Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет163/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   245
null

«1939 жылы Қазақстанға тұңғыш кел генімде көргеніммен 
салыстырсам 

 өзгерістер, шынында да, таңғаларлық. Сол кезде 
маған біреу алты жылдан соң фили ал осындай түбегейлі өзгеріске 
ұшырайды, керемет өседі десе 

 сенбеуім хақ...
Үшеудің орнына 

 78 ғылым докторы мен профессор! Он 
адамның ғана кіші ғы лыми атағы бар еді, ғылым канди дат тары 
енді жүзден астам, дені – жергілік ті ұлт өкілдері. Архиерейдің 
кеңсесіндегі жұпыны үйде филиал дың барлық сектор лары емін-
еркін сы йып отыратын еді, онда енді бір қана ГҒИ қалыпты. Ал 
өзге инсти туттар үлкен-үл кен алты ғимаратқа орналасқан. 


420
Медеу СӘРСЕКЕ
1939 жылы елу пайыз ғана орындалған зерт теу жоспары да 
ғылым ның түрлі саласына жік теліп, әр алуан іздеулермен ұш-
тасқан... Осы игіліктің басы-қасынан Қазақ респуб ли касының 
зерек те алғыр, аса ізетті бас шы ларын көремін. Бәрінен де бұрын 
әрқа шанда тыным көрмейтін, бірақ соншама парасатты Қаныш 
Имантайұлының кел бетті, жігерлі тұлғасын танимын...»
1946 жылдың бірінші маусымы, ертең гілік мезгіл. Қазақстан 
зиялыларының таң даулы өкілдері – ғалымдар мен әдебиет, көр-
кемөнер қайраткерлері, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 
озаттары, жетекші мамандары – Қарағанды мен Жезқазғанның, 
Ембі мен Кенді Алтайдың, Балқаштың жұ мыс шы делегацияла-
ры, Алматыдағы жо ға ры оқу орындарының оқытушылары, жа -
у ап ты партия қызметкерлері, Мәскеу мен Ленинградтан, Орта 
Азия республи ка лары нан келген ресми қонақтар Абай атындағы 
академиялық опера және балет театрының залына лық толған. 
Шынында да, бұл – қа зақ елінің рухани өмірінде бұрын-соңды 
бол ма ған ұлы оқиға! Қандай да зор мерекеден асып түскендей та-
рихи елеулі кезең!
Құрметті төрде республиканың үкімет пен партия басшылары, 
есімдері дүние жү зіне, Одаққа әйгілі академиктер, КазФАН-ның 
жетекші алқасы...
– Қымбатты жолдастар! Біз бүгін тарихи мәні зор, бәрімізді 
бірдей тебірентер оқиғаға куә болып отырмыз. Біз бүгін Қазақ 
Кеңес Социалистік Республикасы Ғылым академиясының шаңы-
рағын көтеру ге жинал дық... – деп бастады салтанатты мәжілісті 
әзірлік тобының жетекшісі Нұртас Дәнді байұлы Оңдасынов.
Одан соң мінберге Қазақстан КП(б) Орта лық Комитетінің хат-
шысы Мұхамеджан Әбдіқалықов шығып, Қазақ республика-
сының дербес ҒА-сын құру туралы тарихи қаулыны жария етті. 
Тағы бір үкімет мүшесі академияның алғашқы құрамын атады: 
респуб ликаның маңдайалды 30 ғалымы ғылым ордасының толық 
және корреспондент-мүшесі атаныпты.
Мерекелі жиынның төрағасы сөз кезегін КазФАН жетекшісі 
Қ.И. Сәтбаевқа ұсы на ды.
– Ғасырлар бойғы ұзақ тарихында қазақ халқы қилы заман-
дарды басынан кешті. Бағзы бір уақытта ол сәулетті шаһарға, 
сан алуан кәсіпке ие, Батыс пен Шығыс аралы ғында алыс-беріс 
жасаған іргелі ел еді. Қалалары да көздің жауын алардай тым 
әдемі: Тараз, Алмалы, Түркістан, Отырар, Сығанақ, Шаш... де-


421
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ген бейнелі аттарының өзі-ақ көп жайтты аңғартқандай; оларда 
білім ошақ тары өркен жайды, мешіт термен қоса ғылым сарайла-
рынан да кенде болған жоқ. Халқымыз өз еншісіне тиген ұшы-
қиырсыз кең даланы иемденіп, төрт түлік мал өсіріп, емін-еркін 
өмір сүрді. Сөйте жүріп, бүкіл адамзат өркениетінен өзіне лайық 
орынға ие болды, ілгері дамудан да кенже қалмады: бұған дәлелге 
аса құнарлы ән мен жыр қорын айтсақ та жеткілікті; ән ғана 
емес, күй де шығарды, батырлар жыры, халықтық эпос, аңыз-
дастандары, ертегі, жұмбақ-жаңылтпаштары қаншама; бізде 
фольклордың ал уан түрі қорланған; ең ғажа бы, осының бәрі бірді-
екілі жинаушының ұқыпты еңбегімен емес, ұрпақтан ұрпаққа ми-
рас еткен өнер иелерінің – ақын, жырау, әнші, күйші лер дің жады 
арқылы ХХ ғасырға жетіп отыр...
Енді сіздер күллі өмірі табиғат аясында, тіршілігі де өзін 
қоршаған жара ты лысқа бейімделіп, айналасындағы жан-жа н -
уар әлемі мен табиғи өсімдіктер дүниесіне жана судан қалыптас-
қан көшпелі жұрттың түйсік-түсі нігіне зер салып қараңыздар: 
қазақтың естияр қариялары тәптіштеп сұра саңыз – өсімдіктің 
мыңдаған түрін түстей ді, әрбірі нің атын ғана емес, пайда-залалын, 
шипалық қасиетін, қайда өсіп, қашан гүл деп иә сола тын мезгілін 
де ғылым иелерінше сипаттап бере алады; ғажап аңғарымпаздық 
емес пе?!.. Немесе біздің халықтың жер та ны ғыштық қабілетін 
алайық: әсіресе қай сыбір атау ларды, байырғы географ, геолог-
тарды таңғалдырып, ғылыми дәл және асқан көре ген дікпен атап, 
ой-қырын, келбет-түсін ғана емес, қойнындағы асыл қазынасын 
бейнелі сөзбен нұсқап беруі мені кен іздеу ші ретінде талай мәрте 
тәнті еткенін мойын дауға тиіс пін... Ал туған жұртымның мал 
бағу кәсібін, оның тұқымын жетілдіру, індет 
ке ұшыра 
ғанын 
емдеу тәсілдерін шұқшия зерттеген ғалым-зоотехник, ветери-
нар ма ман дар пайдалы үлгі-өнегеге жолығары сөз сіз. Сон дай-ақ 
біздің құсбегілердің қыран құсты қолға үйрету тәжірибесі, оның 
бап-күйін келтірудегі таңғаларлық әдіс тері. Атбегі қарттардың 
бәйге атын баптау өне гесі... Осының бәрі қазақ халқының аң-
ғарымпаздық қабілеті ғасыр лар көшінде үнемі өсуде болғанын, 
ұла 
ғатты тағылымдар жинақтағанын көрсетеді, демек, оның 
өткен тарихы нан, тұрмыс-тіршілігінен де ғылыми сұрып тау, зерт-
теу арқылы талай-талай тамаша өнеге, кәдеге асар игі істер табуға 
болады...
Қазақ халқы, Кеңес Одағындағы барлық ұлттар сияқты, өте 
қысқа мерзімде ға сырға пара-пар дамуға түсіп, қазірде өркениет-


422
Медеу СӘРСЕКЕ
тің алдыңғы шебіндегі жұрттармен теңелді. Соның арқасында 
бізде қазір ғылыми ұжымдардың іргесі қаланды, көркейген 
әдебиеті бар, барынша өркен жайған өнер ошақтары қаз тұрды. 
Кәсіби тірлігіміз де сан тарам өсіп, әр алуан шаруашылық пен 
өнеркәсіп түр лері қанат жайған, бағзы бір кезеңдерде құ рып кет-
кен, топырақ астында қалған білім сарайларының үстінен ғылым 
ордасын қай та көтеріп отыр.
...Әлбетте, алқалы топ алдында айтары мол, мәнді ойын нақты 
айғақ, биік мұраттармен, қажет жағдайда асқақ қиялмен де 
өрнектеп, тыңдаушы жұрттың құлақ құрышын қандыра білетін 
қайраткер жан бұл жолы да ежелгі қалыбынан жаңылған жоқ. 
Жатса-тұрса ойынан кетпей, күнді түнге жалғ ап, жарғақ құлағы 
жастыққа тимей, тынымсыз қам-қарекетке түсірген арман ісі жа-
йында, оның бүгінгі тынысы мен ертеңгі өрісі хақында, ту 
алыстағы көкжиегі мен қолсозым берідегі міндеттерін ғылымның 
сан-салалы жүйелері бойынша даралап та, сара лап та айтып берді. 
Осы жолда өзі кешкен көп бейнетінің төлеуіндей сол күні зор құр-
метке бөленіп, туған халқының күллі оқы мысты қауымының, 
рухани даму жо 
лын 
дағы елінің де атынан сөз ұстап, асқақ 
көңілі ерекше асқақтаған айшықты сәтті кешіп тұрса да, ежелгі 
кішіпейіл, мен демей тін қалпынан өзгерген жоқ, байсалды да па-
расатты әдебінде қалды. 
«Қазақстан ғылымының бүгінгі ахуалы мен келелі келешегі» 
деп атаған баяндамасын бір сағатқа жетер-жетпесте бітіріп, сарт-
сұрт қол соғып, қошемет білдіргендерге иіле ізет жасап, төралқа 
қатарындағы орнына бет алды. Дәмді сөздің тәттілігі мен сезімді 
қозғаған әсер-қуаты әлсіремей тұрғанда, дер кезінде бітіргені де 
ұтымды болды...
Әрине, ғылымның жаңа ордасын көтеру салтанаты, сол күнде-
гі әрбір жетістікті дабырлап өткізу дәстүріне орай, әлденеше 
сағатқа созылған. Мәскеу, Ленин 
град, одақтас республикалар 
астаналарынан арнайы келген ғылыми делегация бас 
шы 
лары 
мінбеге көтеріліп, тыңдаушы қауымды шексіз тәнті еткен жан 
тебірен терлік лебіз дер айтқан. Жас ғылым ордасына игі тілектер 
білдірген...
Мерекелі жиынның елеулі оқиғалары 3-7 мау 
сым күндері 
аралығында, үкімет үйінің мәжіліс залында шақырылған жас 
академияның ең алғашқы жалпы жиналысы мен тұңғыш ғылыми 
сессиясы үстінде бол ған. Сол жиынға қатысушылар Қазақ КСР 


423
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ҒА-ның ірге көтеруіне еңбек сіңіріп, жан-жақты ізденістер бас-
тауына септігі тиген орыс ілімінің С.И. Вавилов, И.П. Бардин, 
В.А. Об ручев пен И.И. Мещанинов сынды салауатты өкілдеріне 
ризалық білдіре оты рып, оларды өз құрамына бірауыздан құр-
метті мүше етіп сайлаған.
Бұдан әрі мәжілісті басқару тізгіні қазақ 
стандық акаде-
миктердің кексесі, белгілі жұлдызшы Габриил Адрианович Ти-
хов қа тиеді.
– Қымбатты жолдастар, академиямыздың тұңғыш президен-
тін сайлауымыз керек. Кімде қандай ұсыныс бар? – деп залға еміне 
қарайды. 
Биология ғылымының докторы, профес 
сор, бұрнағы күні 
тұңғыштардың қатарында жас академияға толық мүшелікке 
өткен Илларион Григорьевич Галузо ынта білді ріп, мінберге келді 
де:
– Қымбатты әріптестер, кеше ғана сайланған бір топ акаде-
мик атынан Қазақ КСР Ғылым академия сы ның тұңғыш прези-
ден тіне бәрімізге жақсы таныс, қадірменді әріптесіміз, ғылыми 
ақыл-ойының тереңдігі мен сонылығы әрдайым таңғал дырып 
әрі сүйсінтіп жүрген өзіміздің заманда 
сымыз, КСРО Ғылым 
академия сы ның 
кор рес пондент-мүшесі, 
коммунист 
Қа ныш 
Иман тайұлы Сәтбаевты ұсынамын, – дегенде, залдағы көпшілік 
дүркірей қол соғып қуа ныш білдіреді. 
Іле-шала мінбеге тілші, әдебиетші, та рих шылар мен қоғамдық 
ғылымдар өкілдері нің атынан академик М.О. Әуезов келіп, ол 
да Се мейдің мұғалімдер семинариясында оқы ған кезінен өзіне 
етене таныс, үзеңгілес әріптесі һәм білімпаз тұрғыласын бейнелі 
теңеулермен бипаздап, сылап-сипап, небір қанат 
ты сөздермен 
үкілеп тұрып, ақы 
рында: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау