Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет226/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   245
null

...Алайда артезиан құдықтары осы же-
тіжылдықта жарма жеткізгендей мол су бе ре алмайды».
Қ.И. СӘТБАЕВ: «
Қарағанды өндіріс тора бының 1965 жы-
лы суға ділгерлігі секундына 25 текшеметр болатынын ұмыт-
паңыздар».


586
Медеу СӘРСЕКЕ
П.Я. АВРОВ: «
Соңғы жылдарда менің қатысуыммен Ақтөбе, 
Ақмола, Қарағанды, Көкшетау облыстарының тың көтерген 
аудандарында жүз шамалы ұңғыма бұрғыланды. Солардың тек 
біреуінде, Ақ төбе облысында ғана жергілікті қажетті өтей тін 
жер асты сулары табылды, қал ған да ры ның бергені 

 мардым-
сыз... Қарағанды си яқты алып өндірісті Ертістен тартылатын 
жарма ғана өтей алады». 
В.В. ГАЛИЦКИЙ: «
Жер асты сулары ділгерлікті өтейтіндігін 
экономикалық дә лелдеу керек».
И.П. НОВОХАТСКИЙ: «
Жарма құрылысына жер асты суын 
тартуды қарсы қоюға болмайды. У.М. Ахмедсафин жер асты 
суын пайдаланумен қоса жарма құрылысы қа 
жет екендігін 
түсіндіріп, баспасөз бетінде мақала жарияласын».
С.К. КАЛУГИН:
 «Жарма туралы мәселе көптен бері айтылып 
келеді, бірден-бір дұрыс шешім. Оның құрылысын жер астындағы 
суды пайдалану мәселесіне байланыс тырмау керек. Жарманы 
салу қажет».
А.А. ФЛЕРОВ: «
Қазақстанның жер астындағы су қоры, әрине, 
аз емес. Оны да әжетке жарату керек».
М.П. РУСАКОВ: «
У.М. Ахмедсафинның басты қатесі 

 жер 
асты суы тараған аймақты «теңіздер» дегені 

 ғылыми кү мәнді 
атау. Ертіс – Қарағанды жармасын салу ке рек. Сонымен бірге жер 
астындағы суды тиім ді пайдалану жолдарын да тыңғылықты 
зерт теу қажет».
А.А. ФЛЕРОВ: «
Жер астынан секундына төрт текшеметр 
суды үстіге көтеріп, оны бір жерге жинау да, меніңше, инженерлік 
күр де лі құрылыс».
С.К. КАЛУГИН: «
Әлбетте, суды жоға ры ға көтеру үшін аса 
тереңге, ең кемі 150-200 ұңғыма бұрғылау қажет. Бұл да қаншама 
қаржыға түседі...»
И.Ф. КОЛОТИЛИН: 
«Жармасыз болмайды. Оған жұмсалған 
шығын өзін ақ тайды». 
Г.Ц. МЕДОЕВ: 
Ахмедсафиннің «Жер астындағы теңіздер» 
термині ешбір сын көтермейді, «Жер астындағы су» терминін 
оп-оңай бұрмалап, берекесіз айтыспен шұғылдануға да тыйым 
салу керек. Ертіс 
– 
Қарағанды жармасының құрылысы ешқандай 
күдіксіз басталуға тиіс. Бұл болса Қарағанды мен Екібастұз 
ғана емес, жолшыбайғы Бозшакөл, Бөрлі, Қо жаншат және өзге
 де өндіріс ошақтарын игеруге жол ашады...»


587
ШЫҒАРМАЛАРЫ
У.М. АХМЕДСАФИН: « Әлбетте, 
Қарағанды өнді ріс торабына 
секундына 25 текшеметр су керек болса, жер асты сулары мұндай 
көлемді ешқашанда бере алмайды. Сол себептен жарма тартудың 
қажеттігі айқын. Менің ұсынысым ауыл шаруашылығының қа-
жетін өтеу ге арналған...»
С.М. МҰХАМЕДЖАНОВ: «
Ахмедсафин жарма құрылысына 
қарсы болған жоқ, мәселені дабырайтып, жұртшылықты кө-
пірме сөзге елірткен, сірә, газет тіл шілері болу ке рек. Жарма салу 
мәселесін тездету қа жет...»
Дау бірақ тоқтаған жоқ. Қайсысы тиімді: жарма құрылысы, 
әлде жер астындағы суды үстіге көтеру? Мамандар пікірі сан ал-
уан. Бәрі де өз ойларын ашық айтып, көкейіндегі күмән-күдігімен 
бөліскен. Қаныш Имантайұлының бұл мәселе жайындағы өз 
тұжырымын мейлінше айқын түсіндірген: 
– Түптеп келгенде, мәселе – жер қойнындағы мол судың 
Қарағанды өндіріс торабының қажетін толық өтей алмайтын-
дығында емес. Әңгіме сол суды орнынан мүлдем қозғауға бол-
майтындығында! Әрине, жұртшылық еліккендей әсерлі дерек-
терді сұрыптап алып, түсінік-түй сігі жадағай, маман емес газет 
тілшілерін қы зық тыру оп-оңай. Бірақ не үшін, қандай мақ сатпен?! 
Немесе Орталық Қазақстанның құрғақ та қатал табиғатын біле тұ-
ра, оны мүлдем басқа құрлықта, геологиялық дәуірі өзгеше мез-
гілде жаралған Америкамен, Жаңа Зеландия, иә Индиямен салы-
стыру кімге пайда – жерге ме, елге, әлде өндіріске? Түсінбей мін! 
Жұрт ты дүрліктіретін пікір туғызу демеске амалым жоқ... Басқа 
жайт тарды «ұмыта» тұрып, бұл өлкеге жыл сайын түсе тін жауын-
шашынның көлемін есептеп көріңіздер. Иә, иә, салыстырған соң 
мұн дай деректерден де бас тартпау керек. Әлгінде аталған елдерге 
қанша ылғал түседі? Орталық Қазақстанға қан ша?.. Қызыларай, 
Кент, Қар қаралы, Ұлытау сияқты таулы аймақтарға жылына 350-
400 мм, ал оңтүс тіктегі құрғақшылық жайлаған аудандар ға небәрі 
150 мм. Демек, шетелдер сәтті пайдаланды екен деп, кең-байтақ 
даламыз ға аз да болса өң-келбет, тірлік беріп отырған бұлақ көз-
дері мен өзен-көлдері нің тереңдегі таби ғи қорын – тұщы сулы ар-
тезиан бассейндерін бей-берекет үс тіге қотарып және оны өндіріс 
тораптары қажет еткен көлемде шығын етсек – туған жердің ке-
лешек тағдыры не болады, соны ойлаған маман бар ма, сірә?! Жер 
астындағы су көз дерін алуды игерген елдердің табиғаты мүлдем 


588
Медеу СӘРСЕКЕ
бөлек, олардағы шығыс пен кіріс бірін-бірі теңгеріп отырады. 
Ал біз де? Шынымды айтсам, кү мәнім бар. Артезиан бассейндері 
өте баяу қалпына келеді, оларды қайта толтыру үшін ондаған 
жылдар қажет. Ал біз сол бассейндерді зор көлемде және қауырт 
пайдалану жайында ұсыныс бермекпіз. Жә, жер астында жатқан 
«теңіздерді», шынымды айтсам, солардың су қорының көлемін де 
менің күмәнім көп: теңіз бе ол, жоқ, әншейін көлшік пе – оны да әлі 
зерттеу керек! Әлгі қоймалардың суын ала бастадық дейік. Бірер 
жылда-ақ тү біне жетеміз. Босаған кеңіс тікті жылма-жыл толты-
рар қар, иә, жаңбыр суының дәрмені шамалы. Сөй тіп, тілейік-
тілеме й ік, құр дым тереңде, тө менгі қабаттарда қозғаусыз жатқан 
тұзды су көз дерінің үстіндегі босаған кеңістікке көтерілуіне жол 
ашамыз. Мұны мен ойдан шығарып тұрғам жоқ, табиғаттың өз 
заңы. Көп жылдар тұщы су беріп тұрған артезиан құдықтардың 
кенет тұз қосып қойғандай ащы болып ке тетінін көріп жүр міз... 
Өндіріс қажетін өтей алмаймыз. Ең қиыны, онсыз да тұзы бе тіне 
шығып жатқан, қағы көп жер қыртысын одан әрі тұздаймыз, 
ал бұл, менің ойым ша, туған жердің келбетіне жүздеген жыл-
дар бойы түзелмес, бәлкім, мүлдем тү зеуге болмайтын жарақат 
салу! Осы қастандығымыз үшін келешек ұрпақ бізге рақмет ай-
тар ма екен? Әлде лағнет естиміз бе? Бұған да ойланыңыздар... 
Неліктен біз жер қойнында жатқан барлық байлығы 
мыз 
ды, 
бұған мен су қорын да қосамын, ал ды-артымызға қарамай, еш 
нәрсеге ойланбай, тып-типыл етіп құртуымыз керек? Жоқ, біз 
оларды көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз! Өзімізді 
өмір бақи асырап отырған табиғатты қорғау, жер астындағы 
қазба, су байлықтарымызды шақтап пайдалану – жолдастар, 
болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз! Әл бет те, мен 
Сарыарқа қойнындағы жерасты су ын ауыл шаруашылық қажеті 
үшін пайдалануға, айталық, жан-жануарды суғарып, егін, кө-
кініс өсіруге, елді мекендердің әжетін өтеуге жұмсалуына қарсы 
емеспін. Тіпті сол кішігірім өндірістің, шағын стансалардың 
қажетін шығарсын. Жылма-жылғы қар мен жаңбыр суы бұл 
шығынды әрқашан да қайыра толтырып отырады. Жерге одан ке-
лер зиян жоқ. Сірә, жарма құрылысын ешқандай дау-дамайсыз 
жақтағанымыз жөн болар. Мен өзім Орталық Қазақстанды, оның 
қуатты өндірістерін мол сумен жабдықтаудың мұнан өзге тиімді 
жолын әзір ше көрмей тұрмын. Сондықтан да бұл өлкеге Ертіс суы 
ауа дай қажет демек пін...


589
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қазақ КСР ҒА-ның Энергетика институтының директоры, 
академик Ш.Ш. Шөкин басқарған топ сол қарсаңда салыстыр-
ма есептеу жасаған: жер астындағы суды көтеруден түзілетін 
жалпы қор және Теңіз-Қорғалжын, Қарасор көлдері, жергілікті 
өзендер жиналып 585 миллион текшеметр су береді екен; яғни се-
кундына небәрі 18 текшеметр су келіп тұрады деген сөз. Бұл бол-
са – Қарағанды өндіріс торабы 1980 жылы пайдаланатын судың 
төрттен бір бөлігі...
ІІІ
Қазақ КСР ҒА-ның президенті кеңсесінің мұрағатында 1959 
жылғы 11 шілдеде Қ.И. Сәтбаев қол қойған, КСРО Министрлер 
Кеңесінің бірінші орынбасары және Жоспарлау комитетінің 
сол кездегі төрағасы А.Н. Косыгинге жолданған ресми хаттың 
көшірмесі сақталған: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау