ОЖСӨЖ мазмұны: Микротестілеу (9-15 апта аралығындағы материалдар негізінде)
СӨЖ мазмұны: Емтиханға даярлық.
Әдебиеттер:
1. Н.И. Николайкин, Н.Е. Николайкина, О.П.Мелехова Экология: М., Дрофа, 2003. бет. 564-580 бет
2.. 2. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева. Экология. А., 2002. 329-341бет
Әдебиеттер тізімі:
Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.
Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001;
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым. 1997.
Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.
Новиков Ю.В Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-ПРЕСС, 2003, 319-333 б.
Оспанова Г.С Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.
Әділов Ж М. Тұрақты даму және айналадағы орта, Алматы., Ғылым. 1998.
Бейсенова А.С Шілдебаев Ж.Б Экология. А., Агроуниверситет. 1999.
Каженбаев С Махмудов С. Табиғат қорғау., А: «Ана тілі» 1992.
Мамбетказиев Е Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы: А.: ғылым. 1998.
Жамалбеков Е.Ү Білдебаев Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А.: Қазақ университеті, 2000.
Сағымбаев Ғ.Т Экология негіздері. Алматы. 1995.
Сағымбаев Ғ.Т Экология и экономика. Алматы. 1997.
Саданов А.К Сыбанбаева З.С Экология. Алматы.: Агроуниверситет. 1999.
Сағымбаев Г.К Туған табиғатты аялайық, Алматы. 1984.
Сарыбеков Н Қазақ халқының табиғат қлрғау дәстүрлері.: Алматы.: Рауан. 1996.
Тарасов А.О Экология и охрана природы.
Радкевич В.А. Экология. Минск, 1983.
Торманов Н.Т. Экология және табиғатты қорғау, Алматы. 1995.
Фурсов В.И Экологические проблемы окружающей среды, Алматы, Ана тілі, 1991.
Атамекен. Экокурьер.
Журнал: Экология и жизьн. Природа и человек.
ҚР «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 2002.
ҚР «Жер қорғау» туралы заң 1997, Жаршы. 13-14.
ҚР «Орман кодексі» 2002.
ҚР «Су кодексі» 1993.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заң.
Н.И. Николайкин, Н.Е. Николайкина, О.П.Мелехова Экология: М., Дрофа, 2003. бет. 564-580 бет
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.: Ростов н\Д: 2003. – 576 с.
Розанов С.И. Общая экология.- СПб.: Издательство «Лань», 2001. – 288 – (Учебники для вузов. Специальная литература)
Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703с.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Дәріс сабағындағы белсенділік
|
Дәріс сабағына қатысу, сұрақтарға жауап беру
Меңгерілген материалдар бойынша тірек конспекттерін даярлау
|
Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703с.
Розанов С.И. Общая экология.- СПб.: Издательство «Лань», 2001. – 288 – (Учебники для вузов. Специальная литература)
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.: Ростов н\Д: 2003. – 576 с.
Ростов-на-Дону 2003
|
1-15 апта
|
100%
|
Жазбаша
|
2
|
Семинар сабағындағы белсенділік
|
Теориялық дайындығын тексеру
|
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280 с
|
1 - 15 апта
|
100%
|
Ауызша
|
3
|
Баяндама жасау
|
Топ алдында орындаған жұмысын қорғау
|
Н.И. Николайкин,
Н.Е. Николайкина, О.П.Мелехова Экология: М., Дрофа, 2003 г.
|
7, 13 апта
|
100%
|
Жазбаша, ауызша
|
4
|
Сабақ кезіндегі белсенділік
|
Студенттердің өздігінен дайындалуын тексеру
|
Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703с.
Розанов С.И. Общая экология.- СПб.: Издательство «Лань», 2001. – 288 – (Учебники для вузов. Специальная литература)
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.: Ростов н\Д: 2003. – 576 с.
Ростов-на-Дону 2003
|
1-15 апта
|
100%
|
Жазбаша, ауызша
|
5
|
Анықтама-сөздік жүргізу, тапсыру
|
Жаңа терминдермен жұмыстану
|
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280 с
|
6,11 апта
|
100%
|
Жазбаша
|
6
|
Презентация тапсыру
|
Алған білімдерін тұжырымдау
|
Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703с.
Розанов С.И. Общая экология.- СПб.: Издательство «Лань», 2001. – 288 – (Учебники для вузов. Специальная литература)
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.: Ростов н\Д: 2003. – 576 с.
Ростов-на-Дону 2003
|
8,15 апта
|
100%
|
Жазбаша
|
7
|
Тест құрастыруорындау, бақылау сұрақтарын даярлау
|
Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру
|
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280 с
|
10, 14 апта
|
100%
|
жазбаша
|
8
|
Тірек конспектісі, жеке тапсырма
|
Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру
|
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280 с
|
1,2,35,9 апта
|
100%
|
Жазбаша
|
9
|
Интернет көздерінен жаңа материалдар жинақтау, тапсыру
|
Жаңа материалдармен, танысу
|
Колесников С.Е. Экология. Экзаменационные ответы для студентов вузов.
|
4,12 апта
|
100%
|
жазбаша
|
10
|
Микротестілеу
|
Бiлiмдi тексеру
|
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280 с Колесников С.Е. Экология. Экзаменационные ответы для студентов вузов.
|
8,15 апта
|
100%
|
жазбаша
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703с.
|
12
|
2
|
24
|
-
|
№ 5 корпус. 12 каб
|
2
|
Розанов С.И. Общая экология.- СПб.: Издательство «Лань», 2001. – 288 – (Учебники для вузов. Специальная литература)
|
2
|
|
|
-
|
№2 оқу абон.
|
3
|
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.: Ростов н\Д: 2003. – 576 с.
|
5
|
|
|
-
|
№2 оқу залы,абон
|
4
|
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. социальная экология.: М., 200. – 280 с
|
3
|
3
|
|
-
|
№ 5 корпус. 12 каб
|
5
|
Н.И. Николайкин,
Н.Е. Николайкина, О.П.Мелехова Экология: М., Дрофа, 2003 г.
|
2
|
|
|
-
|
№2 оқу залы, абон.,
|
6
|
Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек: М., 2003 г
|
5
|
|
|
|
№2 оқу залы,абон
|
7
|
Интернет материалдары. http://egfak.narod.ru/mobl.htm
http:/www.readywork.ru/works.php.
http:/revolution.allbest.ru/biology
|
|
|
|
+
|
интернет
|
5.ДӘРІСТІК КЕШЕН (ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ, КӨРНЕКІЛІК, ТАРАТЫЛУ МАТЕРИАЛДАРЫ, ҚАЖЕТТІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ)
1 апта
1 кредит сағат
№1 дәріс
Тақырып: Кіріспе.
Дәрістің мазмұны: Ғаламдық экологиялық мәселлер дегеіміз не? Адам және қоршаған ортаның өзара байланысының тарихы.
Дәрістің мақсаты: Ғаламдық экологиялық мәселлердің пайда болуын анықтау.
Негізгі сөздер:глобалистика, экология
«Экология» терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос — үй, тұратын жер, логос — ілім).
Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді — жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінемізң.
Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы — Популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.
Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.
Өткен ғасырдың 60—70-жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Ғаламдық экологиялық проблемелер дегеніміз не?
2. Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу себептері?
2 кредит сағат
№2 дәріс
Тақырып: Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы нәтижесінде туындаған мәселелер
Дәрістің мазмұны:
Табиғат ресурстарының қазіргі кездегі жағдайы мәселелсі
Қоршаған орта күйі мәселесі
Дәрістің мақсаты: табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі, қоршаған орта мәселесінің негізгі бағыттарымен танысу
Негізгі сөздер: табиғат ресурстары, ластану дәрежесі
Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен, мұнай, ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа, оған тән емес қалдықтар — пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.
Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері «экологияның» анықтамасын өзгертті.
Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады.
Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды.
Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992 ж.) «Үлкен экология» деп атады.
Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына келді. Олардың кейбіреулерін келтірейік.
Н.Ф. Реймерс: «Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойьшша Жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды».
Ю. Одум: «Экология — табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы».
Н.А. Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым».
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Табиғат ресурстарының жіктелу критерилері қандай?
2. Табиғат ресурстарының сарқылу деңгейі бойынша жіктелуі қандай?
2 апта
3 кредит сағат
№3 дәріс
Тақырып: Ауа және оның ғаламдық деңгейдегі өзгерістері
Дәрістің мазмұны:
1. Атмосфера табиғи жүйе ретінде
2.Атмосфераның ластануының негізгі көздері
Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде туындаған ғаламдық мәселлер түрлерімен, олардың әсер ету деңгейімен танысу
Негізгі сөздер: атмосфера, қышқылдық жауындар
Биосфера тек қана табиғи құбылыстармен байланысты қиын дағдарысты кезеңдерді бірнеше рет басынан өткерді. Әсіресе, осыдан 70-100 млн. жыл бұрын болған кезеңнің жағдайы тарихта жақсы белгілі. Бұл кезеңде геологиялық қысқа мерзім аралығында ішіне 35-тен кем емес тұқымдастар мен көп мөлшердегі түрлер кіретін рептилийлердің бес отряды (динозаврлар, птерозаврлар, ихтиозаврлар және т.е.с.) құрып кеткен.
Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар бірнеше ретте климаттың өзгеруінен және осы өзгерістерге қосарлана жұрген мұз құрсанудан немесе шөлденуден туындап отырды. Мәселен, 30-40 мың жыл бұрын болған мұз дәуірінде (ерте палеолит) зіл, мүйізтұмсық пен көптеген жыртқыштар тәрізді ірі жануарлар қырылып қалған.
Жер бетінде пайда болғаннан бастап адамның іс-әрекеттері көбіне табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлі көлемдегі дағдарыстардың туындауына себеп болды (1-кесте).
Алайда халықтың саны аз, әрі өздерінің техникамен жабдықталуы нашар болған кезде, олардың табиғатқа әсері ешқашан да ғаламдық деңгейдегі мәнгі ие болмағанды. Адам өзінің мүмкіндігіндегі әдістерімен қандай да бір ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдіре алатын. Міне, соған екі мысал.
Ежелгі Вавилонды (миллионға жуық халқы болған қаланы) халқы оның айналасындағы жерлер топырағының жөнсіз мелиорация нәтижесіңде қарқынды сортандануымен және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне байланысты тастап кетіп қалды.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Атмосфера ластаушыларының жіктелуінің негізгі түрлері?
Атмосфераның ластануының нәтижесінде туындайтын негізгі ғаламдық проблемалар қандай?
4 кредит сағат
№4 дәріс
Тақырып: Ауа және оның ғаламдық деңгейдегі өзгерістері
Дәрістің мазмұны:
Атмосфера табиғи жүйе ретінде
Атмосфераның ластануының негізгі көздері
Атмосфераның ластануының экологиялық нәтижеслері
Климаттың өзгеруі
Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде туындаған ғаламдық мәселлер түрлерімен, олардың әсер ету деңгейімен танысу
Негізгі сөздер:озон, озон тесігі
Қарадүрсін суғармалы егінішіліктің қалай болса солай дамуы нәтижесінде қоршаған орта табиғи жүйелері бұзылды, ал онымен бірге Нілдің, Месопотамияның, Ежелгі Грецияның және басқа да аймақтардың атырауларында өркениет (цивилизация) жойылды.
Барлық антропогенді дағдарыстарға тән ортақ нәрсе одан шығу жолы әдетте тұрғын халықтың санын азайтумен, көшіп-қонуымен және әлеуметтік сілкіністерімен байланысты болған келді. Бірқатар жағдайларда дағдарыстар қоғамдық құрылысты өзгертумен тәмамдалатын. Мәселен, алғашқы антропогенді дағдарыс аңшылардың жылыстауын немесе "халықтардың ұлы қоныс аударуын", ауыл шаруашылық өнімдерінің жетіспеушілігі дағдарысы (екінші антропогенді) — Еуропа халқының мұхиттың ар жағына көшуін тудырды. Егіншілік пен мал шаруашылығына көшу алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен және құл иеленушілік қоғамының пайда болуымен қатар жүрді, ал соңғысына жер ресурстарының таусылуы мен шөлдену және феодалдық құрылысқа көшу тән болды.
Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы — оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі әдістері іс жүзінде жүзеге асыйды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Адам қазіргі кезде шамамен жылына 140-150 млрд. т қатты тау жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп (қазбаларды жер қойнауынан шығарып, еңдеу, топырақ эрозиясы, грунттың бұзылуы және т.с.с.)ң оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50%-не жетті және жылына 40 млрд, т. асып отыр. Мұның барлығы енді міне, XXІ ғасырда табиғи ресурстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді.
Адам өзендерден су алудың ең жоғары шекті деңгейіне жетіп қалды (шамамен ағындыдан 10%). Атмосфераға көмірқышқыл газын, күкірттің қос тотығын, азот тотықтарын шығару көлемі табиғимен (жаңартау атқылауы, тау жыныстарының бұзылуы) салыстыруға келетіндей болды. Мұның барлығы су және қоршаған табиғи ортаның ластануы тәрізді ғаламдық проблемалардың тереңдей түсуіне әкеліп соғады.
Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының бұзылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән беріледі.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Ауа бассейініне түскен ластаушы газдарда қандай процестер жүзеге асады?
Атмосфераға антропогендік әсер нәтижсінде қандац өзгерістер жүреді?
3 апта
5 кредит сағат
№5 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |