362
Медеу СӘРСЕКЕ
тарын компаспен түзеп алып жүріп кетті. Көздеп келе жатқан
төбені олар сол күні-ақ, темір жолдан небәрі бірнеше шақырым
жерден тапты. Үшінші шурфқа кісі бойы терең
деген кезде
барлаушылардың күрегі алғашқы кен белгісіне жолыққан.
– Карнотит! Ванадий жайылған минерал дың ең құнарлысы!
Мынада кем дегенде оның жиырма пайызы бар!..
Геологтар
одан әрі қазған жоқ, Алма тыға қайтып оралып, кел-
ген бетте-ақ инсти тут директорына кіріп:
– Шақпақ разъезіне экспедиция жасақ тауға рұқсат етіңіз... –
деді.
(Геологтың болжамы қайыра тексеруде толық анықталды.
Талас Алатауының бөктерін
де соғыс қажетін өтегендей вана-
дий ке ні нің сүбелі қоры жасырынып жатыр екен. Ғалым-геолог
Владимир Алексеевич Соко ловқа сол еңбегі үшін келесі жылы
Сталин дік сыйлық берілді).
– Барлауға ғылыми оймен қарау деген осы! Көптеген кен орнын
барлауға шықпай-ақ, зерттеу деректерін байыптап қарап оты рып
та ашуға болады, – деп тұжырымда ған-ды Сәтбаев әріптесінің
жаңалығын институт қызметкерлеріне жария еткенде. – Шын -
ту а й
тын айтқанда, Владимир Алексее вич вана дий шикізатын ка-
бинетте отырып аш ты... Бұдан шығатын корытынды: ғалым ата -
нып, геология институтына келдің екен – бағың ды барлауда сы-
наудан бұрын ғылыми болжау мен шұғылдан!..
Зерттеушілердің қайсыбірі орталық қала лардан келген, тағ-
дыр айдап эвакуациямен Алматыға тап болған көрнекті ғалымдар
да жаңа институтқа шақырылған.
Солардың бірі – Орталық Қазақстан қыр ты сының білгірі
Н.Г. Кассин. 1941 жылдың жазын Сарыарқа жонында өткізген
ғалым-геолог Ленинградқа дер кезінде қайта алмай, Қарағанды-
да кіріптар болып уақытша тұрақтаған. Осы хабарды естіген
сәтте-ақ Қаныш Имантайұлы жедел хат жолдап, Кассинді Ал-
матыға шақыртады. Николай Григорьевич те кідірмей жетеді.
Бір ақ, көңіл хошы онша емес: жұ байы Прас ковья Степановна
жау қоршауындағы
қала дан шыға алмай қалған; соған да ұй-
қысы қа шып, жұмыс істеуі қожырапты. «Сіздің мін дет – Георгий
Цараевич Медоевпен бірігіп, Қа зақстанның құрылымдық карта-
сын жасауға же дел кірісу. Бұл бізге қазір ауадай қажет! Зұлым
жауға атар оғыңыз, Николай Григорьевич, осы бола ды. Ал қо-
са ғыңыз жө нінде... Тілегіңізді республика үкіметінің назарына
жеткізейін. Сәті түссе, кім білсін...» – дейді институт директо-
363
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ры білімпаз геолог-ғалымды бірден күрделі зерттеу жұмысына
жегіп. Кексе адам тұрмыс тауқыметінен тарық
па
у
ын ойлап,
тиісті жағдай да туғызады. Тұс-тұстан
келуші мыңдап көбейген
соғыс күнде рінде бұл да оңай шаруа емес-ті: сөйтсе де ин с ти тут
қызметкерлерін өзара ығыстырып, дербес бір бөл менің орайын
келтірді. Құры лым дық карта жасау – Николай Григорье вичке
танымал іс. Үйреншікті кәсібіне кіріс кен соң-ақ, ішін жеген
уайымнан арылып, тығыз жұ
мыс
ты өндіре істеген. Уәде ет-
кен соң бас ты ғы да қарап жүрмепті, Қазақстанның Мәс кеу дегі
өкілдігінің қызметкерлері қа лай да
жо лын тауып, ғалымның
жұбайын Ле нин град қоршауынан алып шығудың ора й ын кел -
тірген: ақырында Прасковья Степановна Алматыға аман-есен
жетті. Бұл Н.Г. Кас синнің көңіл-күйін бірден түзеп әрі өзін Қа-
зақ стан үкіметіне, мейір банды Қа ныш Иман тай ұлына қарыздар
санап, жұмысты бұрын ғыдан да еселеген жігермен атқаруына
мұ рын дық болған деседі. Әсілі, ол құрылымдық карта жасау-
мен ғана емес, институттың бар лық ізденісіне қоян-қолтық ара-
ласып, оған қоса аспирантурада оқитын
жас тарға басшылық ету-
ге де барынша атса лысады.
ТАИСИЯ АЛЕКСЕЕВНАНЫҢ естелігі нен:
Достарыңызбен бөлісу: