Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жапырақ, алма, жеміс, күз, жел, жаңбыр, өрік, топырақ, қабық, қарбыз.
4. Дауысты дыбыс әріптерін жаз:
Дауыссыз дыбыс әріптерін жаз:
ІІІ деңгей.
5. Керекті әріптерді қойып, дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыздарды көк түспен боя:
IV деңгей.
6.Төмендегі сөздерде у дауысты болса-қызыл, дауыссыз болса –көк түспен боя:
Уақыт, тауық, уық, сауысқан, жуан, белбеу, серуен, ауа, жусан, қауын.
Қорытынды жаса:
Деңгейлік оқыту технологиясының тиімділігі:
әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
оқушыныың жеке қабілеті айқындалады;
іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті арта түседі;
әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
сынып оқушылары толық бағаланады;
бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;
жаңа буын оқулықтарындағы берілген тапсырмалар деңгейлік оқыту технологиясына сай берілген.
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында деңгейлік оқыту технологиясын үнемі қолданып
келемін.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болады.
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі.
Үшінші деңгей тапсырмаларында оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар
жүргізеді.
Төртінші деңгей тапсырмалары – қабілетті, дарынды, ізденгіш талантты оқушыларға арналған саты.
Шығармашылық деңгейдің тапсырмасын оқушы бойында қызығушылық туу үшін оқушының әр
алуан мүмкіндігін ескере отырып, түрлі тапсырмалар беремін. Сыныпта барлық балалардың ойлау
қабілеті бірдей емес.Сондықтан сабақ кезінде әрқайсының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап,
сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.
Мен өз тәжірибеме осыларды енгізіп, жұмыс жасап келемін. Менің басты мақсатым – сынып
оқушыларының ерекшілігін анықтау.
Осы технологияны оқу үрдісіне еңгізу барысында білім сапасының айтарлықтай артқаны байқалады.
Мысалы: 2 сыныпта қазақ тілінен оқу жылының 1-ші тоқсан аяғанды білім сапасы 51 пайызда болса,
2-ші тоқсанда ол 58 пайызға жетті. 3-ші тоқсанда 61 пайыз болса, 4-ші тоқсанда 64 пайызға жетті. Бұл
технологияны тәжерибеме еңгізгеніме бір-екі жыл ғана болғандықтан үлкен жетістіктерге жеттім деп
айта алмаймын, әйтседе бұл технологияны жүйелі әрі үзілсіз дамытып отыратын болсақ, онда
деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың түрлі, яғни
ойлау, есте сақтау, ізгілік, инабаттылық, дұрыс байланыстыру сөйлеу, шығармашылық жауапкершілік
ұлт-жандылық, өзін-өзі дамыту, бағалау, азаматтылық, адамгершілік қабілеттерін дамыта отырып,
ұлттық рухани санасын, көркемдік-эстетикалық биік талғамын, кітап оқуға деген дамытуға
болатындығына көзім жетті.
1 сыныпта 5 оқушылық деңгейдегі бала.
2 сыныптың 1-ші жарты жылдығында 3 оқушы алгоритмдік деңгейге көтерілді.
2 сыныпта 7 оқушы алгоритмдік деңгейдегі оқушы 2-ші жарты жылдықта 2 оқушы эвристикалық
деңгейге көтерілді.
2 сыныптың 1-ші жарты жылдығында 3 оқушы алгоритмдік деңгейге көтерілді.
2 сыныпта 7 оқушы алгоритмдік деңгейдегі оқушы 2-ші жарты жылдықта 2 оқушы эвристикалық
деңгейге көтерілді.
Оқушыларға деңгейлеп тапсырма берген кезде мынандай нәтиже көрсетті:
Сыныптағы 18 оқушы 1-ші сыныпта 1-ші деңгейде 5 оқушы болса, 2-ші деңгейде 8 оқушы болды.
2-ші сыныпта сынып оқушыларының 18 пайызы эвристикалық шығармашылық деңгейге көтерілді.
Қорыта келгенде мынандай нәтиже шығады
Оқушы өз ойын еркін жеткізе білді
50
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Өз қабілетіне сенім артады.
Басқа оқушының пікірін тыңдайды
Өз бетімен реферат әзірлейді
Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі
арқылы жүзеге асырлады. Бұл технологияда бірінші оқушы тұрады және оның өз бетімен білім
алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясың оқытуды
ізгілендіру мен демократияландыру принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап
дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі
тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болатындығына кәміл сенеміз
Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды,
өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және
жауапкершілігін арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Бастауыш мектеп» журналы. 2003, № 3.
Г.Жадрина, «Деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы нәтижесіне жету әдістері», Алматы, 2000.
Ж.Кобдикова «Оқыту процесін технологияландыру», 2001.
«Қазақстан мектебі» журналы, 2003, № 1.
«Қазақстан мектебі» журналы, 2003, № 6.
Қазақ тіліне арналған деңгейлік тапсырмалар 2-сынып, 2005.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда қаласы №43 Ж.Махамбетов атындағы
қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Ерекешова Зеріп Малкаждарқызы
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы
Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
Сілтеме
А.Е.Әбілқасымова ,Т.П.Кучер,
З.Ә. Жұмағұлова Математика. 5
сынып. Алматы «Мектеп» 2009.
[90-98-бет]; Математика. Оқыту
әдістемесі. [42-43-бет]
Жалпы мақсаты
Ең кіші ортақ еселік ережесін
білу,сандарды жіктей отырып,ең
кіші орта ортақ есел еселікті
таба білу және әртүрлі есептер
шығаруда қолдана білу.
Оқу нәтижелері
Оқушылар берілген
санның ең кіші ортақ
еселігін табуды және
әртүрлі есептер
шығаруда қолдануды
үйренеді.
Оқушылар тақырыпты өздері оқи отырып, мәнін
ашады, салыстырмалы сипаттама бере отыру арқылы
мақсатына жетеді.
Түйінді идеялар Оқушыларды сыни
тұрғыдан ойлай
білуге,өз ойын ашық
айтуға, топпен жұмыс
жасауға баулу
Ең кіші ортақ еселік. (ЕКОЕ).
Балалар,жаңа тақырыпты бастамас бұрын 4 және 6
сандарының еселіктерін жазып,мына кестені
толтырайық.
ЕКОЕ (4;6)=12
Екі натурал санның ең кіші ортақ еселігі деп осы
сандарға еселік болатын ең кіші натурал санды
айтады.
51
Достарыңызбен бөлісу: |