ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ЖАДНАМАСЫ
|
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті шет елдерінен келген студенттердің қош келуіне өз қуанышын білдіреді.
Бұл жаднаманы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлері Сіздерге кездесуі мүмкін деген қиындықтардың алдын алу мақсатында әзірледі. Біз Сіздердің университеттегі өміріңізді алғашқы күннен бастап біршама ыңғайлы ету үшін тырысамыз.
Құрметті ШҚМУ шетелдік талапкерлері / студенттері / магистранттары / тыңдаушылары / тағлымгерлері, бұл жаднамада біз Сіздерді «шетелдік студенттер» деп атайтын боламыз.
Бұл жаднама келесі ережелерді түсіндіру үшін ұсынылады:
- Жалпы ақпарат:
Қазақстан туралы
Өскемен қ. туралы
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ туралы
- ҚР шетелдік азаматтарына арналған заңнамаларынан:
ШҚМУ-ға шетелдік студенттердің келу ережелері;
ШҚМУ-дың шетелдік студенттерінің негізгі құқықтары мен міндеттері;
ШҚМУ-да сабақтардың өткізілу тәртібі;
ШҚМУ ғимараттарында және аумағында жүріп-тұру тәртібі.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Қазақстан туралы
Ресми атауы:
|
Қазақстан Республикасы
|
Елордасы:
|
Астана
|
Ресми тілдері:
|
Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
|
Орналасуы:
|
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда
|
Шекаралас мемлекеттер:
|
Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Иран
|
Халқы:
|
17 541 249 адам
|
Уақыт белдеулері:
|
UTC+5 және UTC+6
|
Әкішілік құрылымы:
|
14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ
|
Валютасы:
|
теңге
|
Өскемен қ. туралы
Орналасуы:
|
Қазақстанның шығыс аймағы
|
Құрылған жылы:
|
1720 жыл
|
Қалай жетуге болады:
|
ұшақпен, поезбен, автобуспен және автокөлікпен
|
Қала транспорты:
|
автобус, трамвай және маршруттық такси
|
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ туралы
Құрылған жылы:
|
1952 жылдың 5 шілдесінде Өскемен педагогикалық институты болып құрылды. 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді.
2003 жылдың қазанында ғалым, лингвист-түркітанушы Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді.
|
Студенттер саны:
|
3600
|
Оқытушылар саны:
|
330
|
Факультеттері:
|
экономика және құқық
жаратылыстану ғылымдары және технологиялар
тарих, филология және халықаралық қатынастар
психология, педагогика және мәдениет
|
Орналасуы:
|
Әкімшілік ғимарат – Қазақстан к., 55
|
Ғимарат:
|
7 оқу ғимараты, 4 Студенттер үйі, қонақүй, хауыз
|
МАҢЫЗДЫ!
Шетелдіктер Қазақстан Республикасында кейбір заңдар мен халықаралық келісімшарттарды есептемегенде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары мен халықаралық келісімшарттармен белгіленген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сонымен қоса, барлық міндеттерді орындауға тиіс («Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы (22.07.2011ж., 3 бап, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Қазақстан Республикасында шетелдіктер өкілетті және басқа да сайланатын мемлекеттік органдар мен қызметтерге сайлай және сайлана алмайды, сол сияқты республикалық референдумдарға қатыса алмайды («Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы (22.07.2011ж., 3 бап, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Білім алушының дәрежесін иеленген (студент / магистрант / стажер / докторант) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар оқу мен ғылымнан басқа кез келген қызмет түрімен айналыса алмайды. Шетелдік студенттерге университетте оқу барысында еңбек қызметімен айналысуға тыйым салынады.
КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ВИЗАСЫЗ КІРУ
1. Көші-қон картасы – ҚР-на келетін шетелдік азаматтар мен олардың ҚР-да уақытша болу мерзімі туралы мәліметтерден тұратын құжат. ҚР келген шетелдік азамат үшін виза алу талап етілмейтін жағдайда көші-қон картасы ҚР-на уақытша келу құқығын куәландыратын құжат болып табылады. Сонымен қоса көші-қон картасы шетелдік азаматтың ҚР-на уақытша келуін бақылау үшін қажет. Қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес, әрбір шетелдік азамат және азаматтығы жоқ адам ҚР-на кірген кезде көші-қон картасын алып, толтыруға міндетті. Көші-қон картасы шетелдік азаматтың өз қолымен түсінікті етіп қазақ және орыс тілдерінде, түзетілмей толтырылады. Егер шетелдік азамат қазақ немесе орыс тілдерін білмеген жағдайда, оның өзі туралы мәліметтерді латын әліпбиі әріптерімен төлқұжатта көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтыруға рұқсат етіледі. Шетелдік студенттер үшін келу мақсаты әрқашан «оқу» деп белгіленеді!
2. ҚР келген шетелдік азаматқа виза алу талап етілмейтін жағдайда уақытша келу мерзімі 90 тәуліктен аспайды. Егер шетелдік азамат оқуға келісімшартқа отыратын болған жағдайда, оның уақытша келу мерзімі оның жасаған келісімшартының мерзіміне дейін ұзартылады, бірақ, бір жылдан артық емес мерзімге. Бір жыл өткеннен соң, шетелдік азаматтар ҚР-нан шығуға, ал кейін жаңа көші-қон картасымен кіруге міндетті.
3. ҚР-на келген соң барлық шетелдік студенттер ҚР-на келген күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ШҚМУ халықаралық ынтымақтастық бөліміне келуге және төлқұжат, шекаралық бақылау ұйымының ҚР-на кіру туралы белгісі қойылған көші-қон картасын көрсетуге міндетті.
ҚР-сына ВИЗАМЕН КІРУ
ҚР-сына кіруге шақыру – шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасына кіруге арналған виза беру үшін негіздеме болып табылатын құжат. Шетелдік студенттер ҚР-на шетелдік мемлекет аумағында орналасқан ҚР-ның консульдік мекемелеріне шақыруды көрсету арқылы алған дағдылы оқу визасымен кіреді. Дағдылы оқу визасының жарамдылық мерзімі ҚР аумағында шақырушы жақтың өтініш хаты бойынша Көші-қон полиция бөлімшелері (КПБ) көп реттік визаны ресімдеу жолымен ұзартылады.
2. Көші-қон картасы– (жоғары қараңыз )
3. Шетелдік азаматтың ҚР-да уақытша тұрақтау мерзімі оған берілген визаның әрекет ету мерзімімен анықталады. Егер белгіленген мерзімде визаның әрекет ету мерзімі ұзартылмаса, шетелдік азамат өз визасының әрекет ету мерзімі аяқталғанда ҚР-нан кетуге міндетті.
4. ҚР-на келгеннен кейін барлық шетелдік студенттер ҚР-на келгеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ШҚМУ халықаралық бөліміне келіп, төлқұжатты, ҚР-на кіру туралы белгісі бар шекаралық бақылау органының миграциялық карточкасын, визаны әкелуі тиіс.
5. Виза – шетелдік азаматтың жеке басын куәландыратын құжат бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен ҚР-на кіруге берілетін рұқсат. Виза келесі мағлұматтарды қамтиды: тегі, аты (қазақ және латын әліпбиі әріптерімен жазылған), туған жылы, жынысы, азаматтығы (бір елдің құрамына тиістілігі), шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын төлқұжат нөмірі, визаның берілген күні, ҚР-да тұрақтауға рұқсат берілген мерзім, ҚР-на кіруге шақыру нөмірі, визаның әрекет ету мерзімі, сапар мақсаты, шақыртқан ұйым жайлы мәліметтер, визаның еселігі (яғни, бір мәрте, көп мәрте болуы).
Визаны рәсімдеу, әрекет ету мерзімін ұзарту немесе қалпына келтіру үшін шетелдік студент визаның әрекет ету мерзімінің аяқталуына 25 күн қалған уақыттан бұрын халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттарды өткізуі тиіс:
- Шетелдік төлқұжат және шетелдік азамат пен төлқұжаттың әрекет ету мерзімі жайлы мағлұматтар көрсетілген паспорт беттерінің көшірмелері, сондай-ақ, визаның көшірмесі. Шетелдік азамат көрсеткен төлқұжаттың шынайылығы мен оның иесіне қатыстылығы күмән тудырмауы тиіс, тиісті шетелдік мемлекеттің құзіретті билігі растамаған белгілер, ескертпелер, жазбалар, есептеулер және түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттер болмауы тиіс, визалар үшін кем дегенде екі таза беті болуы керек, оның әрекет ету мерзімі, әдетте, визаның әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі 6 айдан ерте бітпеуі қажет;
- Миграциялық карточка және оның көшірмесі;
- Мемлекеттік салықты төлегендігі туралы түбіртек;
- 3x4 см өлшеміндегі 4 фотосурет (күңгірт фотоқағаздағы ақ-қара немесе түрлі-түсті);
- қазақ диаспорасының өкілдері үшін «қазақ» ұлтына жататындығы жайлы анықтама.
ҚР ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ЖҮРГЕН УАҚЫТТА ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ БАРЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ МІНДЕТТІ:
1) МПБ-нің ҚР-да тұрақтауға рұқсат берілген бүкіл мезгіл ішінде миграциялық есепке кіргізу туралы белгісі бар ҚР-на келгені жайлы миграциялық карточканың бар болуына және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ҚР-на келу тәртібін тексеру кезінде ұлттық төлқұжат пен визаны және миграциялық карточканы көрсетуге.
2) нақты тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, жаңа ұлттық төлқұжат алғанда, шетелдік студент 3 жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы ШҚМУ-дың Халықаралық ынтымақтастық бөлімі қызметкерлеріне хабарлауға міндетті.
3) шетелдік азамат ұлттық төлқұжатты, көші-қон картасы жоғалған, бүлінген (жыртып алған) жағдайда құжаттың жоғалған сәтінен бастап 1 күн ішінде Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келуі қажет.
МАҢЫЗДЫ!
ҚР-нан шығар кезде (сонымен қоса демалысқа кетерде), сол сияқты Қазақстанның басқа қалаларына барғанда шетелдік студент халықаралық ынтымақтастық бөліміне кетуінен 3 күн бұрын жазбаша түрде өтініш жазып, хабарлауға міндетті. Сапардан қайтып оралған соң, келгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде көші-қон есебіне алу үшін КПБ-не қажетті құжаттарды әкелуге міндетті.
ҚР-на ҚР-ның белгіленген Мемлекеттік шекарасынан өту тәртібін бұзып келген, келген жеріне уақытында есепке тұрмаған, ҚР-да рұқсат етілген тұру мерзімі аяқталғанда ҚР-нан шығудан қашқақтаған, көші-қон есебін жүргізуде өзі туралы нақты емес немесе жалған мәліметтер берген заңсыз еңбек әрекетімен айналысатын шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 466 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 «ҚР-на шетелдіктердің кіру және тұру, сонымен қоса олардың ҚР-нан шығу ережелері» қаулысына сәйкес, ҚР-да заңсыз тұрады деп табылады және ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мұндай шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың жауапкершілігі ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен белгіленген.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқитын, ҚР-ның заңнамасына әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдік азамат өз тарапынан да, сол сияқты оны қабылдаушы жақ (университет) үшін де жауапқа тартылады.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ!
ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес бұл ережелерді бұзған үшін белгіленген:
Айыппұл 5 АЕК бастап 30 АЕК дейін
Депортация
Сондай-ақ, жолдан рұқсат етілмеген жерден өту де әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Жолдан бағдаршамның жасыл жарығы жанғанда өту қажет. Көшеде шекілдеуік шағуға және қоқыс тастауға болмайды.
Сонымен қоса, Сізге ҚР заңнамасының көші-қон саласындағы нормативтік құжаттарымен танысуға қатаң кеңес береміз:
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы (29.12.2014ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Заңы 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 (22.07.2011ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 «ҚР-на шетелдіктердің кіру және болу, сонымен қоса олардың ҚР-нан шығу ережелері» қаулысы, (29.04.2011 ж. № 466 қаулы негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Шетелдік талапкерлер үшін
ҚР-на ЖОО-ға түсу мақсатымен келген шетелдік азаматтар (ары қарай – шетелдік талапкерлер) түсу сынақтары кезеңінде (яғни, университетке түсу туралы бұйрық шыққанға дейін) университет тарапынан көші-қон есебіне алынбайды және өз беттерінше келген күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне өзінің 3 айға дейінгі мерзімге келуі және мекені (ОҚУ мақсатымен) туралы хабарлауға міндетті.
Визасыз байланыс елдерінен келетін шетелдік азаматтар (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина) ҚР-на қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін шетелдік ұлттық төлқұжатпен келеді. ҚР-ның мемлекеттік шекарасынан өткенде олар шекаралық бақылау штампысы қойылатын көші-қон картасын алып, толтырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ШҚМУ түсу сынақтарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасына келген шетелдік азаматтардың тіркелуі үшін жауапкершілік алмайды.
Түсу сынақтарынан сәтті өткен және университетке қабылданған шетелдік талапкерлер (Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде және университетке қабылдау туралы Бұйрық шыққан соң), ағымдағы жылдың 25 тамызынан ерте емес мерзімде нақты оқу үшін ҚР аумағына қайтадан кіреді.
Университетке қабылданған, түсу сынақтары аяқталған соң әртүрлі себептермен ҚР-нан шықпаған шетелдік талапкерлер тұру мерзімі аяқталған соң, келу мақсаты «ОҚУ» деп көрсетілсе, көші-қон есебіне университет желісі бойынша алынуы мүмкін, ХЫБ-не келесі құжаттарды өткізу қажет:
1. Визасыз байланыс елдерінің шетелдік студенттері:
- төлқұжат;
- көші-қон картасы;
- 3x4 өлшемді 3 фотосурет;
- ЖТИС орталығынан анықтама;
- флюорография (бірінші курс үшін У-086 формадағы медициналық анықтама)
Шетелдік студенттердің
НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Шетелдік студенттер құқылы:
- оқу үшін таңдап алынған білім беру бағдарламасы шеңберінде Университеттің оқу зертханаларын, ғылыми-техникалық кітапхананы, ақпараттық-есептеу орталығын, ақпараттық қорларды, спорттық ғимараттарды пайдалануға;
- ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуға, сараптамалық комиссиялармен келісілген өз жұмыстарын баспадан шығаруға, соның ішінде Университет басылымдарында да;
- спорттық секциялардың жұмысына, көркемөнерпаздар ұжымына, Университеттің студенттік жасақтарына қатысуға;
- демалыс уақыттарында отанына баруға, Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің визасы бар Қазақстанның басқа қалалары мен аудандарына өтініші бойынша баруға, оқу уақытында басқа жаққа шығу тек дәлелді себептермен ғана, ресми растайтын құжаттары болса ғана мүмкін;
- Қазақстан Республикасына визаны ресімдеу, кіру, тіркелу, тұру, қозғалу және шығумен байланысты барлық мәселелер бойынша Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөліміне келу қажет .
Шет мемлекеттің студенттері міндетті:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және салт-дәстүрлерін құрметтеуге;
Университет жарғысының талаптарын орындау, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Студенттер үйлерінде тұру ережелері мен басқа да нормативтік актілерді жүзеге асыруға;
Басшылықтың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға;
Медициналық полисінің болуы тиіс. Бұл полис ауырғанда және апат жағдайларында қаржыландырумен қамтамасыз етеді.
Қазақстан аумағына келгеннен кейін алғашқы кезінде 3 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрғылықты құқықтарды тіркеу үшін ұлттық құжаттарды тапсыру қажет, және де С.Аманжолов ШҚМУ халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарлау керек;
ұлттық паспортының (құжатының) қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 6 айдан кем емес уақытта университетінің халықаралық ынтымақтастық бөліміне ұзарту, ауыстыру немесе өзгерістер енгізу үшін ұсынуға;
Қазақстан аумағында өзімен бірге үнемі құжат (паспорт), тіркеу куәлігі, студенттік билет немесе университетке оқуға түскені туралы анықтама болуы керек. Егер бұл құжаттардың біреуі әкімшілікке виза жасауға ұсынылған жағдайда құжаттардың көшірмесі болуы керек. Жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы полиция бөлімшесінің тексеруіне апарады.
төлқұжаттың немесе өзге де құжаттың жоғалуы жағдайында дереу Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөліміне және Қазақстандағы өз елінің елшілігіне хабарлау қажет. Жаңа паспорты алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Университет халықаралық ынтымақтастық бөліміне тіркеу үшін ұсыну қажет.
Университетті бітіргеннен кейін немесе басқа да себептер бойынша оқудан шығудан кейін Қазақстан Республикасынан белгіленген мерзімде кету керек;
- Төмендегілер туралы тез арада ХЫБ жазбаша хабардар ету тиіс:
Қазақстанның басқа қалаларына кету;
мекен-жайының өзгеруі;
отбасы жағдайының өзгеруі (некеге тұру);
азаматтығын өзгерту;
тұруға рұқсат алу;
телефон нөмірін өзгерту.
Университетте оқу кезеңінде академиялық оқу үлгерімін орындамаған, университеттің жатақханасында ішкі ережелері мен нормаларды бұзған студенттер бұйрық шыққан күннен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.
Жазғы демалыс кезінде сабақтың басталуына дейін университетке келу мәселесін (25 тамызға дейін) Қазақстан Республикасының көші-қон қызметі қарастырады, және сол кезде студент университет тарапынан көші-қон тiркеуіне тіркелмейді, тек тәжірибе (практика) өткен жағдайда тіркеледі (студент тәжірибе туралы бұйрықтың көшірмесін ХЫБ ұсынады).
Білім туралы құжаттарды тану және олардың баламасын растау (білім құжаттарын нострификациялау) үшін шетел студенттері өздері немесе деканаттың көмегімен халықаралық ынтымақтастық бөлімі Білім және ғылым министрлігінің (Астана) Республикалық мемлекеттік кәсіпорын құқығындағы «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына» бірқатар құжаттар дайындайды. Білім туралы құжаттарды тану және растау үшін құжат қабылдау және беру жұмысы Білім және ғылым министрлігінің (Астана) Болон процесінің және академиялық ұтқырлық орталығы (ары қарай -Орталық) арқылы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі ХҚКО) арқылы - баламалы негізде жүзеге асады.
Шетелдік студенттер нострификациялау рәсімін Университетке келгенде бірінші семестрде өту қажет. (Жоғары оқу орындарына түсу үшін нұсқаулық ҚР БҒМ (жыл сайын жарияланады) нострификациялау үшін барлық қажетті құжаттарды шетелдік студенттер оқуға түскен жылдың 01 желтоқсанына дейін ХЫБ тапсырулары қажет.
білім беру бағдарламасын меңгеруге, оқу жоспарының немесе жеке оқу жоспарында белгіленген оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуға, жеке оқу жоспарын орындауға, сабақтарға өздігінен дайындалуға міндетті;
білім алушы сабақтан калса, үш күн ішінде деканатқа сабақтарды босатқан себептері туралы түсіндірме хат әкелуі қажет және де растайтын құжаттары болуы тиіс. Ауырған жағдайда сабақтан кетуі немесе босатуы бітірушінің тіркелген емхананың медициналық анықтамасымен немесе басқа медициналық мекеменің анықтамасымен расталады. Егер медициналық анықтама шет мемлекет аймағында берілсе, ол орыс тіліне аударылып, нотариалды расталған болуы керек. Отбасылық немесе басқа жағдайларда сабақтан кету және босату әкімшілікпен жеке қарастырылады;
Университет әкімшілігіне, оқытушылар мен қызметкерлерге, бір-біріне құрметпен қарау, білім беру үрдісіне кедергі келтірмеу, Университет ережелері мен тәртібін бұзуды тоқтату мақсатында әкімшіліктің және де басқа қызметкерлердің құқылы талаптарын орындау;
моральдық, рухани және дене дамуы мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, денсаулықты сақтау және нығайту үшін қамқорлық жасау;
білім беру қызметін жүзеге асыратын мекеменің меншігіне қамқорлық жасау;
өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, еңбек және гигиена талаптарын орындау;
Университеттің белгiленген ережелеріне сәйкес барлық білім беру және өндірістік нысандарды, буфет пен асханаларда тиісті тазалық пен тәртіп сақтау.
ОҚУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Университетте оқу сабақтары тиісті түрде бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
Білім алушыларға білім беру процесіне қатысы жоқ жұмыстарға байланысты сабақтан қалу (білім беру органдарының арнайы шешiмдерi мен нұсқаулары болмаса), сонымен қатар қоғамдық кездесулер, жиналыстар мен басқа да мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге, қатысуға тыйым салынады.
Академиялық сағат арасындағы үзілістердің және сабақтардың басталуы және аяқталуы ректордың бұйрығымен белгіленеді. Университетте академиялық сағаттың ұзақтығы - 45 минут.
Сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіру оқытушының рұқсатынсыз үзіліске дейін тыйым салынады.
Сабақ басталғаннан кейін оқытушы студенттердің сабақта болмағаны немесе кешігу себебі туралы ақпаратты факультет деканына береді.
Сабақ кезінде барлық білім беру және іргелес оқу орындарында тыныштық пен тәртіп сақталуы тиіс. Оқытушының рұқсатынсыз сабаққа кіруге, сабақтан шығуға, сабақты тоқтатуға болмайды.
Әрбір сабақ басталу алдында (және сабақтар арасында) дәрісханаларда, зертханаларда және кабинеттерде оқу-көмекші қызметкерлері қажетті оқу құралдары мен жабдықтарды дайындайды.
Дәрісханадағы тақтаны дайындау білім алушыға жүктеледі.
Оқу барысында әр курс акдемиялық топтарға бөлінеді. Академиялық топтың құрамын белгіленген тәртіп бойынша декан белгілейді.
Әр академиялық топтың старостасын декан тағайындайды, староста декан мен деканның орынбасарларына бағынады, академиялық топтың барлық нұсқауларды және бұйрықтарды орындауын қамтамасыз етеді.
УНИВЕРСИТЕТТІҢ АЙМАҒЫНДА ЖӘНЕ ІШІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
1. Университет оқу-тәрбие мекемесі болып табылады, қызметкерлер мен тәлім алушылар жоо міндеті мен функциясына сай киімдегі ұқыптылықты сақтауға тиіс.
Университет зайырлы білім мекемесі болып табылады, сондықтан қызметкерлер мен тәлім алушылардың өздерінің қандай да бір конфессияға қатыстылығын киім үлгісі немесе элементтері арқылы көрсетуіне рұқсат етілмейді.
Университет ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес (3-2 б.), саяси партиялар мен діни ұйымдардың ұйымдық құрылымын құруға және оның қызметіне тыйым салынатын білім мекемелерінің қатарына жатады, сондықтан қызметкерлер мен тәлім алушылардың саяси партиялар мен саяси қозғалыстардың қызметі мен бағдарламаларын насихаттауына рұқсат етілмейді.
Университеттің оқу ғимараттарында, жатақханаларында, бөлімшелерінде және территориясында шылым шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге, нашақорлық заттарды қолдануға, құмар ойындар ойнауға тыйым салынады.
Университеттің оқу ғимараттарында, жатақханаларында, бөлімшелерінде және территориясында қызметкерлер мен тәлім алушылар тазалықты сақтауға, Университет мүлкі мен жабдықтарына ұқыпты қарауға тиіс. Университет мүлкіне зиян келтіру фактісі анықталса, зиян келтірушілер оны қалпына келтіру шығындарын өтеуі тиіс.
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында Университеттің оқу ғимараттары мен жатақханаларында зақымданған электропроводтарды, токқа тікелей қосылатын және қыздырғыш элементтері бар тұрмыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.
7. Университет территориясы мен ғимараттарында тыйым салынады:
- сырт киіммен және бас киіммен жүруге;
- шулауға, сабақ уақытында дәлізде жүруге;
- арнайы белгіленген орындардан басқа барлық жерде шылым шегуге;
- алкогольді сусындарды, соның ішінде, сыра ішуге және әкелуге;
- нашақорлық заттарды тарату мен қолдануға;
- нашақорлық заттар мен алкогольдік ішімдіктер әсерінде жүруге;
- дөрекі сөз айтуға;
- карта және басқа да құмар ойындар ойнауға;
- Университеттің қабырғаларына, жиһаздарына және басқа да мүлкіне зақым келтіруге;
- арнайы белгіленген жерлерден басқа жерлерде тамақтануға;
- сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз бейне-, фототүсірілім, аудиожазба жасауға;
- сабақ кезінде ұялы телефондарды қолдануға.
8. Университет территориясына кіру ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес рұқсатнамалар, студенттік билеттер немесе емтихан кітапшалары бойынша жүзеге асады. Рұқсатнамаларды өзге тұлғаларға беруге тыйым салынады.
9. Университет территориясында барлық тәлім алушылар рұқсатнамалар мен студенттік билеттерін өздерімен алып жүруі және әкімшілік пен тиісті қызмет жұмысшыларының талабы ойынша белгіленген тәртіпте оларды көрсетуі тиіс.
10. Университеттің оқу ғимараттарының жұмыс уақыты 8.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген; кітапханалар мен оқу залдарының уақыты – жеке кесте бойынша.
Тұру тәртібін сақтау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Университет жатақханаларына кіру 22.00-ден кейін тоқтатылады.
11. Мейрамалды күндері мен жұмыс күні болып табылмайтын мейрам күндеріндегі Университеттің жұмыс істеу тәртібі мен рұқсатнамалық тәртіп Университет Бұйрығымен бекітіледі. Көрсетілмеген уақытта, сондай-ақ, демалыс және жұмыс күні болып табылмайтын мейрам күндері Университетке кіру ерекше жағдайларда Университет әкімшілігінің жазбаша түрдегі рұқсатымен жүзеге асады.
ТӘРТІПТІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Университет Жарғысының ережелерiн бұзғаны үшін белгіленген тәртіппен студенттерге мынадай тәртіптік әрекеттер қолданылуы мүмкін:
а) ескерту;
б) сөгіс;
с) университеттен шығару.
2. Студенттің құқық бұзушылығын анықтағаннан кейін әкімшіліктің талабы бойынша студент жазбаша түсініктеме беруі тиіс. Егер студент үш күн өткен соң түсініктемені әкелмеген жағдайда, әкімшілік тиісті акті жасайды.
3. Студенттің жазбаша түсініктемені беруден бас тартуы не жалтаруы, тәртіптік шаралар қолдану үшін кедергі болып табылмайды.
4. Университет аймағында қоғамдық тәртіпті бұзушылар университеттің әкімшілігінің ұсынысы бойынша, соттар немесе құқық қорғау органдары тарапынан белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе басқа сөгіс алуы мүмкін. Осы жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартылумен бірге тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
5. Университеттің ғимараттарын, жабдықтарын немесе басқа мүліктерін бүлдіру, жою, жоғалту, оларды дұрыс сақтау және пайдалану ережелерiн бұзғаны үшін студенттер және басқа да адамдар қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
*** Ескерту. Шетел студенттерінің факультет деканаттарына ұсынған өтініштерінде халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысының қолы болуы қажет.
ҚОСЫМША 1
Мемлекеттік тапсырыс негізінде шетел азаматтарына бөлінген квота бойынша ШҚМУ түсуге талапкерлер үшін
Құжаттар тізімі
Қосымша (бұйрықтар тізімі көрсетілген қосымша қағаз);
ШҚМУ ректоры атына өтініш;
Форма 53;
Талапкер сауалнамасы;
Орта білім беру аттестатының түпнұсқасы немесе техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі) оқу орнының тиісті дипломы;
Орта мектепті бітіру туралы анықтама;
«Қазақ» ұлтын дәлелдейтін анықтама;
6 дана 3х4 фотосурет;
Медициналық анықтама У-086 формасы;
Егу картасы;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ҚОСЫМША 2
Шетелдік студенттің жеке ісіне тіркелетін қажетті құжаттар тізімі
ЖСН көшірмесі (келісімшарт негізінде оқитын студенттер мен бірінші курс студенттерінде болмауы мүмкін);
Төлқұжаттың Қазақстан Республикасының нотариусымен куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған көшірмесі (1 дана жеке іс қағаздарына, 1 дана ЖСН алу үшін (алу қажеттілігі туындаса), 1 дана нострификациялау үшін (қажеттілік туындаса);
Талапкердің тестілеуден өту үшін төлеген ақысы туралы түбіртек (егер бар болса);
Қабылдау комиссиясының қызметтерін төлеу туралы түбіртек (егер бар болса);
Сертификат (егер бар болса);
Медициналық анықтама У-086 формасы (көші-қон полиция бөліміне көшірмесін жасау қажет);
Егу паспортының көшірмесі мен аудармасы (1 данасы жеке іс қағаздарына және 1 данасының көшірмесі медициналық пунктіге);
Талапкер жетім екендігін дәлелдейтін анықтама / әке-шешесінің өлімі туралы анықтама (егер бар болса),
Ұлтын – қазақ екенін растайтын анықтама (кімде бұрын студенттік виза болған жоқ, көші-қон полициясы бөліміне көшірмесін жасау қажет);
Грантқа ие болу сертификаты;
Аттестат / дипломның түпнұсқасы және қосымшалары;
Қазақстан Республикасының нотариусымен куәландырылған аттестат / дипломның түпнұсқасы және де қосымшаларының қазақ және орыс тілдеріне аудармалары мен көшірмелері (1 данасы жеке іс қағаздарына, 1 данасы нострификациялау үшін (қажеттілік туындаса);
Нострификациялау куәлігі (бар болса) немесе ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына құжаттардың ұсыналғаны туралы хаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариусы куәландырған оқу орнын бітіргені туралы анықтама (нострификациялау рәсімін өткізу үшін қажет);
Арнайы бланктағы Университетке қабылдау өтініші;
Шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініш (бар болса);
Талапкердің фотосуреті мен сауалнамасы (ХЫБ тапсырылады);
53 форма;
Қосымша;
Бұйрықтың көшірмесі;
3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;
Конверт;
«Жеке ісі» тезтікпе.
ҚОСЫМША 3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (Астана) Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына білім беру құжаттарын тануға өтініш беру үшін
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Білім беру құжатын тану үшін өтініш;
Білім беру құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін);
Білім беру құжаты қосымшасының түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін), келесі мәліметтермен: оқу пәндерінің тізімі, өткен пәндер мен тәжірибелер сағаттарының (кредиттер) көлемі, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарының қорытынды бағалары, білім беру процесінің басқа да компоненттері (бар болса);
білім беру құжаттары мен қосымшалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (білім беру құжаттары мен қосымшаларының мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармалары).
Мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалар Қазақстан Республикасындағы нотариуспен немесе құжат берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен куәландырылады.
Өтініш беруші білім беру құжаттары туралы апостильденген немесе заңдастырылған құжаттарды ұсынады, 2) және 3)тармақшаларында аталған, немесе білім беру және білім алу туралы құжатты алғанын растайтын оқу орнының мұрағат анықтамасын көрсетеді.
білім беру туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары үшін жеке куәлігінің немесе білім туралы құжат иесі паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармаларымен).
Білім туралы құжаттың иесі құжатты алғаннан кейін тегін, атын, әкесінің атын(егер болса) ауыстырған жағдайда мемлекеттік тіркеу жазба куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс, некеге тұру немесе ажырасу туралы акт жазбаларын көрсету қажет (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін).
білім беру құжатын берген оқу орнының лицензиясы және аккредиттеу туралы куәліктерінің көшірмесі (негізгі орта білім және орта білім туралы мемлекеттік құжаттарды қоспағанда) мекеменің мөрі қойылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармаларымен). Егер оқу орнының лицензиясы және аккредиттеу туралы куәліктері болмаған жағдайларда білім беру орны туралы ақпарат берілуі тиіс (сайтқа немесе басқа да көздерге сілтеме жасай отырып);
уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат - алушының өкілі;
төлеу туралы түбіртек;
пластик тезтікпе;
файл.
ҚОСЫМША 4
Халыққа қызмет көрсету орталығына білім туралы құжаттарды тану жайлы өтініш беру үшін қажетті
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1) білім туралы құжаттарды тану жайлы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқаны көшірмемен салыстыру үшін);
3) білім туралы құжаттың келесідей ақпараттары: оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен іс-тәжірибенің сағат көлемі (кредиттері), алған қорытынды бағалары, курстық және бітірушілік біліктілік жұмыстары, оқу үрдісінің басқа да құрамдары (болған жағдайда), қосымшасының түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқаны көшірмемен салыстыру үшін);
4) білім туралы құжат пен қосымшасының түпнұсқасы мен көшірмесінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (білім туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасымен).
Мемлекеттік және орыс тіліндегі аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасы аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ұйымдары іске асырады.
Өтініш иесі осы тармақтағы 2) және 3) тармақшадағы апостиль қойылған немесе заңдастырылған білім туралы құжаттарды әкеледі немесе оқу орнынан білім туралы құжатты алғаны және оқығаны туралы фактіні растайтын мұрағаттық анықтама қағазын көрсетеді.
5) Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтындар үшін жеке бас куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе білім туралы құжат иесінің төлқұжаты (мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасымен);
Егер білім туралы құжат иесі Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) оны алған соң өзгертсе, тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерту немесе неке туралы не некені бұзу туралы (түпнұсқаны көшірмемен салыстыру үшін) акт жазбаларын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін көрсетуі тиіс.
6) білім туралы құжатты берген оқу орнының лицензиясының және (немесе) аккредиттелгені жайлы куәлігінің оқу орнының мөрімен куәландырылған көшірмесі (негізгі жалпы білім мен жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардан басқа). Оқу орнының лицензиясының және (немесе) аккредиттелгені жайлы куәлігі болмаса, білім туралы құжатты берген (сайтқа немесе басқа көздерге сілтеме берілген) білім беру ұйымы туралы ақпараттың электронды (сканерленген) көшірмесін әкеліп көрсету қажет.
7) уәкілетті өкілдің (сәйкестендіру үшін) жеке бас куәландыратын құжат және алушының өкілі келген жағдайда - өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат;
8) төлем туралы түбіртек;
9) пластик тезтікпе;
10) файл.
1) – 8) тармақшалардағы құжаттардың электронды көшірмелерін Халыққа қызмет ету орталығының қызметкері өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күнінің ішінде Орталыққа жібереді.
ҚОСЫМША 5
Қазақстан Республикасымен өзара ұлттық төлқұжат бойынша визасыз жол жүру немесе біржақты тәртіппен визасыз кіру туралы келісімшартқа отырған елдер тізімі
Ел
|
Ұлттық төлқұжат
|
Визасыз тұру мерзімі
|
Әзербайжан
|
визасыз
|
30 күнге дейін
|
Аргентина
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Армения
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Беларусь
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Болгария
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Босния және Герцеговина
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Бразилия
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Ватикан
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Венгрия
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Вьетнам
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Германия
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Гонконг
|
визасыз
|
14 күнге дейін
|
Грузия
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Дания
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Египет
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Израиль
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Индия
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Индонезия
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Иордания
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Иран
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Испания
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Италия
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
ҚХР
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Кипр
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Корея
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Куба
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Қырғызстан
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Литва
|
виза
|
90 күнге дейін 6 ай бойында
|
Македония
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Малайзия
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Молдова
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Моңғолия
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Нидерланды
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
БАЭ
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Пәкістан
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Польша
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Португалия
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Ресей
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Румыния
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Сербия
|
визасыз
|
30 күнге дейін
|
Словак Республикасы
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Словения
|
виза
|
90 күнге дейін
|
АҚШ
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Тәжікстан
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Түркіменстан
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Түркия
|
визасыз
|
30 күнге дейін
|
Өзбекстан
|
визасыз
|
30 күнге дейін
|
Украина
|
визасыз
|
90 күнге дейін
|
Филиппин
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Финляндия
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Франция
|
визасыз
|
15 күнге дейін
|
Хорватия
|
виза
|
30 күнге дейін
|
Эстония
|
виза
|
90 күнге дейін
|
Жапония
|
виза
|
15 күнге дейін
|
Шетелдік студенттердің ҚР тұру ережелерімен таныстым
Мерзімі: «_____»_______________20____ ж.
Шетелдік студенттің қолы ___________________________________________
Тегі және аты-жөні_______________________________________________
Азаматтығы _______________________________________________________
Факультеті_________________________________________________________
Академиялық тобы ______________________________________________
Ұялы телефон нөмірі _________________________________________
Эл.мекенжайы ___________________________________________________
Біз туралы
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Әкімшілік ғимарат, 401каб.
Мекенжайы мен байланыс ақпараты: Біздің мекенжайымыз: Қазақстан көшесі, 55-үй, 070004, Өскемен қ.
Телефон: +7 (232) 24-16-97
Email: mezhdunar_otdel@mail.ru
Халық ынтымақтастық бөлімінін бастығы - Динара Сапарова
Халық ынтымақтастық бөлімінін инспекторы - Лтифат Жаныбекова
Достарыңызбен бөлісу: |