Сенбі Суббота 9 маусым июня 2018 жыл года


бет 9 маусым 2018 жыл №44



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата19.11.2018
өлшемі3,61 Mb.
#20874
1   2   3   4   5   6   7   8

4 бет

9 маусым 2018 жыл №44

Дін – адамның сенім-нанымының 

бастау  көзі,  халықтың  рухани 

тамырының  тереңнен  тартар  негізі. 

Жалпы  ұлт  руханияты  да  осы  діни 

қайнаркөздің арқасында қалыптасады. 

Осыған  байланысты  халықтың  діни 

көзқарастарын  қалыптастырушы 

жүйелердің  бағыт-бағдары  дұрыс 

болғаны  жөн.  Кеңестік  дәуірде 

діннің  тамырына  балта  шабылып, 

оның  еркіндіктен  айырылуы  қазақ 

руханиятының дамуына үлкен тежеу 

болды. Тек КСРО ыдырап, ол жүйенің 

дінге  қарсы  саясаты  күйрегеннен 

кейін ғана халықтың рухани кеңістігін 

жапқан  бұлт  сейіле  бастады.  Бірақ 

Тәуелсіздікке  әзер  қол  жеткізген 

Қазақстанда діни білімі бар кадрлар 

тапшы еді. Сондықтан бұл мәселені 

шешудің бір жолы сырттағы мұсылман 

елдеріне жастарды жіберіп оқыту ғана 

болатын.

Елімізде  белгілі  бір  діни  білім 

беру  жүйесінің  және  тәжірибесінің 

болмауы салдарынан 90-шы жылдары 

шет  елдерге  талапкер  жастарды 

жіберу  үрдісі  басталды,  ондағы 

діни  оқулардың  мәні  мен  маңызын 

зерделейтін  ешкім  болған  жоқ. 

Дәлірек  айтқанда,  кейбір  шетелдік 

діни  оқу  орындарының  арасында 

белгілі  бір  діни-саяси  топтардың 

мүддесі  бары  назардан  тыс  қалды. 

Ислам елдеріндегі күмәнді діни білім 

беру  ошақтарында  алынған  білім 

қоғамымыздағы  тұрақтылық  пен 

тыныштыққа  үлкен  қауіп  туғызды. 

Дін үйренеміз деп шет елге аттанған 

жастар сол елдің діни танымын, діни 

тәжірибесін  бойына  сіңіріп  келді. 

Өзге мәдениет, өзге тілдік ортада діни 

тәлім алған рухани иммунитеті төмен 

жастар  өзге  халықтың  дәстүріне, 

сыртқы  келбетіне,  іс-әрекеттеріне 

шексіз еліктеушілікке бой алдырды. 

Ислам  мемлекеттерінде  таралған 

әртүрлі діни-саяси ағымдар жастарға 

өз  насихатын  жүргізіп,  олардың 

санасына  өз  идеологиясын  сіңірді. 

Осы  тұрғыда  шет  мемлекеттердің 

күмәнді білім ордаларында діни білім 

алудың  қауіп-қатерлері  де  жоқ  емес 

екендігін ескерген жөн. 2017 жылғы 

көрсеткіштер бойынша Қазақстанның 

300-ге  жуық  азаматы  шет  елдердегі 

діни  оқу  орындарында  білім  алып 

жатыр.  Балаларын  шет  елдердегі 

діни оқу орындарына жібергісі келіп 

отырған  ата-аналар  бұл  мәселеге 

сергек қарағаны абзал. 

Экстремизм  мен  терроризм 

қатерінің  жаһандық  ортада  әлі  де 

сейілмеуіне  байланысты  радикалды 

діни  идеологияларға  қарсы  күрес 

шараларының мығым болуы қажет. Дін 

мамандарының бәсекеге қабілеттілігін 

қалыптастыру,  ел  азаматтарының 

діни  сауаттылығын  көтеру,  діни 

білім беру саласындағы қадағалаулар 

мен  реттеулерді  жүйелеу  аталған 

мәселені  шешу  жолдары  санатына 

кіреді. Қазіргі уақытта Парламентте 

талқыланып  жатқан  Қазақстан 

Республикасының кейбір заңнамалық 

актілеріне  діни  қызмет  және  діни 

бірлестіктер  мәселелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы  заң  жобасында  «Қазақстан 

Республикасы  азаматтарының  шет 

мемлекеттерде  рухани  (діни)  білім 

алуына  Қазақстан  Республикасында 

жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан 

кейін ғана жол беріледі. Халықаралық 

шарт  (келісім)  негізінде,  сондай-

ақ  тіркелген  діни  бірлестіктердің 

Қазақстанда рухани (діни) білім беру 

ұйымдары  болмаған  жағдайларда 

ғана шетелде оқып-үйренуге болады» 

деген  толықтырулар  бар.  Яғни,  бұл 

фактор  мемлекеттің  діни  білім  беру 

саласына қатысты реттеу, қадағалау, 

жүйелеу  шараларын  күшейту 

мақсатын  білдіреді.  Ендігі  кезде  ел 

азаматтары діни білімді ең алдымен 

өз Отанында алуға тиіс. Қазақстанда 

діни білім алу арқылы ол азаматтың 

көзқарасы,  ұстанымы  дәстүрлі  діни 

таным  негізінде  қалыптасып,  шет 

елге  рухани  иммунитетпен  барады. 

Қазақ елі үшін елдегі діндарлар мен 

дін қызметкерлерінің ұлттық-мәдени 

ерекшеліктерден, зайырлы қоғамдық 

жүйе принциптерінен хабардар болуы 

аса қажет.

Қ а з і р г і   ке з е ң д е   т ә у е л с і з 

Қазақстанның  діни  білім  беру 

орындары  сапалы  білімнің  үлгісін 

көрсетіп  отыр.  Бүгінгі  күні  елімізде 

Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті 

университеті,  Имамдардың  білімін 

жетілдіру институты және 9 медресе 

қызмет атқаруда. 

Нұр  Мүбарак  Египет  ислам 

мәдениеті университетінде «Дін тану», 

«Исламтану», «Шет тілі: екі шет тілі» 

мамандықтары  бойын ша  мамандар 

әзірленуде.  Уни вер ситет  жоғары 

білікті дінта ну шы, исламтанушы, тіл 

маман да рын дайындауға, болашақ дін 

қызмет керлеріне практикалық мәселе-

лерді білікті түрде шешуге дағды лан-

дыруға барынша мән беріп отыр. 

Отандық діни оқу орындарының 

материалдық-техникалық базасының 

күшеюі,  білім  сапасының  артуы 

ел  азаматтарының  діни  білімді  өз 

елінде  алуға  мол  мүмкіндік  барын 

анық көрсетеді. Қазақ елінің рухани 

қауіпсіздігі  ұлттық  қауіпсіздікпен 

тікелей  сабақтас.  Осы  себепті  діни 

білім  алуды  таңдаған  ұл-қыздары 

бар  ата-аналар  перзенттерінің 

жарқын  болашағы  үшін  оларды  өз 

елінде  оқытуға  барынша  мән  беруі 

тиіс.  Отандық  діни  оқу  орындары 

халықтың  діни  танымынан,  ұлттық 

ерекшеліктерінен  терең  хабары  бар 

азаматтарды  тәрбиелеп  шығарады. 

Қазақы  рухани  қайнаркөздерден 

сусындаған  және  олардың  қадірін 

білген шәкірт діни саладағы істердің 

жандануына мол үлесін қоса алады.

Елнұр ӘСкЕнұлы,

облыс әкімдігі «Дін 

проблемаларын зерттеу 

орталығы» ақпараттық түсіндіру 

және талдау бөлімі инспекторы, 

гуманитарлық ғылымдар 

магистрі.



  Мемлекеттік органның аты

Сенім 

телефоны

1. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  әкімінің  аппараты» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-25-02


2. «Жамбыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі

2-14-32


3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-75-01

4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5-04-82


5. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімінің 

аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-17-88

6. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3-65-25


7. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Бесағаш  ауылдық  округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3-25-35

8. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково ауылдық округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3-13-77


9. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Ерназар  ауылдық  округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5-24-14

10. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Жамбыл  ауылдық  округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3-70-68


11. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-46-00

12. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-55-22


13. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Қарой  ауылдық  округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52-92-89

14. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-34-07


15. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3-43-16

16. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Өрнек  ауылдық  округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5-25-02


17. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Қарасу  ауылдық  округі 

әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-31-69

18. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі 



әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3-33-17


19. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  Тоғызтарау  ауылдық 

округінің әкімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5-25-34

20. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  ішкі  саясат 



бөлімі» коммуналдық мемлекет тік мекемесі

2-16-33


21. «Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-20-07


22. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  білім  бөлімі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-11-54

23. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және 



тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-14-55


24. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» 

мемлекеттік мекемесі

2-11-51

25. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және 



бюд жеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-12-34


26. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі»  коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі

2-17-56


27. «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  ауыл 

шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-12-51

28. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және 



өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-11-90


29. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары 

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-13-53

30. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құры-



лысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-13-35


31. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру 

және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-24-67

32 «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» 



коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-16-96


33. «Жамбыл аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2-24-30


34. «Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2-15-76


жамбыл ауданының мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік 

қызметшілердің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік 

қызметшілерінің Әдеп кодексі» (мемлекеттік қызметшілердің 

қызметтік әдеп қағидалары) нормаларын бұзу фактілері жөнінде 

хабарлау үшін орнатылған “сенім телефондарының” ТізіМі

Қойылмас тарих жайлы ізгі сұрақ,

Жатқан-ды ұлың өліп, қызың жылап.

Жарасын ескіліктің тырнап қайтем,

Керек боп тұр сонда да сүзгі бірақ.

Атылып оқ жыландай шапшып ұрып,

Жігерін жастарымның 

 

 



жаншып, тіліп.

Ұлтыма егемендік сыйлаймын деп,

Үзілді қақ белінен қанша үміт?!

Мен едім Махамбеті қазағымның,

Естіген зарлы мұңын, назалы үнін.

Қатар алып қалам мен қылыш сабын,

Кескіндеген қанменен жазар жырын.

Нашақорлық – барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен 

дінсіздіктің негізі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған 

сайын есірткімен күрес қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл дертке 

шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Осы қасіреттен талай жас өз 

ғұмырын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, өмірімен мезгілсіз 

қоштасуда. Нашақорлар тек олардың ата-аналары мен туысқандарына ғана 

емес, бүкіл қоғамның қаупі мен қасіреті болып отырғаны өкінішті.

Есірткі пайдаланатың тұлғалар жас ерекшелігіне қарай бірнеше топқа 

бөлінеді. Бірінші топты 14-20 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды, 

олардың психологиялық ерекшеліктері балалық шақтан өткен соң сыртқы 

орта жағдайларының өзгеруіне бейімделе алмау салдарынан есірткі заттарды 

пайдалану болып табылады. Екінші топты 20-30 жас аралығындағылар 

құрайды, мұндай адамдарға материалдық және әлеуметтік жоспарлардың 

тым баяу жүзеге асырылуына наразылық білдіру тән. Үшінші топқа 30-50 

жас аралығындағы жасы келгендер кіреді, олар сырт көзге табысты адам 

ретінде көрінуі мүмкін, алайда өмірге көңілі толмау, қатты дағдарысқа 

ұшырау салдарынан есірткі заттарын қолданады.

Нашақорлық,  маскүнемдік,  құмар  ойындар  адамның  жан  мен  тән 

жағынан бірдей азғындататын қылықтар екенін естен шығармаған жөн. 



Бексұлтан РайыМБаЕв,

жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының 

бас маман-іс жүргізушісі.

Рамазан  –  қайырымдылық  айы.  Бұл  айдағы  игі 

амалдың,  қайырымдылық  көмектің  сауабы  сансыз. 

Ауданымызда игі бастамаларға өз үнін, үлесін қосып, 

халыққа үлгі көрсетіп келе жатқан азаматтар баршылық. 

Ай бойы қайырымдылықпен айналысып, көпбалалы, 

тұрмысы  төмен  отбасыларға,  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарға көмектесетін жомарт жандар да бар. Солардың 

бірі  –  «Аса  DAMU»  құс  фабрикасының  директоры 

Дәулет  Әсілтаев.  Қасиетті  айда  Дәулет  Үсенұлы 

өз  ұжымымен  сауапты  істі  қолға  алып,  аудандағы 

көпбалалы,  тұрмысы  төмен  отбасыларға,  мүмкіндігі 

шектеулі жандарға 100 қорап жұмыртқа үлестірді. Өз 

кезегінде көмекке мұқтаж жандар құс фабрикасының 

директоры мен ұжымына рахмет айтты.

Ильяс ҚалыБЕков,

«Шұғыла».

нашаҚОрлыҚ – ғасыр дерті

жастар есірткіге Бой алдырмасын

мемлекеттік рәміздер – маҚтанышым!

рәМіздер – қасиет қой тұнып тұрған!

Арайланып  Тәуелсіздік  таңы  атқан  шақта 

Әнұранымыз асқақтады, көгімізде Туымыз желбіреп, 

еңсемізді тіктеп Елтаңбамыз төрге озды.

Әнұран  орындалғанда  көкте  қыран  болып  қанат 

жайып  кең  байтақ  жерімізді  қорып  жүретін  рухтың 

салтанаты керек бізге. Сол үшін де Әнұран орындалады.

Елтаңбамыз сәулетші өнерінің туындысы ғана емес, 

жанға  жай  таптырмас  қасиеттің  қайнар  бұлағында 

сақылдап  қайнап,  өзегінен  сарқып  алынған  сөлмен 

жасалған рух бұл. Сол үшін де Елтаңбаға бас иеміз.

Қазағымның көк Туы – аспаны, ғасырлар жырласа 

да жалғаса беретін шексіз тағдыр-дастаны. Елбасымыз 

бен  айбынды  қырандарымыздың  маңдайын  қойып, 

ұландарымыздың жеңісі мен жүрекжарды қуанышында 

желкілдетіп алып ұшатын тағзымы бұл. Сол үшін де 

күннен нұр алған көк Туымызды сүйеміз.

Тәуелсіз елміз. Тәуелсіз біздің жеріміз. Азаттықтан 

рухтанған  ұландарымыз  өркен  жайып  өсіп  келеді. 

Қасиетті Рәміздерімізді қастерлеп, қадірлейтін қырандар 

көгімізде қалықтасын.



күнзипа СИТалИЕва,

«Шұғыла».

Желбіресін ЖалауыМ

Мен едім Абылайы алашымның,

Шаңыраққа жинаған бар асылын.

Қанжарменен қан төгіп жатсамдағы,

Іздегем өз ұлтымнан жанашырын.

Мен едім Рысқұлбеков Қайрат балаң,

Жеріне бөтен тұлпар байлатпаған.

Шаштан сүйреп жатқанда 

 

 



қазақ қызын,

Басын тігіп ажалмен ойнақтаған.

Мен едім Байтасов Ғазиз балаң,

Қазақы қанға жаттық тамызбаған.

Ерлігімен қазаққа аян болып,

Атанған алты алашқа аңыз адам.

Кезікті айбынды ұлтым 

 

 



қанша сынға?

Қыран боп қалықтадық 

 

 

тау басында.



Еркіндікте сайран сап жүргеніміз,

Балталы батырлардың арқасында.

Аманат қып бұл сыйды

 

 



 бабам сенген,

Жанын қиып, қорғаған адал термен.

Мәңгілікке егемен ел атанып,

Көк жалауы тербелсін 

 

 

самал желмен.



Серік СПӘнӘлі,

аудандық ақындар 

мүшәйрасының жүлдегері.

ЖаҚсылыҚ Жаса

қасиетті айдағы игі іс



дінің тұрсын дін аман

Діни біліМ беру орнын таңДай білейік




жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау