ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
97
25.26 Биіктікте жүргізілетін электр дәнекерлеу 8-бөлімінің мен МемСТ 12.3.003
талаптарына сәйкес орындалуы керек.
25.27 Сайман, бекіткіш, электрод биіктіктен абайсызда құлап кетпеу үшін
пайдаланылатын материалдар мен керек-жарақтар арнайы сөмкелерде болуы немесе
жұмыс аймағына берік бекітілуі тиіс.
26 ӨНЕРКӘСІПТІК ПЕШТЕР МЕН КІРПІШ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ
26.1 Өнеркәсіптік пештер мен кірпіш құбырларды тұрғызу кезіндегі жұмыстардың
қауіпсіздігі
ұйымдастырылу-
технологиялық
құжаттамалардағы
(құрылысты
ұйымдастыру, жұмысты орындау жобаларындағы және т.б.) еңбекті қорғау бойынша
төмендегідей шешімдердің орындалуымен қамтамасыз етілуі тиіс:
- қажетті төсеу, жұмыскерлерді жұмыс орнына қауіпсіз көтеру және түсіру
құралдарын, жүк көтеру механизмдерін орнату, жүкті ұстайтын аспаптар мен арнайы
ыдыстарды таңдау (орнын ауыстыру) тәсілдері мен конструкциясының көрсетілуімен
жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- салынатын конструкциялардың орнықтылығын қамтамасыз етілуінің ескерілуімен
жұмыстардың
орындалу реттілігі;
- адамды биіктіктен құлаудан және құрылыстың жанындағы заттарды құлаудан
біртұтас қорғайтын қажетті құралдарды таңдау.
26.2 Жанына жету қиын жерлерде (ауа құбырлары, ауа жылытқыштар және т.б.)
қалау жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындау кезінде апат болған жағдайда
жұмысшыларды тез арада сыртқа шығарудың сенімді әрі шұғыл тәсілдері, сонымен қатар
дыбыс дабылы немесе жұмыс жетекшісімен арадағы радиотелефон байланысы
қарастырылуы тиіс
Мұндай жерлерде жұмыс істеу үшін кемінде екі жұмысшы тағайындалады.
26.3 Зиянды газдар пайда болуы мүмкін жерлерде тек кезекші газ құтқарушының
қатысуымен жұмыс істеуге болады. Қолданыстағы газ жүретін арналардың ішкі
ажарлауын жөндемей тұрып,
оларды сөндіріп, газды шығару керек.
26.4 Шебердің рұқсатынсыз қорғайтын люктарды, шиберлерді, ысырмалар мен
қалқаларды ашуға тыйым салынады. Іске қосу құрылғыларының, шиберлер мен
қалқалардың үстіне «Өндіріс объектілеріндегі сигналды түстерге, белгілеулер мен
қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына және
ҚР СТ МемСТ Р 12.4.026 сәйкес түсініктеме берілген жазулар жазылған қауіпсіздік
белгілерін ілу керек.
26.5 Кірпішті сұрыптауға арналған станоктар мен олардың жанындағы рольгангалар
кірпіштің абайсызда құлауына жол бермейтін қоршаумен жабдықталуы қажет.
26.6 Жұмысшылар ауа температурасы 40
С аспағанда және зиянды газдар
болмағанда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пештердің, газ жүретін арналардың ішкі
камераларына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберілуі мүмкін. Ауа температурасы
40
С жоғары болғанда жұмыс орындарын ауа үрлейтін желдеткіштермен жарақтап,
жұмысшыларға жылудан қорғайтын киім беру қажет. Әр жарты сағат сайын ауа