Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


ҚР Конституциясы және Ғылым туралы Заңы



жүктеу 0,69 Mb.
бет7/13
Дата02.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#28044
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

ҚР Конституциясы және Ғылым туралы Заңы


  • ТМД елдерінің білім беру саласында бірлесіп жұмыс істейтін Кеңес конференцияларының Декларациялары

  • Европа аймағындағы Жоғарғы білім беруге қатысты квалификацияның танылуы туралы Лиссабон конвенциясы

  • ҚР-да ғылыми дәрежелер және атақтар беру туралы шарттар

  • Орта және жоғарғы білім беру саласындағы стандарттар

          Жоғары бiлiм беру

          Әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру жүйесiнiң дамуын талдау онда кредиттік бiлiм беру жүйесiне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделiнiң кең тарағанын көрсетедi: бакалавриат-магистратура - Ph.D докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерiнде және Еуропаның көптеген елдерiнде қолданылады. Ол неғұрлым икемдi де тиiмдi болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгерiп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етедi.

          Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру жүйесiнде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекшi университеттің ерекше мәртебесi бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгін арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.

          Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингентi және мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы өсiп отыр

          Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердiң саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.

          2000 жылы қабылданған "Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру барысында жоғары бiлiм беру мамандықтарының жiктеуiшi жетiлдiрiлген. Оқу процесiнiң технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың бiрiздендiрiлген білім беретін оқу бағдарламаларымен қоса жоғары бiлiм берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттары әзiрлендi. Жоғары бiлiмге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндерi 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етiлдi.

          Кәсiптiк жоғары бiлiм алуға тең қол жеткізудi қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды iрiктеу мақсатында кешендi тестiлеу немесе ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүргiзу және конкурстық негізде мемлекеттiк білім беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi енгізiлдi.

          Кадрларды даярлау жүйесiн әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделiне көшiрудiң негіздерi қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркiндiк берiлдi. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түстi. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнiң 35 елiнде оқиды, оның iшiнде 16,4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерi болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды.

          Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлiк, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетiнiң жетiспеуiнен талапкерлердiң және студенттердiң даярлық деңгейiне қоятын талаптарының төмендеуi мамандарды даярлау сапасының төмендеуiне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiгін туындатады.

          Жоғары оқу орындарындағы бiр бейiндi мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серiктестiк және кадрларды атаулы даярлау, әсiресе, өңiрлiк деңгейде одан әрi дамытуды қажет етедi. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттiк тiлдегi оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердiң 50 %-ы жаңартуды талап етедi.

          Қазақстандық және шетелдiк білім беретін оқу бағдарламаларын, бiлiм туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетiктерiн әзiрлеу процесi баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейдi.

     

    Тақырып № 12. Жоғарғы оқу орнынан кей

    інгі кәсіптік білім (1 сағат)

    Мақсаты: магистратура, доктарантура жүйелерінің ерекшеліктерімен танысады.

    Негізгі сөздер: магистратура, доктарантура

    Негізгі сұрақтар:

    1. Жоғарғы ғылыми-педагогикалық білім туралы Ереже


    2. Жоғары арнаулы немесе жоғары ғылыми педагогикалық білімі бар, аспирантурадан тыс диссертациялық жұмыспен айналысып жүрген тұлғалар ғылым кандидатының ғылыми дәрежесін ізденуші бола алады.

          Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм

          Бюджеттiк негiздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттiк жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс iстейдi.

          Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бiтiрушiлер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазiргi жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң төмендiгiн көрсетедi.

          Жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беретін оқу бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкiндiк бермейдi. Ғылыми жетекшiлердiң (консультанттардың), бiлiм және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелерi үшiн жауапкершiлiгi төмендеген.

          Бiрқатар бағыттар, оның iшiнде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдiк дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиiстi ғылыми мектептердiң болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың "қартаюы" орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазiргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы тиiсiнше - 44 және 47 жас.

          Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының бiлiм беру процесiне қатысуы болмашы. Бiлiм берудiң мазмұны мен ғылымның қазiргi жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазiргі заманғы технологиялық процестердi басқара алатын зерттеушi маман даярлауға толыққанды көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi.

          Педагогика ғылымдары бойынша жүргізiлген көптеген зерттеулердiң практикалық мәнi төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде оқытудың әдiстерi мен нысандары өзгерiссiз қалып отыр, дайын бiлiмнiң көзi ретіндегі педагогтiң мiндетi туралы ескiрген түсiнiк сақталған.

     

    Тақырып № 13-15. Білім беру салаларының ұйымдастырылуы, қызмет етуін реттейтін кейбір құқықтық актілер

    (3 сағат)

    Мақсаты: білім мекемелерінің қалай бақыланып, қадағаланатындығын,қызметкерлерінің жүктемесі қандай болатындығын біледі.

    Негізгі сөздер: аттестация, аккредитация

    Негізгі сұрақтар:


    1. жүктеу 0,69 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау