Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет126/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   245
null

«Сізге мен бұл хатты алдын ала жолдап отыр-


314
Медеу СӘРСЕКЕ
мын. Өйткені Ұлы тау-Жезқаз ған аймағын дағы келешек ғылыми 
ізденістің бағы тын және оның жалпы көлемін жете білу – қазір 
бізге өте қажет, өйткені бұл мәселені институт адамдары 
Сіздің көмегіңізсіз тыңғылықты түрде орындай алмайды... Бұл 
жұмыстарда Сіз тек қана жетек ші боласыз, біздің қызметкер-
лер – сізге тек қана көмекші!»
Демек, орыс ғылымының озық ойлы өкіл дері сол кездің өзінде-
ақ Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми қабілетін мойындаған...
Қаныш Имантайұлын іздейтіндердің молырақ тобы даланың 
өзінен келетін-ді. «Жеті қат жер сырын білетін» Сәтбаевқа 
қайткен күнде көрсету үшін пішін-порымы, түр-түсі өзгеше 
тас кесектерін бейнетпен жинап, небір қияннан арқалап келіп, 
кездестіре алмаса, Қарсақбайда қона жатып жалықпай тосатын да 
солар – дала кезбелері. Әрине, мұндай тасқұмар жанкүйерлермен 
сұхбат құруға, тастан өзге де дүниелер жайында неше алуан әңгіме 
шертуге Қаныш Имантайұлының өзі де ке 
тәрі емес. Олардың 
жеткізген минерал үлгілері көбіне мән ді болып шығады. Кейбір 
отрядтар солардың ізімен сапарға аттанады. Ту қияннан бос жы-
ныс арқалап кел ген дер де аз болмайды. Солардың бәрі-бәрінің 
қоржынын қайтар кезде дүкенге ертіп апарып, сәлем-сауқатқа 
толты рып иә кездеме пұлға сықап жіберу – Қаныш Имантай-
ұлының бұлжымас әдеті.
Геологтің жол дәптерінде қиян шетке шыққан кезде өзіне көмек бер-
ген, кен белгілері ашық көрінген мүдделі жерлерді нұсқаған көптеген дала 
тұрғындарының есімдері аталған. Қырық жылға тақау ізденіс сапарларын-
да Қаныш Имантайұлы жол көрсетуге ерткен серіктері, солар Сарыарқаның 
кең шалқар атырабында, Шу, Сарысу өзендерінің ұзын саласында, Қаратау 
бөктерінде, қиян шеттегі Атырау мен Маңғыстау түбегінде ондап саналады. 
Олардың бәрін түстеу – бүгінде қиын іс... 
Сөйтсе де кен іздеушімен 1929-1937 жылдар аралығында Бетпақтың 
шөлін, Шу, Сарысу бойын, Арғанаты бөктерін бірге кезген Бекмағанбет 
Сұлтанғазиев туралы бірер сөз айта кетуді жөн көрдік...
Құдай тағала бұл кісіге табиғаттың тылсым тілін тереңірек түсініп, 
жүрегімен сезіну қабілетін артығырақ жаратқан деседі. Аңшылық кәсіпті 
ол кен тасын іздеу ісімен бірге жалғастырған. 1937 жылдың 9 желтоқсан 
күні Қазақстанның Халық шаруашылығы комиссарлар кеңесі оған мыс, 
никель және кобальтқа бай кен орнын ашқаны үшін (мемлекеттік құпия іс 
болғандықтан жердің аты көрсетілмеген) 2 мың сом ақшалай сыйлық беріпті. 
1945 жылдың қыркүйек айында Жамбыл облаткомына жолдаған ресми ха-
тында Қаныш Имантайұлы: 
«Б. Сұлтанғазиев – Қазақстанның жер асты 
байлығын жалықпай іздеушілердің бірі, өз бетімен үйреніп, геолог кәсібін 


315
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жете меңгерген талантты барлаушы. Ізденіс жолында ол бірнеше кен 
көздерін ашты. Бұл кісіге әрдайым қолғабыс етіп, көмек жасап отырған жөн 
болар еді...»
– деген лебізді, сірә, бекер жазбаған...
Геологтың жанкүйер достары, тілеуқор адамдары әр ауылда болған. 
«Бір жолы кең седегі дүйім жұрт таңғалған оқиғаға тәнті болдық, – деген 
куәлік айтыпты Федор Пас ту хов 1974 жылы, бейдауа дертпен ауырып жүріп 
Жезқазған кен-металлургия ком бинатының тарихи-өндірістік мұражайы-
на тапсырған, сүйікті ұстазы Қ.И. Сәтбаев туралы көлемді естелігінде. – 
Ертеңгілік мезгілде ақ сақалды қарт кісінің төрдегі кабинетке кіріп бара 
жатқа 
нын көр 
генбіз. Әлден соң әлгі қарт жыртық күпісін қолтығына 
қысып, үстіне Қаныш Иман тайұлының шолақ қара тонын киіп шық ты... 
Бізде үн жоқ, бір тонның бір жылқы ға бағаланған қат кезі; оның үстіне да-
лада қақаған қыс; Қанекеңнің кеуде дімкәстігін де біле міз; әрі ол дамыл-
сыз сапарда жүретін адам... Біраздан соң кеңсеге Таисия Алек сеевна келді. 
«Тася, үй жаққа барсаң ме нің кү пәй кемді ала келші!» – деген дауыс естілді 
төр ден. Мән-жайды біліп реніш білдірген жұбай ына Қаныш Иман тайұлы-
ның түсіндірмесі мынау болды: «Қай тейін, үлкен кісі екен, үсті-басы жүдеп 
кетіпті. Кіргеннен-ақ менің тонымнан көз алмай қарай берді, сонсоң жаным 
ашып, еріксіз сыйладым...»
Жақсылықты, тегінде ол кімге болсын, пайда көремін деген 
күй кі есеппен жасама ған. Бақай есеп – Қа ныш жайсаңның жа-
ратылысына жат құбы лыс. Әрине, қарапайым халық оған кең 
пейілмен қарап, ауылына келе қалса, өрістегі малға шауып, 
үйіндегі бар асын алдына тосып бәйек болып, қайткен күнде кө-
ңілінен шығуға құлшынып баққан.
Соның бірі – Терісаққан өзенінің жоғарғы саласында болған 
оқиға: Көпқазған маңын (Атбасарға қарай шығатын жолда) ара-
лап жүріп, Сәтбаев тобы бейтаныс бір ауылға соғып, жол сұраған. 
Бұдан әрі баратын жері – терістік беткей, құм жалдары басқан 
елсіз қиыр. Ащылы маңы. Ауыл адамдары геолог тарды алыстағы 
құдасы келгендей-ақ шын пейілмен күтеді. Бірақ сұрап отырған 
жер іңе жете алмайсың, жол білетін кісіміз – дүкендегі ұстамыз 
еді, кеше кеште ол байғұс жара 
қат 
танып қалды деседі. Жол 
сұрамақ болып Қанекең ұстаға барады. Науқастың халі ауыр 
сияқты, қолын күйдірген киізбен орап ал ған, төсек тартып жатыр. 
Мән-жайды естіген соң ұста киіне бастайды. «Шынымен Қаныш 
болсаң, елсіз далаға қалайша қаң ғы тып жібе ре мін? Сендей ел 
азаматына бір бармақ түгілі, жан пида!» – деп, әуелі Қарсақбайға 
апарып, дәрігерге көрсетейік деген ақылға да көнбей, өмірінде 
тұңғыш көріп тұрған геологтар тобын ауылынан екі жүз шақы-
рым шөл далаға бас тап кете барған...


316
Медеу СӘРСЕКЕ

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау