ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
89
- монтаждалған қалқанды, оның механизмдері және тетіктерін оларды акті бойынша
қабылдағаннан кейін пайдалануға енгізуге рұқсат
беріледі;
- топырақты қазуды қалқан күнқағары шегінде ғана жүргізу қажет;
- тұрақсыз, әлсіз топырақтарда забой маңдайын уақытша бекітпемен бекіту, ал
сусымалы топырақта ережеге сәйкес санын алаңдардағы топырақтың төзімділігін
қамтамасыз ету жағдайларына қарай қарастырылатын көлденең алаңдары бар
қалқандарды
қолдану қажет;
- қалқандарды жылжытуды жұмыс ауысымы шебері немесе жұмыс өндірушісі
қатысында, бекітуді бақылаушылардан өзге забойға жұмысшылардың келуін болдырмай,
орындау қажет.
23.25 Тоңазытылған топырақта кен қазбаларын үңгілеу кезінде:
- жұмыс өндірісі тек жобалық қалыңдықтағы тоңазытылған тұйық контурды
түзгеннен кейін және топырақтың жобалық температурасына қол жеткізгеннен кейін ғана
рұқсат етіледі;
- үңгілеу
кезінде
тоңазытылған
жыныстардың
температурасын
бақылау
ұйымдастырылуы тиіс, ылғал дақтар пайда болған кезде, сонымен қатар бақылау
ұңғымаларында жыныстардың температурасы жоғарлаған кезде жұмыстың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша шаралар
қабылдануы тиіс;
- забой маңдайынан уақытша бекітпелердің қалуымен тоңазытылған топырақта кен
қазбаларын үңгілеуді жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
23.26 Құбырлар көлденең басылған кезде оларға жұмысшылардың келуіне
құбырдың диаметрі 1200 мм кем емес және ұзындығы 40 м кем емес болған жағдайда,
сонымен қатар забойға зиянды газдар, жерасты сулары немесе қорыстардың түсу
мүмкіндігі болмаған жағдайда рұқсат етіледі.
Құбырдың ішінде жұмысшының үзіліссіз болу ұзақтығы 1 с аспауы тиіс, ал циклдер
арасындағы аралықтар 30 мин кем емес белгіленеді.
Ұзындығы 10 м және одан ұзын құбырды 10 м/сағ мөлшерінде таза ауаны жіберетін
мәжбүрлі желдетумен қамтамасыз ету қажет.
23.27 Өткізілетін құбырдың бастиегінің төменгі бөлігінен тыс забойды қазуға
болмайды.
Топырақты тасымалдауды биіктігі құбыр диаметрінің жартысынан аспауы тиіс
арбалармен жүргізу қажет.
Топырақты забойда үйіп жинауға және оны құбыр бойынша қолмен асыра лақтыруға
тыйым салынады.
24 БИІКТІКТЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
24.1
Биіктікте жүргізілетін жұмыстар болып, жоғарғы жағында конструкциямен,
жабдықтармен, машиналармен және механизмдермен жұмыстар жүргізілетін, монтаждау,
демонтаждау және жөндеу жұмыстары кезінде жұмыскерді жұмыс барысында және
қозғалыс кезінде биіктіктен құлаудан сақтандыру белбеуі қорғайтын, жер бетіндегі
грунттан, жабындыдан немесе жұмыс төсемесінен 5 м жоғары биіктікте жасалатын
жұмыстар саналады.