Тусупова Лаура Кудайбергеновна психолог и учитель
КГУ «ОШ №132» Казахстан Карагандинская область п. Атасу
Тақырыбы: «Сен де бір кірпіш дүниеге...» (сабақтан тыс іс-шара).
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша мәлімет айту.
Мамандық - «профессия» сөзі латын тілінен profiteer – «өз ісін хабарлау» - дегенді білдіреді. Сондай-ақ мамандық – бұл білім, ептілік, жеке бас қасиеттері; өз еңбегіне сыйақы ала отырып, аталмыш жұмыспен табысты айналысу үшін соның барлығы қажет.
Қазіргі заманғы мамандықтар әлемінде бағыт табу қиын, бірақ біз сонда да бағдар алып көрелік. Біріншіден өзіміздің қабілетіміз бен мүмкіндігімізді білуіміз шарт. Екіншіден , бүгінгі күні әлемде 40 мыңнан аса мамандықтар бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл. Олардың кейбірі өзінің мазмұны бойынша күрделі өзгеріп те кетеді. Міне сондықтан заманауи мамандықтармен танысу бүгінгі уақытта өте қажет болып тұрған мәселелердің бірі.
«Кім болып жұмыс істейсіз?» - осы бір сұрақты танысу барысында жиі естиміз. Тіпті балалар да «Сенің ата-анаң кім болып қызмет етеді?» - деп қызыға сұрақ қояды, себебі кәсіп – кез-келген адамның маңызды сипаттамаларының бірі. Осы әлемде өзін табу лайықты өмір сүруге, адамдарға өзін қажетті деп сезінуге, жұмыстан қуаныш алуға, өз қабілетін барынша көрсете білуге мүмкіндік дегенді білдіреді. Мамандық -әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам атқара алмайтындығының салдары. Өз жұмысын орындау үшін адамға белгілі бір білім мен ептілік қажет. Осылайша мамандықтар пайда болған.
Күн сайын миллиондаған адамдар жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады? Өз жұмысын жақсы көреді ме? Жұмыс түрін қалайша таңдады екен, өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді немесе басқа іспен шұғылданар ма еді? Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады.
Әңгімелесу: 1) Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата - анаң келіспесе не істейсің?
2) Егер сен таңдаған мамандығың бойынша оқуға барып, бірақ қажетті балл жинай алмай, оқуға түсе алмай қалсаң не істейсің?
3) Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса не істейсің?
4) Сіздер қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
5) Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?
6) Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
7) Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
8) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
9) Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Қатысушыларға сұрақ: Мамандықты таңдап қойғандарыңыз, қолдарыңызды көтеріңіздер? Әлі анықтай алмағандарыңыз, көтеріңіздер? Бұл сұрақ әзірше қызықтырмайтындар ше?
Мұғалім: Ия балалар мамандықты таңдау көбінісе ішкі түйсікті сезіну, көңіл күй ықпалымен, ат үсті сезімдермен, ата-ананың кеңесі бойынша,сынап көру мен қателесу жолдарымен болып жатады.
Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауда әсер етуші факторлар - Мүмкіндіктер,
икемділік, ата-аналар пікірі, абырой, бедел және сәнде болу, болашақ төлем ақы, қызығушылығы,
бейімділігі, еңбек нарығында талап етілген мамандық.
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК»
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек нарығындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Бүгінгі күні еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтар: референт –хатшы, бағдарламашы , сатылым бойынша менеджер, басшының көмекшісі, жүйелік әкімші, бас есепші,ақпараттық технологиялар бойынша мамандар.
Мұғалім: Соңғы уақытта Қазақстанда да жаңа мамандықтар пайда болды. Олардың кейбіреуі жайлы қысқаша айтамыз:
Web- бағдарламашы, Web-дизаинер - интернет ғаламдық торабы үшін сайттар жасау бойынша маман.
Аудитор – бұл компаниялардың қаржылық қызметтерін тексеретін, оның табыстылығы мен тиімділігін бағалайтын маман.
Бренд-менеджер- өнім образын-брендты ойлап табатын және осы образды көпшілікке ұсынып, сатылуын жолға қоятын маман.
Логистик - ағымдарды реттеуші маман: қоймалық,көліктік ,өндірісті. Көліктік логистик - компанияның жүктерін тасымалдау схемасын ойластырады, қоймалық логистик- өнімдері сақтауды ұйымдастырумен айналысады.
Маркетолог – латынша «нарықты білетін адам» сатып алушылардың қажеттіліктерін, олардың талғамы мен қалауларын білу үшін нарықты зерделеуші маман.
Мерчендайзер - бұл фирмасының тауары ірі дүкендерде қалайша ұсынылғандығын қадағалайтын адам. Ол дүкендерді аралап , тауарды,орналастыру, витриналарды көркемдеу бойынша кеңестер береді.
Осы мамандықты әзірше бірде-бір оқу орындары оқытпайды.
«Мамандықты ата» ойыны:
Жүргізуші: Алдарыңызға тапсырмасы бар карточкалар беріледі, онда:
А) Мүлдем немесе жоғалуға жақын
Б) Тек ХХ –ғасырда пайда болған.
В) Болашақта пайда болатын мамандықтарды атауларыңыз керек.
(ойынға қатысушылар кеңесіп ,мамандық түрлерін атайды )
Анықтама үшін
А) Өткенге кеткен мамандықтар: шабарман, шырақшы , жүн түтуші , көпес, почмейстер, пеш құбырларын тазартушы.
Б) ХХ- ғасырда пайда болған: бағдарламашы, ЭВМ операторы, менеджер, референт-хатшы, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктардың операторы, кең ауқымдыға тракторшы-машинист, ұшқыш, краншы, ғарышкер эмбриолог, электромонтер ж/е т.с.с
В) Болашақта пайда болатыны: теңіз тереңдігін, ғарышты игерумен байланысты мамандықтар, робототехниканың, компьтерлендірумен, химиялық және ядролық өнеркәсіпті, экономиканы, телевидениені, бейнетехниканы, экологияны, криминалистиканы, гендік инженерияны дамытумен байланысты мамандықтар және т.с.с
«Ең жақсы» ойыны:
Нұсқау: оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен.
"Әріпті мамандық" ойыны:
Допты лақтыра отырып, әріптер айтып сол әріптен басталатын мамандық атау керек.
Мысалы: “А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.
“М” әрпінен басталатын мамандық.
Танымал адамдардың өмірімен танысу: Оқушылардың дайындаған мәліметімен танысу.
Адам басын қатерге тігетін қиын мамандықтар тізімі:
Әр адам өз жұмысын атқару барысында қиналатыны рас. Қиналмақ былай тұрсын, жұмысқа әр барған сайын бастарын өлімге тігетін мамандықтар аз емес.
Мұндай қауіпті мамандық тізімін өрт сөндірушілер байтайды екен.
Екінші орында – ұшқыштар. Олардың ұшақты басқару кезінде қиналатыны бөлек тұрсын, бортқа мінген өзге адамдардың өмірі үшін жауапты болатындықтан күйзеледі.
Ал халық алдына шығып, сөз өнерін көрсететін теле және радиожүргізушілер күтпеген жерден осы тізімнің үшінші орнына іліккен. Себебі олар камераға қарап отырып, сөйлеу кезінде тілдегі ережелерді сақтап қана қоймай, әрбір жаңалықты жұртқа дұрыс жеткізуге міндетті.
Төртінші орынға мұғалімдер табан тіреген. Бұл мамандықтың ауыртпалығын айтпаса да түсінікті. Ұстаздардан кейін тізімде медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері орналасқан. Сондай-ақ, балық аулаушыларды атауға болады.
Жағалаудағы құтқарушы қызметкерлер, мұнай ұңғымасын бұрғылаушылар, бомба іздеуші саперлар, әуеде жұмыс істейтін электр жөндеушілер.
Аспанмен таласқан көп қабатты ғимараттарды жуушы, шахтерлар, орман ағашын отаушылар.
Ең табысты мамандықтар:
10-орын. Қолайсыз мамандық ретінде зергерлікті атауға болады. Әрине, әшекей бұйымдардың бағасы өте қымбат екендігін жоққа шығармаймыз. Оны жасауға кететін материалдар да соншалықты қымбат болғандықтан байып кетуіңіз екі талай дер едік.
9-орын. Кейде қасапшылардың қалтасының қалындығына қарап аузымыздың суы құрып жатады. Асықпаңыз! Адамдар күніге бифштекс үшін айтарлықтай қаржы жұмсайтын шығар, бірақ қасапшылар да етті қолға түсіру үшін елеулі қаржы жұмсайды.
8-орын. Заңгер! Айтыңызшы, өміріңізде бір рет болсын заңгер болсам - бай боламын деген ойға жолап көрмедім деңізші?! Қателесесіз. Заңгер болу үшін көп еңбектенуіңіз керек, бірақ біздің елде сізді қанағаттандыратын бағаны төлей алатын тұрғындардың жоқ екендігін, қазір елімізде екінің бірі осы мамандық иегері екендігін естен шығарып алдыңыз. Қазақстандық құқық зерттеушісі үшін орташа еңбекақы – 123 704 теңге, өте жақсы маман үшін – 519 557 теңге. HR-зерттеулерге сәйкес, бұл салада аз да болса, өсу байқалады. Бірақ, АҚШ-та адвокат сағатына 50$-дан 600$-ға дейін алады. Сондықтан, шетелде заңгер болам десеңіз бір бөлек әңгіме.
7-орын. Шетелдегі кеңесшілер (консультант) сағатына 100-200$, дизайнерлер 20-70$ табады. Ескеріңіз, кеңесші - сауда орталықтарында "сізге көмек керек пе?" деп жабысатын кісі емес. Кеңесші - кез келген жағдайда тиімді кеңестер ұсына алатын белгілі бір саланың білгір маманы.
6-орын. Депутаттыққа немесе президенттікке кандидаттардың сайлау алды науқанын жүргізуге арналған штабтардың алдыңғы қатарлы саясаттанушысы болсаңыз өте қолайлы болмақ. Сондай-ақ, жеке психолог болудың да тиімділігі жоқ емес.
5-орын. Келесі бір ауқымды жалақы алатындар - ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласының мамандары екен. Сала бойынша орташа еңбекақы – 118 755 теңге, жоғары – 504 659 теңге. Мұнай-газ салаларының мамандары үшін орташа бір айлық еңбекақы – 197 926 теңге, ал жоғарысы – 3281 643 теңге.
4-орын. Шоу-бизнес әлемінде продюсер болудың да пайдасы жоқ емес. Ол үшін сізде жұмыс тәжірибесі және таныстарыңыз көп болуы керек. Екеуінен мақұрым болсаңыз ақша туралы армандамай-ақ қойыңыз.
3-орын. Бағдарлама жасаушылар, админстраторлар, қаржы саласының кеңесшілері, инженерлер, байланыс қызметкерлері де жаман табыс таппайды. Ал маркетинг, жарнама және PR бойынша мамандардың еңбекақыларының орташа деңгейі – 108 857 теңге, жоғары – 716 656 теңге.
2-орын. Сауда-өнеркәсіптік холдингтің бас директоры немесе қаржы директоры болсаңыз жаман табысқа кенелмейсіз. Кәсібіңіз мұнай және фармакология саласына қатысты болса тіптен жақсы.
1-орын. Ал әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған - жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын.
Сирек кездесетін мамандықтар:
Дәрігерлер, IT-мамандары мен құрылысшылар. Ресейлік басылымның зерттеуі бойынша әлемде халықтың сұранысын тудырып отырған мамандықтар – осылар. Ал, әлемде ең сирек кездесетін және қызықты саналатын кәсіптер туралы естуіңіз бар ма?
Бесінші орын – доп жинаушы. Гольф пен теннис ең көп тараған спорт түрі десе де болады. Ал, ойын барысында доптардың жоғалып кетпеуін қадағалап, оларды жинап отыратын жандар да бар және допты әкеліп беру де солардың мойнында.
Төртінші орын – құмырсқа аулаушы. Олар құмырсқаларды жинап, арнайы орталыққа тапсырады. Ал, орталық оларды өсіріп, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады.
Үшінші орын – пингвиндерді көтеруші. Антарктидада мекен ететін бұл құстар аспаннан ұшақ көрсе, мойындарын созып қарайды екен. Мойындарын созған соң, шалқасынан құлап түседі. Ал, олар арқасымен құлаған жағдайда өздігінен қайта тұра алмайды. Міне, құстарға көмекші жандар оларды қайта тұрғызады.
Екінші орын – тыңдаушының жұмысы. Оның міндеті – кез келген жанды мұқият тыңдап, оның қуанышы мен қайғысына ортақтасу. Сөйлеушінің әр қалжыңына күліп, әр ойымен келісіп, басын изеп отыру. Бір қызығы, бүгінде Токио көшелерінде осы кәсіппен айналысатындар саны артып келеді.
Бірінші орын – ит секілді үретін жандар. Швейцарияда ит сатып алсаңыз, мемлекетке салық төлеу міндеттелген. Кейбір жандар ит сатып алады да, ақша төлеуден бас тартады.
Осы кезде көмекке келетін иттің дауысын салып, үре білетін жандар. Олар үрген кезде үйдегі ит «жауап» береді. Осылайша, қай үйде ит бар екені анықталады. Егер оның жүйеге тіркелмегендігі анықталса, қожайын айыппұл төлеуге міндетті.
Мұғалім: Мамандықтардың ішінде де сирек кездесетіні болады.Сол мамандықтар туралы қызықты танымдық дәйектермен таныс болайық.
Титестер немен айналысады деп ойлайсыңдар?
Титестер – шай дегустаторы. Дәмі, иісі, түрі бойынша бұл маман шай сұрпын, өсірілген орнын, жинау маусымын, сақталу мен қайта өңдеу тәсілін анықтай алады. Титестер ерекше дарынға, айрықша сезімтал иіс сезуге ие.Ал титестерлер көп нәрседен бас тартуға тиісті:қуырылғаннан, ысталғаннан бас тартқаны,, иіс суларды пайдаланбағаны жөн. Титестерлер тымау тигеннен қатты қорқады. Ірі компаниялар өз титестерлерінің мұрындарын миллион долларға сақтандырады, себебі осы мұрындардан құны миллион тұратын, шайлардың ірі партияларының тағдыры тәуелді. Ал сіз бен біздің ішетін шайымыз – аралас шай. Онда 18 сұрыпқа дейін болуы мүмкін. Титестерлер дәмін жақсартып, негізгі хош иісін беретін қоспаны таңдап алады.
Тағы бір сирек кездесетін мамандық – постижер. Бұл париктерді, мұрттарды, сақалдар мен бакенбардтарды дайындау бойынша маман. Бұл мамандық шығармашылықпен тығыз байланысты – театрда постижер жай ғана парик жасамайды, ол бір тұлға бейнесін шығарады. Театрда постижерлар сонымен бірге кейіпкерлердің сыртқы келбетін жасайтын суретшілер де, гримерлар ( әрлеуші) да болып жұмыс істейді. Осы мамандық үшін төзімділік пен отырып жұмыс істеу керек, өйткені арнайы ілмекпен негізгі шаш түптеріне шаш түптерін іліктіріп отыруға тура келеді. Постижер мамандығы сирек болып келеді, бірақ жарнама мен шоу – бизнестің дамуына орай қажеттілігі күннен күнге артып келеді.
Жарнамалық роликтерді жасаушылар ең қат мамандық – бұл арнайы эффект жасаушы шеберлер екендігін біледі. Бұл шеберлер нағыз өнімді алмастыратын әсерлерді ( эффектілерді) ойлап табады.
Қызықты тест:
Мұғалім: Әр қатардан бір өкілден қажет. Өздеріңізді түсіне алу үшін геометриялық фигуралары бар әзіл тест көмектесіп қалар. Үш гометриялық фигураны – үшбұрыш, шеңбер, шаршыны пайдалана отырып, 10 элементтен тұратын адам суретін салыңыз. Үш фигураның барлық түрі пайдаланылуы керек. Суреттің сапасы маңызды емес. Егер де артық элементтер салынса – оларды сызып тастау қажет, егер де жетпесе –жетіспегенін толықтырып салу қажет. Орындау уақыты – 30 с.
( Балалар фигураларды салады). Салып болсаңыздар енді ұшбұрыштар санын есептеңіздер ( Балалар тапсырманы орындайды)
Ал енді тест кілтін тыңдаңыз ( оқиды)
Бірінші тип: 6 – 8 ұшбұрыш – басшының типі, жақсы ұстаздар. Топ басшысы болуға ұмтылысы айқын, адамдарды жақсы тани біледі, ақпаратпен жұмыс істейді.
Екінші тип: 5 ұшбұрыш. Жауапты орындаушы, Жақсы ұйымдастыра алу қабілетіне ие. Өзінің қызметін бүге – шегесіне дейін ойластыратын кәсіби маман.
Үшінші тип: 4 ұшбұрыш. Қызығушылығы мен таланты алуан түрлі. Жекеше жұмыс жасауға бейім.
Төртінші тип: 3 ұшбұрыш. Оқымысты типі. Ұтқыр, жан – жақты, бір жұмыстан екіншісіне оңай ауыса алады.
Бесінші тип: 2 ұшбұрыш. Өнерге және адамға қызығушылық танытады. Жаңаны және ғажайыпты сезінеді.
Алтыншы тип: 1 ұшбұрыш. Ойлап тапқыш, құрастырушы, суретші. Ой – қиялы ұшқыр.
Жүргізуші: Әрине, бұл тест сіздердің талантарыңыздың барлық көп түрлілігін көрсетпейді. Бірақ, мүмкін өзің туралы, өзіңнің мүмкіндіктерің мен қабілеттерің жайлы ойлануға және осы қабілеттеріңді әрі қарай дамытуды бастауға көмегін тигізер. Ақыр соңында оның өмірлік жолды таңдауда септігі тиер.
Видеоролик көрсету: Жасөспірімдердің нәтижелері.
Психожаттығу:
Мен бәрін жасай аламын
Бүгінгі күн тамаша,
Мен өзімді жақсы сезінудемін.
Менің көңіл күйім керемет жақсы.
Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.
Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.
Қорытынды: Абай атамыз айтқандай:
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» - дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектеспін!
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |