2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978
3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980
4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964
5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987
6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993
7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
№ 4 дәріс
Тақырып: Мінез түрлері
2. Мінездің манипулятивті түрлерінің типологиясы
3. Мінездің психоаналитикалық типологиясы.
Әлеуметтік мінездің типологиялық моделін Б.С Братусь ұсынды. Басымдылық танытатын өзіне және өзге адамдарға қатынасынан шыға тұра тұлға құрылымының бірнеше принципаьлды деңгейлері көрсетіледі:
Э.Шосторм «Анти Карнеги немесе манипулятор адам» еңбегінде әлеуметтік мінездің типі нені білдіретінін «манипуляторды» суреттеді.Қазіргі кездегі манипулятор Шостормның айиуынша нарыққа байланысты дамыды-мұнда адам туралы көп біліп,ьоны басқара білетін зат қана.Өзінің шын эмоциясын көрсеттпеу- манипуляторға керек қасиет болып табылады. Манипулятордың негізгі міндетті-қажетті әсер қалдыру.Манипулятор-бұл өзін-өзі құрту жолындағы тұлға.
Манипуляциялық жүйенің 4 негізгі түрін көрсетуге болады.
Әдебиет:
1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982
2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978
3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980
4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964
5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987
6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993
7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
№ 5 дәріс
Тақырып: Мінез
Дәрістің мазмұны :
1. Психосоциотиптер
2. Психосоциотиптердің сипаттамасы
3.Психосоциотиптердің өзара қатынасы.
Ең күрделі мәселелердің бірі – жасөспірімдердің мінез-құлық акцентуациясы. Соңғы зертеулер көрсеткендей, мінез-құлық акцентуациясы айқын көрінген кезеңде жасөспрімдер наркотикалық заттарды пайдалануға бейім болады. Мінез-құлық акцентуациясы – белгілі бір қасиеттер өте айқын және басым көрінетін мінез-құлықтың қалыпты түрі. Мінез-құлық акцентуациясы адамның қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді, жасөспірімдердің тең жартысынан астамына тән.
Мінез-құлық акцентуациясы тән адамдар – психикалық сау тұлғалар. Жағымсыз әсер еткенде мінез-құлық акцентуациясы мінез-құлықтың тепе-теңдігін бұзады, бейімделмеушілікке әкеледі, тұлғааралық және тұлғаішілік келіспеушіліктердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мінез-құлық акцентуациясы өмір бойына немесе белгілі бір мерзімге тән. Жасөспірімдік шақтағы тұлғаның даму барысындағы дағдарыстық кезеңде мінез-құлық акцентуациясы өте айқын байқалады.
Гипертимді тип.
Мұндай жасөспірімдерге қуанышты және көтеріңкі көңіл – күй тән. Өмірде кездескен қиындықтар, қайғы, ренішті оңай жеңеді. Гипертимдер – күмәнсіз оптимисттер. Қарым-қатынаста көңілді, пысық және ақылды. Олармен әңгімелескен өте қызық. Олардың әрқашан қуанышты эмоциональды күйі қоршаған адамдарды ашуландыруы да мүмкін. Мұндай жасөспірімдердің өте жақсы көңіл-күйі іс-әрекетке деген жоғары қажеттілігінен туындайды. Олар өте әңгімешіл, әңгіме барысында бір тақырыптан екіншісіне ауытқып отырады. Мұндай адамдар қоршаған орта адамдарының талаптарына шапшаң бейімделеді. Қозғалыстары тез, табысқа тез жетеді, бірақ істі соңына дейін жасамайды. Сәтсіздіктер күшті аффективті реакциялар тудырады. Олардың қуанышты күйі жеңілтекті, ал іс-әрекетті атқаруға деген жоғары ұмтылысы аяқсыз қалдырылған істерді тудырмауы керек.
Гипертимді жасөспірімдер оқытушылармен келіспеушілік жағдайларға көп түседі. Олар талапшыл мұғалімдердің іс-әрекетімен келіспейді. Келіспеушілікті шешу үшін оның себебін анықтап және оқушыны қызықты іске араластыру керек
Қозғыш тип.
Оларға тән сипат - өзінің іс-әрекеттері мен мінез-құлқын ақылмен, саналы басқарудың әлсіздігі. Керісінше, санасыз ұмтылыстар мінез-құлықтан басым түседі. Қиын жағдайда олар жағымсыз көңіл-күй мен эмоциональды күйзеліске ұшырайды. Мұндай жасөспірімдер өздерінің қанбайтын ұмтылыстары мен инстиктерінің әсерінде болады да, еріксіз, импульсивті көрініс тауып отырады. Жасөспірімдік және жастық шақта оларда шамадан тыс және талғамай тамақ ішу байқалады. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда алкогольдың зиянды әсеріне көп ұшырайды.
Әдебиет:
1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982
2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978
3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980
4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964
5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987
6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993
7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
№ 6 дәріс
Тақырып: Мінезді зерттеу әдістері
Достарыңызбен бөлісу: