Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет139/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   245
null

БӘРІ ДЕ МАЙДАН ҮШІН
І
Сәтбаевтар отбасы Алматыға шілденің біріне қараған түнде 
жетті. Жолшыбай жол тауқыметін едәуір шекті. Әсіресе жол 
үстінде көргендері көңілдерін ерекше түршіктірген: дүйім ел 
жаппай тік кө теріліп әлдеқайда ауып бара жатқандай, ерсілі-
қарсылы шұ 
быр 
ған жұрттан бекеттерде ине шаншар орын 
жоқ; вагон ішінде де иін тірескен ха лық; поездар кестесі шым-
шытырық шата сып кеткен... 
Келген күні-ақ Қаныш Имантайұлын Қа зақстан КП Орталық 
Комитетінің хат шы сы Ғабдолла Бұзырбаев шақырды.
– Геология институты ғана емес, КСРО Ғы лым академиясы 
Қазақ филиалының жетекшілігі де сізге жүктеледі, – деген-ді 
ол. – Иә, иә, таңданбаңыз. Жағдай солай. Ресми бас ты ғыңыз – 
академик Григорьев. Иосиф Федо ро вич Мәскеуде тұрады, бұл 
жақтағы жұмыс қа ол кісі араласпайды, астанадағы шаруа ларды 
қозғаушы ғана...
Бәлкім, өзге жағдайда Қаныш Имантай ұлы бұл қызметтен 
үзілді-кесілді бас тартар еді. Алайда мынадай дүрбелең уақытта 
«жоқ» деуге дәті жетпеді. Осы істі міндеттеп отырған хатшының 
өзі кеше ғана филиал төрағасының орынбасары болатын. 
Бұрынғы хатшы-идеолог өткен түнде май данға жүріп кетіпті, ал 
Бұзырбаев со ның орнына тағайындалды (Бұл азамат сол жылдың 
желтоқсан айында ұшақ апатынан опат болған).
Осыдан бір жыл бұрын филиал жұмысын ака демияның төр-
алқасы мен Қазақстан КП Орталық Комитетінің біріккен комис-
сия сы тексеріп, қанағаттанғысыз деген тұжырым жасаған: не-
гізгі зерттеу тақырыптары бой 
ын 
ша жоспар орындалмаған; 
өнеркәсіп, ауыл шаруашылық ұжымдарымен байланыс мүл дем 
әлсіз; ұлттық ғылыми кадрларды тәрбиелеуге көңіл бөлінбеген, 
аспирантурада оқи тын 22 адамның екеуі ғана қазақ; қысқасы, фи-
лиал республикадағы ғылыми ойдың жетекші орталығы бола ал-
май отыр... Геология секторының жұ мысы да мәз емес. Мысалы, 
тақтатастарды отынға пайда 
лануды зерттеуді бастадық деп 


353
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жалған мәлімет берген. Шындығында, бұл жұмыс әлі күн ге дейін 
қолға алынбаған, сол үшін сатып алын ған жабдықтар қар астын-
да шіріп жа тыр...
«Қ.И. Сәтбаевты тұңғыш рет 1940 жы 
лы, филиал бас-
шыларының есебі тал қы ланған үкімет мәжілісінде көрдім, 

 
депті ҰҒА академигі Н.В. ПАВЛОВ. –
 Фи лиал төралқасының 
бастығы, ака де мик А.Д. Ар хангельский 1939 жылы кенет тен 
қайтыс болғаннан бері біздің жағ да й ымыз ауырлай түсті... 
Зиялы жетек ші ге жары май қой дық. КСРО ҒА-сынан жұмы-
сымызды тексере келген комис сия лар да есеп жоқ, соның бәрі де 
қожыраған жұ мы сымыз ды көрсетіп хаттама жасай ды да, кері 
қайтады. Ал тірлігіміз өзгер мей ді...
Қатардағы қызметкерлер суға батуға айналған кемеден 
қашқан жолаушы лар дай жан-жаққа тарай бастаған-ды. Үкі-
мет шұғыл шара қолданбаса, жағдайы мыз мүш кіл бо ла тын. 
Филиалдың кезекті ғы лыми хат шы сының жұмыс жайын жақ-
сы етіп көрсетуге тырысқан ұзақ-сонар баян дамасынан соң 
қосымша есеп жасау үшін сөз Қ.И. Сәт баевқа берілді. Саңқыл-
даған ашық дауыспен ол филиалда етек алған тәртіпсіздіктер 
мен самарқаулық жайында айта бастады. Сы ны аяусыз қатты 
бол ды, бірақ әділ еді: ҚазФАН-ның залда отырған қызметкер ле рі 
өздерінің бақ та ластық етек алып, өсек-аяң кеу леген жағдайда 
жұмыс істегеніне, со ған ұзақ мезгіл төзгеніне ұялғандай тө мен 
қарас ты; Сәтбаевтың сөзі үнсіз тынған мәжіліс залына са-
мал желпіп, тымырсық ауаны жаңалағандай әсер етті: жұрт 
сер гіп, көңілдене бастады... Қосымша баянда машы филиалдың 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау