Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



жүктеу 20,96 Mb.
бет19/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56

3.5. Инженерлік желілер мен жүйелер

3.5.1. 1-нұсқа
3.5.1.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Мердігерлік шарт бойынша жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупін кім көтереді? ([1], 652-баптың 3-тармағы)

  1. мердігер;

  2. тапсырыс беруші;

  3. қосалқы мердігер;

  4. жергілікті атқарушы орган (әкімдік);

  5. тапсырыс беруші және мердігер тең.


2 сұрақ

Мердігерлік құрылыс шарты бойынша егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемiнде .............. ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы([1], 655-баптың 2-тармағы):



  1. он процентке асып кетсе;

  2. жиырма процентке асып кетсе;

  3. отыз процентке асып кетсе;

  4. қырық процентке асып кетсе;

  5. елу процентке асып кетсе.


3 сұрақ

Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер  адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, жазаланады([2], 278 баптың 2-бөлімі):

1) белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырмен;

2) екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен;

3) мүлкін тәркілеумен сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен;

4) төрт жүз айлық көрсеткішке дейін айыппұл салумен не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына;



5) бес жылға дейінг мерзімге бас бостандығын шектеумен.
4 сұрақ

Әкімшілік жазаға қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару, қолдану шағын кәсіпкерлік субъектілеріне......мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады([3], 312-баптың 2-бөлімі):

1) сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш;

2) екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш;



3) үш жүз айлық есептік көрсеткіш;

4) бес жүз айлық есептік көрсеткіш;

5) алты жүз айлық есептік көрсеткіш.
5 сұрақ

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес«Рұқсат» ұғымына анықтама беріңіз ([4], 1-баптың 15) тармақшасы):



  1. рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;

  2. рұқсат беру органдары лицензиялау арқылы жүзеге асыратын, жекетұлғаның әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;

  3. рұқсат беру органдары рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыруға құқығын растау;

  4. лицензия түрлерінің бірі;

  5. рұқсат беру органдарымен қызметтіжүзеге асыруды келісу рәсімі.

6 сұрақ

Инженерлiк және көлік инфрақұрылымдары объектiлерiнiң аумағын абаттандыру мен күтiп ұстау жөніндегi мiндеттер жүктеледі ([5], 52-баптың 2-тармағы):


  1. объектiлердiң меншiк иелерiне;

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметіне;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;

  4. жергілікті атқарушы органға;

  5. жергілікті өкілетті органға.

7 сұрақ

Қазақстан Республикасының аумағына және жекелеген аймақтарға өндiргiш күштердi жайластыру мен орналастыруды кеңiстiкте ұйымдастыру, қонысаралық аумақтарды игеру мен жайғастыру, елдi мекендердiң, аумақтарын немесе елдi мекеннiң жекелеген бөлiктерiн дамыту мен оған құрылыс салуды, олар әсер ететiн аймақтарды қоса алғанда, жоспарлау кешендi түрде ............... негiзiнде жүзеге асырылады ([5], 61-баптың 1-тармағы):


  1. қала құрылысыжобаларының;

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының;

  3. жобалау-сметалық құжаттамасының;

  4. жоба нобайының;

  5. жергілікті атқарушы орган шешімінің.

8 сұрақ

Үш жыл бойы практикалық сараптама қызметімен айналыспаған аттестатталғансарапшы ([5], 64-6-баптың 2-тармағы):


  1. қайта аттестаттаудан өткеннен кейін ғана сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберіледі;

  2. қайта аттестаттаудан өтусіз сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберіледі;

  3. сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберілмейді;

  4. сараптама қызметін жүзеге асыруғасәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оң қорытындысы болған жағдайда ғана жіберіледі;

  5. сараптама қызметін жүзеге асыруға ешқандай жағдайларда жіберілмейді.

9 сұрақ

Жекелеген өңірлердің(облыстардың және оның қандай да бір бөлігінің) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, абаттандыру, құрылыс салу) .............негiзiнде жүзеге асырылады([5], 44-баптың 1-тармағы):


  1. аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасының;

  2. халықаралық шарттың;

  3. Қазақстан Республикасы Заңының;

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының;

  5. Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының

10 сұрақ

Бас жоспарда белгіленеді: ([5], 47-баптың 3-тармағы):


  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжаныпотырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, елдiмекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары; 

  3. осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу; 

  4. елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы; 

  5. жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар.

11 сұрақ

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары лауазымдардыңтізбесі мен оларды анықтау әдістемесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге асыру тетігін айқындайды ([6], 8-баптың 3-тармағы):


  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  2. Қазақстан Республикасының Президенті;

  3. Қазақстан Республикасының Парламентомі;

  4. Уәкілетті мемлекеттік сыбайлықпен күресу органы;

  5. Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы.

12 сұрақ

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бассхеманың құрамында белгілейді ([7], 9-тармақ):


  1. Бас схеманыңНегізгі ережелерін;

  2. кіші схемаларды;

  3. аумақтық схемаларды;

  4. өңірлік схемаларды;

  5. елді мекендер схемаларын.

13 сұрақ

Әрбір аумақтық деңгейдегі Қала құрылысы кадастрының дерекқорын қалыптастыру(жүргізу) үшін негіз болатын құжаттардың (құжаттар үлгілерінің) тізбесіне мынадайқұжаттар кіреді([9], 7-тармақтың 4) тармақшасы):


  1. тиісті уәкілетті органдардың ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру және мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қою жөніндегі шешімдері;

  2. жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын құжаттар;

  3. кондоминиум объектісінінің ортақ мүлкіндегі үлес мөлшері туралы құжаттар;

  4. ипотекалық куәлік;

  5. жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарты.

14 сұрақ

Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамажобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу барысында оны тек қана .......жүзеге асырылады([11], 4-тармақша):


  1. бір сатылық жобалау кезінде(«жұмыс жобасы» - ЖЖ);

  2. құрылыстың барлық сатыларында;

  3. құрылыстың соңғы сатысында;

  4. жобалау-сметалық құжаттамаменқұрылыс процесі басталғанға дейін барлық сатылар бойынша;

  5. құрылыс аяқталғаннан кейін.

15 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде сарапшының не ұйымның функцияларына жатады ([10], 6-тармақтың 12) тармақшасы):

1) мердiгердiң уақытша ғимараттары мен құрылыстарын, қойма шаруашылығын және шағын механизация құралдарын олардың мердiгерлiк жоба мен шарт ережелерi мен талаптарына сәйкестiгiн тексеру және бағалау;

2) тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

3) атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

4) құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жою;

5) мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз ету.


3.5.1.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар




Жылуды тұтынушылардың қайсы жылумен жабдықтау сенімділігі бойынша 1-санатқа жатады? ([27]; 4.2-т.)

    1. Жылудың есептік көлемін беруде үзіліске және үй-жайларда ауа температурасының нормаланатын көрсеткіштерден төмендеуіне жол бермейтін тұтынушылар

    2. Авария кезеңінде жылытылатын үй-жайларда температураның төмендеуіне жол беретін, бірақ 54 сағ. асырмайтын тұтынушылар

    3. 12˚С дейінгі тұрғын ғимараттар

    4. 12˚С дейінгі қоғамдық ғимараттар

    5. 8˚С дейінгі өндірістік ғимараттар






Судың нақты көлемі бойынша деректер болмаған кезде жылумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемін қаншаға тең етіп қабылдауға жол беріледі? ([27]; 6.18-т.)

    1. Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде 1МВт есептік жылу жүктемесіне 65м3, ашық жүйе кезінде 1 МВт - 70м3

    2. 1МВт - 70м3 және сәйкесінше1МВт - 75м3

    3. 1МВт-65м3 және сәйкесінше 1 МВт- 75м3

    4. Ашық және жабық жүйе кезінде 1МВт - 70м3

    5. Ашық және жабық жүйе кезінде 1МВт -65м3






Жылу желілерінің құбырлы үшін қандай құбырлар көзделеді? ([27]; 10.2-т.)

    1. Судың температурасы 150ºС дейін және қысым 1,6 МПа дейін болған кезде электрмен дәнекерленген болат, жіксіз болат, ВЧШГ құбырлары

    2. Судың температурасы 150ºС дейін және қысым 1,6 МПа дейін болған кезде электрмен дәнекерленген болат, болат сугазқұбырлары, В4ШГ құбырлары

    3. Электрмен дәнекерленген болат, жіксіз болат, қысымдық шойын

    4. Электрмен дәнекерленген болат, жіксіз болат, мыс жезді

    5. Электрмен дәнекерленген болат, жіксіз болат, мыс, полиэтилен






Жерастытарту кезінде жылу желілерімен қиылысу орындарында газ құбырларының қалай өтуіне жол берілмейді? ([27]; 9.14-т.)

1. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, өтуге болмайтын арналар мен тоннелдер арқылы

2. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, биіктігі 48 м болатын өтуге болмайтын арналар мен тоннелдер арқылы

3. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, биіктігі 1,5 м болатын өтуге болмайтын арналар мен тоннелдер арқылы

4. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, өтуге болмайтын арналар, жылу желілері құбырларының суын жіберуге арналған қондырғы арқылы

5. Камераларалардың құрылыс конструкциялары, өтуге болмайтын арналар, өтуге болатын арналар, жылу желілерінің ілеспе құрғатуы арқылы






Сыртқы ауа температурасының есептік температурасы -30°С төмен аудандарда жылу пунктері мен ыстық сумен жабдықтау желілерін қоспағанда, жылу желілерінің құбырлары үшін қандай материалдардан арматураны қолдануға жол берілмейді? ([27]; 10.9-т.)

    1. тағалған шойыннан

    2. сұр шойын мен қоладан

    3. тағалған шойын мен қоладан

    4. сұр шойын мен жезден

    5. тағалған шойын мен жезден






Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінде тұтынушылардан желі суын тікелей таратуға жол беріле ме? ([27], 6.7-т.)

    1. Жол берілмейді

    2. Су тарату желісінде су өлшегіштер орнатылған кезде жол беріледі

    3. Жергілікті атқарушы органның рұқсаты болған кезде жол беріледі

    4. Монополияға қарсы комитеттің рұқсаты болған кезде жол беріледі

    5. Жол беріледі






Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін техникалық суды қолдануға жол беріле ме? ([27]; 6.15-т.)

    1. судың термиялық деаэрациясы болған кезде жол беріледі;

    2. СЭҚ органдарының рұқсаты болған кезде жол беріледі;

    3. Жылу желілерінде техникалық суды қолдануға жол берілмейді;

    4. Тұтынушыларда ауыз су болмаған кезде жол беріледі

    5. Жылу желілерін жыл сайын зертханалық тексеру кезінде жол беріледі






Су жылу желілері үшін есептік гидравликалық режим қалай анықталады? ([27]; 8.2-т.)

    1. Желілік судың есептік шығысы бойынша.

    2. Желілік судың есептік температурасы бойынша;

    3. Сыртқы ауаның есептік температурасы бойынша;

    4. Беруші және кері қайтарушы құбырда желілік су температурасының арифметикалық әртүрлілігі бойынша

    5. Су жылу желілері үшін есептік гидравликалық режим айқындалмайды






Беруші және кері қайтарушы құбырларда тартып құю сорғыларына қысым айқындалады: ([27]; 8.12-т.)

    1. Құбырлардағы судың ең көп шығысы кезінде жабдықтарда және құбырларда гидравликалық ысыраптарды есепке алумен пьезометриялық графиктар бойынша

    2. Тартып құю сорығларынан кейін қысымның барлық сызықтық ысыраптарының жиынтығы ретінде

    3. Сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде гидравликалық есептеумен;

    4. Желілік сорғылар мен көздің жабдығы мен құбырлардағы қысым ысырабы тудыратын қысымның бір түрі ретінде;

    5. қысым манометрлері көмегімен






Жылу тұтынушылары сенімділігі бойынша қанша санатқа бөлінеді? ([27]; 4.2-т.)

    1. 3 санатқа;

    2. 2 санатқа;

    3. 4 санатқа;

    4. Санаттар санын пайдаланушы ұйым айқындайды;

    5. Жылу тұтынушылары сенімділігі бойынша санатқа бөлінбейді






Жылумен жабдықтаудың тәуелсіз жүйесі кезінде циркуляциялық сорғылар орнатылады: ([56]; 5.10-т.)

    1. Су қыздырғыштың алдына жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерінен кері қайтарушы құбырда.

    2. Су қыздырғыштан кейін беруші құбырда

    3. Су қыздырғыштардың сатылары арасына

    4. Жылу желілеріне қосудың тәуелсіз схемасы кезінде жылу пунктерінде циркуляциялық сорғылар орнатылмайды

    5. Орнату орнын энергиямен жабдықтау ұйымымен келісіп жобалау ұйымы анықтайды






Бір элеваторға бірнеше жылыту жүйесін қосуға жол беріле ме? ([56], 5.6-т.)

    1. Осы жүйелердің гидравликалық режимін үйлестіру кезінде жол беріледі.

    2. Жылумен жабдықтау ұйымымен келісілген кезде жол беріледі;

    3. Жол берілмейді;

    4. Осы желілерде жылу жеткізгіштің есептік шығысы бірдей болған кезде жол беріледі;

    5. Осы желілерде жылу жеткізгіштің температурасы бірдей болған кезде жол беріледі.






Арнасыз тарту кезінде диаметрі 400 м және одан кем жылуоқшауланған құбырларды оқшаулаудың сыртқы бетінен тұрғын және қоғамдық ғимараттардың іргетастарына дейінгі арақашықтық қандай болуы керек? ([55]; 4.10-т.)

    1. 5 м.

    2. 20 м.

    3. 10 м.

    4. Құбырдың 5 Ø .

    5. 1 м.






Ауа-жылу перделерімен берілетін ауамен жылыту жүйелерінде ауа температурасы қанша болып қабылдануы тиіс?([57] 6.11-т.)

    1. Сыртқы есік маңында 50 °С жоғары емес және сыртқы қақпалар мен ойықтар маңында 70 °С жоғары емес.

    2. Сыртқы есік маңында 55 °С жоғары емес және сыртқы қақпалар мен ойықтар маңында 70 °С жоғары емес.

    3. Сыртқы есік маңында 50 °С жоғары емес және сыртқы қақпалар мен ойықтар маңында 75 °С жоғары емес .

    4. Сыртқы есік маңында 55 °С жоғары емес және сыртқы қақпалар мен ойықтар маңында 75 °С жоғары емес .

    5. Сыртқы есік маңында 60 °С жоғары емес және сыртқы қақпалар мен ойықтар маңында 70 °С жоғары емес .






Қандай шарттар сақталған кезде ғимараттағы жылудың кез келген шығысы кезінде жеке жылу пунктерінде жылу жеткізгіштің өлшемдерін автоматты түрде реттеу көзделуітиіс? ([57] П7.1.3.)

    1. Полимер материалдан жасалған орталықтан сумен жылыту жүйелері бар ғимараттарда, бұл ретте жеткізгіштің температурасы 90º аспауы керек және қысым 1,0мПа аспауы керек

    2. Болат құбырлардан жылыту және жылу жеткізгіш температурасы 115ºСболған кезде

    3. Полимер материалдан жасалған құбырлармен жылыту кезінде және жылу жеткізгіш температурасы 115ºС болған кезде

    4. Полимер материалдан жасалған құбырлармен жылыту кезінде t 90º және қысым 1,2мПа болғанда

    5. Полимер материалдан жасалған құбырлармен жылыту кезінде, жылу жеткізгіш температурасы 95º және қысым 1 мПаt 90º болған кезде






Ең төменгі температура қанда болатын аудандарда жылыту жүйелерінің беруші және кері қайтарушы құбырларын ғимаратардың шатырына (жылы шатырлардан басқа) және желдетілетін еден астыларына орнатуға жол берілмейді?([57] 7.4.15-т.)

    1. -40ºС және одан төмен

    2. -35ºС

    3. -30ºС

    4. -38ºС

    5. -33ºС






Операция жасау орындарында және емдеу мақсатындағы басқа үй-жайларда сумен жылыту жүйелері үшін жылу жеткізгіштің ең көп температурасы қанша болып қабылдануы тиіс? ([57] 7.3.4-т.)

    1. 85ºС

    2. 90ºС

    3. 95ºС

    4. 100ºС

    5. 105ºС






Көрермендер залы мен мейрамханаларда жылыту жүйесі қандай жылу жеткізгіштермен қабылдануы тиіс?([57] 7.3.4-т.)

    1. Сумен, ауадан, электрмен

    2. Сумен, ауадан, электрмен, газбен

    3. Сумен, газбен

    4. Сумен, газбен, бумен

    5. Ауамен, сумен, бумен

    6. Сумен, ауамен, газбен






Кәсіпорынның табиғи желдетусіз өндірістік, зертханалық, қоймалық және тұрмыстық үй-жайлары (адамадар үнемі болатын) үшін жалпы ауыспалы желдетудің қандай жүйесі көзделуі тиіс?([57] 8.2.2-т.)

    1. 2 кірме ағындық 2 сыртқа тарту желдету әрқайсы талап етілетін ауа ауысуының 50% шығысымен

    2. 1 кірме ағындық 2 сыртқа тарту желдету әрқайсы талап етілетін ауа ауысуының 50% шығысымен

    3. 2 кірме ағындық 1 сыртқа тарту желдету әрқайсы талап етілетін ауа ауысуының 50% шығысымен

    4. 2 кірме ағындық 2 сыртқа тарту желдету әрқайсы талап етілетін ауа ауысуының 100% шығысымен

    5. 1 кірме ағындық 1 сыртқа тарту желдету әрқайсы талап етілетін ауа ауысуының 100% шығысымен






Дыбыстың жол берілетін эквиваленттік деңгейіне қарай үй-жайдағы сумен жылыту жүйелері құбырларында жылу жеткізгіштің қозғалысы үшін қандай жылдамдық қабылдануы тиіс?([57] 7.4.4-т.)

    1. 40 ДБА жоғары - 1,5 м/с асырмай қоғамдық ғимараттар мен үй-жайларда; 2 м/с асырмай–кәсіпорынның тұрмыстық ғимараттары мен үй-жайларында; 3,0 м/с асырмай өндірістік, зертханалық ғимараттарда

    2. 40 ДБА жоғары–2,0 м/с асырмай қоғамдық ғимараттар мен үй-жайларда; 2 м/с асырмай–кәсіпорынның тұрмыстық ғимараттары мен үй-жайларында; 3,0 м/с асырмай өндірістік, зертханалық ғимараттарда

    3. 40 ДБА жоғары – 1,5 м/с асырмай қоғамдық ғимараттар мен үй-жайларда; 2,5 м/с асырмай – кәсіпорынның тұрмыстық ғимараттары мен үй-жайларында; 3,0 м/с асырмай өндірістік, зертханалық ғимараттарда

    4. 40 ДБА жоғары – 1,5 м/с асырмай қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарда; 3,0 м/с асырмай өндірістік, зертханалық ғимараттарда

    5. 40 ДБА жоғары – 2,5 м/с асырмай қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарда; 3,0 м/с асырмай өндірістік, зертханалық ғимараттарда


жүктеу 20,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау