ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
9
- 5 м астам биіктігінде орналасқан жұмыс орындарыжұмыскерлерге қатысты көтеру
немесе түсіру үшін қолданылатын сатылар немесе тұтқалар сақтандырғыш белдіктің
фалын бекіту үшін арналған құрылғыларымен жабдықталуы тиіс (ұстағыштары бар
арқандармен және т.б.).
4.2.20 Жабындардағы
жұмыс орындарын орналастыру барысында жабуға
орналастырылған материалдардан, жабдықтан, жарақтан және адамдардан жүктемелердің
әсері есептілік жүктемелерінен аспауы тиіс, жобамен қарастырылған жабуға салмақ
түсетін құрылыс құрылымдарының нақты күйін ескеруімен.
4.2.21 Биіктікте, төменде жұмыстарды орындау барысында жұмыс орны астында
қауіпті аймақтарды белгілеу қажет. Бір тік сызық бойынша жұмыстарды қатар орындау
барысында төменірек орналасқан жерлер төменде орналасқан жұмыс орнынан тігінен
бойынша6м көп емес қашықтығында орнатылған сәйкесінше қорғаныс құрылғыларымен
жабдықталуы тиіс (төсемдермен, торлармен, күнқағарлармен).
4.2.22 20° астам еңісі бар шатырында, сонымен қатар, жұмыскерлердің салмағынан
түсетін жүктемелеріне арналмаған жабынымен шатырында жұмыстарды орындаушы
жұмыскерлердің өтуі үшін ені 0,3 м кем емес көлденең жұқа тақтайшаларымен
басқыштарды орнату қажет үшін басқыштардың таяғыш тіректері жұмыстар барысында
бекітілуі тиіс.
4.2.23 Іске қосу сырттан жүзеге асырылатын жабдықты қолданумен жұмыс
орындарында іске қосу туралы ескертетін дабыл жүйесі, ал қажет болған жағдайларда -
оператормен байланыс та бар болуы керек.
4.3 Материалдарды және конструкцияларды қоймада сақтау
4.3.1 Материалдарды қоймада сақтау, көлік жолдарын салу, көктегі электр беріліс
пен байланыс желілерінің тіреуіштерін орнату бекітілмеген ойықтарының топырағының
қирау призмасының шегінен тыс орындалуы тиіс (котловандарының, орлардың), ал
олардың бекітуі бар ойықтар жанындағы топырақтың қирау призмасының шегінде
орналастырылуы бекітілген еңістің тұрақтылығын алдын ала тексеру шартында, бекіту
паспорты бойынша немесе динамикалық жүктемелерін ескеруді есептеу арқылы рұқсат
етіледі.
4.3.2 Материалдарды (құрылымдарды) осы Ережелердің 7 тарауының талаптарымен
сәйкес тегістелген алаңдарда, қоймада сақталынатын материалдардың өздігінен жылжуға,
шөгуге,
түсуге
және
жазылуға
қарсы
шараларын
қолданып,
«Қазақстан
Республикасындағы өртке қарсы қауіпсіздігінің ережелерін» сақтай отырып, орнату керек.
Қоймалық алаңдар беткі сулардан қорғалуы тиіс. Материалдарды, үйілген өнімдерді
тығызданбаған топырақтарда қоймада сақтауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
4.3.3 Материалдарды, өнімдерді, құрылымдарды және жабдықтарды құрылыс
алаңында және жұмыс орындарында қоймада сақтау барысында келесі тәсілмен
жатқызылуы тиіс:
- түпқоймалардың қапшықтарындағы кірпіш - екі қабаттан көп емес, контейнерлерде
- бір қабатта, контейнерлерсіз - биіктігі 1,7 м көп емес;
- іргетас блоктары және жертөлелердің керегелерінің блоктары - төсемдерде және
аралық қабаттармен биіктігі 2,6 м көп емес қатарға;