ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
14
сәйкестігі туралы сертификатқа және еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін
тексермей қолдануға тыйым салынады.
5.3.10 Жарылу қаупі бар немесе зиянды заттарды шығаратын лак бояғыш,
оқшаулағыш, өңдейтін және басқа материалдарды кезек қажеттілігінен аспайтын
мөлшерде жұмыс орындарында сақтауға рұқсат етіледі.
5.3.11 Құрамында зиянды немесе жарылу қаупі бар еріткіштері бар материалдарды
саңлаусыз түрде жабылған ыдыста сақтау қажет.
5.3.12 Жұмыс барысында шу шығаратын машиналар және агрегаттар бөлмелерде
және ұйым аумағында жұмыс орындарында дыбыстық қысым деңгейлері және тұрақты
дыбыс деңгейі мемлекеттік стандарттарда көрсетілген рұқсат етілген мөлшерден
аспайтындай тәсілмен қолданылуы тиіс.
5.3.13 Машиналарды, өндірістік ғимараттарды және құрылыстарды қолдану
барысында, сонымен қатар, жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында шудың
артырылған деңгейінің жұмыскерлерге зиянды әсерін жою үшін қолданылуы тиіс:
- техникалық құралдар (машиналар шуын оның қалыптасу көзінде азайту; жұмыс
орындарында рұқсат етілгеннен аспайтын дыбыстық қысым деңгейлері барысында
технологиялық процесстерді қолдану және т.б.);
- құрылыс нормаларымен және ережелерімен сәйкес құрылыс-акустикалық шаралар;
- қашықтан басқару шулы машиналармен;
- жеке қорғаныс құралдары;
- ұйымдастыру шаралары (еңбек және демалыстың тиімді режимін таңдау, шулы
жерде болудың уақытын азайту, емдік-профилактикалық және басқа шаралар).
5.3.14 85 дБ астам дыбыс деңгейімен аймақтар қауіпсіздік таңбалармен белгіленуі
тиіс. Бұл аймақтардағы жеке қорғаныс құралдарын қолданусыз жұмысқа тыйым
салынады.
5.3.15 Дыбыстық қысымның кез-келген октавалық сызығында 130 дБ жоғары
октавалық деңгейімен аймақтарында тіптен қысқа мерзім ішінде болуға тыйым салынады.
5.3.16 Тербелісті тудыратын өндірістік жабдық МемСТ 12.1.012 және «Тербелу
көздерімен жұмыс шарттарына қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге және нормаларына талаптарына сай келуі
тиіс.
5.3.17 Жұмыскерлерге тербелістің зиянды әсерін жою үшін келесі шаралар
қолданылуы тиіс:
- тербелісті оның қалыптасу көзінде конструкциялық немесе технологиялық
шаралармен азайту;
- тербелісті оның таралу жолында тербеліс оқшаулағыш және тербеліс сіңіргіш
құралдарымен азайту;
- жұмыс орындарына тербеліс берілуін болдырмайтын қашықтан басқару;
- жеке қорғаныс құралдары.
5.3.18 Шаңның шығуы болатын өндірістік бөлмелерде керегелердің, төбелердің,
едендердің беттері тегіс болуы керек және шаңнан жүйелі түрде тазартылуы керек.
Өндірістік
бөлмелерде
және
жұмыс
орындарында
шаңды
тазалау
орталықтандырылған шаңнан тазарту жүйелерін немесе шаңнан тазалайтын
тасымалданатын машиналарын қолданумен ұйым бұйрығы бойынша белгіленген мерзімде
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
15
жүзеге асырылуы тиіс, сонымен қатар, екінші рет шаң қалыптасу болмайтын басқа
тәсілдер барысында.
5.3.19 Ұйымда ғимараттардың және құрылыстардың жабындарында өндірістік
шаңның шөгінділеріне қатысты бақылау және оларды дер кезінде қауіпсіз күйде жою
ұйымдастырылуы тиіс.
5.3.20 Өндірістік бөлмелердегі микроклимат параметрлері ҚР ҚНжЕ 4.02-42 және
«Өндірістік бөлмелердің ауасына қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің және нормаларының талаптарына сай болуы
тиіс.
5.3.21 Шаң тәріздес материалдармен жұмыстар өткізілетін бөлмелер, сонымен қатар,
ұсақтау үшін арналған машиналарының жұмыс орындары, осы материалдарды тарту және
елеу сорғыш немесе желдеткіш (ауаны желдету) жүйелерімен қамсыздандырылуы тиіс.
Ысырмаларды, қоректендіргіштерді және механизмдерді басқару қондырғыларда
әкті, цементті, гипсті және басқа шаң тәріздес материалдарды өңдеу үшін шығарлмалы
пульттардан жүзеге асыру қажет.
5.3.22 Бөлмелердегі едендер жұмыс барысында рұқсат етілетін өндірістің
механикалық, жылулық немесе химиялық әсерлерге тұрақты болуы тиіс.
5.3.23 Бөлмелерде сұйықтықтардың еден бетімен мерзімді немесе тұрақты ағуы
барысында (судың, қышқылдардың, сілтілердің, органикалық еріткіштердің, минералды
майлардың, эмульсиялардың, бейтарап, сілтілік немесе қышқылдық ерітінділердің және
т.б.) едендер осы сұйықтықтар үшін өткізбейтін болуы тиіс және сұйықтықтарды
тартпаларға, траптарға немесе арналарға ағызу үшін еңістері бар болуы керек.
Едендердің еңістері, ағызу тартпалары немесе арналар келесідей болуы тиіс, %:
- 2-ден 4-ке дейін - кеспелерден, кірпіштен және барлық түрдегі бетоннан жабулар
барысында;
- 1,2 - плиталардан жабулар барысында;
- 3-тен 5-ке дейін - судың қысыммен. ағысымен қатты өндіріс қалдықтарын ағызу
барысында.
Еден беті деңгейінде сұйықтықтарды ағызу үшін арналған траптар және арналар
қақпақтармен немесе торлармен жабылған болулары тиіс. Ағызу тартпалары өту
жерлерінің және өтетін жолдарының шетінде орналасуы тиіс және оларды кесіп өтпеуі
тиіс.
Беткі суларды ағызу үшін арналған құрылғыларды (тартпалар, кюветтер, арналар,
басқыштар және олардың торлары) дер кезінде тазарту және жөндеу қажет.
ЕСКЕРТПЕ Бұл тармақтың талаптары оған қоса жинау еденге суды құюмен өткізілетін бөлмелеріне
таралады.
5.3.24 Еден құрылымдарының элементтері зиянды заттар өндірісінің жұмысы
барысында еденге түсетіндерді жинамауы немесе сіңірмеуі тиіс. Едендердің жабындары
зиянды заттардан, өндірістік ластанулардан және шаңнан тазартудың жеңілдігін
қамтамасыз етуі тиіс.
5.4 Құрылыста қоршаған ортаны қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |