Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



жүктеу 20,96 Mb.
бет23/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56

3.5. Инженерлік желілер және жүйелер

3.5.4. 4-нұсқа
3.5.4.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалатындығы анықталған жағдайларда мердiгер міндетті([1], 656-баптың 3-тармағы):



  1. тапсырысшыдан оларды қисынды мерзiмде ауыстыруын талап етуге;

  2. өз есебінен оларды ауыстыруға;

  3. шартты бұзуға;

  4. тапсырыс берушінің әрекетін сот тәртібімен қарауға шағым жасауға;

  5. оларды тапсырысшымен тең бөліп ауыстыруға.

2 сұрақ

Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде .................белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлейді ([1], 657-баптың 1-тармағы):


  1. заң актiлерiнде немесе шартта;

  2. тапсырысшы мен мердігердің ауызша келісімдерінде;

  3. сот шешімінде;

  4. осы жергілікті жерде қалыптасқан құқықтық дәстүрлерде;

  5. жергілікті атқару органдарының.

3 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда екі адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу, жазаланады ([2], 279-баптың 1-бөлімі):

1) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдансегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға;



2) бір жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға;

3) түзеу жұмыстарына;

4) бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге;

5)белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға.
4 сұрақ

Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығынтөмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу лауазымды адамдарға ...........мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады ([3], 313-баптың 1-бөлімі):



  1. қырықайлық есептік көрсеткіш;

  2. бір жүзайлық есептік көрсеткіш;

  3. үш жүз айлық есептік көрсеткіш;

  4. бес жүзайлық есептік көрсеткіш;

  5. алты жүзайлық есептік көрсеткіш.

5 сұрақ



Лицензиялар ....... тұрғылықты жері бойынша беріледі ([4], 29-баптың 1-тармағы):

  1. лицензиардың;

  2. лицензиаттың;

  3. рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның;

  4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің;

  5. жергілікті өкілетті органның.

6 сұрақ

Сәулет жобасы ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде қамтуға тиіс ([5], 62-баптың 1-тармағы):


  1. құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерін;

  2. күрделі құрылыс объектісінің ішкі және сыртқы түрін сипаттау мен негіздеуді, оның кеңістіктік, жоспарлық және функционалдық ұйымдастырылуын;

  3. қабылданған көлемдік-кеңістіктік және сәулеттік-көркемдік шешімдерді, оның ішінде күрделі құрылыс объектісін салуға рұқсат етілген шекті өлшемдерді сақтау бөлігінде негіздеуді;

  4. күрделі құрылыс объектісінің қасбеті мен интерьерін әрлеу кезінде пайдаланылған композициялық тәсілдерді сипаттау мен негіздеуді;

  5. негізгі, қосалқы, қызмет көрсету және техникалық мақсаттағы үй-жайларды өңдеу бойынша қабылданған шешімдерді сипаттау.

7 сұрақ



Қала құрылысы регламенттерінің көздері болып табылатын ([5], 41-баптың 1-тармағы):

  1. заңдарда белгіленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  3. Қазақстан Республикасының кодекстері;

  4. Қазақстан Республикасының заңдары;

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары.

8 сұрақ

Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ стандарттарын қолдануға жол беріледі ме? ([5], 27-1-бап):


  1. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және пайдалану кезінде жол беріледі;

  2. заңнамада қаралған жағдайларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық объектілерінде жол беріледі;

  3. жол берілмейді;

  4. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік мемлекеттер өкілдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін қоспағанда жол берілмейді;

  5. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін қоспағанда жол берілмейді.

9 сұрақ

Тұрғын аймақ қамтамасыз етілуге тиіс([5], 49-баптың 2-1-тармағы):


  1. көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердіңсанына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен;

  2. қонақ үйлермен;

  3. ипподромдармен;

  4. футбол алаңдарымен;

  5. ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған сынақ полигонами.

10 сұрақ

Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асырады ([5], 31-баптың 1-тармағы):


  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;

  3. объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатынбақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;

  4. құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;

  5. құрылысқа авторлық қадағалау енгiзу жолымен жобалық құжаттаманы әзірлеушілер.

11 сұрақ

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың отбасымүшелерінен кім мемлекеттік кіріс органына табыстары мен мүлкі туралыдекларация тапсырады?([6], 9-баптың 3-тармағы):


  1. жұбайы (зайыбы); 

  2. кәмелет жасына толмаған балалары;

  3. ата-анасы;

  4. бірге туған аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері):

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

12 сұрақ

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы Негізгі ережелеріне мыналар жатады ([7], 10-тармақтың 3) тармақшасы):


  1.  республикалық және өңіраралық маңызы бар ерекше қала құрылысын реттеудің аумақтары мен объектілерінің схемалары мен даму жобалары;

  2. құрылыс, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсатында картографтық-геодезиялық қорды пайдалануүшін инженерлік іздестірулер жүргізу;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне негіздеме, болжамдар, құжаттар жасау;

  4. сәулет, қала құрылысы және құрылысы және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптау және бекіту;

  5. жаңа құрылыс, ғимарат, имарат, инженерлік және көлік коммуникцияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу.

13 нұсқа

Әрбір аумақтық деңгейдегі Қала құрылысы кадастрының дерекқорын қалыптастыру(жүргізу) үшін негіз болатын құжаттардың (құжаттар үлгілерінің) тізбесіне мынадайқұжаттар жатады ([9], 7-тармақтың 7) тармақшасы):


  1. сәулеттік-жоспарлық тапсырмалар;.

  2. жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын құжаттар;

  3. кондоминиум объектісінінің ортақ мүлкіндегі үлес мөлшері туралы құжаттар;

  4. ипотекалық куәлік;

  5. жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарты.

14 сұрақ

Сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған шарт сараптама жұмыстарының орындаушысымен тапсырысшымен(функциясынжобалау ұйымына беру құқысыз)жасалған жағдайларда, егер қаржыландыру көзі бюджет қаражаты болса, қолданылады ([11], 5-тармақтың 2) тармақшасы):


  1. ерекше тәртіп;

  2. жалпы тәртіп;

  3. арнайы тәртіп;

  4. айрықша тәртіп;

  5. мамандандырылған тәртіп.

15 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде сарапшының не ұйымның функцияларына жатады([10], 6-тармақтың 15) тармақшасы):

1) тапсырыс берушiге жобалардың iске асырылу барысы, мердiгердiң қызметi, жұмыстардың сапасы, бөлiнген бюджет қаржысының игерiлуi және болашаққа болжамдар туралы кезеңдiк есептердi ұсыну;

2) тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға, Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

3) атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

4) құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жою;

5) мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз ету.


3.5.4.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар




Жылу желілерінде және ыстық сумен жабдықтаудың циркуляциялық құбырлары үшін ең аз ішкі диаметр қандай болып қабылдануы тиіс? ([20].;8.6-т.)

    1. Кемінде Ǿ 32 және тиісінше кемінде Ǿ25

    2. Кемінде Ǿ25 екі жағдай үшін де

    3. Кемінде Ǿ32 екі жағдай үшін де

    4. Кемінде 38 және тиісінше Ǿ32

    5. Ǿ25 және тиісінше Ǿ32






Жылу желілерін жерастына қандай инженерлік желілермен бірге тартуға жол беріледі? ([27]; 9.6-т.)

1. Арналарда – су құбырларымен, қысымы 1,6 МПа дейінгі сығымдалған ауа құбырларымен, мазутөткізгіштермен, бақылау кәбілдерімен

2. Тоннельдерде - Ǿ кемінде 500 мм су құбырларымен, байланыс кәбілдерімен, кернеуі кемінде 10 кВ қуат беру кәбілдерімен, қысымы 1,6 МПа дейінгі сығымдалған ауа құбырларымен, арынды кәріз құбырларымен

3. Тек қана өздігінен ағатын кәріздермен, су құбырымен, мазутөткізгішпен

4. Тек қана арынды кәрізбен, N>10 кв. қуат беру кабелімен, байланыстың бақылау кабелімен

5. Тек қана өздігінен ағатын кәрізбен, су қыбырымен, сығымдалған ауа құбырымен






Жылу желілерімен жалпы желінің теміржолдары, метрополитен желілері, өзендер мен су қоймалары қиылысқан кезде не көзделеді?([27]; 9.12-т.)

    1. Қиылысудың екі жағынан тиектік арматура,қиылысудың шекарасынан 100 м аспайтын арақашықтықта жылу желілерінен суды жіберуге арналған құрылғы

    2. Қиылысудың екі жағынан тиектік арматура, қиылысудың шекарасынан 150 м аспайтын арақашықтықта жылу желілерінен суды жіберуге арналған құрылғы

    3. Қиылысудың үстіңгі нүктесінде тиектік арматура, қиылысудың шекарасынан 100 м аспайтын арақашықтықта жылу желілерінен суды жіберуге арналған құрылғы

    4. Қиылысудың төменгі нүктесінде тиектік арматура, қиылысудың шекарасынан 100 м аспайтын арақашықтықта жылу желілерінен суды жіберуге арналған құрылғы

    5. Қиылысудың екі жағынан тиектік арматура






Сыртқы ауаның есептік температурасы -10°С төмен аудандардағы жылу пунктері мен ыстық сумен жабдықтау желілерінен басқа жағдайларда, жылу желілерінің құбырлары үшінқандай материалдан жасалған арматураны қолдануға жол берілмейді? ([27]; 10.9-т.)

    1. Сұр шойыннан

    2. Жезден, сұр шойыннан

    3. Қоладан, сұр шойыннан

    4. Тығыннан, тығыздама шойыннан

    5. Шарлы тығыздама шойыннан






Электр жетектері бар ысырмалар мен бекітпелер жерасты салу кезінде ... орналастырылуға тиіс: ([27]; 10.15-т.)

1. жерүсті павильондары бар камераларда немесе табиғи желдетпесі бар жерасты камераларда;

2. жерүсті павильондары бар камераларда немесе механикалық желдетпесі бар жерасты камераларда

3. электр жылытумен жерүсті павильондары бар камераларда немесе табиғи желдетпесі бар жерасты камераларда

4. электр жылытумен жерүсті павильондары бар камераларда немесе механикалық желдетпесі бар жерасты камераларда

5. металды капсулада






Тоннель (өтпелі арна) қалай бөлінуі тиіс? ([27]; 11.3-т.)

    1. Әрбір 200 м сайын өртке қарсы І типтегі аражабындары және өртке қарсы 2-типтегі есіктері бар бөліктерге

    2. Әрбір 250 м сайын өртке қарсы І типтегі аражабындары және өртке қарсы 2-типтегі есіктері бар бөліктерге

    3. Әрбір 200 м сайын өртке қарсы І типтегі аражабындары және өртке қарсы 1-типтегі есіктері бар бөліктерге

    4. Әрбір 200 м сайын өртке қарсы 2 типтегі аражабындары және өртке қарсы 2-типтегі есіктері бар бөліктерге

    5. Әрбір 200 м сайын өртке қарсы 2 типтегі аражабындары және өртке қарсы 1-типтегі есіктері бар бөліктерге






Жылуды жылытуға, желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға және технологиялық қажеттіліктерге бір уақытта беру үшін көп құбырлы және бір құбырлы жылу желілеріне жол беріле ме? ([27]; 6.11-т.)

    1. техникалық-экономикалық негізделген кезде жол беріледі;

    2. жол берілмейді;

    3. жылу желілерін пайдаланушы ұйыммен келісім болған кезде жол беріледі;

    4. жылу жеткізгіштегі температура 95 оС аспайтын кезде жол беріледі;

    5. жергілікті басқару органдарының рұқсаты болған кезде жол беріледі.






Жылыту құралдарында термореттеуіш клапандар болмаған кезде ғимарат бойынша орташа ішкі ауа температурасын сақтау үшін тұрғын және қоғамдық ғимараттарда не көзделуі тиіс? ([27]; 7.10-т.)

    1. Температуралы график бойынша автоматты реттеу;

    2. Жылу пунктеріндегі жылу жеткізгіш температурасын қолмен реттеу;

    3. Ішкі ауа температурасы сыртқы терезелер мен есіктерді аз уақытқа ашумен реттеледі;

    4. Жылу пунктеріндегі жылу жеткізгіш температурасын автоматты реттеу;

    5. Жылу пункеріндегі жылу жеткізгіш шығысын реттеу






Желілік, қанықтыру, тарту және араластыру сорғыларының сорукелте құбырларында судың қысымы мен температурасы қандай болуы керек? ([27]; 8.11-т.)

    1. Кавитация қысымынан төмен және сорғылардың конструкциялары төзімділігінің талаптары бойынша жол берілетіндерден аспауы тиіс.

    2. 0,2 МПа төмен емес;

    3. Сорғылардың техникалық паспорттарында көрсетілген қысымнан төмен емес;

    4. Сору келте құбырларындағы су қысымы регламенттелмейді;

    5. Сору келте құбырларындағы су қысымы гидравликалық сынаумен айқындалады.






Жобаланатын және қолданыстағы жылу көздерінің, жылу желілерінің және тұтас ОЖЖ белгіленген уақыт ішінде жылумен қамтамасыз етуде талап етілетін режимдерін, өлшемдерін және сапасын қамтамасыз ету қабілеті қандай көрсеткіштер (критерийлер) бойынша айқындалады? ([27]; 6.27-т.)

    1. Тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығымен, дайындық және өміршеңдік коэффициентімен.

    2. Жоғары білімді қызмет етуші персоналдың болуымен;

    3. Білгір басшылықтың болуымен

    4. Жылу желілерін пайдалану үшін жеткілікті қаржалыұ қаражатының болуымен;

    5. Жылу желілерін пайдалану үшін механикалық құралдар мен жабдықтардың болуымен;






Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін ОЖП ең көп жылу қуаты қандай? ([56]; 3.4-т.)

    1. ОЖП жылу қуаты регламенттелмейді.

    2. 35 Гкал/ч аспайды;

    3. 100 Гкал/ч аспайды;

    4. Тұтынушылардың қосылған жылу қуатынан аспайды;

    5. Жылу қуаты жобалауға тапсырмамен ауданға құрылыс салу перспективасын ескерумен






Ғимараттың жылу шығысы қандай болған кезде (жылытуға, желдетуге, кондиционерлеуге және ыстық сумен жабдықтауға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда) жылу жеткізгіштің температурасын автоматты реттеусіз жобалауға жол беріледі? ([57] 7.1.3-т.)

    1. 50кВт кем

    2. 75 кВт кем

    3. 80 кВт кем

    4. 95 кВт кем

    5. 100кВт кем






Типтік жобаларда жылыту жүйелерін есептеу үшін ғимаратқа кіргізімде беруші және кері қайтаршы құбырларда қысымның әртүрлілігі қандай болып қабылдануы тиіс?([57] 7.4.7-т.)

    1. 150кПа

    2. 175кПа

    3. 200кПа

    4. 225кПа

    5. 250кПа






Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде (мейрамханалардан басқа) жылыту жүйесі қандай жылу жеткізгішпен қабылдануы тиіс? ([57] 7.3.4-т.)

    1. Сумен, ауамен, электрмен, газбен

    2. Су,бумен, газбе

    3. Сумен, бумен, газбен, электрмен

    4. Сумен, бумен, әуемен,

    5. Сумен, бумен, электрмен






Кірме ағындық және рециркуляциялық қондырғыларда ауаны қыздыру кезінде жылу жеткізгіштің (су, бу т.б.) ең көп температурасы қанша болып қабылдануы тиіс? ([57] 8.1.11-т.)

    1. 150ºС жоғары емес

    2. 170ºС жоғары емес

    3. 195ºС жоғары емес

    4. 95ºС жоғары емес

    5. 120ºС






Қандай шарттармен сыртқы ауаны жалпы-қабылдау қондырғыларын жобалауға жол беріледі? ([57] 8.3.4-т.)

    1. Бір өрт сөндіру бөлігі шекарасында

    2. Кірме ағындық жүйелер үшін

    3. Түтінге қарсы желдету жүйесі үшін

    4. Кірме ағындық түтінге қарсы желдету жүйелері үшін

    5. Жинауға арналған ойықтағы арақашықтық 3м болатын






Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс аймағына ауа таратқыштардан кірме ағындық ауаны қалай берген жөн?([57] 8.5.6-т. )

    1. Жұмыс аймағы шегінде не одан жоғары берілетін көлденең ағындармен, еденнен 2 м және одан астам биіктікте берілетін еңіс (төмен) ағындармен, еденнен 4 м және одан астам биіктікте берілетін тік ағындармен

    2. Еденнен 3 м және одан астам биіктікте берілетін тік ағындармен

    3. Жұмыс аймағынан төмен берілетін көлденең ағындармен

    4. Еденнен 1,5 м және одан астам биіктікте берілетінқиыс (төмен) ағындармен

    5. Еденнен 1,0 м биіктікте






Сыртқы есіктердің және сыртқы қақпалар мен ойықтардың жанында жылу әуе-жылу перделерімен берілетін ауа температурасы қандай болып қабылдануы тиіс? ([57] 8.5.9-т. )

    1. 500С жоғары емес және тиісінше 700С жоғары емес

    2. 600С жоғары емес және тиісінше 800С жоғары емес

    3. 700С жоғары емес және тиісінше 900С жоғары емес

    4. 800С жоғары емес және тиісінше 1000С жоғары емес

    5. 900С жоғары емес және тиісінше 1100С жоғары емес






Ағындық ауаныңауа таратқыштарын және сыртқа тартатын құрылғыларды қандай материалдардан қолдануға жол беріледі (перфорацияланған және тесіктері бар ауа жеткізгіштерден басқа?)([57] 8.8.9-т. )

1. Жанатын

2. Ылғалға төзімді материалдардан

3. Жанбайтын материалдардан

4. Асбестцементтен

5. Металды






80ºС жоғары емес температуралы орын ауыстыратын диаметрі 200 мм қоса алғанға дейін болатын дөңгелек қима ауа жеткізгіштер үшін беттік болат қалыңдығы қанша болып алынуы тиіс? ([57] 11-т.)

    1. 0,5 мм

    2. 0,6 мм

    3. 0,7 мм

    4. 0,9 мм

    5. 1,0 мм






Бірнеше пәтерге ортақ тіреу болғанда әрбір пәтердің жылу шығысын айқындау үшін не көзделуі тиіс? ([57]7.1.4-т.)

    1. Әрбіржылыту аспабындажылу шығысы индикаторларымен әрбір пәтер бойынша жылуды есепке алуды орнатумен;

    2. Әрбір пәтер бойынша пәтерлердің жылытылатын аудандарына пропорционалды есепке алуды ұйымдастырумен ғимарат үшін тұтас жылу шығысының ортақ есепке алғышын орнатудың көмегімен;

    3. Бірнеше пәтерге ортақ тіреу схемасы кезінде әрбір пәтерді жылытуға жылу шығысын есепке алу көзделмейді;

    4. Жылуды шығысын есепке алу жылумен жабдықтау ұйымының энергия беру қызметтерінің есептік деректері бойынша айқындалады;

    5. Әрбір пәтерді жылытуға жылу шығысы елді мекен үшін орташа шығыс бойынша монополияға қарсы комитетпен келісу бойынша айқындалады






Жылыту құбырларынан үй-жайға келетін жылу ағынының жылыту аспаптары есептеген кездегі шамасы қандай? ([57] 7.5.3-т.)

    1. 90%.

    2. 50 % аспайды

    3. 10 % аспайды

    4. Жылыту құбырларынан үй-жайға келетін жылу ағынының саны есепке алынбайды;

    5. Жылыту құбырларынан үй-жайға келетін жылу ағыныныңшамасы жобалауға тапсырмаға сәйкес қабылданады






Суықпен жабдықтау жүйелерінің жабдықтары мен құбырларында суық ысырабының жол берілетін шамасы қандай? ([57] 10.4-т.)

    1. 1.10%;

    2. 2.5%;

    3. 3.15;

    4. 4.20.

    5. Нормаланбайлы






Баспалдақ торларында, оның ішінде түтінденбейтін баспалдақ торларында, қабырға жазығынан шығыңқы жылыту аспаптарын қандай биіктікке орнатуға жол берілмейді? ([57] 7.5.15-т.)

    1. Шығыңқылықтар мен баспалдақ алаңдарының беттерінен 2,2 м кем биіктікте;

    2. Шығыңқылықтар мен баспалдақ алаңдарының беттерінен 1,8 м кем биіктікте;

    3. Шығыңқылықтар мен баспалдақ алаңдарының беттерінен 2,5 м кем биіктікте;

    4. Шығыңқылықтар мен баспалдақ алаңдарының беттерінен 2,8 м кем биіктікте;

    5. Шығыңқылықтар мен баспалдақ алаңдарының беттерінен 3 м кем биіктікте.






Пластмасс құбырларының гидравликалық сынақтары қысымды талап етілетін шамаға дейін кемінде 30 минут ішінде көтеруді көздеуге тиіс. Құбыр сынаққа шыдаған деп есептеледі, егер ондағы қысым кейінгі 30 минут ішінде 0,06 МПа-дан аспай төмендесе және одан әрі қысым 2 сағат ішінде ... аспай төмендесе:([57].7.4.24-т)

    1. 0,02 МПа.

    2. 0,04 МПа.

    3. 0,06 МПа.

    4. 0,08 МПа.

    5. 0,03МПа.






Газ құбырларын елді мекендерде тарту кезінде құбырдың не футлярдың үстіне дейінгі орынның ең аз тереңдігі қанша? ([58] 5.2.1-т.)

    1. Кемінде 0,8 м;

    2. Кемінде 0,6 м;

    3. Кемінде 2,1 м;

    4. Топыраққа нөлдік температураның өту тереңдігінен кем емес;

    5. Газ құбырларын орнату тереңдігі шектелмейді






Жерүсті газ құбырын қандай биіктікте тарту қабылдануы тиіс?([58] 5.3.4-т.)

    1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарың бас жоспарларына қолданылатын құрылыс нормаларын талаптарына

    2. Газ құбырларын тартуға техникалық шарттарға сәйкес;

    3. Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік қағидалары талаптарына сәйкес;

    4. Өрке қарсы күрес қағидалары талаптарына сәйкес;

    5. ЭОҚ талаптарына сәйкес






Тұрғын, әкімшілік, қоғамдық, өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды газбен жабдықтау көздері ретінде қызмет ететін СКГ баллон құрылғылары жұмыстың қандай түрлеріне бөлінеді? ([58] 8.2.1-т.)

    1. Құрамында екі баллоннан артық болатын топтық не жеке,

    2. Құрамында 5 не одан астам баллон болатын топтық не жеке,

    3. Құрамы 5 баллоннан аспайтын жеке,

    4. Құрамында үш баллоннан артық болатын топтық не жеке,

    5. Құрамын үш баллоннан аспайтын жеке .






Жанғыш материалдардан салынған жүргіншілер және автомобиль көпірлері бойынша жіксіз не дәнекерленген құбырлардан газ құбырларын салуға жол беріле ме? ([58] 5.3.5-т.)

    1. Жол берілмейді;

    2. 0,6 МПа дейінгі қысымдағы газ құбырларын жіксіз не электрмен дәнекерленген құбырларды тартуға жол беріледі;

    3. Қысымы 0,6 МПа асатын газ құбырларын тартуға жол беріледі

    4. Қысымы 0,6 МПа асатын газ құбырларын тартуға жол берілмейді

    5. Қысымы 1,6 Мпа асатын газ құбырларын тартуға жол берілмейді






Әркелкі ісіну дәрежесіндегі топырақтарда, сондай-ақ үйме топырақтарда газ құбырларын салу тереңдігі құбырдың үстіне дейін кемінде 0,9, бірақ 1,0 кем емес нормативтік қату тереңдігі алынуға тиіс. Біркелкі ісіну дәрежесіндегі топырақта газ құбырын салу тереңдігі құбырдың үстіне дейін қандай болуға тиіс?([58] 5.6.4-т.)

1. Біркелкі ісіну дәрежесіндегі топырақта газ құбырын салу тереңдігі құбырдың үстіне дейін болуға тиіс: (5.6.4-т.)

2. ортаісіну дәрежесіндегі топырақта 0,7, бірақ 0,9 кем емес нормативтік қату тереңдігі;

3. қатты және шектен тысісіну дәрежесіндегі топырақта 0,9, бірақ 1,5 кем емес нормативтік қату тереңдігі;

4. ортаісіну дәрежесіндегі топырақта 0,9, бірақ 1,5 кем емес нормативтік қату тереңдігі;

5. қатты және шектен тысісіну дәрежесіндегі топырақта 0,7, бірақ 0,9 кем емес нормативтік қату тереңдігі;






Жапсарлас салынған қазандықтар үшін қабылданған жалпы жылу қуаты қандай? ([59] 2.6-т.)

    1. Жапсарлас салынған қазандықтардың жылу қуаты шектелмейді

    2. 1,5 МВт аспайды;

    3. 3,0 МВт аспайды;

    4. 25 МВт аспайды;

    5. Басқа мақсаттағы ғимараттарға қазанды орнатуға жол берілмейді






Шаруашылық-ауыз су циркуляциялық қажеттіліктерге суды беретін сорғы қондырғыларын ... орнатқан жөн? ([60]; 6.2-т.)

1. жылу пунктерінің, бойлерлік және қазандық үй-жайларында

2. тұрғын пәтерлердің астынан

3. мектепке дейінгі мекемелердің балалар бөлмелерінің астынан

4. жалпы білім беретін мектептер сыныптарының астынан

5. аурухана және офистік үй-жайлардың






Іргетастарда және жертөле қабырғаларында құбырларды салу үшін құбыр мен құрылыс конструкцияларының арасында саңылауды қамтамасыз ететін тесіктерді көздеген жөн ([60]; 7.7-т.)

1. есепті шамадан1/3 және 0,2м

2. есепті шамадан 1/4 және 0,2м

3. есепті шамадан 1/35 және 0,15м

4. есепті шамадан 1/3 және 0,15м

5. есепті шамадан1/35 және 0,2м






Агрессивті және улы сарқынды суларды тасымалдайтын құбырларды еденнің астынан салуды қалай көздеген жөн ? ([60] 8.2.15-т.)

    1. Еденнің деңгейіне дейін шығарылған және алмалы тақталармен жабылған арналарда

    2. Еденде

    3. Гидрооқшаулау құрылғысы бар еденде

    4. Қыш тақтайшамен қаптамасы бар еденнің үстінде

    5. Металды футлярларда






Қандай технологиялық ерітінділерді кәрізге ағызуға жол берілмейді? ([60] 8.3.2-т.)

1. Технологиялық ерітінділерді, технологиялық резервуарларды тазарту кезінде ерітінділердің шөгінділерін, улы өнімдер мен реагенттерді

2. Технологиялық ерітінділерді, зертханада зарарсызданған улы өнімдер мен реагенттерді

3. Технологиялық ерітінділерді, жұқпалы ауруханалардың зарарсызданған сарқынды сулары

4. Технологиялық ерітінділерді, улы өнімдер мен реагенттерді, улы емес ластануларды

5. Технологиялық ерітінділерді, улы өнімдер мен реагенттерді құрамында жанатын сұйықтықтар жоқ өндірістік сарқынды суларды






Ішкі су ағар жүйелерінен суды қандай кәріз желісіне бұрған жөн? ([60] 8.4.3-т.)

1. Жаңбыр немесе қоғамдық кәріздің сыртқы желілеріне

2. Тұрмыстық кәрізге

3. Санитарлық құралдардың ішкі су ағар жүйелеріне

4. Тиісті негіздемесі болған кезде ластанбаған сулардың өндірістік кәріз жүйесіне

5. Тиісті негіздемесі болған кезде қайталама пайдаланылатын сарқынды сулардың өндірістік кәріз жүйесіне






Сарқынды суларды сыртқы кәріз желілеріне шығаратын тұрмыстық және өндірістік кәріз желілері тікқұбырлар арқылы желдетілуге тиіс, олардың сыртқа тартатын бөлігі ғимараттың шатыры немесе жиынтық желдетпе шахтасы арқылы жоғарыға шығады? ([60]; 8.2.17-т.)

1. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан - 3м

2. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан -2,5м

3. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан -2,7м

4. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,2, сырғымалы шатырдан -0,5 пайдаланылатын шатырдан -3,0м

5. Пайдаланылмайтын шатырдың жазықтығынан -0,3, сырғымалы шатырдан -0,4 пайдаланылатын шатырдан -3,0






Өзінің құрамында улы және тез шіритін ластанулары бар тұрмыстық және өндірістік суларды айдау үшін, сондай-ақ улы және жағымсыз иістерді, газдар мен буларды шығаратын суларды айдау үшін сорғылар мен қабылдау резервуарларын қай жерде орналастыруға жол беріледі? ([60] 8.3.7-т.)

1. жеке тұрған ғимаратта, жертөледе немесе оқшауланған үй-жайда

2. қоғамдық ғимаратта І қабаттың жылытылмайтын үй-жайында

3. сыртқы шығуға жеке есігі жоқ І қабаттың жылытылмайтын үй-жайында

4. жапсарлас салынған ғимаратта

5. кіріктіре салынған ғимаратта





Ішкі су ағар жүйелерінен суды қандай кәріз желісіне бұрған жөн? ([60]8.4.3-т.)

1. Жаңбыр немесе қоғамдық кәріздің сыртқы желілеріне

2. Тұрмыстық кәрізге

3. Санитарлық құралдардың ішкі су ағар жүйелеріне

4. Тиісті негіздемесі болған кезде ластанбаған сулардың өндірістік кәріз жүйесіне

5. Тиісті негіздемесі болған кезде қайталама пайдаланылатын сарқынды сулардың өндірістік кәріз жүйесіне






Өздігінен ағатын кәріз құбырларының гидравликалық есептеуі сарқынды сулардың қандай есептік шығысына жүргізіледі? ( [61], 5.8.1-т.)

    1. Сарқынды сулардың секундық ең көп есептік шығысына

    2. Сарқынды сулардың секундтық ең көп шығысына

    3. Сарқынды сулардың секундтық орташа шығысына

    4. Сарқынды сулардың сағаттық ең көп шығысына

    5. Сарқынды сулардың сағаттық орташа шығысына






Сарқынды суларды тереңдетіп тазарту үшін қандай құрылыстар қолданылады? ([61], 6.2.5-т.)

1. Сүзгілеуші құдықтар, жерасты сүзгілеу алқаптары, құмды-шиыршық тасты сүзгілер, сүзгілеу орлары

2. Биологиялық сүзгілер

3. Септиктер

4. Аэросүзгілер

5. Биологиялық тоғандар






Топырақ сулары болған кезде құдықтың түбі мен қабырғасын гидрооқшаулауды қандай биіктікке көздеу керек? ([61], 7.4.10-т.)

    1. Топырақ суларынан 0,5 м биік

    2. Құдық түбінен 0,6 м биік

    3. Топырақ сулары деңгейінен 0,4 м биік

    4. Құдық түбінен 1,3 м биік

    5. Құдық түбінен 0,7 м биік






Биосүзгілер үшін қандай жүктеу материалдары қолданылуы тиіс? ([61], 9.3.3.5-т.)

    1. Қиыршық тас, малта тас, керамзит, төзімділігін жоғалтпай 6˚С ден 30˚С дейінгі температураға төзуге қабілетті пластмассалар

    2. Құм, бор, жоңқа

    3. Құмайт, пластмассалар

    4. Саздақ, керамзит, пластмассалар

    5. Шиыршық тасты-құмды қоспа






Жерасты сүзгілеу алқаптары .......... қолданылуы тиіс? ([61], 9.3.11.1-т.)

    1. Құмды және құмайт топырақта

    2. Саздақта

    3. Шиыршық тасты топырақта

    4. Қиыршық тасты топырақта

    5. Ірі кесекті топырақта






Сарқынды суларды тереңдетіп тазарту үшін қандай құрылыстар қолданылады? ([61], 9.6.1.3-т.)

1. Түйіршікті тиеумен сүзгілер, торлы барабанды сүзгілер, биологиялық айдындар, сарқынды суларды ауамен қанықтыруға арналған құрылыстар

2. Септиктер

3. Жерасты сүзгілеу алаңдары

4. Биологиялық сүзгілер

5. Сүзгіден өткізетін құдықтар






Құрамында белсенді хлор бар реагенттерге ....... жатады? ([61], 9.7.3.2-т.)

    1. Хлорлы әктас, кальций және натрийгипохлориттері, сұйық хлор

    2. Хлорлы әктас, хлорлы темір, сұйық хлор

    3. Хлорлы әктас, аммиак, кальций және натрийгипохлориттері

    4. Хлорлы әктас, фтор, сұйық хлор, белсенді кремнеқышқылдар(АК)

    5. Хлорлы әктас, окись алюминий тотығы, сұйық хлор, озон






Тазарту құрылыстарының құрамында торларды қандай мақсаттар үшін көздеген жөн? ([61], 9.11.5.11-т)

1. Қалдықтарды ұстап қалу үшін

3. Құмды ұстау үшін

4. Ұнтақтарды ұстау үшін

5. Майларды ұстау үшін

6. Мұнай өнімдерін ұстау үшін






Сумен жабдықтаудың жаңа салынатын және реконструкцияланатын желілерін жобалау кезінде су жолдары желілері қайда өткізілуі тиіс? ([62], 4.1-т)

    1. Су тұтынушылар учаскелерінің тікелей шекараларына

    2. Су жинайтын колонкаларға

    3. Ғимараттарға өткізілген

    4. Өткізбестен сақиналанған

    5. Өрт гидранттарына






Елді мекен мен жарылыс өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша Г және Д санаттағы үй-жайлары бар отқа төзімділіктің І және ІІ дәрежесіндегі ғимараттар үшін өрт сөндірудің ұзақтығы қандай? ([83] «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», 77-т.)

    1. 3 және тиісінше 2 сағат

    2. Жоқ, 4 және тиісінше 3 сағат

    3. Жоқ, 2 және тиісінше 1 сағат

    4. Жоқ, 5 және тиісінше 3 сағат

    5. Жоқ, 6 және тиісінше 4 сағат






Ауызсу су құбырының сыртқы желісіндегі ең көп еркін қысым тұтынушыларда ..... аспауы тиіс ([62], 5.3.2-т.)

    1. 60 м

    2. 65 м

    3. 70 м

    4. 75 м

    5. 90 м






Сумен жабдықтаудың қандай сулары лайлығыаз және лайлығаорташа (болып (салмақталған заттардың көлемі бойынша мг/л) есептеледі? ([62], 9.9-т.)

    1. Лайығы аз – 50 мг/л дейін, лайлығыорташа– 50-250 г/л

    2. Лайығы аз –60 мг/л дейін, лайлығыорташа– 60-250 мг/л

    3. Лайығы аз – 55 мг/л дейін, лайлығыорташа– 55-255 мг/л

    4. Лайығы аз–10 мг/л дейін, лайлығыорташа– 100-300 мг/л

    5. Лайығы аз –80 мг/л дейін, лайлығыорташа– 80-300 мг/л






Су құбырларын 2 және 1 желімен салу кезінде жөндеу учаскелерінің қандай ұзындығын алған жөн? ([62], 11.10-т.)

    1. 5 км және 3 км

    2. 4 км және 4 км

    3. 6 км және 4 км

    4. 6 км және 3 км

    5. 5 км және 4 км






Суды басқа қажеттіліктерге ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндіру кезінде қысыммен су жеткізетін мұнарлардың бактарындағы судың өртке арналған көлемі қандай ұзақтыққа есептеледі? ([62], 12.1.5-т.)

1. ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндіру ұзақтығы 10 мин.

2. суды ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндіру ұзақтығы 10 мин.

3. суды орта мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндіру ұзақтығы 10 мин.

4. ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндіру ұзақтығы 20 мин.

5. ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндіру ұзақтығы 15 мин.






Су берумен қамтылуының ІІ санаттағы сумен жабдықтау жүйелері үшін жерүсті көздері айлық орташа шығысының қамтамасыз етілуі қанша болып қабылдануы тиіс?

([62], 6.7-т.)



    1. 90

    2. 96

    3. 83

    4. 99

    5. Регламенттелмейді






Құбырларды салудың нөлдік температурасы түбіне дейін санағанда нөлдік температураның топыраққа кіруінің есептік тереңдігінен ....м артық болуы тиіс ([62], 11.41-т.)

    1. 0,5

    2. 0,6

    3. 1

    4. 1,0

    5. 0,3






Су құбырлары құрылысы ғимараттары мен аумағында қоршау шегінде қысымдық және өздігімен-қысымдық құбырлар қандай материалдан қабылдануы тиіс? ([62], 15.11-т..)

    1. Болат

    2. Т/бетон

    3. Бетон

    4. Ағаш

    5. Шыны






Учаскелердегі ішкі есептік қысым қандай болғанда болат құбырлар қолданады? (МПа)? ([62], 11.21-т.)

    1. 1,5 астам

    2. 0,6 астам

    3. 1,0 астам

    4. 2,0 астам

    5. Жол берілмейді






Әрбір жөндеу учаскесінің қандай нүктелерінде шығару көзделуі тиіс? ([62], 11.14-т.)

    1. Төмендетілген

    2. Жоғарылатылған

    3. Кенттердің жанында

    4. Сорғы станциялары жанында

    5. Талаптар жоқ






Су жеткізгіштер мен су құбырлары желілері құбырларының диаметрін таңдауды қандай негізде жүргізген жөн? ([62], 11.45-т.).

    1. Техникалық-экономикалық есептеулер

    2. Жобалауға тапсырма

    3. Дауыс беру

    4. Ғылыми-техникалық кеңес хаттамлары

    5. Регламенттелмейді






Су алу құрылыстарын, су жеткізгіштерді, су дайындау станцияларын қандай есептік шығысқа есептеу қажет? ([62], 7.9-т.)

    1. Ең көп су тұтынудың тәуліктегі сағаттық орташа шығысы

    2. Ең көп су тұтынудың тәуліктегі сағаттық ең көп шығысы

    3. Орташа су тұтыну кезіндегі сағаттық орташа шығысы

    4. Орташа су тұтынудың тәуліктегі сағаттық орташа шығысы

    5. Регламенттелмейді






Ауыз су су құбырлары желілерін сапасы ауыз сулық емес су беретін желілермен біріктіруді жүргізуге жол беріле ме? ([62], 11.8-т.)

    1. Жол берілмейді.

    2. СЭҚ келісу бойынша

    3. Кері клапан арқылы

    4. Тапсырма бойынша

    5. Регламенттелмейді






Су құбырлары желілерінде гидранттар арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? ([62], 11.16-т.)

    1. 200 м артық емес

    2. Өрт қауіпсіздігін қадағалау органдарымен келісу бойынша

    3. 500 м дейін

    4. Тапсырма бойынша

    5. Регламенттелмейді






Судың өрт сөндіру көлемін ....... жағдайларда көзделуі керек ([62], 12.1.3-т.)

    1. Өрт сөндіру үшін қажет су көлемін тікелей сумен жабдықтау көзінен алу техникалық жағынан мүмкін болмағанда не экономикалық жағынан мақсатқа сай болмаған кезде

    2. Халық санына қарай

    3. Өрт қауіпсіздігін қадағалау органдарымен келісу бойынша

    4. Тапсырма бойынша

    5. Регламенттелмейді






Су берумен қамтылуының ІІ санаттағы сумен жабдықтау жүйелері үшін жерүсті көздері айлық орташа шығысының қамтамасыз етілуі қанша болып қабылдануы тиіс?

    1. 95

    2. 57

    3. 83

    4. 99

    5. Регламенттелмейді






Ішкі су құбыры жүйесін таңдау ....... байланысты жүргізілуі тиіс ҚНжЕ 4.01-41-2006, 4.2.1-т.)

    1. техникалық-экономикалық мақсатқа сай болуына, санитарлық-гигиеналық жәнеөртке қарсы талаптарға

    2. жобалауға тапсырмаға

    3. халық санына

    4. судың есептік шығысы мен өрт сөндірудің ұзақтығына

    5. регламенттелмейді






Желінің даму перспективасын есепке алумен, ККС 3 типті қарау құрылғысына енгізілетін құбырлар блогінің ең көп сыйымдылығы қанша? ([63] 6.4.14-т.)

    1. 6

    2. 4

    3. 8

    4. 10

    5. 2






Ғимараттар мен құрылыстардың автоматтыөрт сөндіру және дабыл беру жүйелерінің ПСД неге сәйкес әзірленеді? ([64] 4.17-т.)

    1. Барлық жауап дұрыс

    2. мемлекеттік нормаларға

    3. қағидаларға

    4. стандарттарға

    5. жобалауға тапсырмаға






Түтін жою және ауаны ұстау жүйелері жарақтандырылуы тиіс ([65] 5.11-т.):

1. автоматты және арақашықтықтан басқарумен қайталануы тиіс

2. автоматты

3. қолмен

4. арақашықтық

5. арақашықтық және түтін жою аймағынан қолмен басқарумен қайталануы тиіс






Электр қондырғыларын орнату қағидаларының қолдау саласы? ([66] 1-т.)

    1. Қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, реконструкциялау және пайдалану кезінде

    2. Қайта салынатын және реконструкцияланатын 500 кВ қоса алғанға дейінгі электр қондырғыларын жобалау кезінде

    3. Жарылыстан қорғай орындалған сыртта қолданылатын электр қондырғыларын пайдалану кезінде

    4. Жұмыс істейтін және резервтегі станциялық және шағын станциялық жабдықты жобалау кезінде

    5. Электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, тарататын және тұтынатын электр қондырғыларын пайдалану кезінде






«Жабық және ішкі электр қондырғылары» терминіне жататын электр қондырғылары? (2-3-т.)

    1. Оларды атмосфералық әсерлерден қорғайтын ғимараттардың ішіне орналастырылған

    2. Жабық үй-жайларда ғана қолдануға арналған

    3. Ғимараттың және құрылыстың ішіне орналастырылған, бірақ оларды атмосфералық әсерлерден қорғамайтын

    4. Ылғалдың түсуінен қорғайтын перделермен қорғалған

    5. Су өткізбейтін корпусы бар






Электрмен жабдықтау және электр қондырғыларын реконструкциялау жүйелерін жобалау кезінде, оқшауланған нейтралды, сондай-ақ доға сөндіруші реактор және резистор арқылы жерге қосылған нейтралды электр желілері кернеуінің қандай сыныбын көздеу керек? [66] (21-т.)

    1. 3-35кВ электр желілерін

    2. 1кВ дейінгі электр желілерін

    3. 110кВ, 220кВ және 500кВ кернеулі электр желілерін

    4. Мұндай Ржелілердің жұмысына жол берілмейді

    5. Пайдаланудағы барлық электр желілері






Коммерциялық есептеу аспаптарын қайда орнату қажет? (оның ішінде коммерциялық есептеу жүйелерінің құрамына кіретін)? (86-т)

    1. Электрмен жабдықтау ұйымының желісі және тұтынушы бөлімінің шекарасында және электр энергиясы нарық субъектілерінің электр энергиясын сатып алу – сату нүктелерінде

    2. Тікелей тұтынушыда және электр энергиясын нарық субъектілерінің электр энергиясын сатып алу- сату нүктелерінде

    3. Желі бөлімі шекарасында электрмен жабдықтау ұйымдары

    4. Электр энергиясын сатып алу-сату нүктелерінде

    5. Электр станциялары мен шағын станциялардың бұрылып кететін желілерінің нүктелерінде






Оқшауланған бейтарап деп не аталады? ([66] 2-33-т.)

    1. Жерге қосылған қондырғыға жалғанбаған немесе оған дабыл, өлшем, қорғау құралдары және көп кедергісі бар осыған ұқсас қондырғы арқылы жалғанған трансформатор немесе генератор бейтарабы;

    2. Жерге қосылған қондырғыға тікелей немесе аз кедергі арқылы (мысалы, ток трансформаторлары арқылы) жалғанған трансформатор немесе генератор бейтарабы;

    3. Жерге қосылған қондырғыға жалғанбаған немесе оған доға сөндіру реакторы арқылы жалғанған трансформатор немесе генератор бейтарабы;

    4. Жерге қосылған қондырғыға жалғанбаған трансформатор немесе генератор бейтарабы;

    5. Дабыл, өлшем, қорғау құралдары және көп кедергісі бар осыған ұқсас қондырғы арқылы жалғанған трансформатор немесе генератор бейтарабы.






Қорғаушы жерге қосылған өткізгіш деп ............ аталады: ([66] 2-43-т.)

    1. Қорғау үшін жерге қосуға арналған қорғаушы өткізгіш

    2. Әлеуеттерді қорғау теңестіруге арналған қорғаушы өткізгіш

    3. Электр қауіпсіздігі мақсаттарына арналған өткізгіш

    4. Электр қондырғысының жұмыс істеу процесінде жұмыс кернеуінде болатын электр өткізгіш бөлігі

    5. Электр жабдығының металл корпусын нөлдендіруге және жерге қосуға арналған өткізгіш.






Жылжымалы электр қондырғыларын стационарлық электр желісінен қоректендіру кезінде нөлдік жұмыс және қорғаныш өткізгіштерін бөлу, әдетте, қай жерде орындалады? ([66] 248-т.)

1. Қондырғыны қоректену көзіне қосу нүктесінде

2. Арнайы бөлу құралдың (коннектордың) көмегімен

3. Жылжымалы электр қондырғының ішінде

4. Бөлуге жол берілмейді

5. Электр қондырғыдан тыс кез келген нүктеде






ӘЖ автомобиль жолдарымен қиылысқан және жақындасқан кезде ЭЖ сымдарынан жол белгілеріне және олар ілінген тростарға дейін қашықтық кемінде ... болуға тиіс: ([66] 578-т.)

    1. 1

    2. 0,7 м

    3. Нормаланбайды

    4. 2 м

    5. 0,4 м






Тарату құрылғыларындағы және үй-жайлардағы кәбіл арналары мен екі қабатты едендер ... жабылуға тиіс (ҚР ЭОҚ 465-т. )

1. … алмалы жанбайтын тақталармен

2. … алмалы, перфорацияланған металды тілімшелермен

3. … диэлектрлік алмалы жабындымен

4. … потенциалдарды теңдестірудің жүйесіне қосылған алмалы, перфорацияланған металды тілімшелермен

5.… алмалы т/б тақталармен.






Үш фазалы ток көзінің 660,380 және 220 В не бір фазалы ток көзінің 380,220 және 127 В желілік кернеулері үшін әрбір ӘЖ нөлдік жұмыс сымының барлық қайталанған жерге қосылулары үшін жерге қосқыштардың (оның ішінде табиғи) жалпы кедергісінің шамасы жылдың кез келген мезгілінде қандай болуы керек? ([66] 198-т.)

    1. 5, 10 және тиісінше 20 Ом аспайтын

    2. 50, 100 және тиісінше 200 Ом аспайтын

    3. Кернеудің барлық сыныптары үшін кемінде 20 Ом

    4. Кернеудің барлық сыныптары үшін кемінде 5 Ом

    5. 0,5, 1,0 және тиісінше 2 Ом






Диспетчерлендірудің автоматтандырылған жүйесі жабдығы әдетте, ..................орналастырылуы тиіс (3.02-10-2010 10.4.1-т.)

    1. …ғимараттың электр қалқаны үй-жайына

    2. …ғимараттың серверлік үй-жайына.

    3. …диспетчерлік үй-жайға .

    4. …күзет бөлмесіне.

    5. Барлық жауаптар дұрыс.






Қандай есептік жүктемеде пәтерге кіргізімде үш фазалы кіргізім қолдану ұсынылады? ([41] 11.5.1-т.)

1. 11 кВт артық

2. 15 кВт артық

3. 7,5 кВт артық

4. 9 кВт артық

5. 12 кВт артық






Ең алыс шамдарда кернеудің қандай есептік ауытқуы болуы керек? ([29]; 3.24-т.)

    1. Атаулы кернеудің 5% астам

    2. Атаулы кернеудің 7% астам

    3. Атаулы кернеудің 4% астам

    4. Атаулы кернеудің 2,5% астам

    5. Атаулы кернеудің 1%. астам






Көшелердің, жолдар мен алаңдардың сыртқы элекрмен жарықтандыруларын қосу және өшіру қажет болатын кездегі табиғи жарықтандыру мәнінің дұрыс нұсқасын таңдаңыз? ([29];2.15-т.)

    1. 20 лк төмен, 10 лк жоғары

    2. 25 лк төмен, 15 лк жоғары

    3. 15 лк төмен, 5 лк жоғары

    4. 30 лк төмен, 20 лк жоғары

    5. 23 лк төмен, 8 лк жоғары






Көліктік тоннелдерде орналастырылатын шамдардың биіктігі кемінде... болуы тиіс ([68] И қосымшасы):

    1. 4 м

    2. 5 м

    3. 3 м

    4. 1,8 м

    5. 2,8 м






Кіре берістердің өртке қарсы су көздеріне орташа көлденең жарықтандырылу шамасы ([68] К қосымшасы):

    1. 2 лк

    2. 4 лк

    3. 10 лк

    4. 20 лк

    5. 5 лк






Типтік ғимараттарда электр плиталары пәтерлер үшін кВт есептік перспективасына тұрмыстық техниканың орташаландырылған жиынтық қуатының дұрыс мәнін көрсетіңіз

    1. 32,6кВт

    2. 34,2кВт

    3. 30кВт

    4. 14,8кВт

    5. 23кВт


жүктеу 20,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау