Семинар Инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мәселелері


           Инклюзивті білім беру ортасында даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту әдістемесіндегі түзету-дамыту технологиялары



жүктеу 27,89 Kb.
бет4/4
Дата17.01.2022
өлшемі27,89 Kb.
#33078
түріСеминар
1   2   3   4
инклюзия11

4.           Инклюзивті білім беру ортасында даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту әдістемесіндегі түзету-дамыту технологиялары.

Еліміздің Ата заңына барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістілігі жазылса да, өкінішке қарай, ерекше білімділікті қажет ететін балаларды оқыту өзекті мәселе болып тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан,ерекше білімділікті қажет балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Инклюзивті білім беру-ерекше білімділікті қажет ететін балаларды және дамуында ауытқушылықтары бар балалардың дені сау балалармен бірге білім алып,тәрбиеленуі мақсатындағы бірлескен оқыту процесі. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген. Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі — еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн. Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық-педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшелігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Жалпы инклюзивті білім беру — мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады. Инклюзивті оқыту — мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту — барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер — психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед мұғалімдері болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курыстарына оқытып алулары қажет.


жүктеу 27,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау