болдым. Сол жолғы балаша қуанғаны бүгінгідей есім де. Өзенге
кетіп бара жатқанда да, суға түсіп шо мылып жүргенімізде де
мені мадақтап, өзінің сүйікті әндерін шырқау дан тан ған жоқ.
Әншілігі де ғажап еді-ау. Оны суреттеп жазу мүмкін емес. Тек
қана тыңдау керек!..»
ІІ
Иә, жұмыстың ауырына төзіп, ертелі-кеш мехнат кешуге әзір
жан айран-асыр қуана да білетін. Отыз жетінші жыл болса оның
жан азабына түсіп, мансұқ ісі тағы да тежеу көріп, соның зарда-
бынан әр түрлі қиянатқа ұшырап қиналып жүрген шағы. Же ке
адамға табынудың салқыны барлаушылар қауымын да шырмап,
барлаудың алғашқы үйрену, өнерге шыңдалу дәуірін басынан
өткізген, қиын-қыстау күндерде жарты сық паны бөліп жескен
небір жайсаң жігіттері жазықсыз жалаға ұрынған. Қайсыбіріне ол
ара түсіп құтқармақ та болған-ды. Әсіресе өзі ерекше жақсы көріп,
туған інісіндей болып кеткен, Одақтағы озат стахановшы-бұр ғы-
лаушы Сейітқазы Қарсақбаевтың тағдыры на...
Жезқазған тұрғыны ГРИГОРИЙ МИРОНЕНКОНЫҢ әңгіме-
сінен:
«Жезқазғанға кеште аттандық. Бұл кезде барлаушыларға
дербес эмка авто мо билі тиген, жүргізушісі – мен. Дала жолы-
мен екі-үш сағат изеңдеп, кешкі сағат он шамасында Рудникке
келдік. Геологтар үйінің алдына тоқтағанымыз сол еді, ту ра аң-
дып тұрғандай, бір бұрыштан былға ры тужуркалы екі кісі шыға
келді де, дө рекі түрде: «Сәтбаев сенсің бе?» – деп дүрсе қоя берді.
Серігім абыржып кідіре жауап берді. «Сәтбаев сен болсаң – маши-
наға!» – деп жекірді анау. Қаныш Иман тайұлы алдыңғы есік ті
аша беріп еді, екеудің үлкені, мұрттысы қолынан қағып: «Жоқ,
артқа!» – деп кейін қарай ысырды. Мұртты қазақ менің қа та-
рыма, екіншісі артқы креслоға жайғас ты. Менде тіл жоқ, есім
шығып, мәңгу боп қалдым. Ойыма күдік кірді: «Өзіміз құдай дай
көріп, үкі мет тің де сенімді өкілі деп жүрген аза матымызға да
кезек келді. Сірә, мені де қоса қамайды...» «Әй, дорақ, сенде құ-
320
Медеу СӘРСЕКЕ
лақ бар ма, әлде жүргің келмей ме?
Қар сақ байға тарт дедім ғой
саған!» – деген же ку ден селк етіп, кілтті оталғышқа қосай ын.
Қарсақбай
–
о күнде өнеркәсіпті үлкен ауданның орталығы...
Тағы да үш сағат изеңдеп, түн жарымда Қарсақбайға кел-
дік. Поселканың ішіне кіргенде: «Қай да?» – де дім қасымдағы
мұрттыға жас қана қарап. «Тоқта! Біз келдік», – деп екеуі де
машинадан секіріп түсіп ұзай берді. Қа ныш Имантайұлы шы-
дамады білем: «Әй, жігіттер, бұларың не? Жай сұрасаң дар да
жеткізіп салатын едік қой?»
–
деді реніш біл діріп. Мұрт ты
қазақ қайрылып ке ліп: «Сен, Сәтбаев, қажы тегіңді ұмыт паған
боларсың? Байқап арыз дан, жоға ры ға. Жаулығы әшкереленген
ағала
рың
ның қасына қосып жіберу оп-оңай, ар
тың
ды қысып
жүргенің жөн болар, байдың сілім тігі!..» – деп, тағы бірдеңе лерді
орысша да, қазақша да дөңайбат көрсетіп бықпырта айтты да
жөндеріне кетті. Сөйтсек, мақсаттары – Қарсақ байға же тіп
алу екен, әлде біздің бас тыққа қоқан-лоқы жасап қоюды қажет
деп білген бе, кім білсін?..
Біршама уақыт тым-тырыс отырдық. Түнгі жұмыстағылар-
дан басқаның бәрі шырт ұйқыда. Әлден соң Қаныш Иман-
тайұлы қалш-қалш еткен дірілін басып, білегімнен ұстады да:
«Жора, үй-ішімізді бекерге шошытпайық, бензин жетсе, Жез-
қазғанға жетіп алайық», – деді.
Поселкадан ұзаған соң: «Әнеугүні мен сізге шоферлықтан
Достарыңызбен бөлісу: |