен жаңасу орнындарында ағып кетуі, шұңғымалардың және ашық шығарулардың бітеуі мен мұздануы, су бұрғыш лотоктардың ғимараттн бұзылуы, су ағар қадауыштың түйіскен қосындылардың ағып кетуі, қадауыштардың жылу оқшаулауының конденсациялық дымқылдануы) жүйе жұмысының нашарлауына жол бермей ақауларды шыққан кезден жою керек.

6.6.2.2 Су бұрғыш құрылғының жеке элементтерін мырышпен қапталған болат табақтан өндіріп тозған кезде ауыстыру керек.

6.6.2.3 Ішкі су ағардың су бұрғыш шұңғымалары басылған сақинада орнатылған қорғау торларымен және дренирленген тесіктері бар қалпақтармен жабдықталуға тиіс. Оларды жүйелі түрде қоқас пен мұзданудан тазарту керек. Суық қыстар аудандарда су қабылдағыш шұңғымаларды тікелей шатырдың төменгі беті астында қадауыштарға электр ысытқышпен орнату керек. Шатыр жайымен өтетін ішкі су ағардың қадауыштарын есеп бойынша қаптау қажет.

6.6.2.4 Сыртқы су бұрғышы бар шатырларды ысытатын су бұрғыш шұңғымаларын есепке алып жүйелі түрде қардан тазартып отыру қажет.

Шатырларды қар мен мұздан тазартуды жамылтқыны ұстау ережелерін білетін, биіктікте жұмыс істеуге рұқсаты бар жұмыскерлерге ғана тапсырылады және тек қана ағаш күректерімен орындалады.

Шатырдың, аспаптардың, науалардың және су қабылдау шұңғымалардың ақаулықтарын дер кезінде жою керек.

6.6.4.5 Кезекті қараулар кезінде табылған желдетпе саңылауларының ақаулықтары В қосымшада көрсетілген мерзімде жойылу керек. Желдетпе тесіктерін жүйелі түрде қоқыстардан тазартып отыру қажет. Желдетпе тесіктерін бітеуге болмайды.




жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау