Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет76/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   245
null

«Пәтерімді көрдім: мәз емес, лас, са-
сық иісі де қолқаны атқандай екен, сөйтсем, жаз шық қалы 
терезесі ашылмапты. Әрине, тездетіп терезені алғыздым. Ескі 
иістен бір 
ша 
ма құтылған сияқтымын. Турасын айтқанда, 
Қызылордадағы бөлмеміз әлдеқайда тәу ір...» 
Сол жылы Таисия Алексеевна да Қызылордаға ауысып, Қа-
зақстан Халық шаруашылығы Кеңесінде (ҚЦСНХ) ашылған 
Геолком өкіл ді гіне орналасқан. Өкілдікте пәтер болмағандық-
тан, Алматыға көшкен жоқ. Ал Қызылорда – Жосалыға, де-
мек, Қарсақбайға да ұрымтал қала, айында бірнеше рет кезде-
суге болады. Әрі Қарсақбай мен Жосалының арасы биыл едәуір 
«қысқарды». Өйт кені мыс комбинаты кеңестік АМО-мен қоса, 
француздар Сахара шөлінде жүруге бейімдеп жасаған мықты 
автомобильдердің бірнешеуін сатып алған.
Институт бітіргеннен бері бірін-бірі сирек көріп, сарғайған 
сағыныштарын, көңіл дерін торлайтын өксіктерін хатпен білдіріп, 
тезірек жолығуға, мауықтары басылғанша қауышуға ынтық 
жастарға әрбір кездесу – кәдім гідей алданыш әрі ләззаты мол 
мерейлі қуаныш:
«Sauleм, бекерге қамықпа, әсіресе бір-бірімізден шалғай жүр-
генімізге, жақын арада тағы да бірге боламыз, тіпті ұзақ уақыт 
бірге тұратынымызға сенгейсің!
– деп қиылады Қаныш Иман-
тайұлы 19 маусымда Мәскеуден жолдаған хатында. 
– Қоштас қан 
кезде бетіңді жуған ыстық жас осы күнге дейін көз алдымда...» 
«Жосалыға келген соң қасыңда тағы бір кеш қалмағаныма 
қатты өкіндім. Ол кештер қандай тамаша еді?! Тамашалығында 
шәк жоқ. Қайтеміз енді, әредік емес, әрқашан бірге болатын күнге 
де жақындап келе жатқанымыз дәтке қуат. О, ол енді бас қаша 
өмір болмақ! Әлбетте, соны ыстықта қаталап келіп сімірген 
салқын қы 
мызға, болмаса түскі астан кейін аузы 
ңа түсер 
дәмді жүзімге теңеу керек. Қаншама қызықтар күтіп тұр бізді! 
Бимен толқып шыр көбелек айналар кештер де болады! Мұның 
бәрі алда және тек қана екеуіміз үшін. Жұмысты бірге істесек, 
шіркін, қандай тамаша болар еді!..» – 
деп те қиялдайды кей сәт 
құйқылжыған жас көңіл (15 тамыз, 1927, Жосалы).


186
Медеу СӘРСЕКЕ
Алайда отбасының іңкәр бақытына кенеліп, біріне-бірі қызыға 
қарап отыруға мұрша жоқ. Геолог жігітті қоғам алдындағы па-
рыз, әлеумет жүктеген зор міндеттер күтулі. Ұлан-байтақ қазақ 
жерінің төрттен біріне жуық атырабындағы барлауға жауапты бас 
маманның тікелей араласуын талап еткен жұмыстар қаншама.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, ... шілде, 1927 ж. 
«...Тименің сұраған тізбесін өзіммен әкелемін. Біздегі кен орын-
дарын бір жүйеге салып, реттемек болған талабыңа, жаным, 
табыс тілеймін... Семей және Ақмола губернияларын қамты-
ған топографиялық съемканың он шақырымдық өлшеммен 
түсірілген 18 планшетін, әт тең, бары сол болды, жуықта кез-
дейсоқ сатып алдым. Егер жағдайың келсе, мына шаруаларды 
істеп тастағаның жақсы болар еді: 1) Қазақстандағы барлық 
кеніштердің жүйеленген тізбе сін жасау (Тименің үлгісі бойын-
ша); 2) олар ды он шақырымдық картаға түсіру... Әри не, бұл 
жұмысты асығыс істеуге болмайды, болашақта өзіңе өте-мөте 
керек болатын дүние. Бұл үшін ЦСНХ мұрағатында ғы барлық 
материалдарды сүзіп шығу керек, ал өзге деректерді, оның ішінде 
баспадан шыққандарын, менде жинақталғандарын пайдалану – 
қолдағы шаруа деп есепте».
Қыста да жұмыс аз емес, ден қойып істер болса – бір басына 
жетіп жатыр. Бірақ жүріс-тұрысқа қолайлы жаз күнінің әрбір 
сағатын тиімді пайдаланғанға не жетсін!.. Сондықтан да ұзын бой-
лы, аққұба, бадырайған үлкен көздері шүңі ре й іп кісіге күлімсірей 
қараған, жақ сүйектері одырайып, ұрты түскен жарау жігітті 
үнемі жол үстінде көреміз. Мәскеуге қайтып келген еді, келесі 
айдың жиырмасыншы жаңасында келіншегіне ол 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау