Семестрлік жұмыстың құрылымы
1. Магистраль жолын таңдау және негіздеу (Выбор и обоснование трассы магистрали)
Бұл бөлімде кабельдерді салудың ықтимал нұсқалары, трассаның басқа аудандарын байланыспен қамтамасыз ету, ЭБЖ мен электрлендірілген темір жолдармен жақындау, байланыстың кәбілдік желісін салу және пайдалану шарттары және т. б. салыстырмалы сипаттамалары талданады.
Кабель трассасының оңтайлы нұсқасын таңдау кезінде желіні салуға және эксплуатацияа кететін шығын аз болатын, ТОБЖ тиімді, сенімді әрі жақсы жұмыс істейтін нұсқаны таңдау керек. Ең аз шығындар ең қысқа трассаны таңдау және құрылыс жұмыстары көлемінің аз, әсіресе қолмен жүргізілетін (механикаландырылмаған) жұмыстар аз болатын кезіде қол жеткізіледі. Желі трассасын таңдау кезінде қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш (регенерациялық) пункттерді орналастыру үшін алаңдардың пайдалану ыңғайлылығы және жарамдылығы мәселелерін ескеру қажет.
Трасса негізінен автомобиль және топырақ жолдарының бойымен салынады. Ерекше жағдайда, трасса темір жолдардың бойында төселуі мүмкін. Сондай-ақ, темір жолдарда немесе электр беру желілерінің тіректерінде арнайы оптикалық кабельдердің төселуінің аспалы әдісін қолдануға болады. Таңдалған ТОБЖ төсеу маршрутында сандық арналарды қажет ететін елді мекендердің немесе темір жол станцияларының көп саны басым болуы тиіс.
Мысалы: Берілген қалаларды біріктіретін (Алматы – Семей) автокөлік жолы бойымен кабель төселуі тиіс. Карта көмегімен ең жылдам және ең қысқа екі бағытты анықтау керек. Сонымен қатар маршруттарға талдау жасалған кезде 1- кесте толтырылу керек.
1- сурет.Маршрут №1
Бұл маршруттың сипаттамасы:
Екінші маршрут:
2- сурет. Маршрут №2
1-кесте ТОБЖ трассасын төсеу нұсқалары
Екі маршрут автокөлік жолы бойымен бірдей ландшафттық жағдайларда төселген. 2-ші маршрутты таңдаймыз, себебі ....................................
2- кесте. Таңдалған маршрут бойындағы елді-мекендер
№
|
Жергілікті мекен атауы
|
Алдыңғы мекеннен қашықтығы, км
|
Алматы қаласына дейінгі қашықтық, км
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |