313
ШЫҒАРМАЛАРЫ
теді. Кінәлі – мен өзім, кейбір дерек те рі н кеш көрдім. Тек рен жі-
меңіз...» – деп қиылып тұр ғанда не дей сің? Тегінде, бұл ұжымның
ұйымшылдығы осындай ашық сын, өзара ауызбірліктен қа-
лыптасқан. Ағайынды кісілер «жұмыста – жат, үйде – бауырмыз»
десіп еңбек еткен соң әрқашанда солай болмақ.
Үлкен Жезқазғанның дабыра атағы көпшілікке мә лім болға-
лы, әсіресе 1934 жылғы ғылыми сес си я дан соң орталықтағы зерт-
теу инс ти тут та рынан, жобалау мекемелерінен, түрлі бас қарма,
трестерден әр қилы өкілдер, ірі ма ман дар, есімі әйгілі үлкен ға-
лымдар Ұлытау қой нындағы қисапсыз мол қазынаны көзімен кө-
р уге ынтызар болған: Н.Г. Кас син, М.П. Русаков, И.С. Яговкин,
Ф.В. Чух
ров, Е.А. Куз
не
цов, В.Н. Крестовников, профессор
М.М. При горовский, соңғы кезде КСРО ҒА корреспондент-мүшесі
(кейінірек академик) И.Ф. Гри горь ев сықылды бәрі-бәрі ұлағат-
ты жандар. Олардың Қар сақ байға келуі, Жезқазғанды, басқа да
кеніштерді жата-жастана аралауы – кен іздеу ші қарапайым гео-
логтар мен техниктер үшін әрқашанда ұмытылмас оқиға, білім-
паз дар дың нақтылы көмегі, дер кезінде айт қан ақыл-кеңестері
қонақтар қайтқан соң да жыл бойы аңыз ғып айтып жүретін ұзақ
та қызықты әңгіме. Ең ғажабы, бәрі де өздерімен бір қазаннан ас
ішіп, бір палаткада жатып, далалық партияның адамдары нен-
дей бейнет шексе қоса көтеріп, саяхат тауқыметін бірге бөлісетін
нағыз еңбекқор зиялылар.
Иван Степанович Яговкин соң ғы келгенінде Қарсақбай гео-
логтарын жинап, келелі сұхбат жасаған. «Қымбатты әріптес тер,
көп уақыт Жезқазған туралы жаңсақ пікірде болып, кен орнын
түпкілікті және кең түрде барлауға зиян келтіргенімді мойындай-
мын. Ақырында шындық жеңді! Сондықтан да, мен, қым батты
Қаныш Имантаевич, сіздің табанды күресіңізге ризалық білдіріп,
Жезқазған қазынасын барлауда тереңде жасырынған қисапсыз
кенді болжай білген ғажап дары ныңызға басымды иемін!» – де-
генде, тың да у шы жұрт ду қол соғып, шындыққа жүгініп, өзі үшін
ауыр мой ын дау жасап тұрған профессор біл гір ге шы найы көңілден
қошемет көр сеткен...
Жезқазған қазынасына геолог-академиктер
ден ең алғаш
ықылас білдіргендер А.Н. Зава рицкий мен А.Д. Архангельский
болыпты. Андрей Дмитриевич Ұлытауға әлде неше мәр те келіп,
сол жылдары ол КСРО ҒА Гео логия институтын басқаратын, кен
жүл ге леріне шұқшия үңілген. 1936 жылы ол Қ.И. Сәтбаевқа ар-
найы хат жазады:
Достарыңызбен бөлісу: