Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Алланың барлығына сену. 2. Періштелерге сену. 3. Кітаптарға сену.
4. Пайғамбарларға сену. 5. Ахиретке сену. 6. Жақсылық, жамандық алладан деп сену. 7. Өлгеннен
кейін тірілетінге сену.
Жеті тозақ:
Сағир-жалғаншылар түсетін жайы. 2. Лазо- зекет бермейтіндер жайы. 3. Сақар-намаз оқымайтындар
жайы. 4. Жаһим-нәпсіге берілгендердің жайы. 5. Жаһаннам-екіжүзділердің жайы. 6. Хауия-
Аллаһтың бұйырғандарынан бас тартушылардың жайы. 7. Хатома-адамдардың арасына ірткі
салушылар жайы.
Жеті түрлі іс сәтсіздікке ұшыратады:
Күдік-күман. 2. Сиқыр. 3. Тойымсыз нәпсі. 4. Өсімқорлық. 5. Жетімнің ақысын жеу. 6. Жаумен
шайқасқанда қашу. 7. Ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу.
Әйелдердің жеті түрлі пиғылдары:
Атқа мінуді көксеу. 2. Аманатқа қиянат жасау. 3. Өзінің еріне қанағат қылмау, намаз оқымау. 4.
Жылтыраған киімдерге құмарту. 5. Маймылға ұқсап әркімге күліп қарау. 6. Пиғылы есекке ұқсау. 7.
Көршілерін өсекпен ұрыстыру.
Құрандағы жеті қасиет:
Құранның басы-таза дәрет. 2. Анасы-бата. 3. Қорғаны-аятылгүрсі (аят аты).
4. Көңілі-Ясин. 5. Кілті-Ысырайыл ықылас. 6. Тілі-қатесіз, беріліп оқу. 7. Тәсбісі-шырағы.
Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:
Ең жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5. Темекінің түтіні.
6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3. Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре
әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.
Жеті ғашық:
Ләйлі - Мәжнүн. 2. Фархад - Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу - Камбар. 5. Уәлик - Ғарра.
6. Уәки - Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.
Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:
Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұламалардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үлкендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтардың ар - ұяты
Жегідей жеген жеті кесел:
Коррупция. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік.
6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік.
Жеті ата:
Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты - жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы – бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады:
Дәрісләм – Қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар – күмістен. 3. Жәннатілнағим – замруттан. 4.
Жаннатілғадин – лағылдан. 5. Жәннатілмәғуй – гауһардан. 6. Дәрін нақар – нұрдан. 7.
214
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жәннатілфердәуіс – зұбаржаттан. 8. Жәннатілағла – алтыннан.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға.
4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан
аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге.
8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер:
« Лә илаһаилла Аллаһ мұхаммадурРасуллаһ » климасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт
болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет
бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж
амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін
жұмып, жақсы істерге орындағандар.
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға,
мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан – жануарлардың жанын
алатын құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл
– ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл –
қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ
сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі.
Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге
қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша,
оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда
қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Он түрлі жаман:
Тәуке хан « Не жаман? » деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп,
үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұқсат болса, жауап
береміз»- деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман.
4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей
алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой
жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден
айырылған тіпті жаман.
Он екі нәрсе адамға пақырлық келтіреді:
Өтірік сөйлесе. 2. Өтірік ант ішсе. 3. Арам күйінде тамақ жесе. 4. Кез-келген шөппен тісін шұқыса.
5. Нан үгіндісін жерге тастаса. 6. Қолын жумай тамақ жесе. 7. Ата-анасын атымен атаса. 8. Дәрет
алған жерге намаз оқыса. 9. Шалбарын түрегеп тұрып кисе. 10. Шамды үрлеп өшірсе. 11. Етегімен
бетін сүртсе. 12. Ғылымды қорласа – осылардың бәрі де адам басына пақырлық келтіреді.
18 мың ғаламның падишасы Ұлы Аллаһ Тағаланың есеп – қисабында шек жоқ. Жалпы Космология
құрылымы керемет жасалынған. «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі» деп Абай
атамыз айтпақшы, кейбір дүниеден тыс нәрселерге ой – санамыз жетпейді. Бірақ өзіміз өмір сүріп
жатқан жаратылыс хақында пікір жасау арқылы ала аламыз. Кез – келген дүниенің өзара орайласып,
шым – шытырық байланысып, халықтың қажетіне жарауы біздер үшін ойланарлық ғибрат.
Көне Грекия
Ежелгі дүние тарихында Грек елінің алатын орны ерекше. Себебі, Көне Грек елінің ұлы ғалымы
Пифагор б.д.д. V ғасырда Самос аралында дүниеге келген. Жасынан білім ғылымға үйір ол Египет
елінде білім алып, б.д.д 530 жылы гректердің Оңтүстік Италиядағы Отар қаласы Кротонға келіп,
Пифагорлық одақ құрды. Пифагорлықтар бірге өмір сүріп, ашқан жаңалықтарын барлықтарына
ортақ деп санады. Пифагорлықтар өздерінің зерттеулерін «Математа» деп атады. Бұл сөз «ғылым»
деген мағына білдіреді. Олар «Математаны» төрт бөлікке бөлді. Олар: арифметика, геометрия,
астрономия және гармония (музыка туралы ілім). Олардың бастысы болып сандар туралы ғылым –
215
Достарыңызбен бөлісу: |