Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 292,5 Kb.
бет2/6
Дата12.02.2020
өлшемі292,5 Kb.
#28816
1   2   3   4   5   6

КІРІСПЕ

Осы нормативтік құжат Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы халықаралық нормалау қағидалары және нормативті құқылы актілер талаптарына сәйкес өнделген және «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентін дәлелдеуші элементтерінің бірі болып табылады.

Тау-кен қазбаларын жерасты және беттік сулардан қорғау түсінігі суды төмендету, сутөкпе, сүзілуге қарсы ілмелер орнату, жер беті суағарларын реттеу және қоршаған ортаны қорғау бойынша кешенді шаралар жиынтығы дегенді білдіреді.
.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫН ЖЕРАСТЫ ЖӘНЕ БЕТТІК СУЛАРДАН ҚОРҒАУ

ЗАЩИТА ГОРНЫХ ВЫРАБОТОК ОТ ПОДЗЕМНЫХ И ПОВЕРХНОСТНЫХ ВОД


Енгізілген күні 2015-07-01

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

Осы құрылыс нормалары суды төмендету, сутөкпе, сүзілуге қарсы ілмелерді және қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты өндірісі бойынша жер беті суағарларын реттеуді қолдану арқылы тау-кен қазбаларын жерасты және беттік сулардан қорғау және жобалау (арғы қарай - қорғау) үшін таратылады және келесі жұмыстарды қарастырады:

– нормативтік талаптардың мақсаттарын;

– қызметтік талаптарды;

– жұмыс сипатының талаптарын.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы нормативті құжатты қолдану үшін келесі сілтемелі нормативті құжаттар қажет:

Қазақстан Республикасының заңы «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін көтеру жөнінде» 13 қаңтар 2012 жылдан № 541-IV.

Қазақстан Республикасының заңы «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі жөнінде» 3 сәуір 2002 жылдан № 314-II.

Қазақстан Республикасының заңы «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жөнінде» 05 шілде 1996 жылдан № 19-1 (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

Қазақстан Республикасының заңы «Тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайының жақсартылуы жөнінде» 04. 2002 жылдан № 361- II (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

Қазақстан Республикасының заңы «Жануарлар әлемін қорғау, жетілдіру және қолдану жөнінде» 09 шілде 2004 жылдан № 593- II (03 шілде 2013 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

Қазақстан Республикасының заңы «Жер қойнауы және жер қойнауын қолдану жөнінде» 24 маусым 2010 жылдан N 291-IV.

Қазақстан Республикасының экология бойынша кодексі 09 қаңтар 2007 жылдан № 212- III (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

Ресми басылым

Қазақстан Республикасының су бойынша кодексі 09 шілде 2003 жылдан № 481-II (10 шілде 2012 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

Қазақстан Республикасының жер бойынша кодексі 20 шілде 2003 жылдан № 442-II (04 шілде 2013 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар». Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Өрт қауіпсіздігі жөнінде» 6 қаңтар 2009 жылы № 14 бекітілген.

Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде». Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 17 қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген.
ЕСКЕРТУ Ұсынылған мемлекеттік нормативті құжаттарын қолдануда сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын «Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативті құқылы және нормативті-техникалық тізім», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу», «Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.

3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Ұсынылған нормаларда келесі атаулар мен анықтамалар қолданылады:

3.1 Бермалар: Кен шығаратын орындардың беткейлеріндегі шығыңқылар, олар жоғарыда орналасқан аймақтарға төзімділік беру үшін, сонымен қатар оларды пайдалану жағдайын жақсарту мақсатында қолданылады. 10 м дейінгі бермалар төгіліп жатқан тау жыныстарын жою үшін, ал еңі 5 м дейінгі қорғаныс бермалары – кен шығаратын орындар борттарының құлауын жою үшін қолданылады.

3.2 Суды шығару: Қолданыстағы шахталардан, кен орындарындағы, кен шығаратын орындардан және тау-кен өнімдерінің, қазаңшұңқырлардың, орлардың тік, көлденең және көлбеу өтуі кезінде, жерасты және жер беті суларын жою және шығару.

3.3 Суды төмендету: Тау-кен өнімдерінің өтуі кезіндегі жерасты сулар деңгейінің (арыңының) уақытша немесе тұрақты төмендеуі.

3.4 Сутіреуіш: Өзінен суды өткізбейтін (сүзілу еселігі 0,001 м/тәу кем емес) және астыныан не үстінен суағар горизонтымен шектелген тау жыныстарының қабаты.

3.5 Тау-кен қазбалары: Тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде құрылған және сілемдегі қуысты көрсететін оның атқарымдық міндеттерін орындау және белгілі уақыт мерзімінде сақтау мақсатымен жер қойнауындағы немесе оның беттеріндегі құрылыс.

3.6 Инемен сүзу: Жерасты сулары деңгейін төмендету мақсатында тау жыныстарына суды тартып алу үшін енгізілетін құбырлар бағанасы.

3.7 Кен орындардағы сулар: Тау кен жұмыстары кезінде физикалық-химиялық құрамыыөзгерген тау кен қазбаларына келіп түсетін шахталық, жерасты және беттік сулар.

3.8 Тампонаж: Сызаттарды, бос кеңістіктерді жасанды толтыру және олардың беріктігін, нығыздығын арттыру және су және газ өтуін азайту мақсатында тау жыныстарындағы қуыстарды тампонажды ерітіндімен (цементті, химиялық және т.б.) жасанды толтыру процесі.

3.9 Цементтеу: Тампонаждың бір түрі, тау жыныстарындағы ақауларды, кеуектерді және қуыстарды жасанды жолмен толтыру.



4 МАҚСАТТАРЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
4.1 Мақсаттары
4.1.1 Тау кен қазбаларын жерасты және беттік сулардан ведомствалық тұрғыдан тәуелсіз, қатты пайдалы қазбаларды өндеу орындарының жерасты қазбаларының ашық жағдайы кезінде су төмендетуді, сауғарды, сүзілуге қарсы құрлғыларды және беттік ағысты реттеу бойынша құрылғылады қолдану арқылы қорғау.

4.1.2 Тау кен қазбаларын және оларды қоршаған тау жыныстарын бұзатын суларды, сулы нысандардағы жер беті суларының шайылуы мен режимінің бұзылуын, өсімдік қабатының эозиясын және тау жыныстары мен ғимараттардың деформациясының қауіпті салдарын пайда болған жағымсыз жағдайларды алдын алу;

4.1.3 Қазбаларға келіп түсетін ағыңды реттеу, пайдалы қазбалар өндіретін жерлердегі жерасты және жер беті суларын қоршаған ортаны қорғау және кен орындарындағы суларын тарту арқылы шаралар қолдану.
4.2 Функционалдық талаптары
4.2.1 Тау кен қазбаларын қорғау жүйесінің функционалды талаптары келесі негізгі жағдайлар арқылы орындалады Қазақстан Республикасының заңы «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін көтеру туралы» 13 қаңтар 2012 жылдан № 541-IV, Қазақстан Республикасының заңы «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі жөнінде» 3 сәуір 2002 жылдан № 314-II, Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен 16 қаңтар 2009 жылы № 14 бекітілген, Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 17 қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген;

4.2.2 Қорғаныс ғимараттар мен құралдарының құрылымдарын қорғау жүйесі тау кен қазбаларының әдістері мен жүйелеріне сәйкес келуі керек;

Қорғаныс ғимараттар, құралдары түрлерін және жүйесін тандау кезінде уақыт өте келе пайдалы қазбалардың өнімділігін, қорғалатын аумақтың өндірістік және табиғи жағдайын, пішінің жәәне өлшемдерін ескеру керек;

4.2.3 Жобалау үшін берілген мәліметтер құрамына жерасты және жербеті суларын қрғау жүйелеріне талаптар, іздестіру материалдары мен кен орындарындағы суларын арнайы жерлерге құю туралы мәліметтер болуы керек.


5 ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНАН СУДЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ СУДЫ ТӨГУ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Механикалық қауіпсіздік, беріктік және төзімділік
5.1.1 Тау-кен қазбаларын қорғау келесі жағдайлары сақтаудан тұрады:

- қазбаларды өндіру кезінде олардың жұмыс жағдайын бұзатын қазбаларға судың түсуін болдырмау;

- қазбаларға судың ағуын алдын-алу;

- тау жыныстарын қоршаған қазбаларды қауіпті сумен бұзылуына қарсы тұру;

- беттік және кен орындарындағы суларды төгілетін орындарға ұйымдастырылып құйылуын қамтамассыз ету;

- жерасты суларының бітуіне қауіп төндіретін үрдістерді болдырмау, сонымен қатар олардың кірленуін, ластануын, беттік сулы нысандардың жағаларының шайылуын және режимінің бұзылуын, өсімдік қабатының эрозиясын және жерасты сулары деңгейінің төмендеуі нәтижесінде қорғалатын аймақтағы қазбалардың, тау жыныстарының және үймереттердің деформациялануы әсерінен пайда болатын қауіпті салдарды алдын-алу;

- қазбаларға түсетін ағыңды реттеу бойынша, жерасты суларының арыңын және қазбалар аймағындағы кен орындарындағы суларды шығару бойынша үймереттерді, құрылғыларды және шараларды қарастыру.

5.1.2 Тау-кен қазбаларын қорғау бойынша қарастырылатын нұсқаларды келесі жағдайларды ескеру арқылы бағалау қажет:

- қорғаныс ғимараттарды қолдану ұзақтылығы;

- қазбаларды өндіруге жағдай жасайтын шаралар мен құрылғылар;

- қоршаған ортаға әсері;

- тау-кен өнеркәсіптерін пайдалану және құрылысы кезіндегі қорғау бойынша шығыңдар.

5.1.3 Жобалау үшін негізгі мәліметтер құрамына тау-кен қазбаларын қорғау жүйесіне қойылатын талаптар, кен орындарындағы суларды басқа жерлерге төгу бойынша мәліметтер және іздестіру материалдары кіруі керек.

5.1.4 Жобаларда тау-кен қазбаларын қорғау жүйесін орындау этап бойынша жүру керек.

5.1.5 Ашық қазбаларды қорғау жобалау барысында қазбалардың төзімділігін қамтамассыз ететін келесі жұмыстар қарастырылуы керек:

- кен шығарылытын орындарға (қимасы) жақын орналасқан алаңдарға түсетін ағыңды реттеуге арналған ішкі ғимараттар мен шаралар;

- тау кен қазбаларына барып құйылатын кен шығарылытын орындардың ішіндегі суағарлар, су жинағыш құрылғылары немесе құралдары;

- кен шығарылытын орындардың ішіндегі ұңғымалық және инемен сүзетін суды төмендеткіш құрылқылары, тау жыныстарының жергілікті тампонажы, құрғатқыштар, еңістер жүктемелері (қажет болған жағдайда жергілікті жағдайға байланысты);

- кен шығарылытын орындардан суды шығаруға арналған су шығарғыш құрылғылар;

- контурлы сақиналы немесе жартылай сақиналы, сызықты су төмендеткіш жүйелер немесе сүзілуге қарсы ілмелер.

5.1.6 Жерасты қазбаларын қорғау жобасында жергілікті шарттарға сәйкес, шахталық өріс шегінде келесілерді пайдалануды қарастырады:

- жерасты құрғатқыш есебінде - қорғалатын өнімдердің өздерін, оларға дренаж арналарлы орналастыру арқылы;

- қорғалатын өнімдердің өздерінен, құрғату өнімдерден және арнайы қуыстардан мен камералардан бұрғылап, батырып (қағып) кіргізетін тік, көлденең және көлбеген ұңғымаларды;

- жер бетінен бұрғылап кіргізетін және қорғалатын өнімдерден немесе дренаж өнімдермен қағылатын тесікті сүзгілерді;

- жер бетінен немесе жерасты өнімдерден жасалатын, сорғыштармен жабдықталған ұңғымаларды;

- жерасты өнімдердің инемен сүзутерді;

- сүзілуге қарсы бүркеулерді (тау жыныстардың тампонаждарын);

- ойыстарда жиналған суды қосып алғанда, жер ағымдарын реттеу үшін сәйкес үймереттер мен шараларды.

Жерасты кен қазбаларын қорғауды жобалаудың барлық жағдайларында сорылатын суды төгілетін орындарға апару үшін суды шығару және өткізу құрылғылары мен оларды орнату қарастырылуы тиіс.

5.1.7 Жерасты қазбаларына су немесе тау жыныстары түсу қауіпі төнген жағдайларда, сонымен қатар пайдалы қазбалар жабындысы үстіне су өткізгіш тасты қабаттар орналасса, жобада сәйкесінше негізделе шахтадан тыс су төмендеткіш және сүзілуге қарсы ілмелер орналастыру рұқсат етіледі.

5.1.8 Сутөмендетуді жыныстардың, қоршаған өнімдердің төзімділігін сақтайтын, және қазбаларға жерасты суларының келіп түсуінен қорғайтын жағдайларды ескере отырып, келесі әдістерді пайдаланып жобалайды:

- ашық және вакуумдық сутөмендеткіш ұңғымаларды;

- инемен сүзу;

- қабаттық, орлық және түтік тәрізді құрғатқыштарды;

- жерасты құрғатқыш өнімдерді қолдану арқылы жобалайды.

5.1.9 Сутөменделуін сыртқы сутөмендету жүйесін қолдану арқылы жобалағанда, жерасты су деңгейі мүмкіндігінше оның түбіне дейінгі шамадан төмен болатындай етіп, суды төмендеткіш құрылғыны істен шығару арқылы судың деңгейін есептік жоғарлату есебімен төмендетілуі тиіс.

5.1.10 Төмен жатқан субергіш қабаттардағы артық қысымды алып тастау, тік өздіктөгілетін ұңғымаларды кен жыныстардың орнықтылығын бұзушылығын қорғау және қысымда сулардың қауіпті тасқынын болдыртпау үшін жобалайды. Ұңғымаларды бұрғылауды жер бетінен, кен шығарылатын орындардағы (тілімдер) шеттерінен, ашық немесе жерасты өнімдер табанынан жүргізеді. Ұңғымақ су қабатының ең суы көп аумағына дейін түсуі қажет.

5.1.11 Су қабаттар табанында, беткейлерде бермалар орнату арқылы сутіреуіш қабаттарына жақын орналасатын, ашық қазбалар арқылы суффозиялық шөгуді болдырмау мақсатында құлама шеттерінде орналасатын көлденең өзіндік құйылатын ұңғымалар қарастырылады.

5.1.12 Жерасты құрғатқыш өнімдерде пайдалану жұмыстары жүруі керек (тесіп өтетін сүзілулерді бақылау, көтерілетін ұңғымаларды бұрғылау және т.с.с.), сонымен қатар суөткізгіш жүйесінде апат болған жағдайда сондағы адамдарға дабыл қағылуды және диспетчерлiк пунктiмен телефон байланысын қамтуды қарастырады.

5.1.13 Сорғы станцияларынан дің аумақтарына шығатын барлық жерлерді герметирленген есіктермен жабдықтайды.

5.1.14 Уақытша және бақылау сорғы станцияларындағы әрбір сорғы жекеленген сорғы құбыр өткізгішке ие болуы, және де арың патрубкаларындағы сору қысымын анықтайтын арнайы өлшеу құралдармен (манометр, вакуумметр) қамтамассыз етілуі керек.

5.1.15 Арыңды құбыр өткізгіштерінің діңдеріне салымдар салу тиым салынады.

Гидравликалық соққыларды сөндіру үшін арыңды құбыр өткізгіштерде кері клапандармен немесе басқа да қорғаныс құрылғылары қарастырылад.

Құбыр өткізгіштерінің қабырғаларының және темір құрылымдардың тірек беріктігін есептеу үшін гидравликалық соққының екі есе гидравликалық арыңға сәйкес жүргізу керек.

5.1.16 Сорғы және құбыр шегіндегі арыңды құбыр өткізгіштері – діңге дейін (немесе құбырға дейін) гидравликалық соққы кезінде құбырдың бұзылуынан және жылжуынан сақтау үшін арнайы тіректерде бекітеді.

5.1.17 Сорғу станциясын жер бетінен ауқымды биіктікте орналастыру үшін сорғу құбыр өткізгіштеріндегі температуралық компенсаторларды қарастыру керек.

5.1.18 Зумпфты сорғу станцияларын сорғу агрегаттарымен жұмысшы және қосалқы жабдықтау керек.

5.1.19 Сорғу станцияларында сужинағышта немесе зумпфтағы судың деңгейіне байланысты сорғу агрегаттарын автоматты қосу және сөндіру, жұмысшы сорғулары істен шыққан жағдайда қосалқы сорғу агрегаттарын автоматты қосу қарастырылған.

5.1.20 Басты сорғу бекеті кезінде астыңғы бекеттіктерді толықтыру бірнеше фидер арқылы өтеді. Толықтыратын фидерлердің біреуін сөндірген жағдайда, қалған фидерлер ағыңның ең көп тартуы кезіндегі сорғулардың жұмысын қамтамассыз етеді.

5.1.21 Инелі ілмелерді жобалау кезінде инеленетін ертінділердің қысымы ережелер бойынша, сынақтар жұмысы мәліметтері бойынша, ал олар болмаған жағдайда ілмелерді орындау мәліметтері негізінде жүргізіледі.

5.1.22 Су төгілу жылдамдығы ауқымды басты су төгетін шахта құрылғылары бірнеше сорғу агрегаттарымен қамтылуы керек.

5.1.23 Қорғау жүйесін жобалау кезінде келесі жағдайларды қарастыру керек:

- қазбаларға судың төгілуі мен газдың баруын алдын алатын және жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша шаралар;

- тау-кен қазбалардың өтуінің кезегі, дренаждар және алдын ала қазылған ұңғымалар, сонымен қатар олардың өлшемдері;

- арнайы белгіленген тау-кен қазбаларының, ұңғымалар мен ойыстардың орыны;

- су басқан тау-кен қазбаларындағы судың төмендеуін, газ режимін, су төгілетін құралдардың жағдайын және тау-кен қазбаларына мүмкін түсетін газдардың өлшемін бақылауды ұйымдастыру.

5.1.24 Су төмендеткіш жүйелерді жобалау кезінде ғимараттар мен үймереттердің негізінде топырақтардың көтерілуін және карсты суффозиялық үрдістердің алдын алуыннемесе пайда болуын ескереді, егер топырақ қабатының үстіңгі бөлігі құмдардан тұрса ерекше тексеріледі (шпунттық қоршаулар, кольматация, цементация және т.б.).

5.1.25 Су төмендеткіш жүйесі әсер ететін аймақта жер бетінде мүмкін болатын шөгулерді ескеріп, тау жыныстарының жылжуы мен деформацияларын және үймереттер іргетастарының қосымша орын ауыстыруын анықтау қажет.

5.1.26 Жерасты сулары деңгейінің төмендеуі салдарынан үймереттің негізінде жер бетінің шөгуін есептеуді бөлек қабаттардың деформацияларын қосу арқылы жүргізген жөн.
5.2 Өрт қауіпсіздігі
5.2.1 Қорғау жүййелерінің өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» және «Ғимараттарды, бөлмелерді және үймереттерді автоматтандырылған өрт сөндіру және автоматтандырылған дабыл қағу жүйелерімен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды эвакуациялау бойынша талаптар» техникалық регламенттерінің талаптарының орындалуын қамтамассыз етеді.

5.2.2 Суды төмендету және суды құю жүйелерін жобалау кезінде «Өрт қауіпсіздігі» деген бөлім өнделуі керек, онда мүмкін болатын өртті болдырмау, барлық технологиялық үрдістерде, яғни апаттық жағдайлары мен жөндеу жұмыстары кезінде пайда болатын өрттің бастапқы кезеңінде алдын алу, бойынша техникалық және ұйымдастыру шаралары қарастырылады.

5.2.3 Қорғау жүйесінде қолданылатын жабдықтар мен материалдар өрт қауіпсізідігін қамтамассыз ету керек.

5.2.4 Кен орындарындағы (шахта) жұмысшылар өрт, тау-кен қорғаушылау қызметінің жұмысы және өрт кезінде сақтайтын ережелермен, өртке қарсы құралдармен пайдалануды, өртті сөндіру бойынша шараларымен таныстырылуы керек.

5.2.5 Кен орындарында жұмыс істейтін тұлғалар өрттің пайда болғанын, сонымен қатар өртті тудыратын қауіпсіздік шаралардың бұзылуын аңғарса міндетті түрде:

- жақын орналасқан бақылау тұлғаларына;

- жерастында жұмыс істейтін жұмысшыларға айтуы тиіс;

- қауіп төндіретін орындардан адамдарды шығаруға және қолда бар құралдар арқылы өртті сөндіруга көмектесуі керек.


5.3 Адам денсаулығы гигиенасы мен қоршаған ортаны қорғау
5.3.1 Қорғау құрылымдық шешімін тандау кезінде тау кен қазбаларының нақты жағдайын техникалық–экономикалық жағынан тиімді етіп, келесі шарттардың орындалуын ескеру қажет:

– қабылданған қорғаныс жүйесінің беріктігі мен төзімділігі;

– қолданылатын материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерінің толық қолданылуы мен тиімді таралғаны;

– орнату мен пайдалануға төмен еңбек сыйымдылығы;

– орнату үрдісінің ең жоғары механикаландыру;

– жергілікті материаладар мен өндіріс өнімдері шикізаттарын кеңінен қолдану;

– қорғаныс жүйесінде қолданылатн материалдардың зиянды фоктролар әсерінің болмауы;

– адамдар үшін тиімді гигиеналық жағдай құру;

– өрт, жарылу қауіпсіздігі.

5.3.2 Жобаның «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі келесі заңдылық және нормативті құжаттарына сүйену жасалды:

- Қазақстан Республикасының заңы «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жөнінде» 05 шілде 1996 жылдан № 19-1 (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан);

- Қазақстан Республикасының заңы «Тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайының жақсартылуы жөнінде» 04. 2002 жылдан № 361- II (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан);

- Қазақстан Республикасының заңы «Жер қойнауы және жер қойнауын қолдану жөнінде» 24 маусым 2010 жылдан N 291-IV;

- Қазақстан Республикасының заңы «Жануарлар әлемін қорғау, жетілдіру және қолдану жөнінде» 09 шілде 2004 жылдан № 593- II (03 шілде 2013 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан);

- Қазақстан Республикасының экология бойынша кодексі 09 қаңтар 2007 жылдың № 212- III (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан);

- Қазақстан Республикасының су бойынша кодексі 09 шілде 2003 жылдың № 481-II (10 шілде 2012 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан);

- Қазақстан Республикасының жер бойынша кодексі 20 шілде 2003 жылдың № 442-II (04 шілде 2013 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).

5.3.3 Қорғау жүйесін жобалау кезінде қоршаған табиғи ортаны қорғау келесі жолмен айқындалады:

- қорғаныс ғимараттары мен құрылғыларының құрылымдық шешімдері мен жобалық шешім жүйесін тандау кезінде жерасты суларының ластануы, бүлінуі және жер беті сулары нысандардың режимінің бұзылуы, шайылуы, алаңның саздануы, тау жыныстарының жылжуы мен деформациясы, жақын орналасқан ғимараттардың деформациясы;

- арнайы осы мақсат үшін жобаланған ғимараттарды, құрылғыларды қолдану;

- келтірілген қатерді тиімді толтыру.

5.3.4 Суды төмендеткіш құрылғылары мен тау кен қазбаларынан алынған суды жер бетіне төгу ереже бойынша тиым салынады. Қолданылмайтын жерлерге суды төгу, егер олар сулы нысандарға түспейтін болса, жерасты суларын ластамаса, жер бедерінің эрозиясын болдырмаса, жергілікті жерлерді саздандырмаса және басқа да қоршаған табиғи ортаға қауіп төндірмеген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

5.3.5 Өлшенген заттардың концентрациясын төмендету үшін жерасты суларының жиналуы көзделеді. Суды сақтау сыйымдылықтарын кен орындарынан шығарылатын сулардың көлемін, тұру уақытын және сулы нысандарға тазартылған сулардың рұқсат етілетін мөлшерін ескеру арқылы анықталынады. Өлшенген заттардың концентраттарының төмендететін кен орындарындағы суларды сақтау уақытын сынақтар арқылы анықтау қажет.

5.3.6 Тау-кен қазбаларына жақын орналасқан ағыңсыз ағыстар немесе рекреациялысыз кішігірім өзендер, балық аулау тұрмысы немесе басқа да тұрмыстағы көлшіктерді толтырғыш-реттеуіш немесе толтырғыш-булағыштар ретінде қолдануға рұқсат етіледі.

5.3.7 Толтырғыш-реттеуіштер мен толтырғыш-булағыштарды жобалау үшін жерасты суларының ластанбауын қарастыратын шараларды қарастыру керек (сүзгі ілмелеріне қарсы құрылғылар, экрандар). Толтырғыштардың контуры бойынша жерасты суларының ластану дәрежесін бақылайтын бақылау ұңғымалары орнатылуы тиіс.

5.3.8 Жобада қолданыстағы радиация қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келетін және радиоактивті қоғам жұмысының санитарлы ережелері және басқа да ион сәулелерін туғызатын көздердің жұмыстарына сәйкес кен орындарындағы суларды жинау, жою және алдын-алу жұмыстарын қарастырылуы керек.

5.3.9 Жобада сорылатын сулар әсерінен сулы нысандар жағаларының шайылуын сақтайтын құрылғылар мен шаралар қарастырылуы тиіс.

5.3.10 Ластаушы заттардың концентрациясын төмендету үшін жерасты су көздерін физикалық-химиялық және биологиялық тазарту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырады.

5.3.11 Радиоактивті заттары бар кен орындарындағы суларды жер бетіне, тұрмыс ішуге аранлған сулы нысандарға, мәдени тұрмыстық және балық аулау тұрмысы мақатында қолданылатын жерлерге төгу тиым салынады.

5.3.12 Сүзгілеуге қарсы құрылғыларды және шараларды жобалау, тұрмыс және ішу суымен қамтамассыз ететін су жинағыш шекарасында суда еритін заттар қабаттарын инелеуге рұқсат етілмейтіні ескеріліп жүргізілуі керек.

5.3.13 Адамдарды электр тоғы жарақаттануынан сақтау үшін жерге берілуі қорғанысын қолдану керек.

5.3.14 Электр қондырғыларға қызмет көрсету кезінде электр қорғаныс құралдары мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет.

5.3.15 Электр қондырғыларында қолданылатн қорғаныс құралдары периодты электр сынақтарымен сыналуы тиіс.


жүктеу 292,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау