М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Математикалық және жаратылыстану факультетінің деканы
________ Медешова .А. Б.
«______»__________ 2010ж.
«Биология және экология» кафедрасы
050608 Экология
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Әлемнің экологиялық проблемалары
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – ІІІ
Семестр –ҮІ
Кредит саны -3
Дәріс – 30 сағат
Семинар -15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – VI - ші семестрде
Барлығы –135 сағат
Орал - 2011
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Әлемнің экологиялық проблемалары пәнінің оқу жұмыс жоспары негізінде құрылған.
Құрастырушы: оқытушы Жамалиева Л.С.
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Биология және экология кафедрасының отырысында қарастырылды.
“ 13 “ қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі: Кайсагалиева Г.С. _____________________
(аты-жөні) (қолы )
Жаратылыстану-математикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
“ 15“ қырқүйек 2010 ж. № 1 хаттама
Факультеттің
оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы С.Б. Темралиева
(қолы ) (аты-жөні)
1. «Әлемнің экологиялық проблемалары» пәнінің оқу жұмыс жоспары
2. «Әлемнің экологилық проблемалары» курсының оқу бағдарламасы (SILLABUS).
2010- 2011 оқу жылының 6 семестрінде 3 кредит
2.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Оқытушы: Жамалиева Ляззат Сабитовна.
Офис: проф. В.В.Иванов атындағы биология және экология кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Жаратылыстану-математика факультеті, Достық даңғылы 121
Жұмыс телефоны: 50-35-49
2.2 Пән туралы мәлімет
«Әлемнің экологиялық проблемалары»
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат екі байланыс сағатынан (дәріс) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (3 кредит мысалында келтірілген):
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
1 (дәріс 1 )
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
СӨЖ
|
50 + 50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
( семинар1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
СӨЖ
|
50 + 50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
( семинар2)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
СӨЖ
|
50 + 50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: Жаратылыстану-математикалық факультеті
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
6
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
2.3 Кіріспе
Өркениеттің даму барысында адамзат алдында көптеген күрделі , кейде ғаламдық деңгейдегі мәселлер туындады. Алайда бұл қазіргі таңдағы ғаламдық мәселелердің «дайындық кезеңі» деп айтсақ та болады. Бұл мәселелер толық деңгейде ХХ ғасырдың екінші жартысында, дәлірек соңғы тоқсанында күрделеніп, айқын көріне бастады. Олар бірнеше кешенді себептерден туындады.Нәтижесінде тек қана саясат емес, сонымен бірге ғылым да ғаламдық проблемаларға көңіл аударуына тура келді. Глобалистика терминінің өзі ғылымға 60-70 жылдары еніп, проблемаларды ғаламдық деңгейде шешуді қажет ететінін көрсетті.
Курстың басты мақсаты: Студенттерді қоршаған орта мен оның компоненттерінің жағдайы туралы ақпарат алу үшін геоэкологиялық зерттеулердің басты қарарларымен, ұйымдастыру қағидалары мен ГАЖ-дың негізгі қызметі мен құрылымы, мәліметтерді стандарттау мен ұсынуды және региональды ақпараттық жүйелердің геоэкологиялық болжамдар жасаудағы нақтылығы мен негіздемесі туралы таныстыру болып табылады.
Курстың міндеттері: Қоршаған орта мониторингі жүйелердің әртүрлі түрлерін, оның негіздемесі, мазмұны, құрылымы, әртүрлі шаруашылық әрекетінің ерекшеліктерін ескере отырып, мониторингті ұйымдастыру әдістері, мәліметтерді кеңістікті локализациялау, негізгі, геоэкологиялық ақпараттың қасиеттерінің ерекшеліктері, геоақпараттық әдістеменің картографиялық аспектілері мен зерттеу болып табылады.
Курстың мазмұны:
Қазіргі таңдағы жер бетіндегі ғаламдық экологиялық өзгерістер. Қоғам мен табиғаттың қазіргі таңдағы қарым қатынасы
Ауа , оның ғаламдық масштабтағы өзгерістері
Судың табиғи және антропогендік ластануы
Топырақтың ластануы және нәтижесінде туындаған ғаламдық мәселлер
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселесі (жануарлар, өсімдіктер)
Табиғат ресурстарының таусылуы және қатты, қауіпті қалдықтар мәселесі
Радиоактивті ластану
Дыбыс, ультрадыбыс, электромагниттік сәулелену мәселесі
Энергетикалық мәселелер
Шикізат мәселесі
Экология және адам денсаулығы
Ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың дамуы және шешу жолдары
Оқыту әдістемесі: Оқыту дәріс және семинар сабақтары ретінде өткізіледі. Сол сабақтарда негізгі білімдік мәліметтер қарастырылады. Білімнің бақылауы ауызша жауаптары, жазбаша бақылау жұмыстары, жеке өзіндік жұмыстары және үй тапсырмалары түрінде өткізіледі. Сонымен қатар әр апта сайын қосымша кеңестер (консультация) жүргізіліп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |