ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
95
- құлайтын салмақ (динамикалық жүктеме) статикалық массаға қарағанда көбірек
күш шығаратын болады (статикалық жүктеме);
- потенциалды құлау қашықтығы, сондай-ақ генерацияланатын соққы күші ескерілуі
тиіс;
- жабдықтың дұрыс пайдаланылмауы жүктеме құрылғы немесе жүйеге есептелген
жүктемеден біршама аз болған уақытта апатқа әкелуі мүмкін;
- жүйенің әртүрлі бөлігіне әсер ететін күш жүйенің конфигурациясына байланысты
өзгеруі мүмкін.
25.9 Өнеркәсіптік альпинистер пайдаланатын жұмыс жабдықтарының барлығы
орындалатын жұмыстарға сай келуі тиіс.
Биіктікте жүргізілетін жұмыстарға арналған жұмыс істейтін жабдықты таңдаған
уақытта төмендегілерді ескеру қажет:
- жұмыстардың орындалу жағдайы мен жұмыс жабдығы пайдаланылуы тиіс жерде
жұмыскерлер мен үшінші тұлғалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп;
- қол жеткізу және шығару үшін жұмыс жабдығы үшін – көмегімен жету тиіс ара-
қашықтық;
- ара-қашықтық және жұмыскерлердің потенциалды құлауының (үзілуінің) салдары;
- жұмыс жабдығының пайдалану уақыты мен жиілігі;
- апатты жағдайда жеңіл әрі уақытылы шығару және құтқару қажеттілігі;
- жұмыс жабдығын пайдаланумен, орнатумен немесе алынып тастаумен не болмаса
жұмыскерлерді шығарумен және құтқарумен байланысты кез келген қосымша тәуекелдер.
25.10 Жұмыс жабдығы әр пайдаланудың алдында тексерілуі және дайындаушы
зауыттардың немесе жеткізушілердің талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде сыналуы
тиіс. Сынақ нәтижелері альпинистік жабдық пен аспаптардың арнайы сынақ
журналдарына жазылуы тиіс. Жұмыс жабдығы өндірушінің немесе жеткізушінің
талаптарына сәйкес сақталады.
25.11 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктікте жүргізілетін жұмыстарға
18 жасқа толған және 60 жастан аспаған, биіктікте жүргізілетін жұмыстарға
жарамдылыққа медициналық куәландырудан өткен, кемінде 3-разрядтағы монтаждаушы
біліктілігі бар, биіктікте жүргізілетін жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелеріне
үйретілген, мұндай жұмыстарды жүргізуге машықтанған және тәжірибелік дағдысы бар,
әр жұмыс алтында берілетін арнайы нұсқамаларды алған, биіктікте жүргізілетін
жұмыстарға жіберілу туралы тиісті куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.
Өнеркәсіптік альпинистерді медициналық куәландыру «Зиянды, қауіпті және
қолайсыз өндіріс ықпалдарының әсеріне ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті алдын ала
және мерзімді медициналық тексеруден өткізу бойынша нұсқау» талаптарына сәйкес
жүргізіледі.
Жұмыскерлердің дені күші жеткілікті болуы және жұмысты қауіпсіз орындауға
кедергі келтіруі мүмкін қандай да бір жарақаты немесе сырқаты жоқ болуы тиіс.
25.12 Жұмыскерлер арнайы оқытудан өтіп, апатты жағдайларда қасындағы серігін
құтқару/жіптен босату шараларын қосқанда, орындауы тиіс болатын өнеркәсіптік
альпинизм жұмыстарын орындау үшін білікті және білгір болуы тиіс.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
96
25.13 Биіктікте жүргізілетін жұмыстарға алғаш рет жіберіліп отырған жұмыскерлер
бір жыл аралығында ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған тәжірибелі
жұмысшыларды жіті қадағалауымен жұмыс істеуі тиіс.
25.14 Жергілікті жағдайларға байланысты құрылыс және арнаулы басқармалардың
басшылары жұмыс жасау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша іс-шараларды
қарастыруы қажет.
25.15 Жұмыстарды жүргізу үшін жұмысшылар тобына немесе бригадаға қауіпсіздік
техникасы бойынша қажетті шаралардың көрсетілуімен қауіпсіз еңбек жағдайларын
айқындайтын рұқсат-наряд беру қажет.
Рұқсат-нарядқа құрылыс-монтаждау ұйымының уәкілетті басшысы қолын қойып,
осы жұмыс көлемін орындауға қажетті мерзімге беріледі. Жұмыс бір тәуліктен артық
уақытқа кідірген жағдайда рұқсат-нарядтың күші жойылып, жұмыс жалғастырылған
уақытта жаңадан беріледі.
25.16 Жұмыс барысында жұмыскерлер рұқсат-нарядқа сәйкес біліктілігі мен оқыту
деңгейіне сай келетін тапсырмаларды ғана орындауы тиіс.
25.17 Жұмыскерлер кемінде екі адамнан құралған бригадалар мен топ ішінде жұмыс
істеп, жұмыскердің біреуі жұмысқа жауапты жетекші болуы тиіс.
Жұмыстардың жауапты жетекшісі жіпке ілініп жүргізілетін жұмыстарды жасамаған
жөн, өйткені бұл оны жұмыс жетекшісінің міндеттерін орындаудан әсіресе, құтқару
операцияларын жүргізу кезінде бөлуі мүмкін.
25.18 Жұмыс орнының әр жұмыс алаңы үшін апатты жағдайларда жұмыс істейтін
жұмысшыларды жіптен босату/құтқару бойынша құтқару жоспары әзірленуі тиіс.
25.19 Жұмыс алаңындағы жұмыс бригадасы немесе арнайы құтқару бригадасы
қалыпты жұмыс әдісін орындау барысында жұмыс жұмыскер әрдайым бастапқы күйіне
орала алатындай немесе бастапқы күйіне тез әрі тиісінше орала алатындай
ұйымдастырылуы тиіс.
25.20 Өнеркәсіптік альпинистердің іс-әрекеті мен жұмысын үйлестіру үшін бригада
мүшелері мен жұмыс жетекшісінің арасында байланыс орнатылуы тиіс. Бұл ретте жұмыс
жүргізілетін жер бақылануы тиіс.
25.21 Жұмысқа жауапты жетекшілер жұмыс алаңында орындалатын жұмыстарға сай
келетін өнеркәсіптік альпинизм әдістері бойынша білгір болуы, мұндай әдістерді біліп,
шектеулерін түсінуі, орындалатын жұмыстарға сай келетін құтқару операцияларын
жүргізу әдістері бойынша білікті болуы қажет.
25.22 Қолдан жасалған тіреулердің көмегімен биіктікке шыққан уақытта құрылысқа
кем дегенде екі жерден бекітілуі тиіс.
25.23 Жұмыстарды қолданыстағы объекттің аумағында (орын-жайда) орындайтын
өнеркәсіптік альпинистер сондай-ақ осы объекттегі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.
25.24 Биіктікте жүргізілетін жұмыстар орындалатын телiм санитарлық-тұрмыстық
орын-жайлармен (негізінен,суықтан қорғалған іші құрғақ демалуға, душқа, қосымша
киімді сақтауға арналған орын-жайлармен), медициналық қобдишамен, өрт сөндіру және
байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
25.25 Өнеркәсіптік альпинистер барлық жұмыстарды қажетті жеке қорғаныс
құралдарымен, арнайы киім мен арнайы аяқ киіммен орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |