2. Жүктемені есептеу
Екі соңғы пункті байланыстыратын каналдардың саны сол елді мекендердегі халық санына тәуелді. Кез келген облыс орталығындағы халық саны соңғы халық саңағы бойынша анықталады. Мысалға Алматы және Семей қалаларын соңғы пунктер деп алайық. 2019 жыл бойынша (соңғы санақ 2009 ж болғандықтан 2019 ж қарастырамыз):
Алматыда 1 854 656 адам
Семейде 323 138 адам
ТОБЖ жобалау кезінде халық санының өсуін қарастырамыз.Берілген пункттегі және соның маңайындағы халық саны (орташа халық санының өсуін ескерсек):
Н0- санақ уақытындағы халық саны
Р- халық санының орташа өсуі (2-3%)
t- (жобалау жылы – санақ жылы)+ жоспарланған жыл
Мысалы: P=2%, жобалау жылы 2019, санақ жылы 2019, жоспарланған жыл 2024 (қазіргі жылдан 5-10 жыл алға жоспарлаймыз):
Алматы: Ht=2 047 690 адам
Семей: Ht=356 770 адам
Абоненттердің саны қызмет көрсетілетін аумақтағы халық санымен анықталады. Телефон аппараттарымен қамтуды 0,3 (100 адамға 30 телефон) деп алсақ, әрбір аумақтағы абоненттер саны:
m=0.3Ht
Алматы: ma=614 307 адам
Семей: ma=107 031 адам
Телефон арналарының саны келесідей формуламен анықталады:
ma, mb- әр аумақтағы абонент саны
у- меншікті жүктеме (бір абоненттің жүктемесі, әдетте у=0,15 Эрл (Эрланг))
α- бекітілген қолжетімділік (доступность), α=1.3, тұрақты сан
β- берілген жоғалтулар. β=5.6 тұрақты сан
f1- телефондық тартылыс коэффициенті, 1-12% аралығында мән қабылдайды, жобада 12%(0,12) деп аламыз (аралық пунктер үшін 0,01-0,02, соңғы және аралық пунктер үшін 0,02-0,04, соңғы пунктер үшін 0,04-0,12).
ТОБЖ телефон арналарымен қоса басқа арналарды да ұйымдастырады. Қалыпты жағдайда арналардың жалпы саны:
nмж- мәліметтерді жіберу каналдарының саны
nинт- интернет каналдарының саны
nтв- телевизия каналдарының саны
∆n≈nтф- телеграф байланысы, транзиттік каналдар және т.б. саны
Жобалау кезінде екіжақты екі телевизиялық каналдарды қарастырамыз сонда, олардың саны екі еселенеді. егер телевизиялық канал 1600 канал қажет ететінін ескерсек
Төтенше жағдайлар туындаған кезде арналарды тұтыну күрт артады, сондықтан резерв туралу ойлану керек. Сол себепті есептелген телефон арнасының шамасын екі еселеу қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |